СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мерекелік іс-шара «Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

             Мерекелік іс-шара

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

 

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік іс-шара «Тәуелсіз елім-Қазақстан!»»

Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында әңгімелеу. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 25жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын!


Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным.

Тәуелсіздік –сәбиімнің күлкісі,

Тәуелсіздік ақ батасы атамның.


«Аққу» тобының «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранына кезек береміз.

«Тәуелсіздік» - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Ендеше тәуелсіз елімізге арнап тақпақтарымызды айтайық.

Ақмарал: Енді міне тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуғада құрбанбыз.


Каусар: Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдауы,

Бақ береді баршаға.


Жақсылық: Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Інжу: Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға,

Қарсы ағып өзендей тасқындаған .


Мирас: Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні – бұл

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні бұл



Жүргізуші: Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында еліміздің болашағы үшін жанын құрбан еткен көптеген аға-апаларымыз Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков болды. Олар ерен еңбектерімен көзге түсті. Айта кететін болсақ солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.


Жүргізуші: Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік туған күн!

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз дегеніміз-еркіндік, бостандық деген мағынаны білдіреді. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыз Н.Ә.Назарбаевты елбасымыз етіп сайлады. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл 25 жыл толып отыр. Қазіргі таңда біздің өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз, елбасымыз бар, Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.


Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.



Ән «Қазақстаным менің»


Тақпақтар:

Алтынай: Он алтыншы желтоқсан,

Елдің ұлы мейрамы.

Жаңа шыққан көктемдей,

Жаз күніндей жайдары.


Азат: Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


Адия: Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.


Игілік: Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңбам

Ойын « Қыз қуу »



Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән берер

Би де билеп аламыз.


Би «Қамажай»



Тақпақтар:

Иясин: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


Мерей: Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.


Медина: Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жылдарыңыз жайдары.


Орынай: Я люблю тебя мой – Казахстан,

Люблю я также свой народ.

Люблю я маму и отца,

Люблю я степи и гонца.


Ғазима: Тәуелсіздік бас арманы болған екен,

Атамыз бен бабамыздың сол ертеден.

Арманына жету үшін күрескені,

Тарихта шежіре боп қалған екен.

Жүргізуші: Келесі кезекте «Отан» өлеңімен Аманжол Азатты ортаға шақырамыз.

Тақпақтар:

Марғұлан: Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты боп өсірген,

Отанамның гүлімін.


Малика: Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.


Ақниет: Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп нұр,

Шаттық сыйлар көңілге.


Нұрбек: Отанымның төрінде,.

Әсем қалам-Астанам.

Құтты болсын мерекең,

Әсем қалам-Астанам.

Рухия: Моя Родина – Отан,

Край любимый Казахстан.

Горы, степи и поля,

Это все моя Земля.

Ән «Қазақстан"

Ойын «Жүректен шыққан жылы сөздер»

Жүргізуші: Құтты болсын ағайын,

Тәуелсіздік мереке.

Тілейміз біз сіздерге

Ырыс ,бақыт,береке.

Құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!




«Бекітемін»

МКҚК № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы

Директоры______Джаманшалова Г.Н

«___» ______2016ж







Мерекелік іс-шара

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»












Дайындаған: № 11 «Аққу» тобының

тәрбиешісі Дабысбаева А.М.








2016-2017ж




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!