СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 14.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конус.Айналу денесі-конус. Конустың жазықтықпен қимасы.

Категория: Геометрия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конус.Айналу денесі-конус. Конустың жазықтықпен қимасы

Просмотр содержимого документа
«Конус.Айналу денесі-конус. Конустың жазықтықпен қимасы.»

Оқу ісі орынбасары:______

Сыныбы: 11 Пәні: геометрия Мерзімі: 21.12.2017

Сабақтың атауы

Конус. Айналу денесі- конус. Конустың жазықтықпен қимасы.

21.12.2017ж

Сілтеме

Геометрия 11 сынып


Жалпы мақсаты


Конус және конустың қималары туралы ұғыммен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру таныстыру

Оқушылардың айналу денелері туралы түсініктерін кеңейту, айналу денелері бойынша есептер шығару қабілеттерін дамыту.

Жаңа технология

СТО үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

Аяқталмаған сөйлем әдісі, Фишбаун әдісі,

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Үй тапсырмасын тексеру;

3. Жаңа тақырыпты баяндау.(Фишбану әдісі бойынша)

4. Практикалық жұмыс;

5. Сергіту сәті ( тарихи мәлімет )

6. Үйге тапсырма;(конус макетін жасап келу)

7. Бекіту;(«аяқталмаған сөйлем»әдісі)

8. Бағалау;( «Жетістік жолы»әдісі атты бағалау арқылы)

9.Қорытынды (рефлексия).

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

  • Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

  • Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру

Күтілетін нәтижелері

Терминдерді тиімді пайдалана алады. Конусты салады, білім алу дағдылары қалыптасады. Алған білімдерін нақтылап қорытындылайды, пысықтайды. өздеріне деген сенімділіктері артады

Қолданылатын бағалау түрлері

Жиынтық бағалау

Сабақтың көрнекілігі

Слайдтар, таратпалар,бағалау парақшалары

Қызығушылықты арттыру

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушыларды құрастырма қағаздарды құрау арқылы, 4 топқа бөлемін.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Үй тапсырмасын тексеру;

3. Жаңа тақырыпты баяндау(Фишбаун әдісі бойынша)

4. Практикалық жұмыс;

5. Сергіту сәті ( тарихи мәлімет )

6. Бекіту (Аяқталмаған сөйлем)

7. Үйге тапсырма(конус макетін жасап келу)

8. Бағалау; ; ( «Жетістік жолы»әдісі атты бағалау арқылы)

9.Қорытынды ( рефлексия ).

Үй тапсырмасын тексеру



  1. Шеңбердің радиусы дегеніміз – шеңбер центрі мен оның кез-келген нүктесін қосатын кесінді. 


  2. 4. Шеңбердің диаметрі дегеніміз – центр арқылы өтетін шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын

кесінді. 

5.

Мағынаны тану 10 мин

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әр топқа үлестірме парақтар беріліп, оқушылар постер қорғап тапсырмаларды орындайды.

Айналу денелерінің бірі - конус. Конусты шығарып алу үшін дөңгелек аламыз. Дөңгелек жазықтығында жатпайтын А нүктесін аламыз. Дөңгелек шектелген шеңбердің әрбір нүктесін А нүктесімен қосамыз ( кесінді арқылы).

Сонда шыққан денені конус деп айтамыз. А нүктесімен табанындағы шеңбердің нүктелерін қосатын кесіндіні жасаушысы деп айтамыз. Табанының центрі мен төбесі арқылы өтетін түзу табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда ол тік конус болады. Біз тек тік конусты ғана қарастырамыз.

Конустың түрлері

Сондықтан жай ғана конус деп атаймыз. А нүктесімен шеңбердің нүктелерін қосатын кесінділер жиыны бүйір бетін береді.

Тік конус деп-табаны дөңгелек, ал биіктігінің табаны дөңгелектің центрімен дәл келіп беттесетін конусты айтамыз.

Төбесі мен табанын қосатын перпендикуляр кесіндіні биіктігі деп атайды.

Мына конустың биіктігі, табанының радиусы, жасаушысы тік бұрышты үшбұрышты құрастырып тұр.Осы тікбұрышты үшбұрышты бір катетін ось етіп алып айналдырғанда пайда болатын дене конус деп аталады.

Конус қималары (мультимедиа мен слайд арқылы)

1 - сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш

2 - сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш

3 - сурет – Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек

4 - сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.

Сәбіздерді алып, қималарды көрсету

«Қызықты конустар»
Оқушы сәбізді қию арқылы конус қималарын көрсетеді.

Фишбаун әдісі бойынша жаңа тақырыптың мағынасын ашады.













Сәбіздерді алып, қималарды көрсету









Есептер шығару

Топтарға берілетін есептер

9

Конустың биіктігі 8 м, табанының радиусы 6 м. Конустың жасаушысын табыңдар

11

Конустың жасаушысы 13 см, биіктігі 5 см, конустың бетінің ауданын табыңдар.

10

Конустың жасаушысы 8 м және табан жазықтықтығымен 60° бұрыш жасайды. Конустың табан ауданын тап.

8

Конустың табан радиусы 4 см.Осьтік қимасы- теңқабырғалы үшбұрыш. Осьтік қиманың ауданын табыңдар.

  1. Конустың табанының диаметрі 56, ал жасаушысының ұзындығы- 100. Конустың биіктігін тап.

2.Конустың биіктігі 21-ге тең,ал жасаушысының ұзындығы-75. Конустың табанының диаметрін тап

20 мин

Сергіту сәті

«Бізді қоршаған орта - ол  толығымен геометрия»

2мин


Мұғалімнің іс-әрекеті

Бекіту сұрақтары

Тақырыпты «аяқталмаған сөйлем» әдісі

бекіту сұрақтарын беру;

Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлем ұсынады. Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе сөйлемді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады.

1. Тікбұрышты үшбұрышты бір катетін ось етіп алып айналдырғанда пайда болатын дене конус деп аталады.

2. А нүктесімен табанындағы шеңбердің нүктелерін қосатын кесіндіні жасаушысы деп айтамыз.

3. Төбесі мен табанын қосатын перпендикуляр кесіндіні биіктігі деп атайды.

4. Табанының центрі мен төбесі арқылы өтетін түзу табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда ол тік конус болады.

Оқушының іс-әрекеті

Үйге тапсырма 2 мин

5.Мұғалімнің іс-әрекеті
Дәріс қайталап, анықтамаларды білу. 

13, 14 есептер

Оқушының іс-әрекеті

Конустың макетін жасап келу

§ 1-4, тест жинағына есептер

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Бағалау 2 мин

«Жетістік жолы» әдісі арқылы оқушыларға сабақты және өзі-өздерін бағалау

білемін. Түсінемін, орындаймын басқаға көмектесе аламын. білмеймін.

Рефлексия

Оқушыларға смайликтер таратамын

Сабақ аяқталды.

3мин

Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.











































1.Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышын жасайтын қабырғалары. 
(катет) 
2.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан 
катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың___ деп аталады 
(косинус) 
3.Косинустың биіктігі табанына қалай орналасады? 
(перпендикуляр) 
4. Косинустың төбесін табанындағы шеңбер нүктесімен қосатын кесінді. (жасаушы) 
5. Конустың бүйір бетінің жазбасы қандай фигураны береді. 
(сектор)

Открытый урок геометрии в 11 классе по теме: "тела вращения."

infourok.ru/otkritiy-urok-...копия



https://infourok.ru/otkritiy-urok-geometrii-v-klasse-po-teme-tela-vrascheniya-702017. html


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

11.03.2018 14:44
Журкова Татьяна Васильевна @matematika-informatika-4
хорошо бы перевод на русский язык

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 4 секунд
Комплекты для работы учителя