СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұқағали мұрасы –халықтың асыл қазынасы атты әдеби кеш

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!

Мұқағали  мұрасы –халықтың  асыл  қазынасы  атты  әдеби кешімізді  М.Мақатаевқа арнап отырмыз

Просмотр содержимого документа
«Мұқағали мұрасы –халықтың асыл қазынасы атты әдеби кеш»




       Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!

Мұқағали мұрасы –халықтың асыл қазынасы атты  әдеби кешімізді М.Мақатаевқа арнап отырмыз.

 Оқушы: «Арыз жазып кетейін» 

              Бүгін  менің туған күнім.

             Ой, бәле ‐ай!

              Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

             Банкен жасап берер еді өзім‐ақ,

             Тәңірдің бір жарытпай‐ақ қойғаны ‐ай.

 Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ‐құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау – шапан,

Мынау –атың, мін»,–демей?!

 Жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл‐күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,‐ деп жырлаған М.Мақатаев биыл 81жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарықрай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.  

М.Мақатаев 9.02.1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы деген жерде дүниеге келген, 5.3.1976 жылы Алматыда дүниеден өтеді.

Артынан мол мұра қалдырады.

Оқушы: «Махаббат диалогы»

–       Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

–       Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

–       Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

–       Күл боп бірге соңынан кетер едім.

–       Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

–       Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

–       Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?

–       Қойшы, сәулем, бәрән де көтеремін.

 Жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

 

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған заманадардан,– дейтін Мұқағали‐біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

 

Оқушы: «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым‐ Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей‐кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші– Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен.

  

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма!

Үш Күн нұрын төгеді аспанынан

Атырау, Алтай, Арқа, Алаутауға!!!

 Оқушы:

Мейлі, мені шығарсын шірік қылып,

Мейлі, мені тастасын лақтырып;

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап  тұрып.

Мейлі, мені қайыртсын, қуантсын да,

Мейлі, менің басыма бақ бермесін,

Мейлі, мейлі, жылатсын, жұбатсын да,

Мені әйтеуір Отаным жат көрмесін.

Бәр‐бәрісін бақытпен теңгерем де,

Сүйем оның шетсіздік, шексіздігін.

Қапаланып қайсыбір пенделерге,

Өкпелесем Отанға,  бетсіздігім.

Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымда айдындай шуақ тұнып;

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

 Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан)

 Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы‐

дей келе көптеген ақындар Мұқағали жайында естеліктер жазды. Фариза Оңғарсынова өзінің бір естелігінде былай деген екен: «Мұқағали – біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл‐ өнердегі заңдылық. Ол‐әсіресе қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған бояуымен құпиялана түседі. Поэзияның әрі таймас сұлулығы да, барған сайын ынтызарыңды құрта құдіреті де осы болуы керек.

  

Ән: «Нұр жауып тұрған көктемде»

Жүргізуші: Осымен біздің әдеби сазды кешіміз аяқталды.Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен ‐ көп рахмет.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!