СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мен және менің жетекшім» тренинг.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мен және менің жетекшім» тренинг.doc

Просмотр содержимого документа
««Мен және менің жетекшім» тренинг.doc»

«Мен және менің жетекшім» тренинг


Танымдық мақсаты: Оқушы мен ұстаз арасындағы өзара түсіністік пен үйлесімді қарым – қатынас орнату, комуникативті процестерді сезінуі, өздерінің өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыруға, ойын арқылы ішкі белсенділіктерін дамыту.

Көрнекілігі: сызба нұсқа, үнтаспа, маркерлер, парақша қағаздар.

Жүру барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы!

Бүгін біздің оқу ордамызда өзгелерге ұқсамайтын ерекше бір шара өткелі отыр. Олай дейтініміз, осы күнге дейін білім сайыстарына тек оқушыларымыз өз таным деңгейін сарапқа салатын болса, ал бүгінгі күн біздің оқушыларымыз өздерінің сынып жетекшілерімен бірлесіп жұмыс атқармақшы.

Ал, сынып жетекшісі - ол кім? Сынып жетекшісі - өз шәкіртінің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын, тәрбиелік күштердің басын қосып үйлестіруші, кәсіби кеңесші, сынып оқушыларының бір – біріне деген ынтымақты қарым – қатынас пен жылы сезімдерді қалыптастырушы, өз шәкіртінің көмекшісі, әрі қорғаушысы.


О

Кіріспе

Нұсқа

Бағыт

Қорытынды

йын шарты.











Келісім шартқа отыру.

Танысу бөлімі «Екі өтірік, бір шындық»

Сөйлемді аяқтау «Мен кіммін?»

  1. Менің ойымша, мен ...

  2. Өзгелері мені ...

  3. Сынып жетекшім мені ...


Топқа бөліну.

3 топ өз төсбелгілерінің мағынасын қорғап шығады.

І. «Ана тілім, дана тілім» қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сұрақтар

І топқа

1 Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?

2 «Қарабай мен Сарыбаймен аңға шықты» деп басталатын жырдың кейіпкерлерін ата.

3. Айтыс түрлерін ата.

4. Етістіктің рай категориясы, анықтамасы.

5 Эвфемизм сөздер, мысал келтір.


ІІ топқа

  1. «Медғат- Қасым» поэмасының авторы?

  2. Қазақ тілінің емлесін жасап, әдебиет теориясын тұңғыш жазған ғалым?

  3. «... бетін бір аштып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды ...» Үзінді қай шығармадан алынған?

  4. Жалаң, жайылма сөйлем анықтамасы

  5. Сан есімнің мағыналық түрі.


ІІІ топқа

  1. Жиренше шешен қырық жамау киіз үйіне келіп не дейтін еді?

  2. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы туралы білетініңіз.

  3. Ағам қаған болып,

Түркі халқын көркейте түсті,

Көтерді.

Кедейді бай қылды,

Азды көп қылды.

  1. Тіл туралы бір өлең айтыңызшы.

  2. Оқшау сөздер, анықтамасы


Жағдаяттар бойынша өз пікірлерін қорғау


І жағдаят

Көршіміз Оразбайдың баласы қашан үйіне кірсең де мектептегі әңгімелердің бәрін жіпке тізгендей етіп, аузынан суы аға айтады да отырады. Оқушылардың сөйлеген сөздері, мұғалімдерінің киген киімдері, қай мұғалімнің өзіне қалай қарайтындығы. Бүгін де дәл сондай оқиға. Сабақтан алқына – жұлқына кірген бнттебарлық оқиғаны баяндап өтті.


ІІ жағдаят

Әнелдің тар бөлмесі бүгін де қонаққа толы. Гу –гу әңгіме, толастамайтын ән. Олардың отырғандарына да біршама уақыт болды. Себеп: Әнелдің баласы Айраттың мақаласы газетке шықты. Сол думан таңға ұласты.

Сабақ оқығысы келгенмен, миына ештеңе қонар емес. Кітаптарын сөмкесіне салып ұйықтап қалды. Ертесіне оянса, сағат 8 30 болыпты. «Болды енді ұйықтай бер. Менің де ұйқым келіп тұр. Ешнәрсе етпес.» деп анасы қайтадан ұйықтап қалды.

ІІІ жағдаят

Ойынқұмарлардың құмары 45 минутта қанбай–ақ қойғаны. Доп десе ішкен асын жерге қоятын олар дене тәрбиесінен кейін үзілісте доп ойынды сыныпта жалғастырмақ болып, апыр –топыр ойнай бастады. Қырсық шалғанда доп барып шкафтың әйнегін абайсызда сындырып- ақ тастағаны.

    • Сен де сен ... Ешкім мойнына алмады. Ата – аналары шақырылды, дегенмен ата – ана өз балаларын жақтады


Сергіту сәті

І топ «Понтомимо» Сынып жетекшісінің қылығын көрсету.

ІІ топ «Күлкілі түрлер» Сынып жетекшісінің айтуымен оқушылар мұңлы, күлкілі, ашулы түр көрсетеді.

ІІІ топ «Мамандықтар» Сынып жетекшісі оқушыларына мамандықтың түрін айтады. Оқушы үнсіз сол мамандықты көрсетеді.


Сызбамен өз ойларын қорғау


Дүниеде не тәтті?

Дүниеде не ащы?


«Соқыр теке» ойыны

Сынып жетекшісі өз сыныбының оқушысын көзі байланған түрінде өзге оқушылар арасынан табады.


«Ән - көңілдің ажары» Жүргізуші бір әріп көрсетіп тұрады. Сынып жетекшісі оқушыларымен сол әріптен басталатын ән айтады.


Жүргізуші: Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін қазылар алқасына бреміз.



















Қарасу орта мектебі








«Мен және менің жетекшім»

Тренинг

/9-10 класс/

















Өткізген . Сулейменова Г.Ж.











05.01.13 жыл


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!