Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысы»
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысы
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының шарттары:
- Ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі;
- Ата-ананың педагогикалық білімі;
- Ата-ана беделі;
- Ата-ананың балаларға деген көзқарасы;
Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
Ашық сабақтар
Презентация
Тақырыптық кеңестер
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері
Педагогика-лық кеңестер
Педагогика -лық әңгімелер
«Дөңгелек үстелдер»
- Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);
- Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде);
- Жиналыстар (оқу жылында 3-4 рет);
- «Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);
- Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.);
- Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету;
- Көрнекі насихаттық жұмыстар.
Ата-ананың балалар тәрбиесі үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі
А. С. Макаренко:
«Балаларды тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең жауапты сала... Дұрыс тәрбиелеу – бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы бүкіл ел алдындағы айыбымыз.»
"Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз"
Н.Ә. Назарбаев
Педагогикалық білім
Ата-аналар тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде отбасындағы бала тәрбиесі ойдағыдай болуы мүмкін.
А. С. Макаренко:
«Өзің ата-аналық тілегіңнің қандай екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің.»
Отбасы өмірін дұрыс ұйымдастыру
Отбасындағы тәрбие мынадай міндеттерді шешу керек:
- Баланың тағдырына физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау керек.
- Бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап-тілектерді балаға деген махаббат сезіндіруге лайықтап реттеу;
- Балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;
- Еңбек сүйгіштікке баулу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдылындыру;
- Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасы тіл тауып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
- Білім алудың мәдени мінез-құлықтың әдет дағдыларын қалыптастыру;
- Баланың икемдігін, қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;
- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелігіне қарай әдеби кітаптармен, ойындармен қамтамасыз ету, театр, мұражай, көрме, галареяларға апару) тәрбиелеу.
Ата-ананың беделі
Ата-ана мен баланың арасында беделдің маңызы зор екені бәрімізге белгілі. Оны ғалымдар бірнеше түрге бөліп қарастырады.
Формальды бедел. Адамның әлеуметтік рөліне байланысты болып келеді. Мысалы, ата-ана - бала, мұғалім - оқушы, тренер - секция мүшесі. Бала өскен сайын бұл авторитет түрі азая береді.
Функционалды бедел білім, тәжірибе арқылы қалыптасады.
Ең жақсы бедел түрі – жеке тұлғааралық . Ол төрт жағдайлардан тұрады: жиі балалармен қатынаста болу, балалар туралы хабардың молдығы, оларды түсіне білу, өзін-өзі жетілдіре білу.
Педантизм беделі. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларына бұйрық беріп, қатал талап қойып, олардың пікірлерін есепке алмай қатал ұстауды бірінші орынға қоятындар. Балалардың еркіндігі, инициативасы төмен болып, ата-аналардың бұйрығын тосып, өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды.
Өсиетшілдік беделі. Мұны шетсіз, шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтумен баланың өмірін жегідей жейтін ата-аналар ұстанады. Тіпті балаға әзіл-қалжыңы аралас бірер ауыз сөз айтудың орнына ата-аналар зеріктіретін, мезі ететін ұзақ сөз сөйлей бастайды. Көпіртіп ақыл айтуды даналық деп түсінеді. Мұндай жанұяда қуаныш пен жайдарылық аз болады.
Ата-ананың балаға дұрыс көзқарасы
А. С. Макаренко
Ата-аналарға: «Баланы қалағаныңызша еркелетіңіз, қалжыңдаңыз, ойнаңыз, бірақ қажет болған кезде қысқа, бір-ақ рет тәртіпбере біліңіз...» – деп кеңес айтқан.