СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәңгілік ел-рухани жаңғыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі», «Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру»... Бұл аталған ұрандардан басқа қаншама айтылғандары бар. Бәрі де дұрыс,орынды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев кезекті өз жолдауын халыққа баяндаған сәтте  менде «неге «жаңғыру»?», «не себепті дәл бұлай аталды?»деген сұрақтар пайда бола бастады. Кейіннен бағдарламалық мақаласымен толығырақ танысқан кезде бұл сөздің мәнін тереңірек түсінуге болады. Әрине, жалпы сөздің лексикалық мағынасы бәрімізге таныс болуы және  оның қазіргі таңда біз үшін,халқымыз үшін,жалпы еліміз бен оның болашағы  үшін өте маңызды екенін ұғыну екі бөлек нәрсе. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел-рухани жаңғыру» мақаласында бұл сөздің маңызы,рөлі егжей-тегжей түсіндіріліп,нақты мысалдар мен дәлелдеулер келтірілген.

Просмотр содержимого документа
«Мәңгілік ел-рухани жаңғыру»

Мәңгілік ел-рухани жаңғыру

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі

ұмтылыс-біздің дамуымыздың ең

басты қағидасы. Өмір сүру үшін

өзгере білу керек»

Н.Ә.Назарбаев

«Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі», «Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру»... Бұл аталған ұрандардан басқа қаншама айтылғандары бар. Бәрі де дұрыс,орынды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев кезекті өз жолдауын халыққа баяндаған сәтте менде «неге «жаңғыру»?», «не себепті дәл бұлай аталды?»деген сұрақтар пайда бола бастады. Кейіннен бағдарламалық мақаласымен толығырақ танысқан кезде бұл сөздің мәнін тереңірек түсінуге болады. Әрине, жалпы сөздің лексикалық мағынасы бәрімізге таныс болуы және оның қазіргі таңда біз үшін,халқымыз үшін,жалпы еліміз бен оның болашағы үшін өте маңызды екенін ұғыну екі бөлек нәрсе. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел-рухани жаңғыру» мақаласында бұл сөздің маңызы,рөлі егжей-тегжей түсіндіріліп,нақты мысалдар мен дәлелдеулер келтірілген. Бұнымен ғана шектеліп қоймай, мақалада басшымыз тұтас қоғамның және әр қазақстандық азаматтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын көрсетіп, оларға жеке-жеке тоқталды. Негізгі Президент жаңғырудың алты бағытын белгілеген болатын. Әрбір бағыт,менің ойымша,толық ойластырылып,қазіргі уақыт талабына сай келеді.

«Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді» дегендей елбасымыздың көрегендігі негізінде еліміз алға басып, көздеген мақсат-дамыған 30 елдің қатарына енетінімізге кәміл сенемін. Нұрсұлтан Әбішұлы атап кеткен бағыт- өте дұрыс, жастар үшін,жастардың жан-жақты,бәсеге қабілетті маман болуына, елімізге еңбегі сіңген тұлғалар үшін, туған жеріміз үшін оңтайлы жағдайлардың жасалуының бастамасы, түрткісі.

Бағдарламалық мақалада Нұрсұтан Әбішұлы: « Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді» деген. Соған байланысты елбасымыз бірнеше жобаны атап өтті. Біріншісі- қазақ тілін латын әліпбиі көшіру. Қазіргі таңда бұл өзекті мәселе қатарында. «Бұнын керегі не?»,т.б. сияқты көптеген сұрақтар туындап та жатыр. Менің ойымша, бұл-негізгі мәселелінің мәнін ,себебін түсінбеуінен. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның,сондай-ақ, XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты»- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап кеткен болатын.

Елбасымыздың бағдарламалық мақаласын, сол тақырыпқа байланысты басқа да жазылған мақалаларды оқып,талдай келе, рухани жаңғыру дегеніміз- ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлерден алыс кетпей,бірақ сонымен бірге жаңаша көзқарастар мен дағды,біліктерді қалыптастырып,игеріп, «Жас та болса бас» болатындай, бәсекеге қабілетті тұлға, маман,басшы болуға ұмтылу,бойына патриоттық рухты сіңіру, дәл осындай қасиеттері бойында бар ұрпақ тәрбиелеу, рухты халқымыздың тағы бір жоғары,жаңа сатыға көтерілуі,осылайша әлем мойындар табысты ел болу деген қорытындыға келдім. Жалпы,халқымызда «Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар» дегендей мейлінше көнерген,қазіргі уақытпен қабыспайтын дәстүрлерді ұмытып, бізге керегін,озығын алуымыз керек. Бұл да-рухани жаңғыру болып саналады.

«Мен барша қазақстандықтар,әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызы, терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді»- деп елбасымыз қорытындылаған болатын.

Түрлі ұлттар өмір сүрсе де, бір ұлттай бірігіп елбасымыздың саясатын қолдап,жас та болса,қарқынды дамып келе жатқан мемлекетің зиялы қауымы,көзі ашық,көкірегі ояу жастары ретінде рухани жаққа көңіл бөліп, аталған барлық міндеттерді орындайық!

5 «Гүлдәурен» б/б Қостанай қаласы.

Психолог Ермагамбетова Сымбат Нурлановна


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!