СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мен елімнің азаматымын" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сыныптан тыс шара жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Мен елімнің азаматымын" ашық тәрбие сағаты»



Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Видео, ҚР рәміздері, суреттер, шарлар, слайд

Түрі: Жаңа сабақ

Барысы:

Шаттық шеңбері

  1. «Тәуелсіздік шежіресі»

Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл және Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл толғалы отыр

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.







  1. Топқа бөлу Жылдар бойынша

1 топ 1991 ж

2 топ 1992 ж

3 топ 2016 ж

4 топ 2030 ж

Видеоға назар аударайық. Қандай ой түйдіңдер.

1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

7-оқушы. Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

Топқа қалай бөліндік балалар. Неліктен осы жылдар берілді деп ойлайсыңдар?

Постер қорғау

1-топ «Тәуелсіздікке 25 жыл!»

2-топ Біз тәуелсіз елміз. Мемлекеттік рәміздер жайлы сөз қозғасақ.

3-топ Патриот дегенді қалай түсінеміз? Рио Олимпиада жеңімпаздары жайлы біз білеміз?







Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

4-топ «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын.

Жас ұлан, Жас қыран ұйымының мүшесімін.

Отан деген не, кім қалай түсінеді ?

Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме ?

Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз – халқың.

Отан - өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан - сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» - деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал біз сол Отанымызды қорғайтын нағыз азаматтарымызбыз.

«Полиглот» ойыны

1)Отанды сүю - ...басталады. (отбасы-семья-family)
2)Отансыз адам - ... бұлбұл. (ормансыз-лес-forest)
3)Ер қанаты - ...(ат-лошадь-horse)
4)Ел көркі - ..., өзен көркі – тал. (мал-животное-animal)
5)Ел құлағы ...(елу-пятьдесят-fiffty)
6)Әкенің қадірін, балалы болғанда ... (білесің-знать-to know)
7)Халық күші алып ... (күш-сила-power)
8)Адал ұл ер боп туса ... тілегі. (ел-страна-country)
9)Отан ... ыстық. (от-огонь-fire)
10)Ер туса – елдің көркі,
Қыз туса - ...көркі. (жер-земля-world)

Ән «Мекенім Қазақстан» (Ақбота, Балым,Дариғаның орындауында)





“Біз кімбіз?”

Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін

Елін жаудан қорғайтын- нағыз АЗАМАТ біздерміз.

1. Біз бақыттымыз,

2. Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада
қол жеткізген білімге құштар жастармыз.

3. Еңбек ететін еңбекқор жастармыз

4. Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін
өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз
жастармыз.

5. Біз Тәуелсіздік тірегіміз.
6. Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,
жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

7. Демократиялы зайырлы

8. Ұқыпты көпұлтты

9. Әлеуметті біртұтас
АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.
А - адал
З - зейінді
А - ардақты
М - мейрімді
А - абыройлы
Т – тәрбиелі




Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.
Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар. Ата заңымыздың 30 бабында Азаматтар мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға міндетті
Ал, 36 бабында Қазақстан республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті - деп атап көрсетілген. Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алу керек.

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

–алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер.

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіптен шаңырақ құрылды. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”. Еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

















№ 45 бейімделген орта мектебі













Тақырыбы: Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!















Өткізген: Абдошева Ж.С

Өскемен, 2016 жыл


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!