СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Махаббат мәңгі ертегі" әдеби-сазды тәрбиелік шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғашықтар күніне арналған "Махаббат-мәңгі ертегі" әдеби-сазды кештің бағдарламасы

Просмотр содержимого документа
«"Махаббат мәңгі ертегі" әдеби-сазды тәрбиелік шара»

Тақырыбы: «Махаббат – мәңгі ертегі».

Мақсаты: білімділік – оқушылардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттеріне қозғау салу үшін лиро – эпостық жырлар арқылы, заманымыздың заңғар жазушылары мен кең ауқымды ізденгіш, ойшыл ақындарымыздың өлеңдерінің астарлы мағынасын түсіндіру.

тәрбиелік –пікірталас арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету.

дамытушылық – адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін, сезімдерін қалыптастыру және дамыту, көзқарастарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе отырып дәлелдей білуге баулу, өз жолдастарының ойын салмақтылықпен пай»ымдау.

Көрнекілігі: тақырыпқа сай нақыл сөздер, ақын –жазушыларымыздың осы тақырыптағы кітаптарынан, оқушылар шығармашылықтарынан көрме ұйымдастыру.

Барысы.

Шам сөндірілген. Балауыз шам жағылған. Шам жарығымен оқушылар столға бөлініп орналасқан.

«Махаббат бекеті» фильмінен үзінді көрсетеді.

Гүлназ: Жүзімдегі меңді көрдің бе? Көз алмайсың енді көрдің бе мені, жаным?

Жұлдыз жаққан түнді көрдің бе? Күлім қаққан күнді көрдің бе, жаным?

Бекжан: Көзімдегі мұңды көрдің бе, қолымдағы гүлді көрдің бе менің, жаным?

Гүлназ: Көрдім, көрдім, өзіңді көрдім, көлдей мөлдір көзіңді көрдім, жаным!

Бекжан: Сен қызғалдағымсың.

Гүлназ: Сен ізгі арманымсың.

Бекжан: Сен көңіл нұрымсың.

Гүлназ: Сен өмір жырымсың.

Бекжан: Көктем мен жаздай,

Гүлназ: Аққу мен қаздай

Бірге: Жазылмасын жұбымыз біздің. (Музыкамен өлең оқылады).

1-оқушы: Мұқағали Мақатаев «Адам ата, Хауа ана»

Мен –Адам ата, ол –Хауа ана,

Мен де таза, ол да таза, ауа да.

Жылжып ағып жылға жатыр – қойтолқын,

Харекетсіз біз отырмыз жағада.

Айналамыз алау жасыл жаннат бақ,

Ақтарылған екеумізді ардақтап.

Бет алған ек біздер қайда бармаққа,

Неге отырмыз ел көзінен аулақтап?

Не күш бізді бастап келді білмейміз,

Неге біздер бұрынғыдай асыр сап,

Алдым – жұлдым арпалысып жүрмейміз?!

Әрі жақын, әрі алыс арамыз,

Қыз бенен ұл ..... Бөлініппіз қараңыз,

Қыз бенен ұл .... Жер мен көктей арамыз,

Жер менен көк жақындасып барамыз.

Біз отырмыз еш нәрсе де демейміз,

Еш нәрсені түсінбесек не дейміз?!

Жылап аққан жылғаға тас лақтырып,

Құныға кеп құмға аяқты бөлейміз.

Ал табиғат, ал табиғат тым басқа,

Түйіп болмас, сүйіп болмас сыр –дастан.

Ыю – қию құстар анау шуласқан,

Көбелектер нәр алуда тынбастан.

Шалғын мынау бұйра шашын таранған,

Сары, жасыл, қызыл гүлдер саналуан.

Самалдатып сағым ақса аулақта,

Сағым болып теңселеді тау – орман,

Барлығы да махаббатпен жаралған....

Автор: Ия, тағы да махаббат. Адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып – ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Жер бетінде қанша миллиард адам болса, жердің астында қаншасы.. Солардың әрқайсысында өзінің дара махаббаты бар. Дүниежүзілік соғыс пен қилы – қилы қантөгістерге, ядролық зардап пен жер сілкіністеріне, ғарышты бағындыру мен ғылыми техникалық шарықтауларға куә ғып қана қойған жоқ, сонымен қатар мыңдаған жылдар ұрпақтар елегінен өтіп сұрыпталған рухани байлықтың, ең бастысы адамгершілік қасиеттердің құлдырауына, тіршілікті азып тозудан,ттоқыраудан аман сақтап келе жатқан ұлы махаббат сезімінің орны бөлек екендігін байқатты.

2- оқушы: Аяқтап болып махаббат дейтін сапарды,

Қозы мен Баян моласы міне атанды.

Қалауын қанша тапқанымен қара тас,

Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.

Басына бардым, қасында тұрмын солардың,

(Қозыдай маңырап, сүймеген сірә болармын...)

Егіз жүректі екіге бөліп мола тұр,

Тұмсығы үшкіл қанжарындай – ақ Қодардың...

Төрт жанардың да тауысып түгел көлдерін,

Төрт бұлақтарынан төге де жүріп селдерін,

Ескерткіш етіп қос Ана тастап кетекн бе

Аялап жатқан Аягөз сынды белбеуін.

Жол түсіпұрпақ Таңсыққа барсаң тегінде,

Бір соқпай кетпе күмбезге сонау керінген.

Қазақтың осынау қасқайын тұрған төрінде

Бабаларыңның махаббаттары көмілген...

1 –жүргізуші: Махаббат туралы әңгімеміздің аясы кең болу үшін, құрметті ұстаздар, оқушылар, мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойсам деймін. Қалай ойлайсыздар, сіздер үшін мәңгілік махаббат қазір бар ма?

3 – оқушы:

Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы өзге жұлдыздардан алыстан жарқырап құр жымындаса, Күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір бернетін, жарық сәуле төгетіңдер аз емес. Мүмкін ондай адамдаы Күнмен салыстырған дұрыс емес шығар, өйтекні Күн бүкілдүние жүзін бірдей сәулелендіреді ғой, ал жақсы адамның жарығы

кейде бір кісіден аспайды. Бақытты етсе, бір – ақ жанды бақытты етеді. Бірақ бір адамды бақытты етудің өзі де үлкен қасиет емес пе?

Махаббатсыз өмір өмір ме? Бірақ сол махаббат қуаныш емес қайғыға айналса, ондай махаббаттан қандай қызық бар? Қайғының да, қуаныштың да торлайтыны бақыт, бірі соны суалтсам дейді, бірі сол бақытты гүлжайнатсам дейді. Егер қолындағы бақыт суалар болса, адамға одан ауыр қандай қасірет, өкініш бар? Адам неге тұрақсыз болады екн? Жоқ адам емес, махаббат тұрақсыз секілді...

Тұрақсыз затта құн жоқ. Сонда махабатта да құн болмағаны ма? Жоқ бұның бәрі де бекер ұғым.

Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты. Адам өз басының келешегіне басқа жәйттен көрмеу керек. Асқар таудың басына ақша бұлттар ұяласа, ал асыл адамның басына айнымас табандылық біту керек. Сонда ғана махаббат тұрақты, мәңгілік болады.

2-жүргізуші: Бірақ жүрек деген бір асау тұлпар емес пе, оның үркуі де, алып қашуы да жеңіл. Сонда оны немен тоқтатасың? Өз бетімен ала жөнелген жүйрікке қандай қыл арқаның бар?

4-оқушы: Қазақ «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болу да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да ешдүлей күш жеңе алмайды.

Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббатта адал, мәңгілік сақталады.

1-жүргізуші: Олай болса Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты өлеңіне дайындалған көріністі тамашалайық.

Автор: Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп жылады:

Ана: «Жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынары,

Еркелеттім, өмірімді желкен еттім жолына.

Тек сол гүлдеп толыссын деп,

Тек сол кисін, сол ішсін деп,

Ештеңені аяғам жоқ бәрін бердім қолына.

Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдарлы,

Ой түзеді, көз жауын ап қызғалдақтай майдағы.

Алды болды құрбысының бірге өскен,

Үмітіме бақпен қайғы қалай қатар мінгескен?

Бекер, бекер жіберіппін еркіне,

Ерте түсіп қалды – ау, сірә, албырт сезім өртіне.

Бақытты едім,

Бақытты едім мен қандай,

Қашан қызым жолыққанша ғашықтықтың дертіне.

Күзетшімін бұл күні есік торыған,

Туар айым тумай қалды оңынан.

Үш жыл болды бұйрабас бір әртістің

Сорлы қызым жүгіріп жүр соңынан.

Ал ол иттің, бұл қорлыққа қарашы,

Бар әйелі, баласы. Үйленуге қайдан келсін шамасы?!

Қызым соны білмейді ме? Біледі.Біле тұра селт етпейді жүрегі.

Небір жайсаң жігіттерді төредей

Мазақ етіп келеді ме елемей?!

Бұл не деген көлден табар бақытты

Шөлден іздеп жаңылысқан шөрегей.

Деп сенсем де: бақыт алда, жол алда,

Адасқандай кейіптемін боранда.

Ал ол үшін бұйрабас сол әртістен

Артық жан жоқ ғаламда.

Тек соны ойлап беріледі арманға,

Тек соны ойлап жылайды үйде қалғанда.

Сосын қайта жымияды: «Менен асқан бақытты Адам жоқ, - деп, -жалдғанда».

Дауа бар ма, дауа бар ма талғамға?!

Жақын тартып сырласымдай бұрынғы,

Кешір, қалқам, саған аштым сырымды.

Сен ерекше сыйлы жансың қызыма,

Сыйлайтыны – жатқа оқйды жырыңды.

Өзіңе аян, қыз көңілі гүл нәзік,

Жеңе алмаспыз өр мінезбен ұрдажық.

Өтінемін, сол бақытсыз сорлыға

Қол ұшын бер, ой саларлық жыр жазып.

Автор: Соны айтты да, шығып кетті ол қоштасып,

Тұрып қалдым ойым мұңмен астасып.

Көз алдымнан кетпей қойды мұңлы ана,

Көз алдымнан кетпей қойды жас ғашық.

Өлке даңқын артқанымен арқаға, Әлі күнге түспей келген картаға

Қыран ғана қалықтайтын көгінде,

Бұлттан биік заңғар аз ба, Сұрақ қойған таңдар аз ба,

Жазылмаған заңдар аз ба өмірде?

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен мәселі,

Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.

Жыға алмайды оны жұрттың өсегі,

Бұған дәлел – құдіретті «Қорлан» әні кешегі.

Қасиетті сәт соққанда әбден меңдеп кеселі,

Қайран Естай қимас досын шақырып,

Былай депті деседі:

Естай: «Ей, Нұрлыбек, еренім! Жетпіс екі жасымда

Тұзағына іліндірді мені өлім.

Тулағанмен, амал нешік, көнемін.

Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын,

Өлген соң да қажет боп тұр көмегің.

Дәл өзіңдей ұқсын қайғымды ел,

Ғашық көңіл – мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны - жай күндер.

Көлмен – көлдей, таумен таудай теңдесе,

Белдесуге талап қылдым мен неше.

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,

Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға

Сірә мендей ғашықтықтан бақ тауып,

Сірә мендей мұңға батқан жан бар ма?

Дүниенің өзге бақыт, шаттығын

Менсінбеген менің мұңым – тәтті мұң.

Тәтті емей не? Он сегізге ой салып.

Жиырма бесті таңдандырса қарттығым?!

Әттең тағдыр қоса алмадым, сорым ба?

Заман жылан, жатып алды – ау жолымда

Бірақ менің бақытым да барым да-

Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу бір жыл сәуле шашты қолымда.

Өр толқынға қарсы жүзген ер кеме

Мен болыппын.Оһо, қандай мәртебе!

Бұл жүзікке елу бір жыл әйелім

Қызғанышпен қарап келді өртене.

Деседағы ел дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт, қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көзі болған жүзікті,

Өтінемін, өзіммен бір жерлесін!

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде

Ғашық болып өлу – қандай мәртебе!

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де!»

Автор: Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?

Әне, солай қайсар ақын көз жұмды.

Бұл туралы айтқан кезде Қорланға:

Қорлан: «Егер олай етпесе,

Естай,Естай болама?!

Естай, Естай бола ма?!

Онсыз дағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың – ау, Жер – ана?»

Автор: Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп,

Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп.

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжімді жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап қозып делбесі де, Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып, Жанарын шоқтай жандырып.

Қорлан: «Бақыттымын, бақыттымын»

Автор: Депті де, көз жұмыпты мәңгілік.

Ән:»Құсни Қорлан»

Бір қызбар Маралдыда Қорлығайын,

Табиғат берген екен күн мен айын.

Мұратқа іздеген жан бәрі – ай жетпес,

Дариға – ай, арманым көп неғылайын.

Ахау арман, Құсни Қорлан, Екеуі – ай туған екен бір анадан.

Автор: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.

Адам азса, ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі.

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері.

Ғашық болу келсе кімнің қолынан,

Әлем соған сенеді. Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!

Апатай – ау, Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?

Көңілінің күні жоқтардан, Табанының бүрі жоқтардан.

Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.

Апатай – ау, «Қызым батты күнәға» деп қамығып жылама,

Жанарынды қасіретке бұлама.

Мүмкін жолы сәтсіз шығар...

Бірақ сүю бақыты –

Кез келгенге тартылмайтын сыбаға.

Апатай – ау, Сеніміңді жасытпа,

Қашықтықты жеңе білу мықтылық,

Нағыз бақыт – жақында емес, қашықта.

Кел, ендеше, орнымыздан тік тұрып

Тост айтайық Қашық, қиын жол таңдаған ғашыққа:

Аспаны ашық болсын деп, Сәулесін алысқа шашып қалсын деп,

Өлім де бөле алмас ғашық болсын деп, Адамдар оларды соттауға асықпасын деп!

2 жүргізуші: Сауалнамамызды әрі қарай жалғастырсақ. Қалай ойлайсыңдар, бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

5 – оқушы: Менімше, бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез – құлқының тұрақтылығымен байланысты. Көрінген ұшқыннан жалт етіп тез тұтанатын жандар да аз кездеспейді.Бұнымен қатар бір сүйген адамға деген сезімін бойына жазылған міңгі жазылмас кесел тәрізді өмірбақи өзімен бірге алып жүретін кісілер де көп. Өзі қартайса да махаббаты қартаймайтындар бар. Мүмкін оның бір кездегі ыстық жүрегі әлдеқашан смөнген де болар, мүмкін ол сүйген сұлу қыз да қазір бетін әжім басқан кемпірге айналған шығар, бірақ ол жүрегінде ең ақырғы сағатына дейін сол бір кездегі жалынды махаббаттың қызуын сақтауға тырысады. Өйткені өзі кәрі болғанымен махаббат қашан да болса жас. Сөйткен күнде ғана адамзаттың бұзылуына жол бермейді. Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ, адам онда пәк сезімсіз аңға айналады.

1 – жүргізуші: Ал қызғаныш махаббатты өлтіре ме, жоқ әлде сөнуіне мүмкіндік бермей ме?

6-оқушы: Махаббат - қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді. Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай – ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?

Аққуды атуға, махаббатты қорлауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өміріндегі бір тәтті арман емес пе?! Әрине аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табылады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар. Олар үшін махаббат әні – аққу әні салынбайды. Ал қор болған махаббат зары – жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның зарына елжіремеген жүрек ол жүрек емес.

Ән: «Жалғыз аққу».

2-жүргізуші: Есінде бар ма жас күнің,

Көкірегің толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз мас күнің,

Кімді көрсең - бәрі дос.

Махаббат қызық, мал мен бақ

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сондай қызық шақ.

Құдай – ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жалдар.

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті – ау құрғырлар.

Жыланасың, боқтайсың,

Сағынасың, жоқтайсың.

Махаббат кетті, дос кетті,

Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер жылайын,

Шыдам бер сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын,-деп ұлыАбай жырлағандай әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа арналған «махаббат» мәселесі Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романында айқын көрініс тапқан. «Роман неге тек қана махаббатқа құрылған?» деген сұраққа автордың не деп жауап бергенін білесіңдер ме?

7- оқушы: Әзілхан аға «Бұл романды жастар өмірінен алып, жастарға арнап жазған мақсатым, бұрынғы ата – бабаларымыздың мекеніне ұя салып, бүгінгі біздің орнымызды басатын, ісімізді жалғастырып, алға апаратын болашақ ұрпаққа, солардың жүректерінде асыл адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына титтей де болса өзімнің себімді тигізуге ұмытылу еді. Біз – ата – ана, жанжүрегімізді жарып шыққан жас қауымның жақсы болуын тілейміз. Баяғы Төлеген ағаларындай уәдеге берік, Жібек апаларыңдай ақылды, жауапкершілік жағдайда душар болса, сонау Қарақыпшақ Қобыландыдай қаһарман батыр, кешегі Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты отаншыл, ержүрек болса екен деп арман етеміз. Өз жүрегімдегі сол арманды мен жастарға қалай жеткізсем деп толғандым. Сонда осы ойдың бәрін оларға бір ғана махаббат деген асыл жібекке түйіп беруді мақұл көрдім. Өйткені саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезімдердің бірі адамгершілік сезімі деп махаббатпен сабақтас.Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мінеки, осы себептен де мен жастардың жүрегіне махаббат арқылы жақындауды мақсат еттім. Кітабымның негізгі арқауы махаббат ете отырып, жастарымыздың жанына, жүрегіне, ойына қарапайым халқымыздың кейбір асыл қасиеттерін: ананы ардақтаушылық, қызды қадірлеушілік, алған жарын жанындай сүюшілік, ағаны құрметтеушілік, сертке беріктік, ұйымшылдық, бірлік- бірауыздық, бауырмалдық сияқты дәстүрлерін сіңіргім келеді. Халқымыздың бұл қасиеттері туралы басқа кітаптарда да жазылған, айтылған, әліде айтыла берер. Ал мен соған өз үлесімді қосуды парыз тұттым. Ол мақсатым орындалды ма, орындалмады ма – оны оқырман қауым біледі» деп жауап берген оқырман сұрағына.

1 – жүргізуші: Олай болса, «Шың басындағы оқиғаны» тамашалайық.

Автор: Бір – бірінен көз айырмай үздігіп

Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.

Қыз: Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,

Қанатыңа алғаныңа шаттанам.

Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа,

Енді өзің біл, сенсіз өмір жоқ маған!

Автор: Деді сұлу жасаурап от жанары.

Жігіт те оған ызғарлықпен,

Ерге біткен мырзалықпен

Жүрегінен жалын шаша қарады.

«Қандай бақыт түсініскен, сеніскен...»

Біраздан соқ қиқу шықты еңістен

Бұл, әрине, қуғыншының хабары.

Қыз жылады.

Жігіт: Нар тәуенкел, келсе, келсін!

Автор: Батыр жігіт томсарды,

Томсарды да қанжарына қол салды.

Қыз: Жоқ- жоқ, күнім, қайсарланба бекерге,

Жалынамын, әкеме қол көтерме.

Жазмыш солай болған шығар, көнерміз,

Әттең, ерте қайырылды – ау кемеміз.

Енді бізге бір жүру жоқ, сондықтан

Екеумізде құздан ұшып өлеміз.

Тіршілікте жетпесек те мұратқа,

Ақыретке бір барамыз бірақ та.

Ант еткенім айтқан серттен танбасқа,

Жасымасқа, жүнжімеске, талмасқа.

Өміріме шуақ құйған өзің ең,

Өлімге де алдыменен сен баста!

Автор: Деді ерні дір – дір етіп ақ маңдай,

Ақ маңдайы алауланып ақ таңдай.

Жігіт үнсіз бас изеді күлімдеп

Тұңғиықтан шығар бір жол тапқандай.

Өлімге емес, тойға бара жатқандай

Шыңнан төмен қарғып кетті тоқтамай.

Қыз жылады құзға шағып зар – мұңын,

Қарғып, сілеп дүниенің тарлығын.

Секіруге сүйгенінің соңынан

Бірақ күші жетпей қалды сорлының.

Өзі берген сертін өзі сата ма,

Сатқындық па? Атай көрме, атама!

Секіруге оқталғанда қайтадан

Өмір тәтті боп көрінді, о тоба!

Ат терлете көктеп өтіп шатқалды,

Біраздан соң қуғыншылар кеп қалды.

Қыз бейшара тұманданып көз алды,

Бір қызарды, бір сұрланды, бозарды.

Әбден тқанып ұғынған соң мән – жайға,

Қияқ мұртты қыз ағасы сөз алды:

Ағасы: Әке, қызың күйе жақты даңқыңа,

Күйе жақты ата – баба салтына.

Сатқындықтан жиренішті не болмақ

Таудан қайсар ұлағатты халқына?!

Неткен азап қорлық жеңіп арығын,

Қызыңды ендібөгеме, әке, жолынан,

Батаңды бер, сертін жақпай аттансын

Сүйгенің соңынан.

Бұдан төте өткел бар деп іздеме,

Осы жеңіл өзіңе де, бізге де.

Автор: Сосын қызға бұрылып:

Ағасы: -Кәне, қалқам, неге тұрсың үдеріп?

-Әмин, - автор: деді әкесі де түнеріп.

Автор: Кәрі көзін күдік қатқан, ту еңісте жігіт жатқан

Құзар шыңның қойнауына жіберіп.

Қыз: Өз еркіңмен өлу ерлік екен ғой,

Ондай ерлік келер емес қолымнан.

Перзентіңді ете көрме келеке,

Ая мені, Ая мені, жан әке!

Ағасы: Олай болса мін атқа,

Тағдыр сені салды дүлей сынаққа.

Сексендегі мәужіреген шалды ертіп,

Көзіңді құрт туған жерден жыраққа.

Көктем қоныс тепкендей - ақ іргемде,

Шаттанушы ем, сен қасымда жүргенде.

Әкем сені шалға берем дегенде,

Осы опасыз мінезіңді білген бе?

Тіршілікте ез адамға көп өлім,

Неге ғана қуғыншы боп кеп едім?!

Жігітіңді сүйгендігің шын болса,

Әкеме ара түсейінші деп едім.

Қайран жігіт жүрегіне нұр тұна

Өліп кетті сені тастап жұртына.

Кебек толы құмыраның келісті

Ішін көрмей, ғашық болып сыртына.

Тек ол өлім – өнерлі өр өлім,

Өр өлімнен шын ғашықтың құдіретін көремін.

Неге бізде еркін, ұзақ ғұмыр сүрген нар жоқ?

Нар жоқтығы – Нарды жығар сен секілді жар көп.

Қалың жұртты мен екіге бөлемін:

Сүйе алатындар деп, Сүйе алмайтындар деп,

Сүйе алмайтынына ұялмайтындар деп.

Сәтсіз бітті пенделікпен күресің,

Сен әрине, соңғы топқа кіресің.

Пенделердің есіне сап жүресің.

Қарлы Кавказ артып саған ұлы айып,

Аянышпен қарап тұрар мұңайып.

Шын сүюге қабілеті жетпеген

Әрбір адам мүсіркеуге лайық.

2-жүргізуші: Ендеше, оқушылар, мына сұраққа қалай жауап берер едіңдер, өмірде бір адамға шын ғашық болып өту мүмкін бе?

8-оқушы: Бұл сұраққа мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен жауап берсем деймін.

Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам болмайын сол аман ба!?

О, тәңірім, неткен жан ед қайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,

Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?

Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт, бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

1-жүргізуші: Шабыт. Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш. Мыңдаған халық алдында Гамлет рөлін ойнайтын артист шабыты бар да, төрт қабырғалы зертханада жападан жалғыз отырып ғылымның тұңғиығына бойлайтын оқымыстының шабыты бар. Артиске шабыт берген сүйсіне қол соққан көрермендердің ынта – ықыласы десек, ғалымға шабыт берген не? Қия шетіне жеткізбес мызғымай тоқтап қалған уақыт па? Әлде сыртқа шығамын деп асау толқындай ой теңізінде ойнаған іштегі дарын арманы ма?

Қандай күш сол шабытты оятқан?

Шын оқымыстыны шабыттандыратын атақ та, бақта емес. Ол адам үшін, сол адамды жаратылыстың құрсауынан мәңгі азат ету үшін еңбек етеді. Бойындағы күш – жігерін, табиғаттың өзіне берген дарынының бәрін соның жолына сарп етеді. «Адам баласының басына күнде ақылды ой түсе бермейді» деп Эйнштейн айтқандай, қандай дарын иесі болса да шешем деген жаратылыс жұмбағын оңай шеше алмайды. Кейде оған ұйқысыз түндер, көптеген мехнатты айлар, жылдар кетеді.

2-жүргізуші: ... Махаббат па?

Махаббат болған еді.

Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,

Тапты да түсірді ғой торға мені.

1-жүргізуші:Махаббат па?

Махаббат болған менде.

Жиі барғам аққулар қонған көлге.

Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

2-жүргізуші: Ғашықтық па?

Ғашық та бола білгем,

Бір – ақ жанға ғашықпын бала күннен,

Жаныменен сүйемін, жанарыммен.

1-жүргізуші: Сағыныш па?

Қалай оны тауыса аламын.

Сағынамын, шөлдегем, аңсағаным,

Ақыры шаршағамын, шаршағамын.

2-жүргізуші: Сүйгенім бе?

Сүйгенім өмірде емес.

Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,

Өлгенше кетер емес көңілден еш....

Қорытынды: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатынан көп ой түйгендейміз. «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыратындай заңдар емес» деп В. Белинский айтпақшы, махаббат жөнінде кесіп – пішіп айту мүмкін емес, нақты ереже де жоқ. Әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілеймін.

Мұхтар Шахановтың мына өлеңімен осы тәрбие сағатымызды аяқтайық.

Ал, сапарың сәтті болсын, қызғалдақ.

Өмір мынау: қатар тосқан жеңілі мен ауырын,

Қайғысы мен сауығын, шуағы мен дауылын.

Бүгін, міне, қандай тілек айтсам екен, бауырам.

Саған байлық тілер ем мен, бірақ ол бір әңгүдік

Есігіңнен кіргенімен паң күліп,

Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,

Саған жолдас бола алмайды мәңгілік.

Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзімнен,

Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре ала ма соқпақтар мен жолсызда.

Ал сұлулық тілер едім, сұлусың сен онсыз да.

Қайтсем екен? Мен одан да бүкіл адам аңсаған,

Бүкіл адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,

Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсаған,

Кез келгеннің уысына түспейтін, Кез келгеннің бақшасында піспейтін,

Зор махаббат тілейінші мен саған!



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!