СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Монғол-татар шапқыншылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батудың орыс жеріне жорығы 1236-1242 жылдары жүргізілген жорықтарынан кейінгі құрған Батудың Алтын Орда мемлекеті туралы толық мағлұмат беру

Просмотр содержимого документа
«Монғол-татар шапқыншылығы»

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Күні: 26.02.16 ж.

Сабақтың тақырыбы: §33. Монғол-татар шапқыншылығы. Батудың орыс жеріне жорығы.

Сабақтың мақсаты:

-1236-1242 жылдары жүргізілген шығысқа жорығынан кейінгі құрған Батудың Алтын Орда мемлекеті туралы толық мағлұмат беру

-Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

-Адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, жаңа сөздерді дәперге жаздырту. Көрнекілік: карта, суреттер, сызба Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: XI-XIII ғасырларда салынған сәулет ескерткіштері: Боран қала, Наиб қала, Кабат қала, Сонымен қатар үргеніш қаласындағы: Фахруддин Рази кесенесі, Бұхара маңындағы Раб-и-Малик керуен сарайы, Текеш хорезмшах жерленген кесене. 1. Әбу Райхан Бируни (973-1048) - ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Ол 150-ге жуық еңбек жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Оның «Үндістан», «Масғұд каноны» т.б. еңбектері бірқатар шетел тілдеріне аударылған.

2. Әл-Хорезми (795-857)-алгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ірі еңбегі «Китабал-жабр ва мукабба» деп аталады. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.

3. Әбу Әли ибн Сина (980-1037) - әл – Фарабидің шәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге тырысқан. Ол-«Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның авторы. 4. Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби (т.ж.б -951) - әдебиетші, тіл маманы, ұстаз. «Диуан әл-адаб» еңбегін жазған. 5. Әбу-л-Қасым әл-Фараби (1130-1210) философия, логика, этика, тарих, география, астрономия салаларынан терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы құнды мұра қалдырды. Оның «Ғылым түрлері»,«Таза шындық», «Уағыз үлгілері» т.б шығармалары белгілі. Әдебиет : Фирдоуси (940-1030) - «Шахнама» поэмасын жазу үшін 30 жылдан астам уақытын жұмсады. Ж.Баласағұн 1069 жылы- жазған атақты шығармасы «Құтадғу білік» Атақты Омар һайям (1048-1123)- «Болмыс және борыш туралы трактат», «Үш сауалға жауап», «Алгебра және әлмұқабалар мәселелерін дәлелдеу туралы» шығармалары мәлім. Әлішер Науаидың (1441-1501)-ол философиялық ойдың дамуына ықпал жасады. Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында лингвистикалық терең талдауларға барды. Түркі халықтарының эпостары : «Китаб Дәдәм Коркуд», « Манас», «Қозы Көрпеш», « Алпамыс».

XII ғасырдың 30-жылдарынан- бастап ежелгі Киев Русі мемлекетінде Киев Владимир-Цуздаль, Чернигов-Смоленск т.б кінәздіктерге бөлініп кетті. XII-XIII ғасырларда- сауданың өсуі қалалардың көптеп салынуына жол ашылды. Олар: Владимир-Цуздаль, Переславль-Залесский, Стародуб, Ростов, Галич, Кострома, Тверь, Нижний Новгород, Мәскеу т.б қалалар. 1147 жылы- Ресейдің астанасы Мәскеу қаласын кінәз Юрий Долгорукий салдырды. 1125-1157жылдары билік еткен – Юрий Долгорукий Влодимир-Цуздаль кінәзі. 1169 жылы- Юрий Долгорукий өлгеннен кейін оның баласы Андрей Боголюбский Киевті бағындырып, орыс жеріне тұтас үстемдік жүргізуді көздеді. 1157-1174 жылдары билік жүргізген - Андрей Боголюбский ішкі саясатта боярлар билігін тежеп, кінәздік билікті күшейтті. 1176-1212 жылдары - Всеволод Юрьевич Большое Гнездо тұсында Влодимир-Цуздаль кінәздігі дамудың ең жоғарғы деңгейіне жетті. 1153-1187 жылдары - Ярослав Осмомысл билік еткен тұста Галич-Волынь кінәздігінің күшейген кезі. 1199 жылы - Волынь кінәзі Роман Мистиславович кезінде қайта бірікті.

Жаңа сабақтың жоспары:

Монғол мемлекетінің жері: Орталық Азиядан Байқал көліне, Енесей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатыр. Монғол жерінде монғол, татар, керей, найман, меркіт тайпалары өмір сүрген. Есугей баһадур руы қият, әйелінің руы олқұн болатын. Есугей татардың Темучин атты батырын қолға түсіреді, содан баласының атын Темучин деп атайды. 1203 жылы монғолдар керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді жеңеді.Одан кейін олар қазіргі қазақ жеріне қоныстанады. 1204-1205 жылдары өздерінің көрші тайпаларын жеңіп, жерін кеңейтеді. 1206 жылы Онон өзенінің бойында монғол тайпаларының құрылтай жиналысы болып, Темучинді хан сайлайды. XIII ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір хандығының жері мен Қытай елдерін жаулап алып, Ұлы Монғол империясын құрды. Шыңғысханның қытайға жорығында жалайыр тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Мұқали (1170-1223) ерен ерлігімен көзге түседі. Шыңғысхан өзінің орнына қытай билеушісі етіп тағайындап, «Го ван» -ұлы кінәз атағын береді. Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдеріне бірнеше саудагерлері мен елшілерін жіберді. Жетісу жеріне монғолдар 1211 жылы кірді. Осы жорықтарда монғол әскерлері Мұхаммед хорезмшах әскерімен соғысты.1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді. Отырар қаласының билеушісі Ғайырхан олардан күманданып, өлтіруге бұйрық береді. Бұл жағдайды естіген Шыңғысхан 200 мың әскерін Отырарға аттандырады.Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды аттандырады. Жошы Сыр бойындағы Жент пен Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласымен Бұхар қаласына аттанады. 1219 жылы алты айлық күрестен кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен жексен етеді. Отырар қаласы қирағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскеріне жолығып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды. 1220 жылы бүкіл Мауаранахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып Орта Азияны өзіне қаратты. 1221 жылы Әмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. Шыңғысхан әскері енді Кавказға, одан Солтүстік Ираннан кейін Әзербайжан жеріне келеді, жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. 1223 жылы Қалқа өзенінің жағасына жақындап, орыс даласына көз салады. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. 1227 жылы жорықтан аман оралған Шыңғысхан аң аулап жүрген жерінде аттан құлап 72 жасында дүние салады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтайда, жаңа жерлерді бағындыру үшін шешім қабылданады. Бұл жорықты бастау Жошының баласы Батуға тапсырылады. 1236 жылдан бастап Батудың орыс жерлеріне жорығы басталады.

Сабақты бекіту: Жылдармен жұмыс: 1236 жылы-Бату әскері Еділ өзеніне келіп, Бұлғар елін жаулап алады. 1237 жылы-Еділ мен Дон өзендерінің арасындағы қыпшақтарды тізе бүктіріп, 120-140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға дайындалады. 1237 жылы қысында- Бату әскері Рязань қаласына келіп жетеді.Осылайша бұл қаланыда небар 5 күн ішінде алады. 1237 жылы 4 ақпанда- Бату Владимир қаласын қоршайды.Монғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырады. 1240 жылы- Киев қаласына келіп жетеді. Бұл қаланы 8 күнде алады. Енді Бату Польша, Венгрия, Чехия жерлеріне басып кіреді.Жорықтардан шаршаған монғол әскері кері қайтады. 1243 жылы- Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, Сарай-Бату қаласын салғызады. 1240-1280 жылдар аралығында- орыс жерлеріне монғол-татар үстемдігі орнайды. Бағалау: Жан-жақты жауап берген оқушыларды өз деңгейінде бағалап, ал үлгерімі төмен оқушыларға берілген тапсырмалары бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: § 33. . Орыс жері монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында тақырыбы бойынша жаңа сөздерді дәптерге түсіріп, жылдармен жұмыс жүргізу, жан-жақты мәлімет жинақтау.

















Мәлімет бер:

Владимир-Цуздаль кінәздігі. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------





Галич-Волынь жері. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------







Ұлы-Новгород кінәздігі. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------







Көп нүктенің орнын толтыр: ***************************** бастап ежелгі Киев Русі мемлекетінде Киев Владимир-Цуздаль, Чернигов-Смоленск т.б кінәздіктерге бөлініп кетті. ****************************сауданың өсуі қалалардың көптеп салынуына жол ашылды. Олар: Владимир-Цуздаль, Переславль-Залесский, Стародуб, Ростов, Галич, Кострома, Тверь, Нижний Новгород, Мәскеу т.б қалалар. ************* Ресейдің астанасы Мәскеу қаласын кінәз Юрий Долгорукий салдырды. ****************************** Юрий Долгорукий Влодимир-Цуздаль кінәзі. ************ Юрий Долгорукий өлгеннен кейін оның баласы Андрей Боголюбский Киевті бағындырып, орыс жеріне тұтас үстемдік жүргізуді көздеді. *****************************Андрей Боголюбский ішкі саясатта боярлар билігін тежеп, кінәздік билікті күшейтті. **************************** Всеволод Юрьевич Большое Гнездо тұсында Влодимир-Цуздаль кінәздігі дамудың ең жоғарғы деңгейіне жетті. ****************************Ярослав Осмомысл билік еткен тұста Галич-Волынь кінәздігінің күшейген кезі. ************ Волынь кінәзі Роман Мистиславович кезінде қайта бірікті.

Жылдармен жұмыс: XII ғасырдың 30-жылдарынан- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- XII-XIII ғасырларда- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1147 жылы- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 1125-1157жылдары билік еткен – -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 1169 жылы- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1157-1174 жылдары билік жүргізген - -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1176-1212 жылдары -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1153-1187 жылдары --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1199 жылы - ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!