-Балалар, біз сендермен бүгін бір ғажайып елге саяхатқа барамыз ол қандай ел екенін маған сендер айтатын боласыңдар. -Жарайды ма ?! - Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы баржылу мен мейірім жүректен шығады.Енді осы жүрек тен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қы- сайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлі -сейік . Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет, әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірім ділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар. Бейнероликке назар аударайық. -Көргендерің туралы не айта аласыңдар? -Бүгінгі әңгімеміз не туралы олмақ екен? -Дұрыс-ақ. Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу. Қайы рымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адам дарға қамқорлық жасау және де қоршаған ор- таға,өзіңе қамқорлық жасау «Сары тауық пен балапандары» М. Төрежанов Сұрақтар қояды -Сары тауық балапандарымен қандай жағдайға ұшырады? -Ол балапандарына қадай қамқорлық жасады? -Балапандарын тоңдырмасүшін қандай амал жасады? Тауық қай балапанына ерекше қарады? -Ақ балапанның сұрағына не деп жауап берді? -Басқа балапандар қандай ұсыныс жасады? -Ақ балапан басқаларды қалай қолдады? -Сары тауықтың әрекетін қалай бағалауға бола ды? «Мейірімділікті анадан үйрен» Халық даналығы Тапсырмаларды жазбаша орындау ұсынылады Дәптермен жұмыс 1- Тапсырма Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар 2- Тапсырма «Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар 3- Тапсырма «Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар. 4- Тапсырма Мұғалімді мейірімді деп ойлайсыңдар ма? 4топқа ауызша сұрақтар қояды: -Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма? -Мейірімділікті қалай көрсетуге болады? -Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? -Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма? Ал енді келесі тапсырмаларды орындайық Тапсырма: - Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің? - Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің? - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар - Досың ақшасын жоғалтып алып,түскі ас іше алмай қалды? « Мейірімділік нұры» жаттығуы. Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз. Көрініс Сезім Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген. Жүрек. Мен адам баласын алаламаймын; Жақсылыққа елжіреп,еритұғын-мен,жаманшылықтан жиреніп,тулап кете тұғын-мен. Әділет,нысап,ұят,рақым,мейірімділік дейтұғын нәрселердің бәрі меннен тарайды. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарап сөз сөйлейді. Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман. -Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді. Басына шалма ораған, ойлы,қолында кітап (Бихан) Білім -Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет. Жүргізуші -Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті. Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек. Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз. Ғылым сол үшеуінің жолын білмек. Ойын: «Мейірімділік жібі» - Енді біз « Мейірімділік жібі » деген ойынымызды бастаймыз. Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер. (Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады) -Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз. - Күлімдеген- күн мейірімді! - Кіршіксіз ақ қар мейірімді - Таза мөлдір су – мейірімді! - Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді! - Аяулы Қадірлі әкем мейірімді! - Әлпештеген әжем мейірімді! - Еркелеткен атам мейірімді! - Жылы жүзді ұстазым мейірімді! - Тату-тәтті достарым мейірімді! - Егіні мол жер мейірімді! - Қамқор апам мен ағам мейірімді! Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар. Қызыл-адамгершілік. Сары- адалдық. Қызғылт- мейірімділік. Көгілдір- сүйіспеншілік. Жасыл- әдептілік. Көк- ізеттілік. Ақ-қайырымдылық. Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін. Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл, Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір. Есендікте ізгілік ет, тарылма, Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің сөзімен сабағымды қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін! Дәптерде төмендегі сұрақтарға жауап жазу 1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер? 2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар. 3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?
|