СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мен-жеке тұлғамын»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушының өзін-өзі сезінуіне және басқаны түсінуіне жағдай жасау;

Просмотр содержимого документа
««Мен-жеке тұлғамын»»

«Мен-жеке тұлғамын» тренингі

Мақсаты: Оқушының өзін-өзі сезінуіне және басқаны түсінуіне жағдай жасау;

Барысы: Тренинг 7 жаттығудан тұрады.

1.амандасу

2.Танысу: «Мен кіммін?»

3.Өзін-өзі бағалау: «Мен қандаймын?»

4.Сергіту сәті «Сіздің ағашыңыз қандай?»

5.Жаттығу. «Жақсы адамға қарашы»

6.Жаттығу: «Мен жан-жақты қайталанбайтын бейнемін

7. «Жүректен жүрекке»

1. Амандасу.

«Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір-бірімізбен амандасудың дәстүрден тыс түрлерін көрсетейік.

  1. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу;

  2. Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу;

  3. Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу;

  4. Маңдайларын тигізіп сәлемдесу;

Талдау:

  • Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

  • Сізге қандай әдіс ұнады?

  • Осы әдістердің қайсысын пайдаланар едіңіз?

  • Отбасы мүшелерімен қалай сәлемдесесіздер?

  • Сәлемдесудің басқа қандай түрлерін білесіздер?

2.Танысу «Мен кіммін?»

Рбір қатысушы өзінің есіміне басты әрпінен басталаты жақсы сөзді қосып айтады. Сонымен қоса өз есімінің сырын, кім қойғанын, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін, өзінің алдағы арманын айтып таныстырады.

Талдау: Өзіңізді жеткілікті деңгейде таныстыра алдыңыз ба?

  • Өзіңіз туралы жақсы сөз айту қалай екен?

  • Қандай сезімде болдыңыз?

3.Өзін-өзі бағлау «Мен қандаймын?»

(1-кесте)

10 ұпай – өте жоғары

8-9 ұпай- жоғары

4-7 үпай- орташа, дұрыс

2-3 ұпай – төмен

    1. ұпай- өте төмен

5.Сергіту сәті: «Сіздің ағашыңыз қандай?»

Әр адамның туған күні мен айына байланысты сәйкес келетін ағаштар болады. Сол арқылы мінез-құлықтарына сипаттама беріледі.

5.Жаттығу «Жақсы адамға қарашы»

Сурет альбомының ішіне айна қойылады. Осы альбомның ішінде ең сүйкімді, ең ақылды, ең қабілетті, ең дарынды , ең табысты, ең бақытты адамның суреті бар. Ол кім болуы мүмкін? Кәне, кімнің көргісі келеді? Көргеннен кейін ешкімге жарияламай орнымызға отырамыз.

Талдау: көрген суретпен кім келіседі? Кім келіспейді? Неліктен? Көрген кезде қандай сезімде болдыңыз?

6.жаттығу: «Мен жан-жақты қайталанбайтын бейнемін!» Қатысушыларға ақ парақ таратылады. Ақ парақты ортасынан бүктеп бір шетін жыртады. Тағы бүктеп тағы жыртады. Осылай бірнеше рет қайталанады. Ең соңында бүктелген парақты жазып қарайды. Талдау: Жыртқан парақтарың бір-біріне ұқсайды ма? Бұл нені білдіреді?

7.Жаттығу: «Жүректен жүрекке» Қатысушылар жүрекшеге жақсы тілектер жазып, шынжыр әдісімен бір-біріне естелік ретінде ұсынады

Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысып, ой бөліскендеріңізге рахмет. Егер бүгінгі сабақ ойларыңнан шығып, толық қанағаттанған болсаңыздар, өз пікірлеріңізді жасыл парақшаға, егер қанағаттанбаған болсаңыздар қызыл парақшаға жазып білдірсеңіздер болады.

(1-кесте)


Мен қандаймын?

Иә

1 ұпай

Жоқ

0 ұпай

Кейде

0,5 ұпай

Білмеймін

0,5 ұпай

1

Мен жақсымын





2

Мен қайырымдымын





3

Мен ақылдымын





4

Мен тиянақты, ұқыптымын





5

Мен ықыласты, зейіндімін





6

Мен сыпайымын





7

Мен ақылды,қабілеттімін





8

Мен еңбекқормын





9

Мен шыншылмын







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!