СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көшбасшы болуға ұмтыламыз!

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Көшбасшы болуға ұмтыламыз!»

Мақсаты:Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру. 

Керекті құрал-жабдықтар:плакат, интерактивті тақта, түрлі түсті бояулар,стикер

Просмотр содержимого документа
«Көшбасшы болуға ұмтыламыз!»

Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп











Психологиялық тренинг

«Көшбасшы болуға ұмтыламыз!»







Психолог:Аманкелдиева Шынарай

















2018 оқу жылы



Тақырыбы: «Көшбасшы болуға ұмтыламыз!»

Мақсаты:Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру. 

Керекті құрал-жабдықтар:плакат, интерактивті тақта, түрлі түсті бояулар,стикер

І.Қызығушылықты ояту

«Қалпақ» ойыны

 Менімен бірге жаңылтпашты айтасыздар, бірақ жаңылтпаштағы кездесетін қалпақ, сөзін айтарда басыңызды көрсетесіз, бірақ сөзді айтпайсыз, келесі менің өзіңізді көрсетесіз, үшбұрыш сөзін айтарда екі қимыл көрсетесіз. Яғни қолыңызды алға созып, 3 саусағыңызды көрсетіп, бұрыш сөзінде қолыңызды шынтағыңыздан бүгесіз.

   «Менің қалпағым үшбұрыш,

үшбұрыш менің қалпағым,егер үшбұрыш болмаса менің қалпағым емес».

ІІ.Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөліп,фигураны таңдаған адамдарға мінездеме беру.

Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазбай сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл; Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.

Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог! Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

ІІІ.Ой қозғау.Видиоролик. «Құмырсқа илеуі»

Оқушылардан видиороликтен не түйгендерін сұрау.

« Келісемін, келісппеймін » стратегиясы

Оқушыларға көшбасшы туралы бірнеше сөйлемдер беріледі,ішінен келісетінін,келіспейтінін теріп жазады.

«Көшбасшы – бұл» жаттығуы
Топтағы қатысушыларға әртүрлі канцелярлық материалдар: газеттер, журналдар, суреттер беріледі. Сол материалдарды пайдалана отырып, коллаж құрастырады. Жұмыстың тақырыбы – «Мен – көшбасшымын!». Жұмыс барысында көшбасшының қабілеттері анықталуы керек. Яғни, өзіне адамдарды тарта алатын және оларға жетекшілік ететін көшбасшыны мінездейді. Оқушылар жұмыс жасап жатқанда, олардың көңіл - күйін көтеріп, шығармашылығын арттыратын ойнақы музыка әуені естіліп тұрады.
Талдау: қорытуда, «Көшбасшы – бұл...» деп басталатын постердегі жұмыс тыңдалады. Өзін көшбасшы деп есептемейтін қатысушыға осы постердегі көшбасшы қасиеттері жазылып, жапсырылады.

ІV.Сергіту сәті. Би терапиясы

«Фрейер» моделі әдісі.

Фрейер моделіне көшбасшы қасиеттерін жазады.

«Ойынмен расталған көшбасшы» рөлдік ойын

Қайырымды көшбасшы
Сабырлы көшбасшы
Еңбекқор көшбасшы Берілген көшбасшы образын жасайды,сахналық көрініс қояды.

V.Қорытынды

Рефлекция

«Чемодан, ет тартқыш, қоқыс шелек» рефлексиясы

- егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлыған сәтті орындаған болсаң, онда стикерді чемоданға сал.

- егер сен белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, ет тартқышқа сал.

- егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, қоқыс шелекке таста.


























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!