СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары: Қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары

Просмотр содержимого документа
«Қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары»

Сабақ жоспары: 17.12.2021ж.

Сабақ тақырыбы: Қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары.

Пән атауы: Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Дайындаған педагог: Науан Ш.А:

1. 2020-2021ж.ж. 3 курс; 343 топ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру

2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары мен олардың маңыздылығын түсіндіріп және оларға толықтай мағлұмат беру.

Дамытушылық: Студентердің танымдық, ойлау қабілетін, шешім шығара білуге, шығармашылық қабілетін дұрыс қалыптасуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу, тиянақтылыққа баулу.

3. Оқыту әдістері: ауызша (әңгімелесу), өзіндік жұмыс, көрнекілік, презентациялар

Оқыту құралдары: Презентация, оқулық « Келушілерге қызмет көрсету - Қ. Күзембаев. Г.Қ.Күзембаева»

4.Сабақтың барасы:

Ұйымдастыру кезеңі. 1-2 мин.

  • Студенттермен сәлемдесіп, топты түгелдеу;

  • Студенттердің құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару;

  • Сабаққа кірісу.

Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау. 15мин.

Жаңа сабақты меңгерту. 30-35 мин

  1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының қай типін демалыс орындарында, өндірістік аймақтарда орналастыруға болады?

  2. Қандай орындарда мейрамханалар орналастыруға болады?

  3. Мейрамхана түрлері. Олардың сипаттамасы.

  4. Бар түрлері, олардың сипаттамасы.

5. Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау. 5 мин

  1. Дәрісті оқу

2. Сұрақтарға жауап беру

3. Слайд жасау (10 бет)


1.Қызмет көрсетудің жаңа бағыттарына сипаттама беріп бір-бірінен айырмашылықтарын анықтаңыз.

2. Қазіргі уақыттағы қызмет көрсетудің қандай жаңа түрлерін білесіз?



Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетудің жаңа бағыттарына:

  1. концептуалды кәсіпорындардың пайда болуы;

  2. виртуалды мейрамхана желілілерінің кеңейтілуі;

  3. тұтынушылар алдында тағамдардың дайындалуы;

  4. кейтеринг жүйесі бойынша қызмет көрсетілуі;

  5. мерчандайзингтің енгізілуі жатады.



Концептуалды деп – интерьері ұлттық не экзотикалық стилде орындалған, ал мәзірі аспазханалар мен стильдері қосарланған мейрамханаларды айтады. Концептуалды мейрамханалардың басты идеясы: жекеменшік иесінің талғамымен алынған тақырып бойынша кәсіпорынды дұрыс жабдықтау және мәзірді құрастыру.

Виртуалды деп – Интернет жүйесі бойынша тұтынушылардың тапсырыстары алынып, жеткізілуіне бағытталған мейрамханаларды айтады. Қызмет көрсетудің қазіргі заманына сай технологиялары Интернет арқылы белгілі бір мейрамхана сайтына кіріп, сол кәсіпорынның тағам ассортименті, олардың бағалары, қызмет көрсету деңгейі, төлем ақысы және т.с.с. мәліметтерді бере алады. Компьютерден залдарды, стөлдердің орналасуын, тіпті мейрамхананың менеджерін көріп, онымен сұхбаттасуға болады. Сайттан мейрамхананың мекен – жайын, жұмыс істеу уақытын да білуге болады. Тұтынушылар алдында тағамдарды көбінесе квалификациясы жоғары аспазшылар дайындайды. Қызметкерлердің қимыл, іс- әрекеттері тиянақты болу керек. Аспазшылар тағамдарды әсемділікпен ғана дайындап қоймай, тұтынушылармен де жақсы қарым – қатынаста болу қажет.

«Кейтеринг» термині (ағ. «catering» – қоғамдық тамақтандыру, «ceter» – тағам жеткізу, тұтынушыларға қызмет көрсету) – мейрамханадан тыс банкет өткізілуін ұйымдастыратын кәсіпорын немесе қызметкерлердің іс - әрекетін білдіреді. Кейтеринг түрлері берілген (3 - кесте).

3 кесте – Кейтеринг түрлері

Кейтеринг түрлері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Кәсіпорында

Уақытты экономдайды

Лизингке кететін шығындарды арттырады

Кәсіпорыннан тыс жерде

Ұстанымды (аренда салымдарын) төмендетеді

Көлікке кететін шығындарды арттырады

Әлеуметтік

Қызметкерлер саны азайтты

Көлікке кететін шығындарды арттырады


«Лизинг» деп – бөлмелер және олардың ішіндегі жабдықтарды айтады.

Мерчандайзинг – тұтынушылар талғамын құрастыру әдісі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда мерчандайзингтің келесі түрлері қолданылады:

- тағамдар және сусындардың дизаины (залдағы салат – бар);

- қызмет көрсетудің жаңа түрлері (тағамдарды фламбирлеу);

- залдағы агитация (фотосурет);

- үгіттеме сатылым (барменнің фирмалық коктейльді ұсынуы);

- альтернативті өнім мен қызметтердің таңдаудағы ұсыныстар (комплекстік мәзір).

РЕФЛЕКСИЯ

  • Не білемін:

  • Не білдім:

  • Не білгім келеді:







Үйге тапсырма. 2-3мин

  1. Дәріс бойынша қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары оқып келу.

  2. Қызмет көрсетудің прогрессивті технологиялары туралы қосымша мағлұмат жинап келу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!