СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Контурды жасау және редакциялау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары. 7 сынып. Контурды жасау және  редакциялау

 

 

Просмотр содержимого документа
«Контурды жасау және редакциялау»

Күні: 22.02.2017ж

Сыныбы: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға контурды жасау және редакциялау туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымымен, бағдарлама мүмкіндігімен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін жан –жақты дамыту, толық нанымды жауап беру дағдыларын қалыптастыру, ой өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды жан-жақты ізденуге баулу, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ типі: құрамдас

Көрнекілігі: компьютер, проектор, стикер, тест, бағалау парақшасы.

Оқыту технологиясы: СТО, әңгімелеу, сұрақ –жауап, оқулықпен, дербес компьютермен жұмыс.

Пән аралық байланыс. математика, бейнелеу, ағылшын

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру 1. «Ынтымақтастық атмосферасын құру»

2. Топқа бөлу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау. «Асыл тасты сұрақтар» тест тапсырмасы.

Тест І нұсқа

1. Нысандарды қосарлау ................................................................ іске асады.

2. Нысанда ретін өзгертуге бола ма? ............................................


3. Салынған бірнеше фигураны қалай ерекшелеуге болады?

.........................................................................................................
..................................................
4. Пропорционалды тіктөртбұрыш алу үшін қандай пернені

басып тұру қажет? ................

5. «Ізбе –із көшіру» үшін қандай пернені басып тұру қажет?
.....................





Тест ІІ нұсқа

1. Нысанды ерекшелегеннен кейін оны .................... ..........................................................................................................................болады.

2. Нысанды қосарлау үшін .................................................. бұйрығы қолданылады.

3. Клондау бастапқы нысанды өзгерте отырып, клон – нысандарды ............... мүмкіндік береді.



4.Бірнеше нысанға бір уақытта әрекеттер жасау үшін оларды ........................................................................ ...........................

5. Топтастыру амалына кері амал - ............................................ жылжытуға, өлшемін және түсін өзгертуге, түрлендіруге, бұруға, бейнелеуге Түзету – Қосарлау немесе Ctrl + D өзгертуге ерекшелейді (Shift басып тұрып) және топтпас – тырады Ctrl + G нысанды бөлу (Ctrl + Shift + G)





ІІІ Жаңа сабақ барысы

Қызығушылықты ояту «Ой шақыру» стратегиясы

Слайд бойынша түсіндіру

Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі - КонтурНысанды контурлау (КонтурОконтурить объект) бұйрығы арқылы орындалады.

Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар:

- Түйіндер, -Қаламұш,

- Қарындаш, - Каллиграфиялық қаламұш.

Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет. Shift пернесін басқанда , бірнеше түйін ерешеленеді.

Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерешеліктерін қарастырайық.

Қарындаш . Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға да болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді Құралдар параметрлерінің панеліндегіТүйіндердегі батырмамен жоюға болады.

Түйіндер саны автоматты түрде КонтурЖеңілдету (Упросить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.

Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.

Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімнен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады.(60-сурет)

60-сурет. Қарындаштың қолжетімді пішіндер тізімі

Қаламұш

Құралдар қисықтарымен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

Төрт режім қолжетімді:

  • Безье қисығы;

  • Спиро қисығы;

  • Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда);

  • Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда);

Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.

Каллиграфиялық қаламұш

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған парллель екі контурды құрайды (61-сурет)

Түйіндерді редакциялау

Өздеріңнің көздерің жеткендей , Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардын басқа, Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық. Жүрекше салып көрелік.

  • Қаламұш құралын пайдалана отырып, жүректің жартысын саламыз.

  • Оны түйіндер құралымен ерекшелеңдер және Құралдар параметрлерінің панелінде батырмасын шертіңдер. Ерекшеленген түйіндерді тегістеңдер.

  • Контурдың көшірмесін жасаңдар. (Ctrl+D)

  • (Н) көлденең бейнелеңдер.

  • Алынған екі контурды сәйкестендіріп, оларды ерекшелеңдер.

  • Түйіндер құралын таңдап, масштабты үлкейтіңдер. Тоғысқан жерде бұрынғыдай екі түйін тұр, яғни, жүрек әлі бір бүтін емес.

  • Төменгі екі түйінді ерекшелеңдер (Shift басып тұрып)және Түйіндер құралдар параметрлерінің панеліндегі ерекшеленген түйіндерді қосу бұйрығын орындаңдар.

  • Жоғарғы түйіндер үшін амалдарды қайталаңдар.

  • Құйып бояу мен жиектеу (Заливка и обводка) сұхбатын ашыңдар және алынған жүректің контурын градиентпен қойыңдар.

  • Жүрекке блик қосыңдар. (62-сурет)

ІV. Сергіту сәті







V кезең. Оқулықпен жұмыс.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

І топ

1.Контур анықтамасын беріңдер.

2. Қарындаш құралымен салынған контурдың қандай ерекшіліктері?

3. Қаламұш құралының көмегімен қисық салған кезде түйіндердің тетігі қандай рөл атқарады?

ІІ топ

  1. Контур мәзірін зерттеп, әрбір бұйрығының қызметін сипаттаңдар

  2. Қаламұш құралының көмегімен түзу сызықтар жасау алгоитмін құрастырыңдар.

  3. Қисықты қалай редакциялауға болады.





VІ Ой толғаныс. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі

  1. Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы 63-суреттегідей.

  2. Контурды көшіріп алыңдар (Ctrl+D)

  3. Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: КонтурКонтурлық әсерлер редакторы

  4. Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штриховка) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады(64-сурет)

  5. Сызықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар.(65-сурет)

  6. Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсерін қолданыңдар (66-сурет)

  7. Контурларды топтап, жиектеудің түсін өзгертіңдер.

В деңгейі

  • Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.

С деңгейі

Киіз үйді салып , оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.

VІІ Сабақты бекіту. БББ стратегия бойынша алған білімдерін қорытындылау. Оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту. Кері байланыс жасап пікірлерін жеміс ағашына ілдіру.

VІІІ. Үйге тапсырма.§24. Контурды жасау және редакциялау тақырыбын оқып келу. Өз-өзіңді тексер тапсырмасы.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!