Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы № 37 жалпы орта білім беретін мектеп
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы жөніндегі
орынбасары: --------------- Ү.И. Ергалиева
Конус бетінің ауданы
(ашық сабақ)

Өткізген: Ибрагимова Г.Б.
2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Конус бетінің ауданы
Сабақтың мақсаты: конус бетінің ауданын есептеу дағдларын
қалыптастыру, дамыту; оқушылардың айналу
денелері туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың түрі: интелектуалді сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызғыш, циркуль, үлестірме
тапсырмалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Бекітуге есептер шығару
IV. Практикалық тапсырма
V. Дәстүрлі емес есептер
VI. Үйге тапсырма
VII. ҰБТ есептері
VIІI. Қорытындылау, бағалау
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, 3 топқа бөлу (әр топта 4 оқушыдан)
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта өткенді қайталау диалог түрінде
- Қандай денені конус деп атайды?
- Конустың толық бетінің ауданы қандай формуламен анықталады?
- Конустың бүйір бетінің ауданы қандай формуламен анықталады?
- Осьтік қимасы қандай фигура болады?
ІІІ. Бекітуге есептер шығару №190 /а,ә,б/, №191 /а,ә,б/
Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада шығарылуы рәсімделеді. Жауаптарының дұрыстығын слайд арқылы тексеруге болады
IV. Практикалық тапсырма
Циркуль, қайшы көмегімен қағаздан:
- конус жазбасын дайындау;
- сызғышпен жасаушысының ұзындығын өлшеу;
- транспортирмен жазбанын центрлік бұрышын өлшеу;
-
формуласымен дөңгелек сектордың ауданын есептеу;
- жазбадан конус құрастыру;
- конус табанының радиусын өлшеп,
формуласымен бүйір бетінің
ауданын есептеу;
- шыққан нәтижелерді салыстыру, қорытынды тұжырымдау.
V. Дәстүрлі емес есептер шығару.
№ 1. Шырша төбесіне 30° бұрышпен ілінсе, ал табанындағы шырша бұтағының ұзындығы 5 м болса, биіктігі 12 м шыршаны безендіру үшін қанша метр жаңа жылдық әшекей қажет? Жауабы: 156 метр әшекей қажет.
№ 2. Биіктігі 4м, табан радиусы 6 м конус тәрізді шатыр құрастыру үшін қанша м2 брезент қажет. Қайырылуына және тігісіне 5% қоса есептегенде.
Жауабы: 79,13 м2.
VI. Үйге тапсырма: №196, №203.
VІI. Тест тапсырмаларынан ҰБТ есептері:
1 топқа - Конус табанының радиусы 8 см, ал жасаушысы табан жазықтығына 60° бұрыш жасай көлбеген. Конустың толық бетінің ауданын табыңыз.
108
см2
192
см2
384
см2
216
см2
320
см2
2 топқа - Қиық конустың табан радиустары 3 м және 6 м, жасаушысы табанына 45° бұрышпен көлбеген. Биіктігін табыңыз.
7 м
9 м
5 м
3 м
6 м
3 топқа - Конустың жасаушысы 25 см-ге, биіктігі 7 см-ге тең. Конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
600
см2
1500
см2
540
см2
500
см2
830
см2
VIІI. Қорытындылау, бағалау
