СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ктп по истории 8 класс, на казахском языке

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

ктп по истории 8 класс, на казахском языке

Просмотр содержимого документа
«Ктп по истории 8 класс, на казахском языке»

Бекітемін:                   Келісемін                                 ӘБ отырысында қарады:

Утверждаю:               Согласовано:              Рассмотрено на заседанииМО:

Директор Зам. директора по УР Хаттама№_____

Мектеп басшысы                    Оқу iсiнiӊ меӊгерушiсi Протокол №____

Мугжанова А.Д.            Жангалиева Р.Б. Мукашева А.Б.

___________                   ________                             __________

«___»____2021ж.          «__»_____2021ж.                  «__» тамыз 2021ж.







Қγнтiзбелiк-тақырыптық жоспар

Календарно-тематическое планирование


Пән/предмет: Қазақстан тарихы

Сынып/ класс:8 «Б»

Мұғалiм/ учитель:Бадымова Ж.Ж.

Біліктілік санаты/ квалификационная категория: педагог-модератор

Жылдық сағат саны/количество часов в год:34

Аптасына/ в неделю:1






Оқулық/учебник:Баспасы Алматы Атамұра :З.Е.Қадылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бисенбаева




Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 17-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 206-қосымшасын, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады; «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысын назарға ала отырып жасалған.

2. Тарихи сана–бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына көмектеседі.

3. Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.

4. Оқу пәнінің мақсаты -білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

5. Оқу пәнінің міндеттері:

1) Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгіқоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқанұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;

3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;

4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;

6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.

2-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

6. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

7. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.

8. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:

1) әлеуметтік қатынастардың дамуы;

2) мәдениеттің дамуы;

3) мемлекеттің дамуы;

4) Қазақстанның экономикалық дамуы.

9. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) этникалық қатынастар;

2) әлеуметтік қатынастар.

10. "Мәдениеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

 1) дүниетаным мен дін;

2) өнер мен әдебиет;

 3) білім және ғылым.

 11. "Мемлекеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

 1) мемлекеттің ішкі саясаты;

 2) мемлекеттің сыртқы саясаты.

12."Қазақстанның экономикалық дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) шаруашылық;

2) өндірістік қатынастар және сауда.

13. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.

14. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.

15. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:

1) өзгеріс пен сабақтастық;

2) себеп пен салдар;

3) дәлел;

4) ұқсастық пен айырмашылық;

5) маңыздылық;

 6) интерпретация.

 16. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:

1) "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;

2) "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;

3) "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;

4) "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.

5) "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;

 6) "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған

«Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

Ұзақ мерзімді жоспарға

түсіндірме жазба


Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылуда:

8- сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

Білім беру мазмұнының сынып бойынша жаңа құрылымы қазіргі заман тарихын 8 және 9-сыныптарда (8-сынып – XX ғасырдың бірінші жартысы, 9-сынып – XX ғасырдың екінші жартысы- бүгінгі күнге дейін) бөліп оқытуды ұсынады.

«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің хронологиялық кезеңдерінің сәйкестігі мен мазмұнның сабақтастығын сақтау мақсатында 5-9-сыныптарда:

8-сыныпта 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы
мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы өтпелі кезең оқу бағдарламасы енгізіледі.























Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы, 8-сынып, жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті:

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан (9 сағат)


1

8.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Зерттеу сұрағы: Не себепті А.Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп санады?

8.3.1.1 – қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;

8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

1

7.09


2

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы

Зерттеу сұрағы:1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;


1

14.09


3

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы

Зерттеу сұрағы:1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

8.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

1

21.09


4

1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері

Зерттеу сұрағы:Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

1

28.09


5


1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері

Зерттеу сұрағы:Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

8.3.1.2 – XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

1

5.10


6

«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы:Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;


1

12.10


7

«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы:Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?

8.3.1.4 – «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

1

19.10


8.2.3.1 – ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру



8

XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері

Зерттеу сұрағы: Қазақ интеллигенция өкілдері ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?


8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.3.1.5 – Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру

1

26.10


9

XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері

Зерттеу сұрағы:Қазақ интеллигенция өкілдері ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?

БЖБ№1

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.3.1.5 – Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру

1

2.11


ІІ тоқсан (7 сағат)

10

8.2А Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы


Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жж.)

Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды?

8.3.1.2 – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

1

16.11


11

Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

8.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;


1

23.11


12

Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

1

30.11


13

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?

8.3.1.6 – Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;


1

7.12


14


Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?


8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

1

14.12


15

Тоқсандық жиынтық бағалау

ТЖБ №1

І жартыжылдық бойынша оқу мақсаттары

1

21.12


16

Әскери коммунизм саясатынан ЖЭС-қа көшу

Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?

8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;


1

28.12


ІІІ тоқсан (10 сағат)

17

8.3А Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде


Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустриализация

Зерттеу сұрағы:Қазақстандағы индустриализацияның қарама-қайшылығы неде?

8.4.2.1 – Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

1

11.01


18

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустриализация

Зерттеу сұрағы:Қазақстандағы индустриализацияның қарама-қайшылығы неде?

8.4.2.1 – Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

1

18.01


19

Қазақстандағы ұжымдастыру

Зерттеу сұрағы:Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?

8.4.1.2 – күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;

1

25.01


20

Қазақстандағы ұжымдастыру

Зерттеу сұрағы:Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?


8.4.1.2 – күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;

8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;

8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау

1

1.02


21

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Зерттеу сұрағы:Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?

8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

1

8.02


22

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Зерттеу сұрағы:Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?

8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

1

15.02


23

8.3В Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы

Зерттеу сұрағы:А. Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

8.2.2.2 – Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау

1

22.02


24

XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

8.2.3.3 – XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау;

8.2.3.2 – кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау

1

1.03


25

XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Зерттеу сұрағы:Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

8.2.3.3 – XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау;

8.2.3.2 – кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау

1

8.03


26

Сатпаев – жан-жақты ғалым

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

8.2.3.4 – Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

1

15.03


ІУ тоқсан (8 сағат)

27

8.4А Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы

Зерттеу сұрағы:Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты?

8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру


1

5.04


28


XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы

Зерттеу сұрағы:Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?

БЖБ №2

8.2.2.4 – Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;

8.2.2.1 – қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру

1

12.04


29

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы:Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырлары халық есінде сақталды?

8.3.2.1 – қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;


1

19.04


30

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы:Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырлары халық есінде сақталды?

8.3.2.2 – Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

1

26.04


31

Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы:«Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?

8.4.2.2 – Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;

1

3.05


32

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті

Зерттеу сұрағы:Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?

8.2.2.5 – соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау

1

10.05


33

Тоқсандық жиынтық бақылау

ТЖБ №2

І жартыжылдық бойынша оқу мақсаттары


17.05


34

Қорытынды сабақ

Қайталау

1

24.05



Барлығы : 34 сағат




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!