СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М.Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Абай жолы" роман-эпопеясы жайлы. Романнан үзінділер келтірілген сабақ жоспары.11-сыныпқа арналған.

Просмотр содержимого документа
«М.Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы»

Қазақ әдебиеті 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман –эпопеясы.

Сабақтың масаты:

Білімділік: М.Әуезов туралы білімдерін толықтыру, «Абай жолы»романының мазмұнымен таныстыру. Бала Абайдың ақын Абайға дейінгі өмірінен қысқаша мәлімет алу.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: әлемге танымал жазушыға, қазақ тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.




Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Әуезовтың портреті, шығармалары, қосымша материалдыр.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Сабақтың мақсатын айту.

4. Жаңа сабақ.




- М.Әуезов туралы оқулық материалымен танысу

- Сөздік жұмысын жүргізіп, берілген сөздердіңмәтіндегі қолданысыптауып, аудару.

- М. Әуезов туралы әңгімелеудің тірек сөздерін теріп жазу: әлемге танымал, қоғам қайраткері, ғалым ,академик,1897 жыл, Семей облысы, атасы Әуез, әжесәсі Дінасыл, медресе,қалалық училище,мұғалімдер семинариясы, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Қараш-Қараш оқиғасы»,Орта Азия университеті,Ленинград университеті,пьесалары, аудармалары, қазақ театры, «Абай жолы», 1961 жыл.

Тірек сөздердің көмегімен ұлы жазушы туралы әңгімелеп беру.




5.Теориялық материалдарды қорытындылау.

Тірек сызба арқылы оқушылар өздері қорытынды жасайды.

Оқулық пен дәптермен жұмыс.

1. Тірек-сызбалары, дәйексөзді дәптерге жазу.

ІІІ деңгей. Тапсырма.

1. М.Әуезовтің туған жылы

2.М.Әуезов шығармаларының тақырыбы

3.М.Әуезов әңгімелері

4.М.Әуезов пьесалары

ІІ деңгей

1. М.Әуезов алғашқы сауатын қалай ашты?

2. М.Әуезов кімнің тәрбиесінде болды?

3. Тұңғыш жарық көрген туындысы қалай аталды және онда қандай мәселе қозғалды?

Жауабы:

1.М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.

2.М.Әуезов шығармаларының тақырыбы - бұрынғы қазақ даласының тіршілігі мен тағдыры

3. 20-жылдары: «Оқыған азамат», «Қорғансыздың күні», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», т.б.

30-40 жылдары: «Іздер», «Білекке білек», «Үш күн», «Бүркітші» т.б.

4 .М.Әуезовтің пьесалары: «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз», «Абай», Айман-Шолпан», «Түнгі сарын» т.б.

ІІ деңгей

1.Бала Мұхтар алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.

2. Он бір жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін Мұхтар қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.

3. 1917 жылы «Адамдық негізі-әйел» атты туындысы жарық көреді. Бұл көсемсөзінде автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені қозғайды.

4. М.Әуезовтің 1921 жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда шұрайлы тіл, терең психологизм, таза мөлдір шындық бар. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесі мен үйлесімділік табады. Жазушы тақырыбы ортақ, сюжеті желілес осы әңгімелерінде сыншыл реализм әдісін қолданған.

І деңгей

1.Ғ.Мүсірепов «Абай» романы туралы, З.Қабдолов Әуезов.Ы.Т.Дүйсенбаев,Н.А.Анастасьев Е.Күзембаев, Ұ.Күзембаев

2.Абай жолы-халық жолы.Абайдың өсу, толысу, қалыптасу жолы әке жолынан бөлек халық жолын таңдап алуы осының айғағы. Жазушы Абай бейнесін халық өмірімен бірге алады.

3.Құнанбай образы-шебер жасалған образ.М.Әуезов айтқандай, Құнанбай образы, идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні- ескіні көрсету нәтижесінде туған.

4. Қазақ неткен ғажайып халық» (Бенжамен Матип). «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті.»(М.Луконин). «Абай» романын неше рет қайталап оқысам , сонша әрдайым жаңа көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам» (Ғ.Мүсірепов).

*«Сиқырлы сандықша» ойыны






6. «Абай жолы» романынан үзінді

Мәтін бойынша жұмыс:

*үзіндіні мұқият оқып шығу.

*сөздік жұмысын жүргізу.

*үзіндіге ат қою, оқушылардың пікірін тыңдау.




7.Сабақты бекіту.

«Мәтін құра» ойыны арқылы жүзеге асырылады.




  1. Үзіндіні қорытындылау:

-Пікірталас:

Үзіндіден нені байқадыңдар?

Абайдың ақын болуына қандай жағдайлар әсер етті деп ойлайсыңдар?

Оқушы жауабын дәлелдеуге тырысу керек.




9. Үйтапсырмасы:

«Абай жолы» шығармасынан үзінділерін оқу, мазмұндау.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!