СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока "Ұлттық киім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың ұлттық киімдерін қағазға қиып,ою-өрнектермен әшекейлеуге үйрету.Салт-дәстүр,ырымдық мұраларын танып білуге баулу. Қағазбен  жұмыс істеудің  әдіс-тісілімен таныстыру.

        Әсемдікті сезінуге, көрінекі бейнелі  ойлау қабілетін жетілдіріп, тілін дамыту.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Ұлттық киім"»

10. 03.2016 Ашық сабақ Кобегенова.Г.Х

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық киімдер.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық киімдерін қағазға қиып,ою-өрнектермен әшекейлеуге үйрету.Салт-дәстүр,ырымдық мұраларын танып білуге баулу. Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тісілімен таныстыру.

Әсемдікті сезінуге, көрінекі бейнелі ойлау қабілетін жетілдіріп, тілін дамыту.

Жас ұрпаққа- болашақта өзіміздің ұлттық кәсібімізді дамыта білуге, еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға.Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта. Ұлттық киімдер, кеспе қағаздар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім т.б.

Сабақтың түрі: аралас

Пән аралық байланыс: музыка, ұлттық тағылым, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2.Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

-Балалар,бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екенін білеміз. Қане,қонақтарымызбен амандасып алайық.

Үлкенге де,сіз,

Кішіге де,сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

II Өткен тақырыпты пысықтау:

-Балалар, өткен сабағымызды жұмбақ шешу арқылы есімізге түсірейік.

Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар,күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді. ( ? )

(Қораптың ішінен қуыршақты алу.)

-Ия, дұрыс айтасыңдар. Біз осы әдемі қуыршақтарды матадан,жіптерден жасаған болтынбыз.

Осы қуыршақтарға әдемі де, көрік беру үшін не жетіспейді ?

-Киім ((Ұлттық)

- Ия, дұрыс айтасыңдар.

Жаңа сабақтың мақсаты:

Қыздар мен ұлдардың кеудешесі мен тақиясын,сәукелесін қағаздан қиып жасауды, ою өрнекпен әшекейлеуді үйренеміз.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұлттық киімдер:

Әр ұлттың өзінің ұлттық киім үлгісі, ою-өрнегі болады.

-Балалар, сендер қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

-Ұйғыр, орыс, өзбек, қырғыз, татар, неміс т.б.

Cлайд.1 оқулық

*Орыс халқының ұлтық киімінің ерекшелігі: ұлдар қисық жағалы жейде мен шалбар киген. Шалбардың балақтарын еттікке салған. Жазда бастарына фурашка киген. Ал қыз балалар ақ кофта киген. Ол кестемен әшекейленеді. Кофтаның сыртынан сарафан киеді.

Қазақ халқы: Слайд.2

Слайд .3 оқулық---------------------------------------------------------------------

Қыздары үкілі тақия, үстіне қос етекті көйлек пен кеудеше киген.

Ал ұл балалар оюлы тақия, тік жаға жейде, жеңіл кеудеше,кең балақты шалбар киген.

(Әйел адамның кеудешесін, камзол- деп те атайды. )

-Балалар , бүгінгі сабағымызда ұлдармен, қыздар болып екіге бөлініп отырмыз.

Себебі, қазір ұлдар көк түсті қағаздан өз қуыршақтарына арнап кеудеше жасайды.

Ал қыздар, қызыл түсті қағаздан өз қуыршақтарына қызыл кеудеше тігеді.

2.Қауіпсіздік ережесі: инт.тақта

3.Жұмыс барысы: инт.тақта

Жұмыс электронды оқулық арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі.

1.Кеудеше:

Кеудеше жасау үшін, бізге қызыл, көк түсті қағаз керек. Оюна сары түсті қағаз дайындауымыз керек.

Біздің жапсырған оюымыз « Қолтық ою»-деп аталады. Слайд.

Дайын қапсырманы кеудешенің тұратын жерлеріне апарып желімдеу.

Сергіту сәті.(Қара жорға).

2.Биік төбелі тақия жасаймыз. ұлдар

*Ол үшін жасыл немесе көк түсті қағазды дайындаймыз.

*Жасыл түсті қағазды дөңгелек қылып қиып аламыз.

*Ортасын шеңберге дейін үшбұрыш қылып белгілеп аламыз.

*Бүгу сызығын белгілейміз.

*Оны желімдеуге әзірлеп қоямыз.

*Тақияның маңдайшасына жолақша қиып аламыз да, дөңгелектеп жапсырып шығамыз.

*Сары түстен үлгі бойынша оюын жапсырып шығамыз. (4 ою)

*Төбесіне үлкендеу үш ою жапсырамыз.

*Балалар, бұл ою «Қошқар мүйіз»- деп аталады. Слайд.


3.Сәукеле: Қыздар.


Cәукеленің негізгі бөлігі үшін:

*Қызыл түсті қағазды аламыз. Сәукеленің үлгісін сызып, қиып аламыз.

*Ақ түсті қағаздан жиегін қиып аламыз.

*Жиегін ақ түстен қиып аламыз. Оған желімдер жағамыз.

*Сәукеленің төменгі жағына апарып жапсырамыз.

*Негізгі екі бөлігін желімдейміз.

*Ақ түсті қағаздан үкісін дайындаймыз.

*Ақ қағазды жіңішке бөліктерге бөліп аламыз.

*Дайын қағазды төбесіне желімдейміз.

Дайын болған жұмысымызды қуыршақтарымызға кигізуге болады. Осы қағазға жасаған киім үлгілерін үйде аналарыңызбен бірге матадан тігуге де,болады.

IV.Сабақты қорытындылау:

-Балалар, бүгінгі сабақта не үйреніп, не білдік?

-Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

-Киімге байланысты қандай ырымдар білесіндер?

-Сендер, білесіңдер ме? Слайд.

«Қазақтың ұлттық киімі күнін» әр жылда сәуір айның соңғы жұма күнінде өткізуге шешім қабылданды. Осы жылы бұл күн сәуір айының 24 жұлдызына келіп тұр.


V. Бағалау:

(«Көңіл ағашына» көңіл күйлерін білдіріп смайликтерін жапсыру.)

VI.Үйге тапсырма:

Қазақ халқының басқа да,ұлттық киім үлгілері мен танысу.


Келген қонақтарға ,оқушылардың қолдан жасалған аттарын тарату.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!