СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 24.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мутацияның түрлеріне жалпы сипаттама

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мутациялық өзгергішке жалпы сипаттама

Мутациялық өзгергіштік көп өзгергіштіктің бір түрі ғана болып табылады . Тірі организімдердің маңызды қасиеттерінің ең елеулісінің бірі ұрпақтан - ұрпаққа таралатын өзгергіштің пайда болуы . Мутация сонымен қатар көптеген апаттың себебі болып табылады : әртүрлі аурулардың қоздырғыштарының эпидемиясы , қатерлі ісіктер , тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуы . т.б. Сонымен қатар мутация өсімдіктер , жануарлар және микрорганизімдер селексиясында қолданылатын көптеген пайдалы өзгерістер береді. « Мутация » деген атауды , Мендел заңдарын қайта ашушылардың бірі голлондиялық ботоник Гуго де Фриз ( 1848-1935) кенеттен пайда болған тұқым қуатын өзгерістерді сипаттау үшін қолданды. Негізінде бұл сөздің шығу тегі әріректе жатыр. Көне Рим имперясында Август патшаның билік етуі заманында ( біздің жыл сануымызға дейінгі 63-64) сауда орталықтарымен қалалардың арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін пар атты көлік қолданылған . Жол бойында қалалармен енді пунктерінде ( бекеттерде жолаушыларға арналған демалатын « мансио » деп аталатын сарайлар болған . Бұл мансиолардың ерекше аттары болмағандықтан олардың орналасқан нүктелері мен бағыттары ғана көрсетілген . Осыдан барлық европалық тілдерде « почта » деген сөз шыққан . Осы мансиолардың араларында « мутацио » деп аталатын шаршаған аттарды ауыстыратын бекеттер болған . Міне « мутацио » деген сөздің шығу тегі осылай болған .

 

Мутагенездің жалпы ерекшеліктері . Қолданылатын атаулар .

Мутагенез (лат «мутацио» - өзгеруі, « генезес » - тегі) әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсерінен организімде тұқым қуатын өзгерістің мутацианың пайда болу працесі . Мутация - клеткадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі . Тірі табиғаттағы вирустар микроорганизімдермен бастап жоғары сатыдағы өсімдік , жануар адам барлығы да мутацияға ұшырайды . Жыныс клеткаларымен спораларында пайда болған мутациялар тұқым қуады . Дене клеткаларында болатын (сомалық ) мутациялар тұқым қумайды . Дене клеткаларында мутанта ткані бар өкілдерді мозаиктер немесе химерлер деп атайды . Вегетативтік жолмен көбейетін организімге сомалық мутацианың үлкен маңызы бар. Организімнің табиғи не әртүрлі факторлар әсерінен тұқым қуатын өзгеріске бейімділігі мутабилдік деп аталады. Мутацияға бейім болу көптеген себептерге - организімнің жас мөлшеріне , даму сатысына температурасына генотиптік ерекшеліктеріне байланысты . Гендердің мутацияға бейімділігі бірдей болмайды , оларды стобильді және мутабилді деп бөледі . Жеке гамолгты храмасомаларда орналасқан аллель жұптары бір мезгілде ұшырамайды. Генотиптегі гендер мутацияға жиі ұшырайды. Жеміс шыбынының бір ұрпағында 100 гаметаға бір мутация сәйкес келеді . Тышқанның радиация әсеріне мутабилділігі дрозофиладан жоғары . Маймылдар рентген сәулесіне тышқаннан гөрі 2-3 есе сезімтал келеді . Генетикалық факторларға байланысты болғандықтан мутабилділікті қолдан сұрыптау арқылы арттырып не кемітіп отыруға болады. Қазіргі кезде селексиялық жолмен мутабилділігі жоғары жаңа линиялар шығарылуда . Мутагендер - деп мутацианың жүруіне әсер ететін заттарды атайды . Бұған физикалық әсерлер ( ультракүлгін сәуле , рентген сәулесі нейтрондар, химиялық заттар алколойдтар, нуклейн қышқылдарының аналогтары жатады . мутагендеодің әсері , олардың табиғатына , мөлшеріне әсер ету жағдайына сондай – ақ организмнің генотипіне , даму сатысына және физиологиялық жағайына байланысты . Тұқым қуалайтын өзггергіштің түрлері .

1. Ядролық немесе хромосомалық , ядролардан тыс немесе хромосомадағы қатысы жоқ цитоплазмалық

2. Хромосомалар санының өзгеруі : полиплойттар , анеуплойдтар , гетероплойдтар

3. Генетикалық хабардың өзгеруі : Мутациалар , Рекоминациалар

Мутациалар: Нүктелік мутациалар , ірі қайта құрылулар

Нүктелік мутациалар : Негіздердің түсіп қалуы , негіздердің кіруі , негіздердің ауысуы .

Ірі қайта құрылулар : Делециалар , транцлокациалар , инверциалар .

Ақырыеда мутациаларды өте жиі олардың фенотиптік көрінісіне , яғни өзгерген жағдайларға сәйкес топтастырады: леталды морфологиялық , биохимиялық мінездік сезімталдылық ,төзімділік т.с.с. Бұл мутациаларды топтастырудың шұбалаң түрі болғандықтан арнаулы әдебиеттерде жиі кездеседі . Жалпы түрде мутация дегеніміз - генетикалық материалдардың тұқым қуатын өзгерісі . Оның әректіне белгілердің өзгергенін білуге болады.

Генотип бойынша мутациалардың жалпыға бірдей қабылданған Топтастыруы бар :

1. Геномдық

2 . Хромосомалық

3 .Гендік

4 .Цитоплазмалық

Геномдық мутациалар - клеткадағы хромосома санының өзгеруіне байланысты. Оның пайда болу себептері әр түрлі. Әрбір түр үшін хромосоманың саны , формасы мен мөлшері жүйелік белгі болып табылады. Кариотиптің негізгі бірлігі хромосомалардың гаплойдты жиынтығы , яғни гамолгты хромосомалардың әрбір жұбының біреуі ғана болады. Мұндай жиынтыққа шоғырланған гендер тобын геном деп, ал ондағы хромосомалар санын негізгі сан деп атап оны n әріпімен белгілейді Митозбен мейоз ұрпақтан – ұрпаққа берілетін храмасомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз ететін клетка бөлінуінің аса дәл механизімі болып табылады . Алайда кейбір жағдайларда храмасомалардың клетканың бөлінуінсіз екі еселенуінен бұл миханизім бұзылады . Осының нәтижесінде храмасомалар саны өзгеріп 2n – n әдеттен тыс храмасомалар саны көбейген клеткалар пайда болады . Гаплойдты жиынтықтары тұтас көбейген организімдердегі полиплойттар деп аталады . Егер храмасомалар саны гаплойдты жиынтыққа еселі болмаса ондай организімдерді анеуплойдтар , гетероплойдтар деп атайды . Организім клеткаларындағы храмасомалар санының өзгеруі оның белгілерімен қасиеттерінің өзгеруімен қатар жүреді сондықтанда оларды геномдық мутациалар деп атайды . Полиплойдия ( грек полиплос - көп қайтара « ейдос» - түр ) Өсімдіктермен жануарлар клеткаларындағы храмасомалар санының еселенуі полиплойдия - деп аталады .

Хромосомалық мутациялар - хромосошілік және хромосомалық болып бөлінеді. Клеткаларда хромосомалардың қайта құрылуы әдетте осы клеткалар қасиеттерінің немесе олардан пайда болған организімдердің өзгеруімен байланысты болады . Хромосошілік өзгерістерге хромосо бөліктерінің жетіспеушілігінін белгілі бір жерінің екі еселенуінін жеклеген бөлшегінің 180- қа аударылуы салдарынан . хромосомадағы гендердің алмасуын , сызықтық орналасуының өзгеруін жатқызады . Хромосома бөліктерінің жетіспеушілігі ұзындықтары әр түрлі хромосома учаскелерін және оның түрлі бөліктерін қамтуы мүмкін . Егер хромосома иіндерінің бірінің ұшы үзіліп центромералары жоқ боса бөлініп қалған үзінді ондағы гендермен бірге ядроның таяудағы бөлінуі кезінде жойылады . Мұндай жетіспеушілікті терминалдық немесе ұштық деп атайды . Егер хромосоманың негізгі түрін -12345678910 деп т.с.с. локустардан десек оданда 4-ші локустардың делекциясы 1235678910: 6-9 локустар жетіспеушілігін 123410 т.с.с. негізгі дупликацйяларды былай көрсетуге болады. Кейде хромосоманың иіні үзіледі осының салдарыцнан екі ұшыда жойылады . Бұл жағдайда оның алшақ ұштары митозда шеңбер тәрізді хромосома түзе отырып қосылуы мүмкін . Хромосоманың бір иіні бір мезгілде екі жерден үзілгенде хромосома бөліктерінің жетіспеушілігі байқалады . Үзілген жерлер қосылып , хромосома қысқарады , бұл кезде локустар жойылады. Егер бөлініп қалған үзінді айтарлықтай үлкен болса жоылар алдында оның ашық ұштары қосылуы мүмкін , ал метафазада ацептірлік шеңбер түзіледі . Хромосома бөліктерінің үлкен жетіспеушілігі әдетте гоммозиготалы күйде леталды болады, ал хромосоманың әрбір локусының клеткамен организім тіршілігі үшін зор маңызы бар екендігін дәлелдейді .

Табиғи және жасанды мутациар.

Қоршаған ортаның тұқым қууға тигізетін әсері жөніндегі мәселе биологияда ертеде қойылған . К. Вольф XV111 ғасырда және Ж.. Б.Ламарк X1X ғасырдың басында қоршаған ортаның тұқым қуудағы маңызы жөнінде қағида ұсынған .Тек қана Ч. Дарвиннің теориясы шыққаннан кейін тұқым қуу мен өзгергңіштік эвалюция факторлары ретінде қаралады. Ортаның тұқым қууға тигізетін ықпалын ғылыми - теорияларын негізінде жүргізуден бастады . Тұқым куу заңы мен хромосомалардың маңызы аныұталғанша зерттеулерді ішкі және сыртқы факторларды зерттейтін дұрыс әдістер болған жоқ . Тұқым куудың

хромосомалалық теориясының ашылуы мутациалық працесті зерттеуге мүмкіншілік туғызды. Мутациалық працес пайда болу себептеріне байланысты спонтанды және индукциалды болып бөлінеді . Бірақ бұл екеуінің арасында айқын шекара жүргізуге болмайды , себебі мутация туғызатын агенттер, мысалы лабараториялық жағдайдарда ренттген сәулелері немесе кейбір химиялық қосылыстар қоршаған ортада немесе зат алмасу барысында түзіледі . Табиғи мутациалар мен олардың көріну жилігін өлшеу жасанды мутациаларды әлде қайда бұрын белгілі болады Алайда индукциалық мутациалар және олардың табиғатта пайда болуы жөнінде деректер спатонды мутациаға қарағанда көп . Әдетте спатонды мутациялық өзгегіштік ұғымына табиғи жағдайларда пайда болатын мутациалар біріктіріледі . Мутациалық працесс негізінен мутациалардың пайда болуы жилігімен сипатталады . Жануарлардың өсімдіктермен микроорганизімнің әрбір түріне муациалардың белгілі бір пайда болу жилігі тән: бір түрлердің мутациалық өзгергіштігі басқаларына қарағанда едәір жоғары болады . Қазіргі кезде мутацияның бір ұрпақтан пайда болуының жалпы жилігі жөнінде жеткілікті мәлімет жоқ . Мұны мынау мутациалардың фенотиптік көрінісі жөнінде сондай- ақ генетикалық табиғаты жағынан да барынша алуан түрлі болғанымен де ал оларды есептеу әдістері жетілмегенімен түсіндіріледі . Жекеленген локустардың өзгергіштігі жөнінде ғана белгілі дәрежеде дәл баға беруге болады . Әдетте альелдік жұп мүшелерінің біреуі ғана бір мезгілде мутациялануы күманд

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«Мутацияның түрлеріне жалпы сипаттама»

Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың кұрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұкым куалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялык ботаник Х.Де Фриз қалыптастырды. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалык, химиялық және биологиялык мутагендер. Физикалык мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сөулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады. Химиялық мутагендерге: колхицин, этиленимин, никотин қышкылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Өте жоғары концентрациядагы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинакталатын стронций, т.б.) мутагендік ққсиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді.

Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді.

Гендік мутация. Гендік мутация ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, ДНҚ кұрамындағы қатар тұрған екі нуклеотидтің орын алмастыруы немесе бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін.

Хромосом. мутация.Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомаралық болып келеді. Хромосома ішілік: дефишенсия — хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция — хромосоманың бір бөлігінін үзіліп түсіп қалуы; инверсия — хромосома бөлігінін 1800-қа бұрылуы гендерің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация — хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.

Хромосомааралык өзгерістерге хромосоманың бір белігінің оған ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді. Сол сияқты бұған хромосомалар арасында көпірлердің түзілуін де жатқызуга болады.

Геномдык мутация. Геномдыц мутация дегеніміз — жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік. Геном дегеніміздін өзі — гаплоидті хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы. Геномдык мутация хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей езгеруіне байланысты. Егер еселеніп көбейсе, оны полиплоидия, ал еселенбей көбейсе не азайса, анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.

Полиплоидия — жануарларда өте сирек кездесетін кұбылыс Бүл көбінесе жыныстык көбеюі партеногенез жолымен жүретін жөндіктерде кездеседі. Мысал ретінде аскариданы, жер құрттарын, көбелектерді алуға болады.

Анеуплоидия. Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқым куалау зандылығын зерттеу барысында.Ол аналық шыбынның дене жасушасынан ХХУ хромосомалардың (сонда У артық), ал аталықтарынан ХО (яғни У жоқ) хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофила шыбындарының кейбір белгілерінің (канаты, көзі жөне т.б.) өзгеретіндігі анықталды. Мұндай жағдай өсімдіктер мен жануарларда ж/е адамда да кездеседі. Мысалы, адамда 21-жүп хромосомада 46-ның орнына 47 хромосома болса, Даун ауруы пайда болады. Ондай адамның акылы кем, дене мүшелерінде түрлі кемістіктер болады.

Анеуплоидия құбылысының практикалык маңызы да бар. Ол өсімдіктер селекциясында жекелеген хромосомаларды ауыстыру арқылы жаңа мол өнімді түрлерін алу үшін колданылады.

Цитоплазмалык мутация. Бүл жасуша цитоплазмасында кездесетін плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады. Плазмогендер, негізінен, пластидтер мен митохондрияларда болады. Цитоплазмалык мутация да гендік жене т.б. мутациялар сияқты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп тұқым куалайды.

Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан біз қандай белгі-қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын көреміз.

Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады.

Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және ферменттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, төменгі температурада кейбір ферменттердің белсенділігі кемиді. Соған байланысты зат алмасу процесі өзгереді де, организмнің өсіп-дамуы баяулайды. Олай болса, сыртқы орта факторларының әсерінен көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық процестер өзгереді. Бірақ бұлар тек фенотиптік қана өзгерістер. Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай өзгеріс байқалмайды

IV. Жеке білім алушымен жұмыс

1. Окулыктағы материалдарды пайдаланып, берілген кестені толтырыңдар.

Өзгергіштік

Мутацияның типтері

Мутацияның пайда болу себептері

Мутация





толыктырыңдар:

А. Мутагендердің___түрі бар, оларға___мутагендер жатады.

Ө. Хромосомалардын белгілі бір бөлігінін екі еселенуін___, ал хромосоманың

бір бөлігінін үзіліп түсуін___деп атайды.

Б. Хромосомалар санынын екі еселенуін___, үш еселенуін___, ал төрт

еселеяуін____деп атайды. Деңгейлік тапсырмалар.

І. деңгей (5 ұпай) 

1. Мутациялық және модификациялық өзгергіштікті салыстырыңдар

2. Мутациялық өзгергіштіктің мәні неде?

3. Полиплоидтар дегеніміз не, оның маңызы қандай?

ІІ. деңгей(4 ұпай)

Өзгергіштік Мутацияның типтері Мутацияның пайда болу себептері

Мутация

1.

2. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:

А. Мутагендердің ————– түрі бар, оларға ———— мутагендер жатады.

Ә. Хромосомалардың белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ———, ал хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуін ——— деп атайды.

Б. Хромосомалар санының екі еселенуін ———, үш еселенуін ——, ал төрт еселенуін ——– деп атайды.

ІІІ. деңгей (3 ұпай)

«Сәйкестендіру тесті

1. Генот1. Генотип



1. Мутация тудыратын факторлар

А) мутагендер В) анеуплоидия

С) гетероплоидия Д) токсиндер Е) полиплоидия

2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруі

А) генотиптік өзгергіштік В) тұқымқуалайтын өзгергіштік

С) Модификациялық өзгергіштік Д) мутациялық өзгергіштік

Е) модификациялық, мутациялық өзгергіштік

3. Әртүрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосома

А) гаплоидты В) гомологтыемес С) гомологты Д) аллельді Е) соматикалық

4. Хромосомалардың қызметі

А) органикалық заттарды тасымалдау В) тұқымқуалау

С) бөліну, ақпараттарды тасымалдау Д) көмірсуларды тасымалдау

Е) нәруыздарды синтездеу

5. Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін салған

А) К. Коренс, Э. Баур В) Э. Чермак - Зейзенаг

С) С. С. Четвериков Д) И. Н. Вавилов Е) К. де Фриз

Жауаптары:

1. А; 2. С; 3. В; 4. В; 5. А;


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя