СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындар картотекасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балаларға сөздік қорларын дамытуға арналған картотекалар жинағы.

Бұл картотекамен мектепке дейінгі барлық жастағы балалар қолдана  алады.

Просмотр содержимого документа
««Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындар картотекасы»»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімін№ 5 бөбекжай-бақшасы» МКҚК













«Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындар картотекасы»





Құрастырушы: Еслямова Д.Т.






2018жыл

Кіріспе

Баланы қоршаған әлемі ,әртүрлі және рухани байлыққа дарыған. Баланың тілдік дамуы туғанан басталады. Баланың анасы сәбидің дүние есігін ашпай тұрып,онымен күнде сөйлеп оған ерекше көңіл бөледі. Бала алты айлығында ересектермен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Сәби өзінің дыбыстаған сөздерін тыңдап,қоршаған ортадағы адамдардың сөздеріне және қимыл іс-әрекеттеріне назар аударады. Бала мектепке дейінгі шақта тілді дамытудың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Тек қана «Коммкникация» білім беру саласында ғана балалардың сөздік қорын дамытпай,сонымен қатар балаларды қоршаған ортамен таңыстыру,әдеби шығармаларды оқу барысында жүзеге асыруға болады. Балалардың сөздік қорын дамыту балабақшадағы бірінші кіші топтан басталады. Осы топта біз балалардың артикуляциялық мүшелеріне назар аударамыз. Ал екінші кіші топта біз балалардың әрі қарай тілдік дамуын ескере отырып сөздік қорын байытамыз. Мысалға бір немесе екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру. 5 жәнк 6 жастағы балалар барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды аңық айтуға,әдеби шығармаларды мәңерлеп оқуға, бес және алты сөзден тұратын сөйлемдерді ересектердің көмегінсіз құрастыра алуға,өз тәжірибиелеріне сүйене отырып әңгіме құрастырулары тиіс. Тәрбиеші балалның ересектермен немесе құрбы-достарымен еркін сөйлесуге жағдай жасап қоймай,сонымен қатар оны әрі қарай жүзеге асыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын ең алдымен ойын іс-әрекетімен байланыстыру қажет.Себебі ойын іс-әрекеті барысында баланың ақыл-ой қабілетімен қатар сөздік қоры молаяды. Ойын ойнау барысында бала ерсектермен және достарымен тығыз байланысқа түседі. Қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстарға ерекше көзқарас таңытып зер салады. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «ойын ойнап,ән салмай өсер бала бола ма?»деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.





Жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және ерсектермен қарым-қатынас орнату барысында жүзеге асыру. Балалардың сөздік қорын ең алдымен ойын іс-әрекетімен байланыстыру қажет.

Міндеттері:

1.Педагогтар мен психологтардың тәжірибиесіне сүйене отырып, барлық мәң жайдын шешімін шешу.

2. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша өзіндік білімді жүйелеу.

3. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша оқу қызметінің моделін құрастыру.

Күтілетін нәтиже:

Қоршаған ортадағы адамдармен еркін қарым-қатынас ораната алуды сонымен қатар адамгершілік тәрбиені ұғынады;

Бір-біріне қамқор болуға, үлкенге құрмет көрсетуге түсінеді;

Өз Отанына құрмет көрсетуге ,басқа ұлттың мәдениетін құрметтеуді, туған жерлдің табиғатын аялап, қорғауды қолданады;













Бірінші кіші топ

Марғау” 

Мақсаты:

Балалардың ересектермен бірге қарым –қатынас жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ересектермен және балалрме қарым қатынас жасауға үйрету

  2. Балалардың сөздік қорын барлық жағынан дамыту.

  3. Қарым-қатынас мәдениетіне,көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

  4. Баларды эмоционалдық сезімдерін дамыту.



Қажетті материалдар мен жабдықтар:

Жұмсақ ойыншық (мысық)

Ойын барысы:

Тәрбиеші: «Балалар қазір барлығымыз мына мысықты ұстап сипайықшы».

Тәрбиеші балаларға барлығын қалай орындау керектігін көрсетеді.

Тәрбиеші: «Кәнеки,сендер не істей алатындарынды көрсетіндер»

Тәрбиеші әрбір балаға жұмсақ ойыншықты ұстап көруге береді.

Тәрбиеші: «Марғауды ақрындап сипайықшы,ол қандай жұмсақ. Кәнеки марғауға айтындаршы ол қандай жұмсақ,қандай сүйкімді»

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы оның нелері бар? (Әрбір бала ойыншықты ұстаған кезде марғауды толық сипаттап шығады.Өздерінің қалауы бойынша марғауға ат қояды.











«Көжек»

Мақсаты:

Балалардың эмоционалды қарым-қатынастарын дамыту арқылы ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.



Міндеттері:

  1. Ересектермен еркін қарым-қатынас жасауға үйрету.

  2. Балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.

  3. Айналысындағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

  4. Балардың дамып келе жатқан сөздік қорын дамыту.

Ойын барысы:

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы бізге қонаққа көжек келіп отыр екен.Бірақ көжектін көңіл күйі жоқ екен?!Көжектін көңіл күйін көтермедік пе?!

Балалармен бірге көжекке сыпайы сөздер айту.Балалар сендер қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
Балалар көжектін көңіл күйін көтерейік:

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы ,қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиғын салып көзінің.

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!!! Сендер көжектін көңіл-күйін көтердіңдер.

«Алақанмен хлоп-хлоп!»

Мақсаты:

Балалардың эмоционалдық көңіл-күйін қалыптастыру,ересектермен қарым-қатынас жасауға үйрету.

Міндеттері:

  1. Ересектермен және балалармен еркін қаым-қатынас жасауға үйрету.

  2. Балалардығ көмпоненттік сөздік қорын дамыту.;

  3. Барлық тілдік нормаларға ие болуға үйрету.

  4. Балалардың эмоционалдық сипатын қалыптастыру.

Ойын барысы:

Тәрбиеші екі алақанымен шапалақтап,балаларға айтады: « Мен шапалақтап тұрамын,одан мен жақсы боламын,біз шапалақтап тұрамыз,одан біз жақсы боламыз!»
Тәрбиеші: Балапандар онда бірге барлығымыз шапалақтайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!! Сендер барлықтарын қатты шапалақтадыңдар. Шапалақтай алмаған балалармен,қайталап шапалақтау.



















«Мысығым менің,мысығым»

Мақсаты:

Балалардың ересектермен эмоционалдық қарым –қатынас жасауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: Жұмсақ ойыншық мысық.

Міндеттірі:

  1. Балалардың ересектермен еркін қарым-қатынас орната алуы.

  2. Сөздік қорды дамыту компоненттерін қалыптастыру.

  3. Балалардың тіледерін дамыту.

  4. Балалардың эмоционалдық көңілін қалывптастыру.

Ойын барысы:

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы бізге қонаққа мысық келіп отыр.Ол өте сүйкімді екен. Кәнеки балалар мысықты сипап,еркелетіп көрмедік пе?!
Ала мысық тырнама,

Тырнағаның болама?

Ұстайыншы қолыңнан,

Ойнайық,ер соңымнан.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!!Енді мысыққа сүт берейік.















«Амаңдасу және қоштасу» (2-3жас)

Мақсаты:

Балалардың эмоционалдық сезімдер қалыптастыру. Мимикамен өз ойларын жеткізуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Айналысындағы адамдардың сөздерін естіп және тыңдауға үйрету

  2. Балаларды тілдік қарым –қатынасқа тәрбиелеу.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

  4. Өз әрекеттерін ауызша мимика арқылы жеткізе білуге үйрету.

Ойын барысы:

Тәрбиеші: Балалар сендер қалай бір-бірімен қоштасасындар.

Балалар бір-бірімен қалай қоштасатының көрсетеді.

Тәрбиеші:балаларға тәрбиеші қалай мимикамен қоштасудың түрін көрсетеді. (қолын жоғары көтеріріп былғайды)

Қош бол деп тәрбиеші балалардан алыстайды. Салем деп балалардың қасына жақывндайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар! Осылай біз сендермен амаңдасуға және қоштасуға үйрендік.











Екінші кіші топ

«Ұйқынан тұршы»

Мақсаты:

Балалардың бойында эмоционалдық қарым-қатынастарын және адамдар мен жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу

Міндеттері:

  1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын ,байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру

  2. Балалардың сөздік қорын байыту

  3. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту

  4. Тілдік қарым-қатынасқа жетелеу;

Құрал-жабдықтар:ұйықтап жатқан ойыншық;

Ойын барысы:
Тәрбиеші: «Балалар қарандаршы біздің сүйкімді ойыншығымыз тәтті ұйықтап жатыр.Кәнеки ойыншығымзды жылы сөздермен оятайықшы»
Тәрбиеші мен бірге балалар: «Кәнеки күнім,ұйқынан тұршы!».

Тәрбиеші: «Алақай!!біздің ойыншығымыз оянды. Ал енді ойын ойнайықшы былай: мен сендердің қыздарын боламын,ал сендер менің ата-аналарым боласыңдар.Мен ұйықтаймын,ал сендер мені жылы сөздермен еркелетіп оятасыңдар.
Балалар: «Кәнеки ботам,күнім,жаным, ұйқынан тұршы»
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар,балалар сендер мені оята алдыңдар»







Ауу!

Мақсаты:

Өз құрбы-құрдастарына қызықушылықпен қарауға,есту қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:
1)Балаларды ересектердің сөздерін тыңдай білуге үйрету.

2)Достарымен тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету.

3)Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін сақтауға тәрбиелеу



Ойын барысы:
Тәрбиеші: Бір баланы жүргізуші етіп тағайындайды.Балалармен бірге санамақты санаймыз

Тәрбиеші балалармен: 
Бір  дегенім – бәйтерек,

Екі  дегенім – емен.

Үш  дегенім – үйеңкі,

Төрт  дегенім – тобылғы

Бес  дегенім – беке*,

Алты  дегенім – арша.

Жеті  дегенім – жөке,

Сегіз  дегенім – сексеуіл,

Тоғыз  дегенім – тораңғы,

Он  дегенім – орман.

Ал енді мені тауып алам.

Тәрбиеші «Әйгерім балаларға теріс қарап тұрады,шеңберден бір бала шығып ауу деп айтады. Әйгерім дауыс шығарған баланы тауып алу керек.







«Таңысайық!»

Мақсаты:

Өздерін қоршаған балалармен және тәрбиешімен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Міндеттері: 
1)Балалардың сөздік қорын дамыту;
2)Балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыру;
3)Бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: Доптар

Ойын барысы:

Тәрбиеші: «Балалар кәнеки барлығымыз шеңберге отырып,допты бір-бірімзге эстафета арқылы береміз» Музыка ойнайды эстафета жүреді.Музыка тоқтаған кезде эстафета тоқтаған бала өзінің есімін айтып таңыстырады.

.

























«Аяқпенен топ-топ-топ,ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп»

Мақсаты:

Балалардың коммуникативтік дағдыларын,сонымен қатар есту қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Балалардың ересектермен еркін қарым-қатынас орната алуы;

  2. Эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру.

  3. Тәрбиешіні тыңдай білуге үйрету.;

Ойын барысы:

Тәрбиеші :Балалар қазір мен сендерге бірнеше сөйлемдер айтамын,егер сендер ол сөйлемдермен келіссендер қолдарынды шапалақтайсыңдар,ал келіспесендер аяпен топ-топ басасыңдар.

Тәрбиеші: «Асан мен Үсен ойыншықтарды бөлісе алмай,оларды сыңдырып тастады»

Балалар аяқтарымен топ-топ басады.Себебі бұл дұрыс емес.

Тәрбиеші: «Анар мен Жанбота қуыршақты бөлісіп ойнады »

Балалар қолдарын шапалақтайды.Себебі бұл дұрыс.

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар,балалар!! Сендер менің барлық сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер және мені мұқият тыңдай алдыңдар»















«Саусақтармен ойнайық»


Мақсаты:

Балалардың бойында коммуникативтік,эмоционалдық сфераны қалыптастыру.

Міндеттері:
1) Балалардың іс –әрекеті барысында сөздік қорды дамыту жолдарының компоненттерін және әр түрлі формаларын дамыту.
2)Сөздік қорды дамыту.
3) Саусақ моторикасын дамыту.
4) Дұрыс қарым-қатынас жасауды қалыптастыру.

Ойын барысы:

Тәрбиеші: Балалар кәнеки біздің саусақтарымыз ашулы қасқырларға және қайырымды қояндарға айналады. Кәнеки көздерімізге елестетейікші ормандағы қасқырлар,қояндарды кездестіріп қалды. Кәнеки бірге ойнайықшы.
Тәрбиеші балалармен: 
«Салем,қояндар»
«Салем, қасқырлар»
«Дос болайықшы»
«Бәріміз бірге тығылмақ ойнайықшы»
Балалар осы уақытта бір-бірімен еркін сөйлесуге үйренеді,сонымен қатар саусақ моторикасы дамиды.

Ортаңғы топ

«Айналар»

Мақсаты:

Балалардың бойында байқағыштық және коммуникативтік қабілеттерді дамыту.

Міндеттер:

  1. Балалармен және ересектермен еркін қарым-қатынас орната алуға үйрету.

  2. Ұжымдық коммуникативтік дағдыларды орындауға дағдыландыру.

Ойын барысы:

Тәрбиеші: Балалар қазір біз сендермен айналар ойының ойнатын боламыз.Санамақ арқылы тәрбиеші бір баланы таңдайды.

Тәрбиеші: Динара жүргізуші болады,қалған балалар үлкен шеңберге отырады. Жүргізуші бірнеше қимылдар жасайды,шеңберде отырған балалар,жүргізушінің жасаған қимылын қайталайды және оның шешімін тауып алып оны айтып беру керек. Жауабын таба алмаған бала ойыннан шығады.Жауабын дұрыс тапқан бала ойынның жүргізушісі болады.













«Комплимент»

Мақсаты:

Балалардың бір-бірімен эмоционалдық қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттер:

  1. Балалардың құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауға үйрету.

  2. Балалардың сөздік қорын дамыту;

  3. Балалардың тілдің қорын дамыту нормаларын қалыптастыру;

  4. Эмоционалдық сферасын дамыту;

  5. Балалардың бір-біріне деген адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.



Тәрбиеші: Балалар қазір біз сендермен комплимент ойының ойнаймыз.

Тәрбиеші: Барлығымыз шеңберге отырамыз.Әрбір бала шеңберде отырған көршісіне «Маған ұнайды сенің ....»

Бұл ойын арқылы бала өзін қоршаған ортада еркін ұстауға үйренеді.Сонымен қатар сөздік қоры молаяды.













«Досына күлкі сыйла»

Мақсаты:

Коммуникативтік дағдыларды және мимиканы дамыту. Эмоционалдық жадың қалыптастыру.

Міндеттері:
1)Ересектермен және балалармен қарым-қатынасын дамыту;
2)Бір-біріне деген қарым-қатынасын жетілдіру;
3)Ойын іс-әрекетінде эмоционалдық көңіл-күйді қалыптастыру;
4)Тыңдай білуге үрету.

Ойын барысы:

Тәрбиеші : Балалар шеңберге тұрады.Шеңберде тұрған балалардан бір баланы таңдап жұп болады. Екеуі жұптасып бір-бірін құшақтайды. Балалар қайтадан шеңберге тұрады. Енді тағы өздеріне жұп таңдандар.

Балалар сөйлеп қимылдар жасайды: Күн нұрын шашып тұр,ал біздің көздеріміз,күннің нұрындай,бір-бірімізге қарап күлкі сылаймыз.Он қолымызды жүрекке қоямыз,жүрек соғысын тыңдап,қолымызды жұдырықтап күннің шуағын бір-бірімізге сыйлаймыз.











«Сәлемдесу»

Мақсаты: Балаларды құрбы –құрдастарын сылауға тәрбиелеу.

Міндеттері: 
1)Балаларды ересек адамдармен еркін қарым-қатынас орната алуға үйрету.;
2)Жұптасып жұмыс жасауға үйрету;
3)Қиындықтарды бірлесіп женуге үйрету.

Ойын барысы:
Тәрбиеші: Балалар ,кәнеки барлығымыз топқа бөлінеміз. Содан сәлемдесудің бірнеше түрлерін көрсетеміз. Аяқ-аяқпен,қол-қолмен,бас-баспен,мұрын-мұрынмен. Ойын барысында балалар немен сәлемдесетінің айтып қана сәлемдеседі. Қателескен бала ойынан шығады.











Ересек топ

«Топпен сурет саламыз»

Мақсаты:

Топпен жұмыс жасау барысында коммуникативтік дағдыларды игеру.
Міндеттері:

1.Бір-бірімен келісуге үйрету;

2.Басқа біреудің жұмысын құрметтеуге үйрету.

3. Балаларды басқа ортамен еркін қарым-қатынас орнатуға дағдыландыру

Құрал-жабдықтар:

Ватман парағы,қарындаштар және фломастер.

Ойын барысы: 
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сендермен ватман қағазына сурет саламыз.Әрбір балаға мен бір қарындаштан немесе бір фломастердан беремін. Сендердің басты міндеттерін менің айтқан тақырыбым бойынша сендер бір парақ ватмынына сурет саласындар.Әрине сендердің салған суреттерін түрлі- түсті болатындықтан,сендер бір-бірінмен қарандаштарды немесе фломастерларды ауыстыра аласыздар. Осылай топтық бір тақырыпқа сәйкес сурет шығады.







«Тірі сурет»

Мақсаты: Балалардың икемділігін,жылдамдылығын дамыту.

Міндеттері:

  1. Бір-бірімізбен еркін қарым-қатынасжасауға тәрбиелеу. ;

  2. Топтағы балалармен тез тіл табысуға үйрету.

  3. Балалардың сөздік қорын дамыту;

Ойын барысы:

Тәрбиеші: Балалар сендер ойын ойнағыларын келеме?

Тәрбиеші саңамақ арқылы бір баланы жүргізуші етіп таңдайды.

Тәрбиеші:Қалған топтағы балалар бір-бірімен келісіп бір ертегіні сахналауға тиіс.Бірақ ертегіні іс-қимыл арқылы сахналайды. Топтағы ертегіні қарап отырған жүргізуші ,бұл ертегінің атын және мазмұның айтып беруі тиіс.























«Сұрақ-жауап»

Мақсаты: Балалардың жолдастары қойған сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Міндеттері:
1)Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.;
2)Бір-бірімен диологтық форманы қолдануға үйрету.;
3)Бір-бірін тыңдай білуге,сонымен қатар бір-бірінің сөздерін бөлмеуге тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: доп
Ойын барысы:
Тәрбиеші: Балалар шеңберге тұрады. Қолға допты алып бір жолдасына лақтырып сұрақ қояды,допты қағып алған бала міндетті түрде қойылған сұраққа жауп береді.Келесі айналым бойынша допты қағып алған бала келесі балаға лақтырып сұрақ қояды.Осылай балалар бір-біріне сұрақ қойып ,жауап беріп отырады.







«Оймақ»

Мақсаты:коммуникативтк дағдыларды қалыптастыру.

Міндеттері: 
1)Балалардың бір-бірінің арасындағы байланысты қалыптастыру.
2)Сөздік қордың ауызша жағын дамыту.
3)Диологтік қарым-қатынасты дамыту.
Құрал-жабдықтар: оймақ жіптер.
Ойын барысы: 
Тәрбиеші: Балалар барлығымыз жарты шеңберге отырамыз. Мен де бір оймақ жіп бармен бір баланы таңдап,оған сұрақтар қоямын, сосын жіпті алып саусағымның ұшына байлаймын,оймақты сұраққа жауап беретін балаға беремін,сұрақ қойған бала жауап береді де, оймақтын жібін саусағына байлайды.Оймақты алып келесі балаға сұрақ қояды. Осылай оймақпен ойын жүргізіледі















Ойынның атауы Ойынның қойылымы Ойынның түсіндірмесі
«Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз

Үккіштен үгіп майдалаймыз

Қанттан сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне,дайын нәр тағам-

Дәруменге байыған.

  1. Оң қолды жұдырыққа түйіп,сол қолдың алақанына ысқылайды.

  2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,жоғары-төмен қозғайды.

  3. Саусақтардың ұшымен «қант себеді».

  4. Қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білезігін жоғары-төмен қозғайды.

  5. Екі қолын алдына жайып көрсетеді.

  6. Алақанымен іштерін сипалап,тойғандықтарын көрсетеді.

«Қолтырауын»

Қолтырауын қонақ күтуде

Тістері тура шегедей

-Бұл жерден қой өтпеді ме?

Деп сұрадым ойын білмекке

Ал ол болса тымпиып жатыр

Көзін қысып қылқиып жатыр.

  1. Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады.

  2. Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелекте «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады.

  3. Қолдарды төмен бос ұстап иықты жоғары көтереді.

  4. Алақандарын бір-біріне ысқылайды.

  5. Көздерін қысады.

«Кім келді»

Қане,қане кім келді?

Біз,біз,біз!

Апа,апа бұл сіз бе?

Иә,иә,иә,!

Әке,әке бұл сіз бе?

Иә,иә,иә,!

Ағатайым бұл сіз бе?

Иә,иә,иә,!

Қарындасым бұл сіз бе?

Иә,иә,иә,!

Біздер тату жанұя

Иә,иә,иә,!

  1. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  2. Екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап,қалған саусақ ұштарын бір мезгілде соғады.

  3. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  4. Сұқ саусақтардың ұштарын соғады.

  5. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  6. Ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады.

  7. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  8. Шылдыр шүмек саусақтардың ұштарын соғады.

  9. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  10. Кішкене саусақтардың ұштарын соғады.

  11. Барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады.

  12. Алақандарымен шапалақтайды.

«Үкі»

Орманда қараңғы

Бәрі-бәрі ұйқыда

Үкі ғана ұйықтамапты

Маңғызданып отыр қатты

Әрі-бері отырды да

Қараңғыға қанат қақты

  1. Екі қолдың білезіктерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады. («Орман»)

  2. Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді».

  3. Бас бармақ пен сұқ саусақтарының ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды. («үкінің көздері»)

  4. Қолдарын артқа жинап,кеуделерін көтереді» («маңғаз үкі»)

  5. Қолдарын жан-жаққа жая ұшып,басқа орынға ауысады.

«Доп»

Өң,тоғыз,

Сегіз,жеті,

Алты,бес,

Төрт,үш,

Екі,бір.

Кел ойнайық,

Кел,жүгір!

Тек білейік анық нақ:

Допты қашқан кім қумақ?

  1. Алақандарымен шапалақтайды

  2. Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.(шлепают по коленям).

  3. Алақандарымен шапалақтайды

  4. Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.(шлепают по коленям).

  5. Алақандарымен шапалақтайды

  6. Қолдың біресе ішімен,біресе сыртымен көздерін жабады.

  7. Әр сөз ырғағымен шапалақтайды.

  8. Әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады.

  9. Отыра қалады.

«Сөздер»

1-2 деп санаймыз

Әріптен сөз құраймыз

Күн-шуақты сөз екен

Мысық-құлақты сөз екен

Сиыр мүйізді сөз екен

Қарбыз-жолақты сөз екен

  1. Саусақтарын бірітіндеп бұгіп санайды,кері ашып санайды.

  2. Барлық саусақтардың арасын ашып,бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді. («күн» жасайды)

  3. Бас бармақ,аты жоқ саусақ,ортаңғы саусақтарды біріктіре ұстайды,сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды.

  4. Сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстай «мүйіз» жасайды.(Бас,ортаңғы, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгілген)

  5. Екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.

«Шаян мен мысық»

Тасасында көпірдің

Кәрі шаян тұрыпты

Көпірден өткен мысықтын

Құйрығынан жұлыпты

«Құтқарыңдар,

Мяу-мяу-мяу!

Босатыңдар шаяннан!»

Қане,кім бар, келіңдер!

Мысыққа көмек беріңдер!

  1. Сол қолды шынтақтап бүге,алақандарды төмен ғарата алдына ұстап «көпір» жасайды. «Көпірдің» астына оң қол саусақтарын төмен қарата бос ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлатады.

  2. Алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші жане 3-ші саусақтарын «жүгіртеді».

  3. Иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде кішкентай саусақты оң қолдың жұдырығынды қысып ұстап қалады.

  4. Сол қолдың кішкентай саусғы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші,3-ші,4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре,біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді.

  5. Сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын бірітіндеп ашады.

  6. Екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді».

  7. Сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды,соңғы сөзге аяқтарын шапылықтайды.

«Қызық-ай»

1.Күлкілі, әрі қызық-ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Теуіп жане сүзіп-ай

Қой қағып тұр қақпаны

2. Күлкілі, әрі қызық-ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Аша алмады бұзып-ай

Басын ауыртты тапқаны

3. Күлкілі, әрі қызық-ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Соғар қойдың өзін-ай

Табылар ма жан кане!

  1. Екі қолды жая иықтарына көтереді, бастарын шайқайды.

  2. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғада. (шлепают по коленям).

  3. Аяқтарын топылдатып, «мүйіз» жасайды.

  4. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғада. (шлепают по коленям).

  5. Екі қолды жая иықтарына көтереді, бастарын шайқайды.

  6. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғада. (шлепают по коленям).

  7. Жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды.

  8. Екі қолмен бастарын сипалайды, иықтарын көтереді.

  9. Екі қолды жая иықтарына көтереді, бастарын шайқайды.

  10. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғада. (шлепают по коленям).

  11. Қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді.

  12. Екі қолды жая иықтарына көтереді

«Өрмекші»

Күні бойы еңбектеп

Өрмекші өрмек тоқыды

Нөсер тек кенет селдеткен

Еңбегі оның жоқ қылды

Күн шықты қайта жарқырап

Құрғады тез-ақ төңірек

Өрмекші өрмек тоқуға

Кірісті дереу тезірек.

  1. Оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді

  2. Саусақтарды сыртылдатады.

  3. Оң алақанмен сол алақанның үстіне тез сырғанап түседі.

  4. Барлық саусақтардың арасын ашып, Бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді.(«күн» жасайды)

  5. Екі қолдың алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иеді.

  6. Барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады.

«Сәлем»

Сәлемдесем әрдайым

Үйде және көшеде

Тіпті «сәлем» деймін мен

Тауыққа көрші үйдегі

Сәлемет пе

шуақты күн көкте!

Сәлемет пе

нұрлы аспан көкпеңбек!

Сәлемет пе

Самал жел желпіген

Сәлемет пе

Кішкентай түбіртек!

Салем, таң жаңа атқан!

Салем, күн арайлы!

Сәлемне еріну!

Бізде әсте болмайды!

  1. Екі қолдарын айқастыра кеуделеріне қояды.

  2. Екі қолдарын алға жаяды.

  3. «Қанаттарын» (екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп) қағып тұрады.

  4. Бір қолдың сыртың екінші қолдың алақанына беттестіре, саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды.

  5. Екі қолды жоғары соза аспанды көтереді.

  6. Екі қолды жоғары көтереекі жағына кезек теңселеді.

  7. Екі қолан төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің үстіне қойып алдына ұстайды.

  8. Оң жаққа оң қолын жаяды.

  9. Сол жаққа сол қолын жаяды.

  10. Оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды.

  11. Бастарын шайқайды.

















Қорытынды

Педагогикалық процес дегеніміз –бұл тәрбиеленуші мен тәрбиеберушінің арасындағы педагогикалық іс-әрекеттерінің бірі. Жалпы педагогикалық процес жүйесі баланың жас ерекшелігіне сәкес ,сонымен қатар оған ыңғайлы етіп құрастыру қажет. Мектепке дейінгі тәрбиешілірдің ең басты міндеті-ол баланың ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Ал ақыл-ой қабілеттерінің ең басты көріністерінің бірі-ол баланың сөздік қорының молаюы.Баланың сөйлей алуы,қорытынды жасауы,бір затты бір-бірінен салыстыру, қорытынды жасай алуы маңызды. Мектепке дейінгі мекемедегі педагог балалардың сөздік қорын дамытуда әр түрлі тәсілдерді қолдана алады. Ал мектепке дейінгі ұйымдардағы балаланың сөздік қорының дамуына байланысты ең тиімді тәсілдердің бірі ол- ойын болып табылады. Себебі ойын арқылы бала жаң-жақты дамиды.Қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді,ересектермен еркін қарым-қатынас орната алады. Ұсынылған ойындар картотекасы әрбір жас ерекшеліктерге арналған. Бұл ойындар арқылы баланың деңсаулық,

тіл дамыту,таным,шығармашылық қабілеттері дамиды.Қорыта келе бұл ойындар мектепке дейінгі тәрбиешілер үшін тиімді деп санаймын.









Пайдаланылған әдебиеттер









  1. Бондаренко, А. К. Дидактические игры в детском саду [Текст]: кн. для воспитателей дет. сада / А. К. Бондаренко. - 2-е изд., дораб. - М.: Просвещение, 1991. - 160 с.

  2. Гербова, В. В. Развитие речи в детском саду [Текст]: программа и методические
    рекомендации / В. В. Гербова. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: МОЗАИКА-СИНТЕЗИС,
    2010.-64 с.

  3. Богуславская, 3. М. Развивающие игры для детей младшего дошкольного возраста [Текст]: кн. для воспитателя дет. сада / 3. М. Богуславская, Е. О. Смирнова. - М.: Просвеще­ние, 1991.-207 с.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!