СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Майлар, құрамы мен құрылысы, жіктелуі мен номенклатурасы, табиғатта таралуы, қасиеттері.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Майлар, құрамы мен құрылысы, жіктелуі мен номенклатурасы, табиғатта таралуы, қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Майлардың глицерин мен карбон қышқылының күрделі эфирі екенін ашу, оның құрылысының қасиеттеріне байланыстылығын, қолданылуын түсіндіру, гидрлеу процестері туралы мағлұмат беру;
  2. Ұлттық дәстүрді санамызға сіңіре отырып, өз бетінше ойлап қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық жеке тұлға болып қалыптасу қабілетін дамыту;
  3. Оқушыларды шығармашылық ізденіске, іскерлікке, пәнге қызығушылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Майлар, құрамы мен құрылысы, жіктелуі мен номенклатурасы, табиғатта таралуы, қасиеттері.»

Сыныбы:11А, 11Ә Пәні: Химия

Күні: 10.02

Сабақтың тақырыбы: Майлар, құрамы мен құрылысы, жіктелуі мен номенклатурасы, табиғатта таралуы, қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Майлардың глицерин мен карбон қышқылының күрделі эфирі екенін ашу, оның құрылысының қасиеттеріне байланыстылығын, қолданылуын түсіндіру, гидрлеу процестері туралы мағлұмат беру;

  2. Ұлттық дәстүрді санамызға сіңіре отырып, өз бетінше ойлап қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық жеке тұлға болып қалыптасу қабілетін дамыту;

  3. Оқушыларды шығармашылық ізденіске, іскерлікке, пәнге қызығушылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, мәтінмен жұмыс, сауалнама

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, слайд, көрсетілім

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту.

1. Сауалнама сұрақтары

А. Күрделі эфирлер құрамы қандай органикалық заттардан тұрады?

А) қышқылдар мен альдегидтерден;

Ә) спирттерден;

Б) спирттер мен карбон қышқылдарынан.

Ә. Күрделі эфирлерге тән қасиеттер

А) катализ ә) гидролиз б) гидрлену

Б. Гидролиз процесінің жүру жағдайы. Неліктен?

А) сілті қатысында. Себебі ол спиртті тұзға айналдырады;

Ә) сілті қатысында,себебі ол қышқылды тұзға айналдырады;

Б) реакция өздігінен айырылады.

В. «Балауыз» дегеніміз қандай заттар?

А) карбон қышқылдары; ә) спирттер б) күрделі эфирлер.

Г. Затқа атау беріңіз:

О

СН3 – С – О – С2Н5

А) этилформиат ә) амилацетат б) этилацетат.


2. «Жол таба біліңіз». Оқушылар өзгерістерді рет – ретімен шатастырмай тауып орындайды.






СН4




НСООН

НСООСН3

С

НСОН

СН3СІ

СН3ОН











3.Май туралы не білеміз? (топтастыру жұмысы)

Сұйық

Жанғыш

Балқу темпера-турасы төмен

Органикалық еріткіште ериді

Судан жеңіл,

ерімейді

Қатты

Май

Тағамдық зат


















Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс (сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.)

І топ. Майлардың тарихы, құрылысы. Май – қоректік зат

ІІ топ. Майлардың физикалық, химиялық қасиеттері. Гидрлену процесі

ІІІ топ. Майдың қолданылуы. Май шайқау технологиясы.

Әр топтан оқушылар шығып түсіндіреді, қалғандары толықтырады.

І топ. Оқушылар биология пәні бойынша, оқулық бойынша, майдың қорек зат ретіндегі ролін баяндады.

1779 жылы швед химигі К.Шееле зәйтүн майын ылғал қорғасын оксидімен қыздырып, тәтті дәмі бар «майдың тәтті бастамасы» деп аталатын зат алады. Тәжірибені шошқа майымен және басқа майлармен қайталап ғалым ол алынған заттың май құрамына кіретініне көз жеткізді. Ол зат глицерин (грек. Гликис – тәтті) еді. 1817 жылы Фр.ғалымы Шеврель Мишель Эжен майларды сумен сілті қосып қыздырып 3 атомды спирт (пропан триол) глицерин және карбон қышқылдарын алды. 1854 жылы Марселен Бертло майды карбон қышқылы мен глицериннен синтездеді. Осылардан келіп оқушылардан майға анықтама шығарттым.

Глицерин + карбон қышқылы – май

Май – үш атомды спирт глицеринмен карбон қышқылының күрделі эфирі.

Қатты май құрамына жоғары қаныққан карбон қышқылдары: пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН кіреді. Сиырдың қаймақ майында май қышқылы С3Н7-СООН болады.

Сұйық майдың құрамына жоғары қанықпаған карбон қышқылдары: олеин С17Н35СООН, линоль С17Н31СООН, линольді С17Н29СООН құрамына қос байланысы бар қышқылдар кіреді.

Май – қоректік зат.

Май – тағамның аса маңызды құрамды бөлігі. Оның тотығуынан ағзада көп жылу бөлінеді. Тірі ағзаға май бірден сіңбейді, ащы ішекте липаза әсерінен глицеринмен қышқылға ыдырайды. Оларды ішек бүрлері сіңіріп қайтадан ағзаға тән май синтезделеді. Май қанға сіңіп ұлпаларға барады. Соңында қайтадан гидролизге ұшырап, тотығып көмірқышқыл газымен су түзеді.

Май →глицерин + карбон қышқылы→май→лимпа→қан→организм.

2

М→СО2 + Н2О + Q

1 г май тотыққанда 9,5 ккал (40 кДж) энергия бөледі. Бұл белокпен көмірсуларға қарағанда 2 есе көп. Сонымен бірге май дене температурасын қалыпты ұстауда, бұлшық ет жұмысын жақсарту үшін пайдасы зор.

Ағаш-15 кДж, тас көмір – 31 кДж, бензин-42 кДж, май-40 кДж.

Тірек-сызба «Майлар»

Тарихы Құрамы

1779 ж.К.Шелее Глицерин карбон 1817 ж.

1854 ж. Бертло-майды синтездеді Шеврель май – қышқылдары

гидролизін

Химиялық қасиеттері Физикалық қасиеттері

1.Гидролизденуі 1.Қатты

2.Гидрленуі 2.Сұйық

3.Бұзылуы 3.Органикалық еріткіште ериді

Қолданылуы Түрі

1.Тағам ретінде Өсімдік – мақта, арахис майы,

2.Саломас зығыр, шырғанақ – сұйық,

3.Дәрілер кокос майы қатты

4.Дәрілік майлар:

стрептоцит, ихтиол, Жануар – қатты май,

күкірт, сынап т.б. балық майы – сұйық

5.Сыр майы

6.Сабын

ІІ топ. Оқушылар майдың физикалық қасиетін көрнекі түрде көрсетеді. Май суда ерімейді, спиртте, бензинде, дихлоэтанда ериді

Майларды гидрлеу. Сабын және басқа заттар алу үшін қатты майлар керек. Сондықтан сұйық майларды қатты майларғаиайналдырады. Алғаш рет неміс химигі Норман Сұйық майдан қатты май маргаринді алды.

Майдың қолданылуы. (тірек-схема)

1-оқушы. Бүйенге жиналған қаймақты ыдысқа салып, 15-20 минут былғайды. Су шығып, май түседі. (түзіледі). Тағы сумен шайып қояды. Енді тұзды суға салады. Қаймақ құйылған бүйен тұзды сумен жуылады.

2-оқушы. Сырлы кастюлге жиналған қаймақты 30-40 минут былғап әрең түсірген. Қалған процестер бірдей.

Сұрақ: Неліктен 1-жағдайда май тез, ал 2-жағдайда ұзақ уақыт түзілді?

Мұның бәрі қаймақтың жиналған ыдысынан, себебі бүйен бұл жерде айырғыш (сеператор) қызметін атқарды, яғни сүт пен қаймақты айырды.

Қаймақтың сүтсіз сақталуына, майдың бұзылмай сақталуында бүйен мен қарынның ролі жоғары. Себебі олардың құрамына химиялық қосылыстар кіретін қарын (немесе бүйен) сөліндегі кертіктер майды (қаймақты) сыртқы ортадан сақтаған.

Сондықтан әжелеріміз қарын немесе бүйенді тұзды суға салып кептіріп, үрлеп сақтаған. Қарынға айран құйған, ет тұздаған. Май былғай (шайқау) қазақтың отбасында үлкен мәні бар, тәрбиелі жұмыс. Майды әжелеріміз былғап болып, жанұяға дәм таттырып, алдымен қасқа (көз үстіне) жағуды ырым еткен. Соның ішінде сәуір майын шайқау үлкен мереке.

Ой толғаныс. Кім жылдам?

1 – топ. Адам 1 сағатта – 3,75 г майды керек етсе, 1 тәулікте қанша майды пайдаланады?

2 – топ. 1 г май тотыққанда 1,1 г су түзілсе 100 г май тотыққанда қанша су түзіледі?

3 – топ. Сарымайдың түзілу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

Сен білесің бе?

  1. Май жылы жерде ұзақ тұрып қалса көгеріп, бұзылады. Неліктен?

  2. Кейбір сабын суда көпірмейді, яғни кір ашпайды. Неліктен?

  3. Неліктен май сұйық, қатты болып бөлінеді?

Есте сақта

  1. Адам тәулігіне 50-70 г майды қажет етеді.

  2. Адам организмінің 10-20% май құрайды. Оның 70%- олейн, 30 % пальмитин глицериттері

  3. Адамдар үшін су ішуді шектеу – артық майдан айырылудың тиімді әдісі

  4. Майды табаға салып қыздырып, ырым жасаған.

  5. Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие.


Үйге тапсырма: §10.3 №4,6,7


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!