СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан!" /сыныптан тыс іс-шара/

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка внеклассного мероприятия на казахском языке, посвященная 25-летию Незавсисимости Республики Казахстан

Просмотр содержимого документа
«"Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан!" /сыныптан тыс іс-шара/»


24 Жалғызқұдық орта мектебі


Сыныптан тыс іс-шара




Өткізген: Ахметова А.Ж.






2016-2017 оқу жылы





Тақырыбы: Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан!

Мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)


Мырзаәлі : Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп

тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке -

менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

Әйгерім : Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар

тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға

сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

Әділжан : Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Мұғалім : 1990 жыл ...

24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.

25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекітті.


Мұғалім : 1991 жыл ...

1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Ділмұрат: Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.


Әлімхан:

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!


Мұғалім : 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті

Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының

өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.

( Рақымжол Інжудың орындауында «Қазақстан - қасиетті Отаным» әні орындалады.)


Даяна: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).



Гүлсая:

Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.


Ақжол:

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

Құт күшім –егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.


( Аяулымның орындауында «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі )

Мұғалім: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан

тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның

Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және

амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба

үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.


Жұлдыз: Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.


Әділет : Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.


Асыл : Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.


Мәрлен: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!


Мұғалім: 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы

Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан

өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша

өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.

Айбар: 15 қарашада Қазақстан Республикасының

халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді.


Медина: Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!

Көрейін бақытымның азаттығын,

Таңымды тамылжытқан бостандықтан,

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,

Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.

Байрағым желбіреп тұр биіктерде,

Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!

Мұғалім: 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп

келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты

көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз

орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай

білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

Бекнұр: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана! Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана!

( Ербол Жұлдыздың орындауында ән «Астана»)

Мұғалім: 1999 жыл ...Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жалғастырудың бірден бір кепілі – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізеді. Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.

Зере: «Мыңжылдық саңлақтары»

  1. Ахмет Иассауи

  1. Әз Жәнібек хан

  1. Мұхамед Хайдар Дулати

  2. Төле би

  3. Қазыбек би

  4. Әйтеке би

  5. Абылай хан

  6. Құрманғазы

  7. Шоқан Уәлиханов

  8. Абай

Азамат: «ХХ ғасыр саңлақтары»

  1. Әлихан Бөкейханов

  1. Ахмет Байтұрсынов

  1. Дина Нұрпейісово

  2. Мұхтар Әуезов

  3. Қаныш Сәтпаев

  4. Бауыржан Мамышұлы

  5. Дінмұхамет Қонаев

  6. Нұрсұлтан Назарбаев

  7. Олжас Сүлейменов

  8. Тоқтар Әубәкіров


Мұғалім: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–15жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік. Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді. Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. Еліміз өркениетті замана ағысына қосылды.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!