СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің көйлегім жаңа

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс тілінде оқытылатын мектептің 2-сыныбына арналған  сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Менің көйлегім жаңа»


Сабақ тақырыбы:


Менің көйлегім жаңа

Білімділік:

Оқушыларға сабақ барысында киім-кешек атауларын меңгерту негізінде шағын мәтіндердегі негізгі ақпаратты түсіне білуге үйрету.

Дамытушылық:

Жаңа заттық, сапалық атауларды меңгерту негізінде мәнерлеп сөйлеу арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты берілген қарапайым сөйлеу үлгілерін оқиды, қайталайды, тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тыңдалым материалындағы сөйлемдерді қолданып, киім-кешек атауларын атайды, тақырыпқа қатысты ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырыптың мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, жаңа заттық, сапалық атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады, киім-кешек атауларын сипаттайды.

Жаңа сөздер:

Жейде, шалбар, бәтеңке, көйлек, жаңа, ескі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, карточкалар, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сипаттау, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ойлан, тап!» стратегиясы, «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі, диалог, «Бағдаршам» тәсілі, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге ән айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім «Ойлан, тап!» стратегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді (жейде, кітап, көйлек, үстел, орамал, дәптер, т.б.) тақтаға жазып қояды.

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді табады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә)«Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, диалог құрады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырма-ны орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жазады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім «Не артық?» ойынын ұйымдастырады (5-тапсырма).

Айтылым. Суреттерге қарап, ненің артық екенін айтады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

5. «Білгенге маржан...» айдарымен берілген жұмбақты оқиды.

Тыңдалым. Айтылым. Жұмбақты тыңдайды, жауабын табады.

ІІІ. Ой толғаныс

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі бойынша оқушыларға шалбар, көйлек, әдемі, жаңа, қызыл, сары,т.б. сөздер жазылған карточка таратады. Сөздерді пайдалану кезінде мынадай сұрақтарға ауызша жауап берулерін сұрайды.

  1. Бұл сөзді қайда пайдаландыңдар?

  2. Болашақта күнделікті тұрмыста қалай қолданасыңдар?

  3. Осы сабақтан кейін бұл сөз қандай қолданыста болады деп ойлайсыңдар?

Әр оқушы бір сөзден таңдап алады, сұрақтарға ауызша жауап береді. Мысалы,әдемі сөзін көйлегіме байланысты қолдандым (Менің көйлегім әдемі). Жақсы пайдаландым. Жиі қолданамын деп ойлаймын.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды,талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Бағдаршам» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!