СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепшілік "Алтын күз" мерекесі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепшілік 9-11 сыныптар аралығындағы Алтын күз

Просмотр содержимого документа
«Мектепшілік "Алтын күз" мерекесі»

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Аяулы күз, Алтын күз - 2016» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Аяулы күз, Алтын күз - 2016» мерекесін ашық деп жариялаймыз.

«Аяулы күз, Алтын күз - 2016» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Бүгінгі кешті қай топ бірінші бастайтынын анықтау үшін жеребе алынады. Алған нөмерлері бойынша командалар өз өнерлерін көрсетеді.

1 болып .................................................................шығады,

2 болып ................................................................ шығады,

3 болып ................................................................ шығады

4 болып ................................................................ шығады

Командалар барып сайысымыздың алғашқы бөліміне дайындала берсін, сіздерді «Аяулы күз, Алтын күз - 2016» мерекесінің бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Күзгі көрініс (Қазіргі заманға сай)

  3. Сән үлгісі

  4. «Күз сыйы» – қолөнер көрмесі. (табиғи бұйымдар)

  5. «Сен білесің бе?» білімділік сұрақтары

  6. Күз ханзадасы мен ханшайымы (ситуациялық сұрақтар)

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқасын таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер сіздерді бүгінгі сайысымызды саралап, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Мектебіміздің

  2. Саз пәнінің жетекшісі Жарылқасынова Ақзиба

  3. Жас маман, информатика пәнінің мұғалімі Темірбеков Алтынбек

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер

1 кезең. Таныстыру

Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім. 

  1. Алғашқы болып сайысымызды бастайтын ............ сыныбының ...................................................... тобы

  2. Келесі ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  3. Ортада ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  4. Осы кезеңді аяқтайтын ............сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. «Таныстыру» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.

2 кезең. Қазіргі заманға сай күзгі көрініс

  1. Алғашқы болып сайысымызды бастайтын ............ сыныбының ...................................................... тобы

  2. Келесі ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  3. Ортада ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  4. Осы кезеңді аяқтайтын ............сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

Әділ қазылар алқасы 2 кезең бойынша топтарымыздың бағасын берсеңіздер.

3 кезең. Сән үлгісі

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Күз сәні өнерімен ортаға кеп,

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен – деп қатысушыларымызды өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

  1. Алғашқы болып сайысымызды бастайтын ............ сыныбының ...................................................... тобы

  2. Келесі ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  3. Ортада ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  4. Осы кезеңді аяқтайтын ............сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.

4 кезең. Қолөнер

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік күзгі сыйды жасапты,

Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.

«Күз сыйы» қолөнер бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.

  1. Алғашқы болып өз жұмыстарын таныстыратын ............ сыныбының ...................................................... тобы

  2. Келесі ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  3. Ортада ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  4. Осы кезеңді аяқтайтын ............сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

Әділ қазылар алқасы қолөнер бағамы бойынша топтарымыздың бағасын берсеңіздер.

5 кезең. «Сен білесің бе?» білімділік сұрақтары

Әр командаға 5 сұрақтан қойылады. Топтар сұрақтың жауабын білмесе келесі деп келесі сұрақты тыңдайды.

  1. Алғашқы болып жауап беретін ............ сыныбының ...................................................... тобы

  2. Келесі жауап беретін............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  3. Үшінші болып жауап беретін ............ сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

  4. Осы кезеңде соңғы жауап беретін ............сыныбының оқушыларынан құралған ...................................................... тобы

Әділ қазылар алқасы 5 кезең бойынша топтарымыздың бағасын берсеңіздер.

6 кезең. Күз ханзадасы мен ханшайымы (ситуациялық сұрақтар)

Әр командадан ханзада мен ханшайым шығып, ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Әділ қазылар алқасы ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың ситуациялық сұрақтарға жауап беруінен бөлек киімдеріне де назар аударамыз.

1. Сіздің әпкеңіз мұғалім. Ал сіздің досыңыз әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді. Әпкеңіз сізге айтып еді, сіз досыңызға айтып ескерттіңіз. Аз уақыттан соң әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз?

2. Сыныбыңыздағы бір оқушы үшін мектеп әкімшілігі барлық сыныпты ата-аналар жиналысында кінәлады. Сізге бұл ұнамады, себебі сіздің жақсы тәртібіңіз, жақсы оқығаныңыз бәрі текке кеткендей, сізде кінәлі болып шықтыңыз. Сыныптасыңызға деген көзқарасыңыз, сіз не істер едіңіз?

3. Сіз сыныпта шаруашылық секторысыз, ал досыңыз сынып терезесін сындырып тастады. Досыңыз айтпауын өтінді. Кім екенін білмесең, терезе әкеліп сал деп сынып жетекшіңіз ескерту берді. Бұған сіздің жағдайыңыз көтермейді. Бұл жағдайдан қалай шығар едің?

4. Мектеп бітіру кешіне сыныптастарың қымбат костюм немесе көйлек кигелі жатыр. Ата-анаңыздың алып беруге еш мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайдан қалай шығар едің? Кешке барасыз ба, әлде үйде қаласыз ба? 

5. Сіз досыңыз екеуіңіз бір қызды, не бір ұлды ұнатып қалдыңыз, оны екеуіңізде білесіз. Ал досыңыз бірде сізге ренішті кейіппен «Сен әркез менің жолыма тосқауыл боласың да жүресің» деді. Осы жағдайдан кейін досыңызбен қарым-қатынасыңызды үзер ме едіңіз, әлде достыққа махаббат та тосқауыл емес дер ме едіңіз?

6. Сіз өзіңізден үлкен мектеп бітіріп кеткен қыз не ұл мен достасып жүрсіз. Ал сіздің мұғаліміңіз жие ескерту беріп «Қазір тек сабақты ойла, махаббат қызық мол жылдар алда» деген. Ал сіз білім мен махаббаттың қайсысын таңдар едіңіз. 

7. Сіз автобус аялдамасында тұрсыз. Қасыңызда егде тартқан әжеңіз бар. Кенет әжеңіз орнынан тұрам деген сәтте құлап кетті. Қасыңызда тұрған жолдастарыңыз қарқ-қарқ күліп, мазақ етіп жатыр. Ал сіз не істер едіңіз?

8. Сіз көшеде келе жатып досыңыз екеуіңіз аса бағалы зат тауып алдыңыз. Досыңыз хабарландыру жазып иесіне қайтарайық деген, ал сіздің біреуге бере жақ ақшаңыз бар. Осы жағдайда иесіне қайтарар ма едіңіз, әлде сатып, бережақ ақшаңды берер ме едің? Осы жағдайдан қалай шығар едің?

  1. Алғашқы болып жауап беретін ............ сыныбының ханзадасы мен ханшайымы

  2. Келесі жауап беретін............ сыныбының ханзадасы мен ханшайымы

  3. Үшінші болып жауап беретін ............ сыныбының ханзадасы мен ханшайымы

  4. Осы кезеңде соңғы жауап беретін ............сыныбының ханзадасы мен ханшайымы

Қазылар алқасы 6 кезең бойынша сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.

Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,

Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық, 

Өнерпаз, өрендерге тамсанайық, 

Ән-шашуын біздерге алып келген, 

.........................ортаға шақырайық. 

..................................... әсем әнімен ортаға шақырамыз. «..................................» әні.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2016» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялап, сайыскерлеріміздің жүлделі орындарын беру үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.

Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!