Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А Квадрат теңдеулер (18 сағ) | Мектеп: НЗМ ФМБ Ақтөбе қаласы |
Күні: 30.09.2016 | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 8С 22-сабақ | Қатысқандар саны:11 | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Көпбұрыш |
Педагогикалық даму мақсаты | Математика сабағында құрылымдық есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің анықтамаларын біледі; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - ажырата біледі, |
Жетістік критерийлері | - көпбұрыштың бұрыштарын анықтау үшін диагональдар санын табады; - көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындасын табу формуласын түсінеді; - көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындасын табу формуласын қорытып шығаруда өз шешімін түсіндіреді. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: - көпбұрыш түрлері; - дөңес, дөңес емес көпбұрыштар; - Дұрыс көпбұрыштар Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -тұйық сынық сызықпен және онымен шектелген жазықтықтың бөлігі ....; - көршілес емес төбелерді қосатын кесінді .....; -егер ... болса, дөңес көпбұрышты дұрыс деп айтуға болады. |
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар | Физика |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Active Inspair тақтасымен жұмыс жасау geogebra бағдарламасы |
Бастапқы білім | санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады; |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Амандасу. Оқушыларды стикерлер көмегімен топтастырып отырғызу. Өткен тақырыпты еске түсіру және қайта бекіту 1) | Карточка Қосымша 1 Үлестірмелі қағаздар |
Сабақтың ортасы 10 минут | І. Жаңа тақырыпты меңгерту Бір түзуде жатпайтын А1А2, А2А3, ..., Аn-1An кесінділерінен тұратын фигураны A1A2...An сынық сызығы деп атайды. А1, А2, ..., An нүктелері сынық сызықтың төбелері деп, ал А1А2, А2А3, ..., Аn-1An кесінділері буындары деп аталады.  Сынық сызықтың бірінші буынының басы мен соңғы буынының ұшы беттессе, ол тұйық сынық сызық деп аталады.  Көпбұрыштар Жай тұйық сынық сызықпен және онымен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигура көпбұрыш деп аталады. Сынық сызықтың буындары көпбұрыштың қабырғаларыдеп, ал төбелері көпбұрыштың төбелері деп аталады. Егер көпбұрыш оның әрбір қабырғасы арқылы өтетін түзулердің бір жақ бөлігінде жатса, онда мұндай көпбұрышты дөңес көпбұрыш деп атаймыз.   Көршілес емес төбелерді қосатын кесінділер көпбұрыштың диагональдары деп аталады.  Жұптық тапсырма: "Көпбұрыштың қанша қабырғасы және диагоналі бар? "    Көміртектің күрделі молекула- лары көпбұрыштың табиғаттағы мысалы бола алады.  Ара ұясы алтыбұрыштан тұрады. Бірақ аралар ұясындағы қалталар үшін неге дұрыс алтыбұрыш пішінін таңдаған? Дұрыс көпбұрыштар ішінен бірдей ауданмен ең кіші периметр дұрыс алтыбұрыштыкі. Бұндай «математи- калық» жұмыста аралар 2% балауыз үнемдейді. 54 ұяшықты салуда үнемделген балауызды осындай тағы бір ұяшықты салуға пайдалануға болады. Дана аралар балауыз бен уақытты ұяшық салуға үнемдейді. | Презентация Шыныбеков 8 |
Сабақтың соңы 5 минут | Синквейн 1 жол – 1 зат есім (тақырыппен байланысты кілтті сөз) 2 жол – 2 сын есім 3 жол –3 етістік 4 жол – 4 сөзден құрастырылған 1 сөйлем 5 жол – кілтті сөзге синоним | Кеспе қағаздар |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Дифференциациялық тапсырманы ұсыну | Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу | Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |