СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күлше қыз жаңа жылдық ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күлше қыз ертегі бойынша жасалған жаңа жылдық ертеңгілік. Өлеңдер, тақпақтар.

Просмотр содержимого документа
«Күлше қыз жаңа жылдық ертеңгілік»

Жаңа жылдық ертегі

«Күлше қыздың сауық кешіне баруы»


Күлше қыз, Ханзада, Өгей шешесі, Екі сіңілісі, Құртақандар, Фея,  Патша, 
Аяз ата, Ақшақар , Сұлтандар мен сұлтаншалар, Аяз ата, Ақшақар.
Балалар музыка әуенімен залға кіріп билейді.  
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақмамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
 Арайлым: Келді тағы жаңа жыл
        Қуантумен біздерді
        Құтты болсын қуаныш
        Құттықтаймыз сіздерді.
Арыстан: Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!

Наргиз: Өлеңде әзір әнде әзір
Ойында әзір бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл 
Илияс: Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын-жарқын ән салып
Жалғасады жырға –жыр.
 Хормен ән: « Шырша » 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!

Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімді сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде 
Күлше қыз тойға жиналыпты

Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні тамашалаңдар

(музыка ырғағымен құртақандар кіреді.) 
1 құртақан: Біз сүйкімді құртақанбыз, 
Орманда біз тұрамыз, 
Біз сүйкімді құртақанбыз
Ертегіні бастаймыз.  
2 құртақан: Орманды біз қорғаймыз 

Қазынаны жинаймыз,
Бізді енді таныйсыңдар 
Біз мейірімді құртақанбыз
3 құртақан: Сыйқырлы біз елден келдік,
Жақсы хабар әкелдік. 
Патшамыз жарлық берді

Ханзаданы үйлендіруге
Баршаңызды тойға шақырды 
(Құртақандар шығып, ортаға Күлшеқыз кіреді. (ән айтады)
(Өгей шешесі кіреді. )
Өгей шешесі:  Күлшеқыз қайдасың, бері кел! (аяғымен жерді ұрып) 
(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар құртақан кіреді.) 
Құртақан: Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ойын сауық кешіне шақырамыз сіздерді. Барлық қыздар қауымын. Патшамыз солай бұйырды. 
(Құртақан хатты тапсырып, басын иіп кетеді)
Өгей шешесі: 
Рахмет, өте қуаныштымыз.  
Міндетті түрде барамыз 
Күлше қыз киім дайында 
Ойын сауық кешіне 
үшеуміз бірге барамыз. 
(Екі қызы ортаға шығып)
Күлше қыз: Ооо, мен де кешке барамын алақай!
1 сіңлісі: Күлдірмеші сен бізді. Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? ! 
2 сіңлісі: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ! 
Өгей шешесі: Жүріңдер қыздарым уақыт жоқ, дайындалайық барып.

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)
Күлше қыз: 
Онда қандай көңілді
Шам шырықтар жағылған, 
Барлық қыздар билейді 
Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)
(Ө.Ш. қолында екі шелегі бар ортаға шығады, біреуінде горох, екіншіде фасоль)
Өгей шешесі:  
Тапсырма мен ойлап таптым,
Уақытты сен бос өткізбе, 
Біз келгенше кешімізден 
Мыналарды жинақта!
(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)
Күлше қыз:(басын ұстап) :
Не істеймін енді мынаны
Қалай жинап үлгерем? 
Жүргізуші: Күлше қыз сен қамықпа. Балалар қанекей тұрмайық, Күлше қызға көмектесейік.
Балалар: Жұмыстан біз қашпаймыз, 
Бәрін жинап тастаймыз! 
Ойын:  "Бұршақтарды жинақтау" (2-3 рет) .
(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады) 
Өгей шешесі: 
Қыздарым менің әдемі!
Сұлулықтың әлемі  
Ойын сауық кешінде 
Боласыңдар сендер бәрінен де әдемі!
(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)
 (Ортаға патша мен ханзада шығады) 
Ханзада: Ойын сауық кештерің 
Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)
Патша: Ұлым менің қарашы

Жан – жағыңа қарашы, 
Бәрі  қандай тамаша. 
Көңіл көтер жараса.
Ән: « Қыс күні »
 Ханзада: Шаршатты мені барлығы

Қызықты нәрсе табыңдар! 
Патша: Алыс аймақ жерлерден 
Келді әдемі сұлулар
Қарашы оның билерін. 
Сұлулыққа көз тоймар 
Малика: Қане босқа тұрмайық
Бар өнерді сынайық
Көтеруге көңілді
Қандай өнер ылайық
Би: «Полька». 
(Ортаға Ө.Ш. қыздары шығып.)
(к. қыз ортаға шығып жылайды) күлшеқыз әуені ойнап тұрады.
(Ортаға  фея шығады қолында сыйқырлы таяғы бар) 
Күлше қыз: 
Сәлем бердім сізге мен
Келгеніңізге қуанып
Фея: жылама қызым  жылыма
Жақсылықтың бәрі алда
Орындалып арманың
Сенде кешке барарсың.

Күлше қыз: 
Ойын сауық кешіне,
Кір көйлекпен қалай барамын.

Фея: Былай қарай тұр қане, мен мына сиқырлы таяғымның көмегімен сиқырлап жіберейін, 1,2,3 (музыка ойнайды, Күлше қыз әдемі көйлекпен тұрады)

Күлше қыз: Қандай керемет!
Фея: Саған жолды көрсетер
Құртақандар көмекке келіңдер!(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына фанарик ұстаған құртақандар шығып Күлше қызды алып шығып кетеді.
Фея: Тыңда қызым бері қара
Айтар сөзім бар саған
Сағат тілі он екіні соққанда
Сиқыр күші жоғалар! 
Күлше қыз: Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.
(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді.) 
Өгей шешесі: Мәртебелі патшамыз, 
қонақтарды қарсы алып, 
ортаға бері шығыңыз
Би билейік ән салып.

(Бәрі ортаға шығады, аттың дүбірі естіледі, күлше қыз кіреді, бәрі жол береді)
Патша: Тағы қонақ келгенбе?
Танымайтын ханшайым
Қайдан келдің қай жақтан.? 
Ханзада: 
Келгеніңе қуанып
Көтерілді көңілім.
Бейтаныс қыз қолыңды бер
Кел бейлейік танысып.
(Ханзада мен күлше қыз билейді)

Би: «Менуэт»
Ханзада:
Мен сіздің осы сарайда қалағаныңызды қалаймын. 
Күлше қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын, 
Бірақ та мен қала алмаймын. 
(сағат тілі он екіні соғады)
Күлше қыз: Ханзада қош болыныз! 
(Күлше қыз кетіп бара жатқанда оны Аяз ата мен Ақшақар тоқтатып алады) 
Аяз ата: 
Тоқта, ботам, асықпа 
Бүгінгі кеш ерекше, 
Бәріміз қарсы алайық  
Жаңа  жылды ерекше! 
Ақша қар: 
Айтқан тілек жаңа жылда,
Орындалар әрқашан
Тілек тілеп әрқайсымыз
Жаңа жылды тойлайық

Жүргізуші: Жаңа жыл да келіп қалды, 
Тілек тілер уақыт болды.  
Аяз ата: Армысыңдар жарандар
Атқан таңға қараңдар
Шуағын шашып алтын күн
Жаңа жылмен құттықтап
Келіп жеттім алыстан
Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?
Өгей шешесі мен қыздары:
Аяз ата бізді кешіріңіз!
Енді біз адал, мейірімді боламыз.
Ақша қар: Балалар, кешіреміз бе? 
Балалар: Ия

 Жүргізуші: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық.
Аяз ата Ақшақар келгендеріңіз жақсы болды. Сіздерге арналған өлең тақпақтарды тыңдаңыздар.
Арлан: Аяз-ата аманба?
Аман болғың әмәнда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз
Жаңа жылға мың сәлем
Жасай берсін бұл әлем.

Ералы: Алыс-алыс жерден келдің
Отырағой деміңді ал
Өңкей бала төңірегің
Бізбен бірге әнге сал

Амира: Барымызды әнімізді
Аямайық сенен біз
Сынамашы ата бәрімізді
Бәрімізде өнерліміз
Нұрхан: Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Жұрттың бәрі атадай
Қашан мырза болады.

Амирхан: Даланың да қаланың,

Думандатып отбасын

Тағы міне жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын!

Жүргізуші: Аяз ата Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық!

(Аяз ата шырша шамдарын жағады)

Балалар аяз атамен ақшақарға  арнап ән айтайық.
Ән: «Аяз ата»

 Әділхан: Шыңдарды, құздарды,
Шаңғымен сызалық.
Елемей ызғарды,
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып.

Альбина: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
  М. Айнұр: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап 
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Санжар: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып.

Аңсар: Жаңа жылда жаңаша,

Болсын қызық тамаша.

Билеп ән сап атаны,

Қуантайық балаша.

Жүргізуші: Қызық дәурен тез өтуде қарасақ
Қыза берсін жаңа жылдық тамаша




Әсет : Далада қар борайды 
Ақ мамыққа орайды 
Мұз болады  қатады

Жып жылтыр болып жатады.
Томирис: Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып.
Камила: Кел билейік сенімен
Дедім тартып жеңінен
Еріп кетпе ақша қар
Адамдардың демімен

Данель: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Тамерлан: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Ақшақар: Билейміз деп бұралып
Қыздар тұр міне сұранып
Би: «Зимняя пляска »
Аяз ата:
Ой жарайсыңдар балалар, балалар өркендерің өссін,өнерлеріңді тамашаладым, сендер секілді балалар күтіп отыр  олардыда қуантайын.жаңа жылды жақсылап қарсы алыңыздар сау болыңыздар.
Ақшақар: Тыңдаңызшы  ата сіз мені, ұмыттыңыз сіз нені?
Аяз ата:  О,қызым есіме салғаныңа рахмет
Күлшеқыз бүгін достасты
Араздықпен қоштасты
Жаңа жыл келіп ортаға
Бәрімізбен қауышты

Сыйлығым дайын меніңде
Бөліп берем бәріңе.
Балалар ақшақар екеуіміз кетейік жаңа жылды жақсылап қарсы алдық, бір –біріңмен тату болыңдар, бір-біріңді ренжітпеңдер,  қош сау болыңыздар.
Балалар: Сау болыңыздар.
Жүргізуші: Қандай жақсы біздің аяз атамыз
Ол кеткенде терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
Ән: «Новогодняя»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл - әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын. Жаңа Жылдарыңызбен!

(балалар залдан билеп шығып кетеді)



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!