СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мені? Отаным. 1 ?ырк?йек т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 ?ырк?йек Білім к?нінде ?ткізуге болатын  сынып са?аты. Б?л сынып са?атында о?ушыларды? бойында?ы патриотты? сезімді т?рбиелеуге болады." Мені? Отаным - ?аза?стан" та?ырыбында?ы ашы? сынып са?атына о?ушылармен ?оса ата-аналар да ?атысады. Саяхат саба? ретінде ?ткізуге болады. 

Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным. 1 ?ырк?йек т?рбие са?аты»

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Білім сабағының тақырыбы: «Менің отаным – Қазақстан

Ұйымдасқан оқу-іс-әрекетінің мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Мақсатты топтар: 5 сынып оқушылары

Құралдар: плакатта (банерде) «Менің Отаным – Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» жазулары, республика рәміздері, белгілі тұлғалардың және көрікті жерлердің фотосуреттерінен фотоколлаж.

Түрі: ойын –викторина.

Барысы:

  • Психологиялық ахуал туғызу.

  • «Менің Қазақстаным» аялдамасы.

  • «Сандар сыр шертеді» аялдамасы.

  • «Менің президентім» аялдамасы.



Кіріспе сөз: Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Қ. Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

  • «Менің Қазақстаным» аялдамасы

*Біздің еліміз қалай аталады?

*Біздің еліміз қандай?

*Республикамызда қанша облыс бар?

*Біз қай облысқа қараймыз?

*Тұрып жатқан кентіміз қалай аталады?

  • *Біздің кент әлемге несімен әйгілі?
    «Сандар сыр шертеді» аялдамасы

  • 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады
    1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
    Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
    6 - шілде 1940 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
    1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
    1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
    1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
    2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.
    Егемен елім әнұраны жанарды,
    “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
    1995 жылы 28 - қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
    «Менің Президентім» аялдамасы

Викториналық сұрақтар:

1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)

2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)

4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)

5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)

6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)

7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)

8. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?(4 маусым 1992ж.)

9. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?(15 маусым 1193 жылы.)

10. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(астана)

11. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)

12. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)

13. Ата Заң деген не?(Мемлекеттің негізгі заңы.)

14. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

15. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.)

16. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою)

17. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді?

18. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.)

19. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында)

20. Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Мемлекеттік туға сипаттама беру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген суретшісі.

Елтаңба туралы сипаттама беру.

Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңбер кескінін береді. Ол тіршілік,мәңгілік белгісі.

Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.

Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.

Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.

Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.

Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов

ҚР еңбек сіңірген архитекторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.

Мемлекеттік Әнұранға сипаттама беру.

Мемлекеттік Әнұран - халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес.

Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы. 2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.

Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!