СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М??алім м?ртебелі маманды? / танымды? кеш

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

?мірдегі к?п маманды?тарды? ішінде жан-жа?ты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше ш?кіртжандылы?ты, мейірімділікті ?ажет ететін маманды? та – ?стазды? маманды?. 

Просмотр содержимого документа
«М??алім м?ртебелі маманды? / танымды? кеш»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогика колледжі» ҚКМК













Мұғалім мәртебелі мамандық

/Танымдық кеш/







Кабимолдина А.К.





















2015-2016 оқу жылы

Танымдық кештің мақсаты: Білім алушының мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Мұғалім мамандығының қазіргі мәртебесінің жоғары екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Танымдық кештің міндеттері:

  • Кәсіби құзыретті маман бейнесі, мәселені шеше алу қабілетін теориялық тұрғыда қарастыру

  • Жаттығу – тренингтер арқылы педагогикалық техника элементтерін сақтау, өзін –өзі ұстау, сөйлеу техникасын дамыту

  • Мұғалімнің келбеті, сыртқы мәдениеті, өзін–өзі басқару, қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу ортасын құру












































Кеш жоспары:

Кіріспе.

Мұғалім қырлары:

1-ші қыры: Кәсіби құзыретті маман бейнесі, мәселені шеше алу қабілеті

2-ші қыры: Педагогикалық техника элементтерін сақтау, өзін – өзі ұстау

3-ші қыры: Сөйлеу техникасы  

4-ші қыры: Жан – жақты дарындылығы. (жағдаяттан шығу)

5-ші қыры: Мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. (Сауалнама нәтижесі)

6-шы қыры: Әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Қорытынды.


Танымдық кештің барысы:

Алғы сөз: Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.

Мұғалім еңбегі

  • біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,

  • екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.

Демек, мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын табу үшін мұғалім мамандығының қырларын ашайық.

1-ші қыры: Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі, кәсіби білім құзыреттілігі.

С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік competenens - қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері»,- деген анықтама берілген.
В.А.Сластенин «...кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық және практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі» деп есептейді.

А. В. Хуторский біліктіліктің 3 негізгі түрін енгізген:

1)негізгі құзыреттіліктер: құндылық – мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі  жетілдіру құзыреттілігі,

2) жалпы пәндік құзыреттілік,

3) пәндік құзыреттілік.

Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері»,- деген анықтама береді.
Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары - бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»,- деп анықтама береді. 
Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез - келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады»-, деп анықтама береді.
Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:
• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
2-ші қыры. Педагогикалық техника элементтерін сақтау, өзін –өзі ұстау.

Тыныс алу релаксациясы.

«Аааа және Ииии» жаттығуы
  Мақсаты: «Мен» позитивті бейнені дамыту; көңіл-күйді көтеру оптимизмін ұялату.
  Жүргізу техникасы: топ қатысушылары айнала тұрады.
«Аааа» дыбысынан энергия алу
  Нұсқау: Мен сіздерді өздеріңізді жаңа күшпен толықтыруыңызға көмектесемін. Тұрып терең дем алып, оны шығарып тастаңыз. Сосын ауаны толтырып, оны дыбыспен шығарып тастаңыз. «Аааа» деп ұзақ етіп дыбыстаңыз. Сіздер осы сәтте шаршаудың, қайғыдан арылғандай әсер алыңыздар. Ауа жинағанда көңілді және қуанышты ойлар бірге еніп жатқандай әсер алыңыздар.
  Әрбір тыныс алғанда «Аааа» дыбысын шаршау, жағымсыз сезімдер, кеткенше бірте-бірте қатты айтып қайталайсыздар (1 минут).

«Ииии» дыбысынан энергия алу
  Нұсқау: Бір мезетте өз орныңыздан тұрып, «Жедел жәрдем» машинасы сияқты дыбыстаймыз. Қолыңызды басыңызға қойып, ұзартып «Ииии» дыбысын дауыстып айтыңыз. Осы дыбыстар сіздің басыңыз қалай дірілдеп жатқанын сезінуге тырысыңыз. Ал енді дабыл сигналы сияқты бірде төмен, бірде жоғары дыбыстаңыз. Біраз уақыттан кейін өз күшіңізді сақтағаныңызды байқайсыз (30 секунд).
  Кейбір жағдайда басқа да дауысты дыбыстармен эксперимент жасап, қайсысы сергектік әкелетінін сезініңіз. Сіздер «Аааа», «Ииии», «Оооо» және «Уууу» дыбыстарымен дабыл сигналы етіп ойнауыңызға болады. Жаттығу барысында бұл дыбыстарды бірде төмен, бірде жоғары етіп айтыңыз.
  Талдау
  Өз жағдайыңыз туралы айтыңыздар.

Дикцияға арналған жаттығулар:

  • И – Э – А – О – У – Ы дыбыстарын әндетіп айту   

  • Дауысты дыбыстар әуенді береді. И – Е – Я – Ё – Ю – И  – дыбыстарын әндетіп айту  

  • Ішкі жұтқыншақ артикуляциясы – ауызды жауып тұрып, осы жаттығуларды жасау. Ол ішкі ауыз бұлшық еттерін жұмсартады.

  • «Қос жұп» жаттығуы- ол бойынша дыбысты қол арқылы, сермеу т.б. бірге айту, немесе жаңылтпаштар айту. Дауысты дыбыстар сөйлемді, сөзді анық айтуға ықпал етеді.

  • Дауысты дыбыстарды айтқанда сөйлеу аппаратының қандай да бір бөлігіне қысым түседі.

  • Дауысты дыбыстарды айтқанда сөйлеу органдарының ыңғайын, бекемдігіне назар аудару керек.

   Б – П,     Л – М – Н,    В – Ф,    Ж – Ш,    Р  , Х,  Ц ,   Д – Т,    Ч – Щ,    Г –К,  З – С, Б – П  :  паппи- пупу…, бабби – буббу…, паппи – бибабби…- П және Б дыбыстарын айтқанда еріннің бірігуіне назар аудару керек

ДИКЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Артикуляциялық жаттығулар:    /ерін, тіс, бет, астыңғы жақ/ сөйлеу органдарыныңы жұмысын жетілдіру үшін жаттығулар жасау керек.

  • тіл: тілмен ауыз бұлшық еттерін «тазалау», ауыз қуысының ішінен бетке «ине пісіп алғандықты» көрсету, ерінді бүгу– белсенді, қозғалыс жасайтын тіл дыбыстың дұрыс шығуына ықпал етеді.

  • еріндер: ерінді бүру, екі жаққа айналдыру, сосын «ути – ути…» деп үйректерді шақыру әрекетін жасау, ауаны ішке алып, жұмған ауызбен , «пя-пя…» деп айту, сосын «п-б…» деп еріндерді біріктіру. Бұл жаттығу дыбыстардың жеңіл, анық айтылуына ықпал етеді.

  • беттер: бетті іштен үрлейміз, жиналған ауамен ауыз қуысын айналдырып шығамыз, сосын қысымды жылқы сияқты– «тпру…» деп шығарамыз. Осылай бетті жұмсартамыз.

  • жұтқыншақты ашу: «ма», «мама» дыбысын бауыссыз іштей өзіне айту, және «ха» дыбысын жартылай дем шығару барысында айту. Сосын ауызда өрік тұрғандай болып «О» дыбысын айту- бұл жаттығулар жұтқыншақты ашып, дауыстың тереңнен шығуына ықпал етеді.

  • жақ: екі қолмен астыңғы жақты ұстап, оны бет бұлшық еттерін қозғамай тек жақты ғана қолмен ұстап тұрып, бірнеше рет ашу, - бұл жаттығу жақ бұлшықеттерінің қысымын жояды.

3-ші қыры: Сөйлеу техникасы. (үздік деген 3 эссе оқыту, орын беру) 

4-ші қыры: Жан – жақты дарындылығы. (Жағдаяттан шығу)

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

 Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. 
В.А.Сухомлинский

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. 
Л.Н.Толстой

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. 
Ы.Алтынсарин

5-ші қыры: Мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті,үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Сауалнама: "Оқытушы білім алушы көзімен"

НҰСҚАУ. Төмендегі сауалнама сұрақтарынына сабақ беретін оқытушыларды жазып, сол оқытушының тұсына сұрақпен келіссеңіз "+" , келіспесеңіз "-" тағбасын белгілеңіз. Аты-жөніңізді көрсетуіңіз міндетті емес.

Қамтылған сұрақтар:

  1. Адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отырады

  2. Сенім білдіреді

  3. Бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіме айтады

  4. Сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсетеді

  5. Әрбір істе үнемі әділетті

  6. Әркімге лайықты орынды талап қояды

  7. Өз пәнін жетік біледі. Түсіндіреді

  8. Өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра біледі

  9. Мінез-құлқы қарапайым; өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсетеді

  10. Сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді

  11. Дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды

  12. Кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді

  13. Бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді

  14. Бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады

  15. Жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады  (сауалнама жүргізу, қорытынды)

6-шы қыры: Әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. 

(колледж білім алушыларының шығармашылықтарынан «Ұстазға жүрегімнен жыр арнаймын!»)

Қорытынды:

Мұғалім – қастерлі, ұлы ұғым. Болашақ ұрпақтың тәрбиесін сеніп тапсырған қоғамның ең сенімді өкілі. 

Мұғалім – жасөспірімдерді іскерлікпен ұйымдастырып, «басқарушы», мамандығын жетік меңгерген білімпаз «шебер оқытушы», жүрек жан жылуымен оқушы жан дүниесін нұрландырып, тәлімдеп үйретуші – «рухани сәулеткер», болашаққа жөн сілтер ең жақын ақылшы – «екінші ата - анасы», көмектесіп жетектеуші, кеңес беріп ескертуші, демеп ынталандырушы, үлгі – өнегесімен тәрбиелеуші – «нәзік психолог», ізденімпаз – жаңашыл, жасампаз – еңбеккер қасиеттері бойына дарыған ең басты асыл тұлға. 

Мұғалімдік – ұстазға берілген жалпылама ұғым, биік тұғырлы мамандық. 
Мұғалімдік мамандық адам жан дүниесінің ең нәзік, ең күрделі қыр сырына қызмет ететін адамтану. 

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. 

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 

Шаршаса да осы жолдың бойында, 

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!