СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Музыкалық түрлі аспаптардың үндерімен таныстыру.

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  мақсаты:

1. Балаға әр түрлі  аспаптардың  үндерімен  таныстыру.

2.Қимыл - қозғалыс  мүмкіндіктерін  анықтау.

3.Музыка  тыңдау  арқылы  түрлі  дене  қимылдарын  жасауға  үйрету.( барабанның  даусына  адымдау, пианиноның  үніне  қол  соғу.

Просмотр содержимого документа
«Музыкалық түрлі аспаптардың үндерімен таныстыру.»


Бекітемін:.......................... Айы:......................

...............................................

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық түрлі аспаптардың үндерімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Балаға әр түрлі аспаптардың үндерімен таныстыру.

2.Қимыл - қозғалыс мүмкіндіктерін анықтау.

3.Музыка тыңдау арқылы түрлі дене қимылдарын жасауға үйрету.( барабанның даусына адымдау, пианиноның үніне қол соғу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта – түзету, қайталау.

Көрнекі-құралдар: магнитафон, дыбыс шығаратын ойыншықтар, суреттер.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

II. Негізгі бөлім: Балаға әр түрлі аспаптардың суретін көрсетіп, әр аспаптың әуенімен таныстыру. Музыкадағы(домбыра, гитара,сыбызғы) дыбыстарын аса сезімділікпен тыңдау, естуін, зейінін бақылау.

« Келіңдер, билейік!» ойыны

Есту зейінін дамытуды жалғастыру. Мұқият тыңдау арқылы аспапатардан шыққан әуенге дене қимылын жасау.

Музыка тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді

Басты көтер, тік ұста

Емін – еркін тыныста!

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Релаксация.

Әуенді тыңдау арқылы бір сәт баланы демалдыру, тыныштандыру.

Көзін жұмып, жәй әуен тыңдату.

«Біз адымдаймыз» ойыны.

Шарты: баланы екі қолынан ұстап алдыға және артқа әуен ырғағымен жүргізу.

Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Аяқпенен топ-топ,

Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мында.

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Тарбие алушыға қаламмен стол үстін ұру арқылы дауылпаз дауысына ұқсас дыбыс шығаруға болатынын көрсету.

«Тарсылдатамыз, тарсылдатамыз» ойыны.

Заттардан алуан түрлі дыбыс шығару: ағаш немесе металл заттарды бір-біріне соғу, батареяны таяқпен сырғытып өту,әйнекті саусақпен тықылждату арқылы баланың есту қабілетін дамыту.

Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Саусағымды жаздым,

Жұдырығымды түйдім.

Қайшылайық 1,2,3

Бойға жинап күш


IY апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Балаға әуен тыңдатуды үйретуді жалғастыру. Түрлі аспаптар үніне әр түрлі қимыл жасату.( барабан дауысына қол соғу, домбыра дауысына қолды жоғары-төмен қозғау,т.б.)

Релаксация.

Балаға түрлі аспаптардың үні қосылған баяу әндерді тыңдату арқылы тыныштық күйде отырғызу.

Серіту сәті:

Оң қолыңды соз алға,

Сол қолыңды соз алға.

Екі қолды тең сілкіп,

Би биле сен, қозғала.

V. Бекіту. «Қомағай» жаттығуы:

Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.

Қарным менің қомағай

Бәрін-бәрін жұтады.

Қомағайдың қарны енді

Сусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!