СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қуанышым, қасіретім желтоқсан!.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қуанышым, қасіретім желтоқсан!.doc

Просмотр содержимого документа
«Қуанышым, қасіретім желтоқсан!.doc»

Қуанышым, қасіретім желтоқсан!

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жұлдыздары.

Сабақтың мақсаты: Еліміздің тарихын оқушыларға таныстыру, білдіру. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу. Оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы. Желтоқсан жұлдыздары: Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев т.б.

Сабақтың барысын ұйымдастыру:

Мемлекеттік Әнұран орындалады.

1-оқушы: Бұл Әнұран сөздерін дүниеге келіп, егеменді ел атанғанымызша, біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы желтоқсан.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты кең байтақ қазақ жерін, елін сақтаған ұлы тұлғаларды балаларға таныта отырып, тәуелсіздіктің тізгінін берік ұстауға, отанымызды сүюге балаларды тәрбиелеу.

2-оқушы: 1730-1916 жылдары Қазақ елі патшаның Ресейдің отарына айналды. Бірнеше дүркін отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер болды.

3-оқушы: 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады.

Мұғалім: Олай болса, балалар, 1986 жылы желтоқсанда Алматы қаласындағы бұрынғы Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналды?

4-оқушы: 1986 жылы 17 желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар, ұлтшылдар» деген кінә тағылды.

5-оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп, бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдікпен шындықта,

Өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

Мұғалім: Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

6-оқушы: Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.

Ән. «Өз елім»

Мұғалім: Тәуелсіз мемлекет атануымызға ана тілінен оқығанымыздай кімдердің еңбегі сіңді?

7-оқушы: Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова сияқты азаматтардың.

Ән. «Желтоқсан желі»

Мұғалім: Түн кәдімгі миллиондаған түрлердің бірі. Бұл кезде қаланың кез-келген тұсынан ұстаған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түскендердің арасында Қ. Рысқұлбековте бар еді.

8-оқушы: Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмейді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,

Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

Көрініс: Желтоқсан күндерінде.

9-оқушы: Бұрқ етіп қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып бар шарасы.

(Желтоқсан күндерінен көрініс көрсету)

1-оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім: 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қ. Рысқұлбеков 21 мамыр күні өмірмен қоштасты.

2-оқушы: Желтоқсан айы естісін,

Дауыл боп бұрқан ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Би. «Қазақ биі»

3-оқушы: Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қашан күніміз.

4-оқушы: Тарылып жатса даламыз,

Қайтіп біз тыныс аламыз.

Қақымыз да жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз.

5-оқушы: Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Ән. «Туған жер»

6-оқушы: Қыстың қалай қан қызыл таңға нұрын,

Бүр жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.

Күйдіргідей кеудені күйдіреді,

Жүректегі желтоқсан жаңғырығы.

7-оқушы: Өсер ұлдың қай сәтте де биік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

8-оқушы: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.

9-оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

1-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жарияланды.

2-оқушы: Дәл бүгін қуанышты қала, далам,

Жасадық сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара табан.

3-оқушы: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім,

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Мұғалім: Міне, балалар, ата-бабаларымыздың жерімізді, елімізді қорғай отырып, ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап, осы тәуелсіздікке қолымыздың қалай жеткенін, кімдердің еңбек еткенін сабағымызда азда болса мағлұмат алдық. Тәуелсіздікті алу жолындағы халқымыздың ерен еңбектерін алдағы уақыттарда оқып үйренеміз. Бүгін Қазақстан өз алдына Тәуелсіз Мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.

Сендер – Отанымыздың болашақ ұрпақ тарысыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!