СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің отбасым" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Менің отбасым" ашық тәрбие сағаты. Балаларға отбасы ұғымын кеңірек түсіндіру. сурет салдыру.

Просмотр содержимого документа
«"Менің отбасым" ашық тәрбие сағаты»

Сабақтың  тақырыбы:  «Менің  отбасым»

Сабақтың   мақсаты:  балалардың  бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан- жақты  дамыған р рухани адамгершілігі  мол  тұлғаны қалыптастыру

 Сабақтың   міндеттері:

-         Балалардың бойында «Отбасы» , отбасындағы қарым қатынасы,  өзінің  орны, міндеттерін   білуге үйрету;

-         Балаға өз отбасындағы жылы қатынастарды көруге,   әдет – ғұрып менгерту;

-      Өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін  ояту;

Қолданылатын әдіс – тәсілдері: әңгіме, сто, сұрақ – жауап, сигналды  карта

Көрнекі  құралдар: шанырақ, үйдің  суреті, отбасы  мүшелері, сахналауға арналған киімдер, фишкалар (ата - аналарға), видео, газеттер, көрмеге  арналған буклеттер,презентация , торт бейнесі, майшамдар.

Үлестірмелі құралдар: Отбасыға не қажет? (махаббат,  сыйластық, құрмет, сенімділік, достық, т.б.) кесінді суреттері, желім, майшам ойыншықтармен.

Сабақтың  барысы:

      I.            Шаттық  шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, «сиқырлы қапшыққа»  бүгінгі сабаққа қажетті

көніл күйлерге толтырып, бүгінгі  сабағымыздың  рецептін  жинастырып

салып қоямыз!

   II.            Әңгіме  «Отбасы жайында» (прича)

        Әлия  деген   5  жасар  қыз бала-  балалар үйінде өмір сүріпті. Әлия сонда ұйықтап, сонда тамақтанып, сонда сабақ оқып, онда ойнап  жүрген екен. Бірақ,  Әлия арқашанда таңертен тұрысымен терезеге карап, қандай жыл мезгілі  екенін қарайды екен.  Себебі, ол Жаңа жыл мерекесін сағына күттеді. Бір күні әдеттегідей тұрып, терезеге қараса,  даланың барлық беті  аппақ түспен боялған екен. Сонда Әлия сондай қуанып, жастығының астынан бір қорапты алып шығады да, тәрбиеші апайына апарып мына қорапты аяз атаға тездетіп жеткізуін өтінеді екен.

 

-           Қалай ойлайсындар неге?

-           Ол қораптың ішінде не бар екен?

-           Ол аяз атадан жаңа жылға нені сұрапты?

-           Ендеше, қазір ашып көреміз.............

 

О  Т   Б   А   С   Ы

-            Сонда отбасы деген не?     

-            Оған кімдер жатады?

-            Дұрыс, ол ата, әже, ана, әке, аға, қарындас т.б  

-            Олардың  отбасындағы орны қандай?

-            Олар сендерге кім болады?                                       

-            Сендердің  жүректерінде алатын орны қандай?

-            Оларды қалай силап, құрметтейсіндер?

-            Егер олардың біреуі болмаса не болады?

     Сонымен қатар өздерінің  . аталарын атап, талдап, өздерінің нешінші ұрпақтары екенің анықтаймыз.

III.            Сахналау  2  отбасы  (Жақсы, жаман)

ØАнасы баласын бақшадан әкеткесін өзі киіндіріп, уйіне барғанша баласы секіріп , жүгіріп барады. Үйге келгесін қызына шешін деп, өзі шешініп, ас тағайындауға кетеді.  Ал ерке қызы болса өзінің аяқ киімін алап лақтырып,  шашып отырады.  Анасы келгесін көріп,

қызына  аяқкиімін жинауын сұрайды.

 Қызы болса мен жинамаймын деп, қана қоймай,

ойын ойнауға кетеді.

Дұрыс па?

Қате ме?

ØӘкесі  баласын бала бақшадан әкеткесін, баласы өзі киініп, әкесімен үйге барады. Жол бойы  бақшада істегенін айтып, әңгімелесіп барады. Үйге келгесін, әкесі баласына киімін шешініп, дұрыстап қойюфн өтінеді. Ал, өзі болса үйге кіріп кетеді.                   

Әкесі  келгесін  қараса, баласы

барлығын жиыстырып қойыпты.

Дұрыс па?

Қате ме?

Ата – аналар фишкамен  көрсетеді, балалар талдайды.  

• көк      • қызыл

Ø    «Тәтті   мен ащы сөздер» д/о

     Балалар көздерін жұмып,  бір бала әуелі тәтті сөздерді, кейінен ащы сөздерді айтады. Тек, ереже бойынша басынан сипаған

 бала ғана дауысын шығарып айтады.

 Кейіннен  кім екенін анықтайды.

   IV .     Д/о  «Сөйлемді  аяқта........»

1.     Мен не үшін қуанамын?

2.     Мен  не үшін жылаймын? (видео, балалардың шындықтары)

3.     Мен не үшін  ренжимін?

4.     Мен неден  қорқамын?  (видео балалардың шындықтары,)

5.     Мен  ата – анамды жақсы көремін,  не үшін....?

6.     Мен   ата – анама рахмет айтамын, не үшін?

7.     Мен  ата – ананнан кешірім сұраймын, не үшін? (видио балалардың шындықтары,)

8.     Менің  анам ұқсайды?

9.     Менің әкем ұқсайды?

10.                        Ата – анама тілейтінім?  (видео балалардың шындықтары,)

11.                        Мен армандаймын.......

12.                        Менің отбасым.........

 

IV.               «Бақытты   отбасы  болу үшін  не қажет?»  сабағымызды  бекітемізу  

Балалар қажетті  суреттерді   тандап алып,  оларды желімдеп  үйдің  жан – жағына апарып  жапсырады.

  Видео  «Менің  отбасым»

Ø «Менің  отбасым.......», «Ең бақытты отбасымын»

Үй тапсырмасына берген   газеттерді  балалар  ата – аналарымен   қорғайды.

    Қоштасу  шеңбері  «Торт  дайындау»

«Торт  дайындау»

Барлығымыз тұрамыз

Қамырды  біз  илейміз

Бір  есеміз,   екі  есеміз

Ұмыттық  бір нәрсені,

Қосуға  біз  қамырға!

Анамызға  не саламыз?

Қуаныш

Қуанышпен біз есеміз,

Бір  есеміз,   екі  есеміз

Тығызданды қамыр да,

Ал, әкеге не қосамыз?

Табыс!  (Жетістік)

Табыспенен біз есеміз

Өте дәмді қамыр болар

Қосындысын біз қосамыз

Күлкіменен   сәндедік!

Қуанышта, табыста

Махаббатта,  денсаулықта

Оны мен  қоса баққыты

Бәріне жетер тортымыз!

            Шамды жағып,  шамды сөндіреміз!!!   Балаларға кішкентай майшамдарды ойыншықтарымент  орттан  таратылады.Өз отбасыларына бүгінгі сабағымыздың бір кесек бөлігін жеткіземіз деп, беріледі. Ата – аналармен  балаларды тортты  жеуге  шақырамыз.

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!