СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мамандық таңдау - ертеңді ойлау» атты кәсіптік бағдар беру кеші

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Бүгінгі «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кешімізге қош келдіңіздер!

Просмотр содержимого документа
««Мамандық таңдау - ертеңді ойлау» атты кәсіптік бағдар беру кеші»

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі














«Мамандық таңдау - ертеңді ойлау»

9 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кеші









Өткізген: Б. С. Габдығалиев

А.Т. Куанышкалиева

9 сынып жетекшілері









2018-2019 оқу жылы






«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»

( 9- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кеші)

Мақсаты:

оқушыларға мамандықтар туралы мағлұмат беріп, қазіргі таңда қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай мамандар жетіспейтінін айқындау.

Міндеті:

· Мамандық түрлерімен таныстыру;

· Мамандықты жеке бас ерекшеліктерімен байланыстыра таңдауға көмектесу;

· Заман талабына сай икемділікті дамыту - әлеуметтік ортадағы өзгерістерге тез бейімделуіне ықпал ету;



«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның

кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту,

тамақ асыраудың ғана жолы емес,

үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».

(Ж.Аймауытов)



Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Бүгінгі «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі өте күрделі мәселе. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.










  1. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы

Зайнуллина Анаргүл Талғатқызы 87112506417


  1. Орал Мұнай, Газ және Салалық технологиялар колледжі оқытушысы

Машгулова Менсулу Габделхалыкова, Уразгалиева Аягоз Ерболатовна

87112512970

  1. «Сервис» технологиялық колледжі(№ 2 кәсіптік лицей) оқытушысы

Мукатаева Алмагүл Жанболатовна, Құрманғалиева Раушан Маратовна

87112233148

  1. Экономика және ақпараттар технологиялар колледж оқытушылары

Жуликенова Жұпар Максутовна 87112542941


  1. БҚ Инженерлік технологиялық колледжі оқытушысы

Балуанова Жансауле Қабдуллақызы 87112513531


  1. Политехникалық колледжі (№ 4 кәсіптік мектеп) оқытушысы

Жексенов Амангелді Уралбаевич 87112543534



  1. Теректі колледжі оқытушылары

Бисенгалиева Эльмира Камешовна 8713236739



  1. БҚ Индустриалды колледжі (№1)- Құдайбергенов Малик Файзуллиевич

87112275736



Жүргізуші:

Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Кешіміздің мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет.


Осы орайда сөз кезегін мектебіміздің директоры Нигметов Берік Задагерейұлына береміз.



Кеш қонақтарының қадамына нұр жаусын дей отырып қадірлі қонақтарымыздың құрметіне ән - шашуымызды тарту етпекпіз.

Мектебіміздің 9 сынып оқушылары «Бен» тобының орындауында

«Пай-Пай » әні. Қабыл алыңыздар!





Президент Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында - «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы - басталғанын жариялаған еді. Яғни болашақта техникалық мамандықтарға бөлінетін оқу гранттары көбеюде. Талапкерлер мемлекеттік колледждермен бірге, жеке меншік арнайы - орта оқу орындарында да тегін білім алады. Бүгінде елдің индустриалдық орталықтарында құрылысшылар мен электр мамандары, дәнекерлеуші мен автомеханиктер тапшы. Осы ретте мемлекет басшысы жариялаған тың бастама талай жастың үмітін оятты. Олай болса мемлекетімізде тапшы болып отырған мамандарды даярлайтын бүгінгі кешімізге оқушыларға кәсіптік бағдар беру үшін келіп отырған қонақтарымызға сөз кезегін берсек.

  1. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы

Зайнуллина Анаргүл Талғатқызы


  1. Орал Мұнай, Газ және Салалық технологиялар колледжі оқытушысы

Машгулова Менсулу Габделхалыкова, Уразгалиева Аягоз Ерболатовна


  1. «Сервис» технологиялық колледжі(№ 2 кәсіптік лицей) оқытушысы

Мукатаева Алмагүл Жанболатовна, Құрманғалиева Раушан Маратовна


  1. Экономика және ақпараттар технологиялар колледж оқытушылары

Жуликенова Жұпар Максутовна


  1. БҚ Инженерлік технологиялық колледжі оқытушысы

Балуанова Жансауле Қабдуллақызы


  1. Политехникалық колледжі (№ 4 кәсіптік мектеп) оқытушысы

Жексенов Амангелді Уралбаевич



  1. Теректі колледжі оқытушылары

Бисенгалиева Эльмира Камешовна



  1. БҚ Индустриалды колледжі (№1)- Құдайбергенов Малик Файзуллиевич





Ендеше құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар біз бүгінгі келген қонақтарымыздың барлығын тыңдап болсақ, келген мамандарымызға қояр сұрақтарыңыз бар шығар, олай болса, «Еркін микрофон» алаңын ұсынамын. Сұрақтарыңыз болса рұқсат.

Келесі кезекте 9 сынып ата-аналары атынан Ишангалиев Талап ағайға сөз кезегін береміз!





Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгіні мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата – аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз. Келген қонақтарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

«Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Сау – саламатта болыңыздар!














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!