СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан  кейінгі ойлар

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогикалық шеберлік орталығындағы мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан  кейінгі ойлар

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан  кейінгі ойлар»


«Үйренемін!» деген ынта бар болса

(Педагогикалық шеберлік орталығындағы курстардан кейінгі ойлар)

Мұғалімнің басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөздеріне сәйкес бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады» деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек. Бұл – аксиома.

Осы қағида ауқымында әр мемлекет мұғалімдердің кәсіби дәрежелерін арттыруға мүдделі болып, олар үшін қажетті жағдай жасап, олардың алдына талап қояды. Мысалы, Сингапурда мұғалім жылына кем дегенде 100 сағат мөлшерінде біліктілік арттыру курстарына қатысуы міндет. Аз емес қой? Бұл дегеніңіз күніне 8 сағаттан оқитын болса, 13 күндей үздіксіз оқу дегенді білдіреді, яғни әр каникулда мұғалім кемінде 3-4 күн оқып-үйренуі керек.

Біздің елімізде де осы мақсатта бүгінгі күні мұғалімдер үшін түрлі курстар тегін ұйымдастырылуда. Тамаша мүмкіншілік мұғалімдер үшін!

Алматы қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында мұндай курстардың екеуіне қатыстым. Олардан мынаны түйдім. «Үйрену мүмкін емес, тек үйрену ықтимал» деген сөз рас екен! Бәрі де өзімізге байланысты. Үйренемін десең – үйренесің. «Үйренбеймін! Онсыз да бәрін білемін!» деп немесе «Осының қажеті қанша?! Мұғалімнің жұмысын қиындатқанынан басқасы жоқ!» деп жалтарсаң, онда оқымаудың амалдары мен сылтауларын көптеп келтіресің.

Бұл курстарда да әріптестерімнің басым бөлігі «Үйренейін! Қарманып қалайын!» деп ұмтылыс жасап, белсенділік танытып, кәсіби біліктілігін ұштауға мүдделі болса, кейбіреулері тек сертификат алу үшін «шықпа, жаным, шықпа!» деп «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» ғана жүрді. Әрине, ондайларға не жасаса да, не нәрсеге үйретсе де жағу қиын: бәрібір жақтырмай тұрады.

Өздерін қинағысы келмейтін әріптестерімді мен баяғы заманнан келді ме деп ойлаймын. Өйткені бұрын да курстар көптеп ұйымдастырылатын. Алайда, шынын айту керек, ол курстарда оқу негізінен формалды еді, тек сертификат үшін оқушы едік. Ондай курстарда бәрі «тәрізді» болатын: бізді лекторлар оқытқан тәрізді еді (негізінен күн ұзақ лекция ғана оқитын), біз болсақ үйренген тәрізді едік (еш қиналмай, ойнап-күліп, көңіл көтеріп, қала қыдырып). Мектепке келгенде бізге айтатыны мынау еді: «Оқыдыңдар ма? Жақсы болыпты! Ал енді оқығандарыңды сабақтарда қолданыңдар!». Қолдану да тәрізді болатын: қалай қолданамыз, оны өзіміз білеміз, бізге талап қойып, қадағалап жатқан ешкім жоқ еді. Осылайша 5 жылда бір рет курсқа қатысатынбыз. Бәрі де «оқымады деп айтпасынның» сыңайында болатұғын.

Ал бүгінгі курстарда бәрі де жүйелі: алдымен мақсат пен күтілетін нәтижелер қойылады да, соңында оларға жеткен-жетпегендігіміз талданады. Мұнда бәрі де шынайы: сабақтан қалу жоқ, талап та жоғары, тапсырмалардың орындалуын қадағалау бар, соңында сарапшылардың қатысуымен таныстырылым қорғау немесе есептер жазу нысанында емтихан тапсырылып, тыңдаушылардың жауаптары сонау ел ордасында тексеріледі. Курстар мазмұны педагогиканың ең соңғы жетістіктеріне негізделінген, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесін зерттеуге бағытталған.

Курста мен «Үйрететін - мұғалім емес, үйрететін - орта» деген қағиданың өміршеңдігін өзім үшін дәлелдедім. Біз ең алдымен бір-бірімізден оқыдық, үйрендік. Туындаған мәселелер мен кедергілерді ылғи да бірлесе шешіп отырдық. Осылардың арқасында арамызда жылы қарым-қатынас орнап, біз әлі де бір-бірімізбен кәсіби байланыстарымызды үзбей келеміз.

Курс туралы әріптестерімізбен әлі күнге дейін көп әңгімелесеміз. Солардың кейбір пікірлерін келтіріп кетейін.

Айгерім: «ОМЖ мен ҚМЖ жүйелі құрастыруды, әр сабақты қызықты өтуі тапсырмаға негізделетіндігін, проблемалық сұрақ қоюды («Таным таңғалудан басталады»), оқушыға сүйіспеншілікпен қарауды үйрендім.

Мөлдір: «Курс өмірге деген көзқарасымды, алдыма қойған жоспарларыма елеулі өзгерістер енгізді».

Сәуле : «Өмірімізге рухани азық алып, кәсіби, өмірлік тәжірибемізге біраз өзгерістер алдық».

Назерке (қазақ тілі мен әдебиеті): «Оқушының жан дүниесін түсіну, оларға үлгі болу керектігін, оқушы үнін ескеруге байланысты құнды ақпараттар алдым... Мектепте жоспарланған жұмыстарды алдағы уақытта әріптестеріммен бірлесе жасаймын».

Жанар (ағылшын тілі): «Өмірге керек азық алдым. Жұмысыма нағыз керек дүниелер болды. Барлық қатысушылармен өте жақсы қарым-қатынаста жұмыс жасадық».

Толқын (ағылшын тілі): «Білімге, өмірге деген ұстанымым өзгерді».

Бақыт (бастауыш сынып): «Өзімнің біраз кемшіліктерімді түзетуге бір жол ашылғандай. Курстан тек оқу мен оқыту үдерісіндегі өзгерістерді ғана біліп қоймай, өмірді, адми құндылықтарды, өзімнің өзгеруім туралы біраз мағлұмат алдым. Өзімді де тәрбиелегендей сезімдемін».

Мұндай пікірлерді көптеп келтіруге болады. Барлығымыз да мұндай курстардың тиімділігін мойындадық. Әрине, егерде «Үйренемін!» деген ынта бар болса!



Алматы қаласы №178 лицей Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қазақ Ұлттық Қыздар Педаогикалық университетінің маистранты: Эльмира Жанатқызы Рапилова




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!