СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мені? педагогикалы? ?станымым: м?ні, ??ндылы?тары, басымдылы?тары.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбиелеуде м??алімні? ?зіні? не біліп, не істейтіні ма?ыздыра?, біра? оны? ы?палымен ш?кірттеріні? не біліп, не істейтіні онан да ма?ыздыра?. М??алімдер, міне осынысымен ба?аланады. Цицерон. Елімізді? болаша?ы м??алімні? білімі мен біліктілігіне, рухани ?леуетіне, ???ы?ты? ж?не саяси м?дениетіне байланысты. Білім беру ж?йесін одан ?рі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын ж?зеге асыру ?стаздар?а шеберлік пен іскерлікті, к?сіби дайынды?ыны? сапасын ?сіру ж?не дамыту міндеттерін ?ойып отыр. Жа?сылы??а бастайтын жары? ж?лдыз-о?у.«Надан ж?ртты? к?ні – ?ара?, келешегі т?ман»,-деп М.Дулатов айт?андай, егеменді елімізді? тірегі-білімді ?рпа?. Білім беру ісіндегі жоспарлауды? ма?ыздылы?ын айта келіп, ?аза?стан Республикасыны? президенті Н.?.Назарбаев былай дейді:«?лтты? б?секеге ?абілеттілігі оны? біліміні? к?рсеткішімен белгіленеді». Білімдену ж?йесіні? табысты болуы к?біне ?олданылатын о?у ?дістеріне т?уелді.О?у ?дісі – білім игеру ма?саттарына ?ол жеткізуге ба?ыттал?ан о?ытушы мен о?ушыны? бірліктегі іс-?рекеті ?имыл-т?сілдері.О?у ма?саты жолында?ы ?стазды? о?ыту ж?мысы мен ш?кіртті? о?ып-?йрену ?рекеттеріні? ?зара байланыстылы?ы осы о?у ?дісінен к?рінеді.О?ушы?а белгілі бір д?режеде білім берумен ?атар о?у?а, ?йренуге деген ы?ыласын арттыру ?р ?стазды? басты міндеті. Саба? барысында ш?кіртті? білімге ??штарлы?ын арттыру, ?здігінен ойлау ?абілетін жандандыру, е?бек етуге баулу, жалпы о?ушы .бойына жауапкершілік сезімін ?алыптастыру, еш?ашан к?н т?ртібінен т?спейтін м??алімдерге ?ойылатын басты талап. Де?гей ба?дарламасы м??алімні? алдына, о?ушыны? жан д?ниесін жа?сы т?сіне білу ж?нінде на?ты міндеттеме ?ойып отыр.Кембридж ба?дарламасы бойынша ?ткізілген курс тапсырмаларын орындау, м??алімдерді? шеберлігін арттыру– жас ?рпа?ты ?з бетімен ж?мыс істеу, тияна?тылы??а, ?стамдылы??а т?рбиелеу, жауапкершілігін арттырады. Осы жоба ?аза?стан мектептерінде толы? ж?зеге асатын болса бас?а елдермен б?секеге т?се алатын жас ?рпа?ты т?рбиелеп шы?уымыз с?зсіз.Мектептегі о?ушылар?а сапалы білім беру н?тижесі м??алімні? ?станымына байланысты.?станым дегеніміз не? М??алімні? ?станымы -оны? к?з?арасы, ?абылда?ан шешімі мен іс-?рекетіні? негізі. Педагогикалы? ?станым– б?л педагогты? ?зіні? т?жірибелік іс-?рекетінде ж?не мінез – ??л?ында басшылы??а алатын негізгі, бастап?ы жа?дайлары. О?ыту ?станымдары – о?ытуды? мазм?нына, ?йымдастырылуына ж?не ?дістемесіне ?ойылатын талаптар ж?йесін аны?тайтын негізгі жа?дайлар. Мені? тарих п?нін о?ыту технологиясыны? мазм?нын жа?арту жа?дайында?ы педагогикалы? ?станымым:«Ма?ан айтып берсе? – ?мытып ?алармын, к?рсетсе? – есімде са?тармын, ?зіме жасатса? ?йреніп алармын» –деп Конфуций айт?андай, тарихи білімді о?ушыларды? ?здері ме?геруіне ?мтылдыратын ?діс-т?сілдерді жетілдіру. Баланы ?з алдына ма?сат ?ою?а ж?не жеке м?дделерін аны?тау?а ж?не ?ор?ау?а ?йретуіміз, я?ни ашып айт?анда баланы? та?дауын ж?не оны? ?алауын д?рыс т?сінуге, арманына жету ?шін к?ресе білуге ?йрету. Осы орайда Конфуцийді? :«Бала?а балы? ?стап берсе?, бір рет жейді. Ал, сен о?ан ?арма? беріп, балы? аулау?а ?йретсе?, ол балы?ты ?мір бойы жейтін болады»,- деген с?зі сай келеді. Жалпы мен ?ш айлы? курста ?йренген барлы? ?діс –т?сілдерді ?олдана келіп, бір н?рсеге к?бірек то?талуды орынды деп есептеймін. О?ушыны? білім сапасын арттыру ?шін е? алдымен о?ушыны? есте са?тау ?абілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын. Мені тол?андыр?ан осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тап?ан болатынмын, б?л жауап былай айтыл?ан еді: «Білімні? апаты – есте са?тамау, немесе оны ?ызы?ушылы?ы жо? біреуге ?йретіп алтын?а те? уа?ыты?ды бос?а ?ткізу». Сол к?ннен бастап мен о?ушыны? есте са?тауына м?н беріп отырдым ж?не б?л іс-?рекетімні? жемісін к?ре бастадым. Алдымен мен ?рбір саба?ыма жа?сылап дайындалатын болдым, содан со? о?ушыларды? сол саба?та не ?йренгені ж?не сол та?ырыпты о?ай есте са?тауларына ?з к?шімді салып отырдым. ?арап отырсам б?л ж?мысымнан ?зімде рухтанып, бойымда ??лшыныс пайда бол?анын сездім ж?не де?гейлік ба?дарламаны? о?у ?дерісіне ?згеріс ?келетінін мойындадым, к??ілде ж?рген к?п т?йткілді? кілті іспеттес екеніне біртіндеп к?з жеткіздім. Ендігі ма?сатым «кембридж т?сілдерін» саба?та ?лтты? педагогикамен ?йлестіре пайдалану ар?ылы білім сапасын арттырумен ?атар, тарихынан т?лім ал?ан ?лтжанды, патриот т?л?аларды ?алыптастыру?а ?лес ?осу.

Просмотр содержимого документа
«Мені? педагогикалы? ?станымым: м?ні, ??ндылы?тары, басымдылы?тары.»




ЭССЕ

Менің педагогикалық

ұстанымым:

мәні,

құндылықтары,

басымдылықтары.

«Үздік педагог – 2015» облыстық

сырттай байқауға арналған.

Аманшаева Жұлдыз Нұрлыбайқызы






Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не

істейтіні маңыздырақ, бірақ оның ықпалымен

шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да

маңыздырақ. Мұғалімдер, міне осынысымен

бағаланады.

Цицерон.



Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді:«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.Оқу әдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері.Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді.Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы .бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына, оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалімдердің шеберлігін арттыру– жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеу, тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу, жауапкершілігін арттырады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығуымыз сөзсіз.Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не?

Мұғалімнің ұстанымы -оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным– бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі,

бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Менің тарих пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым:«Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын» –деп Конфуций айтқандай, тарихи білімді оқушылардың өздері меңгеруіне ұмтылдыратын әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Баланы өз алдына мақсат қоюға және жеке мүдделерін анықтауға және қорғауға үйретуіміз, яғни ашып айтқанда баланың таңдауын және оның қалауын дұрыс түсінуге, арманына жету үшін күресе білуге үйрету. Осы орайда Конфуцийдің :«Балаға балық ұстап берсең, бір рет жейді. Ал, сен оған қармақ беріп, балық аулауға үйретсең, ол балықты өмір бойы жейтін болады»,- деген сөзі сай келеді. Жалпы мен үш айлық курста үйренген барлық әдіс –тәсілдерді қолдана келіп, бір нәрсеге көбірек тоқталуды орынды деп есептеймін. Оқушының білім сапасын арттыру үшін ең алдымен оқушының есте сақтау қабілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын. Мені толғандырған осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тапқан болатынмын, бұл жауап былай айтылған еді: «Білімнің апаты – есте сақтамау, немесе оны қызығушылығы жоқ біреуге үйретіп алтынға тең уақытыңды босқа өткізу».

Сол күннен бастап мен оқушының есте сақтауына мән беріп отырдым және бұл іс-әрекетімнің жемісін көре бастадым. Алдымен мен әрбір сабағыма жақсылап дайындалатын болдым, содан соң оқушылардың сол сабақта не үйренгені және сол тақырыпты оңай есте сақтауларына өз күшімді салып отырдым. Қарап отырсам бұл жұмысымнан өзімде рухтанып, бойымда құлшыныс пайда болғанын сездім және деңгейлік бағдарламаның оқу үдерісіне өзгеріс әкелетінін мойындадым, көңілде жүрген көп түйткілдің кілті іспеттес екеніне біртіндеп көз жеткіздім. Ендігі мақсатым «кембридж тәсілдерін» сабақта ұлттық педагогикамен үйлестіре пайдалану арқылы білім сапасын арттырумен қатар, тарихынан тәлім алған ұлтжанды, патриот тұлғаларды қалыптастыруға үлес қосу.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!