СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің керемет менеджерім

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Молдабай Дана

Менің керемет менеджерім

Менеджер – адамдармен жұмыс жасаушы, оларды белгілі бір жолмен басқарушы, арнайы көшбасшылық қасиеті мен қабілеті бірге ұштасқан, кәсіби мамандықтардың ішіндегі үлкен шығармашылық пен өнерді талап ететін кәсіп иесі. Кейбір ұлы адамдар туылғанынан көшбасшы болмаған, олар ондай қасиеттерін жүре дамытқан. Ал кейбіреулеріне басшылық қабілеттіліктері атадан балаға гендік жолмен беріліп отырған.

Просмотр содержимого документа
«Менің керемет менеджерім»

Менің керемет менеджерім

Менеджер – адамдармен жұмыс жасаушы, оларды белгілі бір жолмен басқарушы, арнайы көшбасшылық қасиеті мен қабілеті бірге ұштасқан, кәсіби мамандықтардың ішіндегі үлкен шығармашылық пен өнерді талап ететін кәсіп иесі. Кейбір ұлы адамдар туылғанынан көшбасшы болмаған, олар ондай қасиеттерін жүре дамытқан. Ал кейбіреулеріне басшылық қабілеттіліктері атадан балаға гендік жолмен беріліп отырған.

Бүгінгі қарыштап дамыған заманның талабына сай, түрлі технологиялардың өмірге келуіне орай менеджерге білім мен біліктілік өте қажет.

Менеджер керемет болуы үшін не істеуі керек?

  1. Кез-келген жұмысты атқармас бұрын, оның өзі білмейтін жақтарын жан-жақты зерттеп, саралап, толық танысу;

  2. Ол әр істі бастаудың алдында, алдына мақсаттар, міндеттер және өзіне деген жоғары талап қоя білу;

  3. Өз қызметіне кіріспес бұрын, оның жоспарын құрып алу;

  4. Ол әрқашан өзінің жеке мүддесін кәсіпорын мүддесіне бағындыра білуі, кәсіпорынның дамып, гүлденуі үшін өзінің жанұясындай санау;

  5. Экономиканы, заңды және басқа да салаларды білуі үшін білімін толықтырып, үнемі ізденуі керек;

  6. Әрбір менеджердің ұйымдастырушылық қасиет болуы керек;

  7. Қызметтік кездесулерде келіссөз жүргізе білуі – әріптестерінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс;

  8. Психологиялық нормалардан ауытқымай, тұтынушылармен тұтынушылармен сыпайы түрде қарым-қатынас жасау;

  9. Этикалық, эстетикалық, ұстамдылық құндылықтардың болуы;

  10. Ұжымға адамдарды таңдауда барынша мұқият болуы(білімі, мінезі, іс-тәжірибесі, бұрынғы жұмыс орнынан алған кепілдемесі, т.б.);

  11. Ұжым мүшелерінің еңбегін бағалау, сыйақы арқылы жұмысқа деген ынта-ниеттерін арттырып, көтермелеп отыруы керек.

Менің ойымша, осы аталған ұстанымдар – мен үлгі тұтатын менеджердің басты құндылықтары болады. Осындай құндылықтары бойында сіңген адам – керемет басшы, қоғамға, халыққа пайдасын тигізетін адам. Сондықтан да осы ұстанымдар – мен үлгі тұтатын тұлғаның бойында тұнып тұрған маңызды қасиеттер деп санаймын.

Менің үлгі тұтатын менеджерім – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бала кезінен білім мен ғылымға жаны құштар болған кемел де кең ойлы болып өсті. Ол сонымен қатар өзін нағыз қазақ, бабалар мәдениеті мен салттарының мұрагері, жаңа формацияның, әркімнің алдынан бұрын болмаған мүмкіндік ашатын ғылыми-техникалық прогрестің ілгері басқан жаңа дәуірінің адамы ретінде сезінді. Халықтың дәстүрлі танымы мен жаңа индустриялық дүниетанымы оның жан-дүниесінде үйлесе тоғысты.

Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны шымыр етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол келген ортасымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өзі атқарған кез-келген жұмыстың нәтижелі болып, халыққа пайдасы тиетіндей болуын қатты ойластыратын. Өз ортасының ұйытқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, бүгінгі күнгі менеджерге осындай мінез керек қой деп ойлаймын.

Президентіміз адамдардың игілігі үшін жұмыс істеді, сондықтан әрдайым өзін олардың қолдайтынына сенімді болды. Назарбаев үлкен лауазым иелерінің кабинеттеріне қаймықпай кіріп, әділдікке жету үшін «қара қылды қақ жарғандай» етіп шындықты ғана айтты. Ол тек қана сынаушы болған жоқ, үнемі сол жерде түйткілдерді бірден шешудің қисынды жолдарын ұсынды, берік дәлел мен дәйекке ғана сүйенді. Сондықтан оның пікірі мұқият тыңдалды, жиі қолдау тапты, келісті. Басшы ретінде Н.Назарбаевтың беделі жоғары болу себебі, ең алдымен, оның жұмысшылар қатарынан, ең төменгі буыннан көтерілгендігінен, барлық мәселелерді түп-төркінінен танып білетіндігінен еді.

Ол еңбек жолын алғаш бастаған кезден-ақ, тындырымдылығымен, таланттылығымен, ұйымдастырушылығымен ерекше көзге түсті. Мұндай қасиет қазіргі кез-келген кәсіпорындардағы, фирмалардағы, компаниялардағы менеджерлерге қажет-ақ. Себебі, менеджер – өзі қызмет атқарып жатқан орындардағы халық тұтынатын тауарлардың сапалы, қолайлы, қолжетімді болып шығуына үлес қосатын адам. Сол қасиетімен тұтынушыларды өзіне тарта білуі керек.

Мен елбасын менеджер санайтын себебім:

  • Ұйымдастырушылық қабілетімен, асқан білімділігімен Сарыарқаның шөл даласында орман өсіруге тікелей өзінің ұйытқы болуы;

  • Еліміздегі өз жеңіл автокөліктеріміздің өндірілуі;

  • Жаппай индустрияландыру үрдісінің қалыптаса бастауы;

  • Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, оның қыр-сырын білу – елбасының дара қасиеті;

  • Озық технологияларды өндіріске батыл ендіру, оның жолға қойылуын басшылардан талап етуі, тіпті кейбір жағдайларда өзінің бақылап отыруы;

  • ҚазақКСР-ның КСРО құрамынан бөлініп шыққан сәтінде, Қазақ елінің қайта құрылуы жүрген кезінде, Қазақстан Республикасының Егемендігін алған тұсындағы еліміздің экономикалық, тұрақтылық, саяси бағыттарын аяғынан тұрғызып, басын көтеруге бірден бір себеп болып, соған халықты тікелей ұйымдастыруы;

  • 1990 жылдардағы күрделі кезеңнен жеке дара, тәуелсіз ел болып қалыптасуымызға басшылық жасауы;

  • Саясатта арнайы батыл қадамдарға баруы;

  • Жастарға, болашақ ұрпақтарға білім алуы үшін ынталандырып, көптеген бағдарламалар енгізуі, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасына өзінің елеулі қолдауы;

  • Жоспарлы экономикалық бағытты ұстануы, соның ішінде «Қазақстан – 2020», «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламаларын енгізіп, тәжірибеде көрініс табуына себепші болуы;

  • «Жасыл экономика» бағдарламасының жүзеге асуы экологиялық, проблемалық мәселелерді шешуде зор үлес қосуы;

  • Жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасап, еліміздегі білімді жастардың, білікті, жігерлі, ұстанымы жоғары тұлғалардың қалыптасуына жағдай жасауы үлкен ерлік.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!