СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұқағали Мақатаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Негізінде тек 4-сынып оқушылары ғана емес басқа сыныптардың оөушылары өатыса берсе болады.

Просмотр содержимого документа
«Мұқағали Мақатаев»



«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі











«Ақиық ақын»

Мүшәйрасы











Ұйымдастырушылар: Нұрланбек Ж.Ж

Мурзахметова Қ.А















2017-2018 оқу жылы



«Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев»

МАҚСАТЫ: 
Білімділік: оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын

М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету, тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: бейнежазба, өлеңдер, ақын туралы бейнебаян, көрініс 
Әдеби кештің өтілу барысы 
1. жүргізуші
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім, 
Жақсы жыр жазсам,халқым,елеңдестің, 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, 
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім. 
-Бұл кімнің өлеңі? 
Иә, бұл қазақ поэзиясының алыбы-Мұқағали ағамыздың өлеңі. 

2. Жүргізуші Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған «Жыр жүйрігі- Мұқағали» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз 

1-жүргізуші
Әлем - дархан, саялаңдар, 
Бәріңе де орын бар, 
Қорған емес, салтанатты 
Сәнді сарай соғыңдар. 
Ей, адамдар, сендер тату, 
Сендер тату болыңдар!- деп жырлап өткен ақын 
Мұқағали Мақатаев өмірі туралы бейнебаян 

Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды. 


2-Жүргізуші М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын. 

Олай болса келесі кезекті ақынның өлеңдеріне берсек 

2-сынып, 3-сынып, 4-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші Акнур 

«Жазылар естеліктер мен туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем. Сол естеліктердің бірнешеуіне көз жүгіртсек… 

Жары Лашын Әзімжанова ақын өмірінің кейбір сәттері туралы былайша әңгімеледі. 

- Өмірінің марқайған кездері, қуанған сәттері де, қайғысы да басым болды. Ақкөңіл, ақкөңіл адам болатын. Құдай талант берген соң ептеген тік мінезі де болды. Біреу өзіне қарап болмас сөз айтса қайтарып тастайтын. Сонан кейін кек сақтау дегенді де білмейтін. Ол халқын қалай сүйсе, халық та солай сүйді.Тұрмысыз өте қарапайым болды. Бірде жұмыс істесе, бір кездері бос жүрді. 
Таңды атыратын кездері де бар. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін 

Ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы әкесінің адамдық болмысы мен азаматтық бейнесі жайлы былайша әңгімеледі. 

- Барлық жағынан өте ұқыпты болатын. Жазу столы әрқашанда ұқыпты тұратын. Әкем бірде менен балам, сенен кейін әкең қандай адам болған сұраса, сен не деп жауап бересің?-деп сұрады. Мен ол кезде жаспын не деп жауап берерімді білмей күмілжіп, тұрып қалдым. Сонда әкем маған: “Менің әкем өте сәби жанды адам еді”- деп айт деді. Түсінген адам түсінеді, түсінбегені өздері білсін, - деді. 

Келесі кезекті 5-сынып, 6-сынып, 7-сынып, 8-сынып оқушыларына береміз.
1-жүргізуш Акнур 
Мұқағали өлеңдерінің өзгеше қасиеттілігі, ондағы сезімнің сыршылдығы- өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білгеннен болатын.Ұлы Абай сынды айналасынан «Мұңдасар бір жан таппаған» сәтте, туған табиғатына табынып, тау тасына, мөлдір бұлағына, ақ қайыңына мұңын шақты. 
Сен адам бола бастасаң, 
Мен қайың бола бастайын 
Келісесің бе, жас қайың? –деп әділетсіз өмірден түңілген ақын бір сәт ақ қайың боп өмір сүргісі келеді. 
2.Жүргізуші М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.Мұқағали Шекспир,Дантес, Лермонтов,Пушкин,Некрасовтың өлеңдерін де аударды. Мұқағалидың орыс тіліне аударған өлеңдері де аз емес. 

Келесі кезекті 9-сынып, 10-сынып, 11-сынып оқушыларына береміз.

«Сәби болғым келеді» әні орындалады. 
“М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали 
“Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали 
атамыз зор сеніммен аманат етті. 
“Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл. 
“А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев . 
“Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған. 
“А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы. 
“Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова . 
“И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды. 
1-жүргізуші Ақнұр 
Жалпы қазақ халқы наным-сенімге, ырымға сенетін халық. Сол себепті аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады., әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу туралы ел аузында аңыз-әңгімелер көп.

2-жүргізуші. Қорытынды сөз:  
Көп адам дүниеге бой алдырған , 
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған . 
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы , 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық .

1-жүргізуші. Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жыр жүйрігі - Мақатаев» атты әдеби кещімізд» аяқтаймыз .




























































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!