СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің тәлім алушымның жазған рефлексивті есебі.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің тәлім алушымның жазған рефлексивті есебі.

Маған мектептегі тәжірибе кезінде менің әріптесім, әрі өзімнің ұстазым Жаналиева Айгүл Несіпбайқызы тәлімгерлік етті.

Тәлім алушы етіп мені таңдауын өзім ұсындым. Себебі Айгүл апай бұрыннан үйретері көп, қашанда жанашыр болып, өз тәжірибесімен алмасып, кеңес беріп жүреді. Бұл жолы да жаңа өзгерістер алып келгеніне еш шүбәм жоқ. Сондықтан да басқа жас мамандардан бұрын менімен жұмыс жасауын өтіндім. Айгүл апай келісімін берді және де мұнысын құпия ұстауын өтінді.

        Тәлімгер екеуіміздің арамызда сенімділік, сыйластық, ынтымақтастық қарым-қатынас болды. Себебі коучинг сессияларында да, топтық сабақ өткізген кезде де қолдау көрсетіп, бірігіп жұмыс жасадық. Топтық сабағын өткізген кезде сабақ жоспарын құруға көмек көрсетті. Кездескен қиындықтарды шешуге көп ықпал етті. ІІ деңгейлі курстан алып келген тәжірибесімен алмасып, 7 модульді үйретті.

     Тәлімгерлік кезінде оқушыларды қазіргі таңда қалай оқыту керек екенін қарастырдық. Сол арқылы оқушыларға жоғары деңгейдегі, нәтижелі білім беруге көмек көрсетті. Осының нәтижесінде оқушыларға топтық жұмыс арқылы сапалы білім беруге қол жеткіземін деген мақсатты көздедім.

     Оқушыларды топқа бөліп оқыту және постермен жұмыс істеу тиімді болды. Дәстүрлі сабаққа қарағанда топтық жұмыс жасау кезінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы  арта түсті. Оқушыларды топқа бөлген кездегі әр түрлі тапсырмалар арқылы бөлу пайдалы болды. Сабақтың басынан бастап оқушылардың назары сабаққа толығымен бөлінді. Постермен жұмыс жасағанда бір тақырыпты жан-жақты қорғау тиімді болды.

     Айгүл апай  бізге видеороликтер арқылы әр елде болып жатқан білім саласындағы өзгерістер жайлы және сабақтың жаңа технологиясын пайдалана білуге үйретті.

   Осы тәжірибеге сүйене отырып, өз тәжірибемде өзгерістерді күтемін. Алған тәжірибем арқылы күнделікті сабақты қызықты өткізуге болады. Оқушылардың өздерін еркін ұстауына, ойларын ашық жеткізуіне, қызығушылығының артуына, нашар оқитын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасының артуына, келесі сабақтарға жақсы дайындалуына қол жеткіземін.

    Тәлімгерлік менің тәжірибеме қолдау көрсетуі мүмкін. 7 модульдік тұрғыда берген сабақтарымның өзіме ыңғайлылығын сезініп, алдағы уақытта сабақтарымның жүйесі осы тұрғыда өткізуге бел будым.

Биылғы жылы апаймен бірге Үшінші деңгейдегі курсқа бару жоспарым бар еді. Бірақ ол уақытта санатымның жоқтығынан бара алмай қалдым. Алайда қайткенде де осы бағдарламаны меңгеруді жоспарлап, келесі жолға курсқа барамын деп үміттенемін. Өйткені Айгүл апаймен жұмыс жасауда маған  түрлі әдіс – тәсілдер, оқушылармен кері байланыс орнату, сабақты бірлесе жоспарлап, жаңаша өткізу, күнделікті сабаққа рефлексия жасау өте ұнады.

   Тәлімгерлік еткен өз ұстазыма ризашылығымды  білдіремін.

Просмотр содержимого документа
«Менің тәлім алушымның жазған рефлексивті есебі.»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!