СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до 27.05.2025
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Нарықтық экономика негіздері пәніне арналған сабақ лекциялары
Cабақ №
Топ
Күні __________
Тақырыбы: Адам – өндіруші.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп анықтайды. Еңбек - адамның саналы түрде және мақсатты бағытталған қызметі ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, адамға сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.
«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, алайда содан бері оның әлі нақты анықтамасы жоқ. Себебі ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ деп ойлаймыз. Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклассиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционалшылдықтар және т.б. келіседі. Адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзіне және қоғамға қажеттерінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмылдырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты ретінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теорияның басты, негізгі категориясы ретінде қарастырылады. Сонымен, адам капиталы - экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылардың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды, еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - адамның тұтыну күшінің қызметі.
Сондықтан да, адамның еңбекке және тұтынуға қабілеттері ретінде адамның қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономикалық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтамалардың тұтастай арсеналын пайдаланады.
Экономикалық категориялардың ішінен, адам факторының анықтамалары мен атаулары көп кездеспейді. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі - экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық формалары кезінде біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай мәнге ие болмайды. Тек соңғы 40-50 жылдары әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.
Адам капиталына салынатын инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтеледі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.
Жұмысшыларды оқытуға арналған инвестицияны жабдықтарды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақтысында екі көзқарас бір-біріне өте ұқсас. Қосымша білім алуға арналған инвестициялар, сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндірістің өсу объективті қажеттілігіне жұмасалады.
Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылдары адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің материалдық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растайды. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын құрайды.
Тұтастай алғанда адам капиталына салынатын инвестициялардың төрт түрі болады:
1. Білім беруге жұмсалатын шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым өнімді бола түседі
2. Денсаулық сақтауға, аурудың алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар - осылардың барлығы өмір сүруін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.
3. Солардың арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аударуына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты, географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда табуға жағдай жасайды.
4. Адам капиталы теориясына сәйкес еңбек өнімділігі мен еңбек қызметінің (еңбекақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде жеке адамға немесе оның отбасы және жалдаушыға білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайды.
5. Экономикалық теория адам өмірінде ғылыми талдау жасағанда, оның жеке басының алуандылығын, жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, модель жасауға, ол жеке адамның экономикалық белсенділік мотивтерін, мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.
Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілері мен сапаларын абстракциялайды. Экономиалық ғылымның шаруашылық өміріне теориялық талдау жасау кезінде нақты адамдар қасиеттеріне сүйенуге болмайды, өйткені олардың жеке басының мінездемесі тым күрделі, қарама-қайшылықты болып саналады.
Экономикалық теория адам моделін зерттеу инструменті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоретиктер сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теорияларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарастырады.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Тақырыбы: Сауданың шаруашылық субъектісі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды болу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілср қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қогамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мені мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға — жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы ай-налымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды болу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған, меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған болігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер ара-сындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Тақырыбы: Нарықтағы тұтыну тауарлары мен саудалық субъекттерді топтастыру
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып қарастырылады
Дәстүрлі тауарларға тоқталайық:
1. Тұтыну тауарлары - түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануна арналған тауарлар.
Размещено на реф.рф
Тұтыну уақытына сәйкес олар мынадай топтарға бөлінеді:
а) Ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар (мысалы, киім, көйлек, телевизор, т.б.);
б) Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар - бір мәрте немесе бірнеше рет тұтынатын тауарлар (салфетка, нан, тіс шаю пастасы, т.б.).
Ал тұтыну әдістеріне қарай олар мына топтарға бөлінеді:
а) Күнделіктісұраныстағы тауарлар.
Размещено на реф.рф
Оларды сатып алғанда тұтынушылар көп ойланбайды, салыстырып жатпайды, өйткені күнде алады. Соған сәйкес ол тауарлар өзара былай бөлінеді:
♦ үздіксіз сұраныстағы тауарлар - тұтынушылар үнемі сатып алатын тауарлар (тіс шаятын паста͵ сабын порошогы, шырпы т.б. с.с.);
♦ импульстық (ойда жоқта сатып алынатын) тауарлар -алдын ала сатып алуын жобаламаған және арнайы іздемейтін тауарлары (шоколад, сағыз, газет, сусындар, т.б.);
♦ төтенше сұраныс тауарлар - кенеттен қажет қалыптасып сатып алынатын тауарлар, бүлар аяқ астында қатты мұқтаждық туған кезде сатып алынатын заттар (қол-шатыры, дәрі, такси, т.б.).
б) Алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлары. Тұтынушы ол тауарларды көптен таңдайды, сатып алғанда оның жарамдылығын, сапасын, бағасын, сыртқы әдемілігін т.б. қасиеттерін салыстырып барып, сатып алады. Мысалы, жиһаздар, тұрмыстық электрозаттары, сыртқы киімдер солай сатып алынады. Олар өзара былайша бөлінеді:
♦ бір-біріне ұқсас тауарлар - түрі, сапасы бірдей, бірақ бағасы әр-түрлі болады;
♦ ұқсас емес тауарлар - бағасын елемей, тұтынушы оның фасонына, түсіне, түріне және т.б. көрсеткіштеріне көңіл аударады.
в) Ерекше сұраныстағы тауарлар - бірегей сипаттамалары мен және жеке таңбалы тауарлары. Оларды сатып алу үшін кейде тұтынушылар бірқатар қосымша күш салады. Мысалы, автокөліктерді, фотожүйесін, мода тауарларын т.б. сатып алғанда.
г) Еңжар (пассивті) сұраныстағы тауарлар.
Размещено на реф.рф
Оларды тұтынушылар білуі, немесе білмеуі мүмкін. Бірақ, сатып алу жағын ойластырмайтын тауарлар (өмір қаупін сақтау, бейіттік учаскелер, энциклопедия және т.б. тауарлар).
2. Өнеркәсіп тауарлары.Олар өндіру үдерісіне қатысуына байланысты мынадай топтарға жіктеледі:
а) материалдар және бөлшектер - өндірушінің тауарында толық қолданылатын заттар:
♦ шикізат,
♦ жартылай фабрикаттар, бөлшектер;
б) күрделі мүлік- өндіру үдерісінде қолданылады және дайын заттың құнында жарым-жартылай орын алады. Олар тұрақты өндіріс құралы (мысалы, зауыт, станок және т.б.) және қосалқы жабдықтар;
в) қосалқы материалдар - өндірілген заттың құрамына енбейтін тауарлар және объектілер, алайда жұмысқа керекті материалдар.
Размещено на реф.рф
Мысалы: станокты майлайтын материалдар, тас көмір, электроқуаты, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған материалдар, т.б.
3. Биржа тауарлары - дұниежүзілік экономикада маңызды рольатқаратын, оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Мұндай тауарларға жататындар:
а) энергия көзі болатын тауарлар, мысалы, мұнай, газ, тас көмір;
б) азық-түлік тауарлар, мысалы, бидай, қант, жүгері, күріш, кофе;
в) стратегиялық тауарлар, мысалы, алтын, уран, платина; металдар, мысалы, мыс, болат, күміс, т.б.
3. Тауардың өміршендік кезеңі және кезеңінің түрлері
Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі, немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары б.т. Өнімнің өтіміне, пайданың көлеміне, тұтынушылардың мінез-қүлқына, бәсекелестіктеріне, маркетинг стратегиясына тауардың өмір циклі аса күшті ықпал жасайды. Тауардың өміршеңдік кезеңінің фазалары 2-суретте көрсетілген:
♦ рынокқа енгізу,
♦ өсу,
♦ кемеліне жету,
♦ құлдырау.
Рынокқа енгізу фазасында - жаңа тауарға рынок қалыптасады.Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін.
2-сурет.Тауардың өміршеңдік кезеңі
Өсу фазасы тауардың болашағына әсер етеді. Бұл фазада тұтынушылар тауарды қабылдайды, сұраныс өсе бастайды және сату көлемі де өседі. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым узақ уақытқа созу керек. Бұл мақсатқа жаңа нарық сегменттеріне шығу, жаңа өткізу арналарын табу, жарнаманы күшейту арқылы жетуге болады. Баға тіпті төмендеуі мүмкін, өйткені рынокта бәсекелестердің тауарлары сатылады. Олардың жолын бөгеу үшін бағаны темендету қажеті де кездеседі.
Кемеліне жету фазасында жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады.
Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет.
Бір фазадан басқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет. Рынокта "сырқат тауар" ұстағандар көп шығынға ұшырайды, ол фирма беделіне де нұқсан келтіреді. Тауар өміршеңдік кезеңі сипаты және әрбір фазасының ұзақтығы тауардың тұтыну қасиеттеріне, олардың тұтынушылар қажеттеріне сәйкестігіне, өзара алмасушы тауарлар санына және олардың бәсекелік қабілеттілігіне байланысты. Осыған қоса рынок жағдайы да есепке алынуы маңызды орын алады.
Жоғарыда дәстүрлі түрде орын алған тауардың өміршендік кезеңін қарастырған едік. Алайда іс жүзінде оның басқа да түрлері бар (3-суреттерді қараңыз).
Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған.
Классикалық ирегі: тауардың тұрақты өтімі ұзақ уақытпен сипатталған.
Елігу ирегі: тауардың өтімі аса тез көтеріліп және тез темендеуімен сипатталған.
Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл да жоғарыдағыдай, тек өнімнің өтімі төмендеп барып бір деңгейде сақталады.
Мерзімді немесе сән ирегі: тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады.
Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда болғанын сипаттайды.
Сәтсіздікке ұшырау ирегі: рынокта мүлдем табыс бермейтін тауарды сипаттайды және ол тек екі фазамен қамтылады (рынокқа енгізу мен құлдырау фазалары).
3-сурет. Тауардың өміршеңдік кезеңінің түрлері
Рынокқа бір мезгіл ішінде өміршендік кезеңіне байланысты келесі тауар топтарын (4-суретте көрсетілген) ұсынған ұтымды болмақ:
♦ Негізгі тобы - кәсіпорынға негізінен пайда әкелетін және өсу фазасындағы тауарлар (А);
♦ Қолдаушы тобы - табысты тұрақтандыруға әсері бар және кемеліне жету фазасындағы тауарлар (Б);
♦ Стратегиялық тобы - болашақтағы пайданы қамтамасыз етуге арналған тауарлар (В);
♦ Тактикалық тобы - негізгі тобын сатуды көтермелеуге бағытталған және, әдетте, өсу және кемеліне жету фазасындағы тауарлар (Г);
♦ Зерттелінетін тобы - рынокқа шығаруға дайындық жобасындағы тауарлар (Д);
♦ Өндірістен алынатын тауар тобы - құлдырау фазасындағы тауарлар (Е).
Ең ұтымдысы тауарлардың негізгі тобының сатудағы үлесі 75-85% құрауы тиіс. Тауар номенклатурасында құлдырау фазасындағы тауарлар да болуы әбден ықтимал (Е). Оларды сатылымнан шығару ісі жоспарлы ойластырылған түрде жүргізілуі қажет. Бұл жұмыс ұдайы жалғасады, өйткені:
1) өткізу арналарында көптеген ескірген тауарлар жинақталып жатады;
2) оларға жұмсалған жарнамалық шығындар жалпы шығынды тиімсіз көбейтеді;
3) басқару және өткізу жұмыстың уақытын айтарлықтай босқа алады;
4) тұтынушылардың алдында кәсіпорынның беделін темендетеді.
Тауардың өміршендік кезеңіне қатысты және бір маңызды жағдайды айта кетейік:
♦ жалпы өміршендік кезеңі мен оның фазаларының мерзім ұзақтығы жоғарыда айтылғанға қоса тауардың ерекшелігіне, сонымен қатар нақты рынок сипатына байланысты, жалпы алғанда шикізат тауарларының өміршеңдік кезеңі анағұрлым ұзақ, ал тұтынуға дайын өнімдердікі – қысқа болады;
♦белгілі бір тауардың өміршеңдік кезеңі әр рынокта әрқалай болады. Мысалы, пісуі жетпеген Қазақстан рыногында, АҚШ және Жапонияға қарағанда тауарлар өмірі айтарлықтай қысқа болып, тауарлар тез арада ауысып жатады;
♦ маркетинг құралдары арқылы тауардың өміршеңдік кезеңі рынокта қалай ұзартылса, сондай-ақ қысқартыла да алады.
4 -сурет. Кәсіпорынның оңтайлы тауар ассортименті
4. Тауар белгісі, оралуы және штрих коды
Тауар таңбасы дегеніміз басқа тауарлардан оны айыру үшін, қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі болады. Ол сурет, рәміз (символ), біріккен әріптер немесе цифрлар сипатында болуы мүмкін.
Таңбалық ат дегеніміз атаулы тауардың таңбасының бөлімі.
Таңбалық белгі деп суреттеп белгіленген тауар таңбасының бөлімін айтады.
Тауар белгісі дегеніміз заңға сүйенген, (құқықтық) қорғаумен қамтамасыз етілген тауар таңбасының бір бөлімі. Тауар белгісі 1883 жылы Париж конвенциясында бекітілген өндірістік меншіктің бір түрі деп те айтады. Ол коммерциялық жарнамамен қатар, бәсекенің маңызды түрін құрайды. Жоғарыда көрсетілген конвенциядан бөлек тауар белгісінің құқығын қорғау мақсатымен 1981 жылы өткен Мадрид конвенциясындағы тауар белгісінің халықаралық тіркеуінде және 1981 жылы өткен тауар белгісі жайындағы шартқа Ресей де қатынасқан, Бірақ ол онда Кеңес одағының құрамдас бөлігі ретінде болған. Тауар белгісінің құқықтық қорғалуы әлемнің 160-тай елдерінде заңды түрде жүреді.
"Тауар белгілері, белгінің қызмет көрсетуі, тауар өндірушінің аты" деген заң Қазақстан Республикасында да бар.
Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25% артық бағаланады.
Тауар белгілерінің тіркелуі бәсекелестермен бәсекеге түсу, жарнама жасау, тұтынушылардың және олардың коммерциялық құрылымымен танысу үшін ғана қажет емес, ол басты түрде тауар белгілеріне лицензия сату мүмкіншілігі үшін қолданылады.
Жоғарыда айтылғандай, тауар белгісі экономикалық мән-мағынасы жоғары және де ол көптеген ірі компаниялардың миллион, миллиардтаған доллармен есептелінетін меншіктің автономды құнды объектісі болады. Мысалы, "COMEL" тауар белгігісі 10 млн. долларға, ал "COCA-COLA" тауарлық белгісі-3 млрд. долларға бағаланған.
Өзімен-өзі тауар белгісінің соншалықты мәні шамалы, әсері де аз. Ал егер де ол жақсы жарнамамен сүйемелделіп, өзінің тіркелуінен кейін құқықтық күш алса, онда тауар сапасының ынталандырылуы күшейеді.
Таңбалық белгісінің төрт түрі болады:
1. Фирманың аты. Ол міндетті түрде айтылатын әріп, сөз, болмаса әріптер және сөздер тобы;
2. Фирма белгісі - көрінетін символ, сурет, болмаса айырмашылығы бар түстер;
3. Саудалық бейнесі - жекелеген сауда таңбасы;
4. Сауда белгісі - фирма аты, фирма белгісі, сауда бейнесі. Бәpi құқықтық жағынан қорғалуы тиіс.
Тіркелген тауар белгісін қолданған кезде белгілі шеңбер ішінде әріппенен көрсетіледі.
Лицензияланған тауар белгісі шеңбер ішінде S әрпімен белгіленеді.
Әдемі киім адамға көрік беретіні сияқты сәнді етіп орау да тауар жоғары сапалы деген ұғым қалыптастырады. Тауардың оралуы өндірушінің немесе сатушының визит карточкасы ретінде біршама қызмет атқарады десек те болады.
Тауардың оралуы- оны салатын ыдысқа, я болмаса қорабқа, немесе орайтын затқа байланысты. Тауардың ішкі және сыртқы оралуы болады:
♦ Ішкі оралуы дегеніміз тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы әтірдің шишасы;
♦ Сыртқы оралуы - тауарды корғау үшін орайтын және тауарды тікелей қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.
Тауардың оралуы мынадай қызметтерді атқарады:
1. Тауардың бұзылуы мен бүлінуінен сақтайды.
2. Тауарларды көлікпен тасымалдауды, тиеуді және түсіруді жеңілдету үшін ұтымды бөлшектейді.
3. Тауарды сату үшін салмағы мен көлемін онтайландыруды (оптималдауды) қамтамасыз етеді.
4. Жарнама жасау үшін қолданады.
5. Қоймаға тауарды жинап қоюды жеңілдетеді. Ораудың сыртқы безендірілуі мен ақпарат құралы ретінде пайдалануы зор қызмет атқарады, яғни оның көмегімен тауар "өзін-өзі сатуға" көмектеседі. Бір ғана орауды ұтымды өзгерту, оны жетілдіру арқылы тауардың сатылу көлемін айтарлықтай дәрежеде көбейтуге болады.
Тауардың оралуына қойылатын талаптар:
♦ тауардың өзіндік түп нұсқасын және патентін қорғау;
♦ оралған ыдыстың өзін басқа мұқтажға қолдану мүмкіндігі;
♦ сатып алушыға эстетикалық әсер етуі;
♦ орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы;
♦ тауардың сапасын сақтау талаптарын орындау.
Ораудың сыртқы бейнесіне әсер ететін факторлар:
а) тауардың қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты оны орау түрлері;
б) тасымалдау, қоймалау құралдарын оңтайлы (оптималды) қолдану үшін тауардың салмағы мен көлемінің өзгешелігі;
в) автоматтандыру, тасымалдау, қоймалау құралдарына тауар оралуының бейімделу қажеттілігі;
г) тасымалдау, қоймаға жию және сақтау үдерісінің тауарға тигізетін әсеріне қарай тауарды орау.
Сондай-ақ, белгілі рыноктарда орын алған стандарттау мен бірегейлендіруді ескеру қажет. Батыс елдерінде тұтынушылар мүдделерін қорғайтын заң шығару тәжірибесі белсенді түрде дамыған. Ал Батыс Еуропа елдерінде орау жөнінде ережелер қабылданған. Орауды оңтайландыру үшін Батыс Неміс қоғамы тауарды орау жөнінде келесі ережелерді бекіткен:
♦ ораудың тексті мен сурет сипаты тауардың маңызына сәйкес, нақты және бір мағыналы болуы қажет, оның ішінде оралған тауардың сапасы мен саны жөніндегі тұтынушыға жалған мәліметтер бермеуі тиіс;
♦ оралған тауардың салмағы, немесе көлемі және саны туралы мәліметтер ораудың көрнекі жерінде жазылуы тиіс;
♦ оралған тауардың салмағы мен бірліктерінің саны, мүмкіндігінше, бүтін сан болуы қажет (мысалы, 10-20 дана немесе 1 килограмм және т.б.); тауар бағасы көрнекі болуы тиіс;
♦ тауарлардың ескіруі мен жарамдылығының мерзім шегі арнайы нұсқаулар негізінде көрсетілуі тиіс;
♦ орауға кететін шығындар көлемі мен тауар сапасына қойылатын мемлекеттік талаптар (соның ішінде эколологиялық) толық орындалуы қажет.
Дамыған елдерде орау жұмысына жыл сайын ұлттық табыстың 3 %-тен жоғары үлесі жұмсалады. Бизнесмендер: ʼʼТауарыңды немен орайтыныңды көрсетсең, өзіңмен әріптес боларымды айтамынʼʼ, немесе "Орау шығыны тауардың өз құнынан да ұтымды" дегенді айтады. Қазіргі кезде сәнді етіп ораудың өзі бәсекеде аса маңызды рөл атқарады.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Тақырыбы: Сауда кәсіпорындағы басқарудың экономикалық әдістері.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Өндірісті басқарудың барлық процесінде әдістер жүйесі аса маңызды рөл ойнайды. Оның көмегімен объектінің нақты әлеуметтік-экономикалық дамуы және нарықтық экономиканың мақсаттары жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикаға көшу өндірістің басқару әдістерінің мазмұны мен сипатын түбегейлі өзгертуге әкеледі.
Басқару әдістерінен өндірістің нақты тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар белгілерін көруге болады. Оларды пайдалану арқылы экономиканы басқарудың мақсаттары мен принциптері жүзеге асырылады. Басқарудың мақсаты әдістерді таңдауды, ал мақсаттардың жиынтығы - олардың арсеналын анықтап береді.
Басқару әдістері олардың бағытына қарай бөліп көрсетіледі (бұл әдіспен неге
ықпал етуге болады), яғни олардың мотивациялық (себепкерлік) сипаты болуы керек. Менеджерге мұны білу аса маңызды.
Басқарудың барлық әдістері түпкі есебінде басқару органдарына және нарықтық өндіріске қатысатын адамдарға бағытталады. Сондықтан да басқару әдістерін топқа бөлуге менеджер басшылыққа алатын мотивтердің (уәждемелердің) сипаттамалары себепкер болады.
Топтардың біреуі тауар өндірушілердің материалдық мүддесіне ықпалын тигізетін әдістерді тудырады. Әдістердің бұл тобын материалдық мотивация әдісі деп атайды.
Бұдан басқа әлеуметтік мотивация әдістерінің (адамдық факторлар, моральдық және әлеуметгік мүдделер) және мәжбүрлеу мотивациясы әдістерінің (әкімшілік жолмен ықпал ету) топтары болады.
Басқару басқарылатын объектінің деңгейіне, ауқымына және сипатына қарай қолданылатын әдістердің жиынтығын пайдаланады. Экономиканың құрылымында макроқұрылымды, мезоқұрылымды және микроқұрылымды бөліп қарастыруға болады. Микродеңгей әдетте қоғамдық өндіріс пен оның бөлімшелерін қалыптастыратын алғашқы буынның әр түрлі құрылымдарын қамтиды. Мынаны баса айта кету керек, бұл деңгей менеджменттің басты объектісі болып табылады, өйткені ол қоғамдық өмірдің материалдық негізін білдіреді.
Мезодеңгей аймақтық менеджменттің объектісін білдіретін аса ірі салалық және территориялық өндірістерді қалыптастыратын құрылымды қарастырады.
Макродеңгейдегі талдауда барлық халық шаруашылығының құрылымы, оның ішінде ұдайы өндірістік, территориялық, ұйымдастыру -шылық және т.б. түрлері зерделенеді. Осыған орай, басқару әдістерінің өз тобы болады (теңгерімдік, болжаушылық, стратегиялық, құрылымдық және т.б.).
Басқару әдістері кешенді пайдаланылады, ол әр түрлі буындар үшін біртұтас болады. Алайда, нақты басқару объектісіне қарай кейбір әдістердің өз артықшылықтары болуы мүмкін. Басқарудың жекелеген міндетгерін шешу үшін әдістердің қолайлысын таңдап алу қажеттілігі пайда болады. Әдістердің салыстармалы тиімділіктерін, қаншалықты ықпал ете алатынын және олардың өзара байланыстарының есебін, пайдалану салаларын бағалаудың маңызы зор. Бірігіп еңбек ету процесінде қалыптасатын өзіндік ерекшелігі бар қатынастарды қоса ескеретін қоғамдық өндіріске объективті зақдылықтар негізінде басқару әдістерін жіктеу айрықша маңызды орын алады. Осы белгі бойынша экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық басқару әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Басқарудың экономикалық әдістері – кәсіпорын жұмыскерлерінің қажетті бағытта әрекет етуіне және алға қойылған міндеттерді шешуге талпыныстарын оятатын экономикалық жағдайларды тудыру жолымен ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдістер әлеуметтік-экономикалық заңдылықтар мен объективті әлемнің - табиғаттың, қоғамның және ой-сананың даму заңдылықтарына негізделеді. Бұл әдістер жеке тұлғаның, ұжымның және қоғамның экономикалық мүдделерінің жүйесі негізінде пайдаланылады.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Тақырыбы: Тауар айналымының мәні жіне құрамы.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материялдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметімен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры бұл өндірістік мүндетті, ал өндірістің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі — ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
Айналым капиталы дегеніміз — өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары — бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт — қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы — бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы — бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары;
Кесте-1. Айналым капиталы
Айналым қорлары | Айналыс қорлары | ||||||
өндірістік запастар | Аяқталмаған өнадіріс | Болашақ кезең шығындары
| Қоймадағы дайын өнімдер | Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар | Есептеулердегі ақша құралдары | Ақша және т.б. қаражат айналымы | |
Нормаланған | Нормаланбаған | ||||||
|
|
|
|
|
|
|
Өндірістік айналым қорлары — өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
Өндірістік запастар. Оларға — шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
Болашақ кезеңдердің шығындары — жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары — запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары — бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Айналым капиталының қаржыландыру көздері
Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.
Меншікті айналым капиталы — бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады.Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.
Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.
Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі,ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.
Меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның пайдасы болып табылады. Сонымен қатар, меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландыруға меншікке теңестірілген тұрақты пассив деп аталатын өзге де көздерді пайлалану қажет болып табылады. Өкінішке орай, қазір БЕС-ке сәйкес тұрақты пассивтер меншікті айналым капиталына жатпайды. Өмірде бұл қаржыландыру көзін кәсіпкерлер үнемі пайдаланып отырады. Бұл, әсіресе, қаржы ресурстары жаппай тапшы болған өтпелі кезеңде кеңінен қолданыс тауып отыр.
Тұрақты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдалатын,бірақ оның меншігіне жатпайтын пассивтерді атайды. Олар келесілерден тұрады:
а)жұмыскерлер мен қызметкерлер еңбекақысына берілетін ең аз мөлшердегі көлемі есебінен;
ә)әлеуметтік сақтандыру мен салық төлемдерінен;
б)келешекте болатын төлемақылар резервінен;
в)ағымдағы сыйақы тағайындауға арналған материалдық ынталандырудың тұрақты айнымалы қор қалдығынан, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысына арналған қорлардан;
г)жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген тауарлар бойынша берешектен;
ғ)заңнаға сәйкес сатып алатын тауары үшін ең аз мөлшердегі алдын ала төленген қаржы көлемінен.
Тұрақты пассивтерді меншікті айналым капиталына теңестіру қажет, себебі олар үнемі кәсіпорын иелігінде болады және шаруашылық айналыста пайдаланылады.Олардың үлес салмағы, әсіресе еңбекақы өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігін құрайтын өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ өнімнің жартылай дайындығы бойынша төлем жүргізетін салаларда жоғары болып келеді.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Тақырыбы:Кәсіпорындардың өнімі және тауар айналымы
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз процесті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу – сату жолымен ала отырып, өндіріс процесін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл процесс үнемі қайталанып отырғандықтан кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.
Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымында олардың бір нысаннан екіншіге, ақша ысанынан өндірістік, кейін тауар нысанына өтуі жүзеге асады. Бұл формула түрінде былай көрсетіледі:
өндіріс құрал-жабдықтары
А – Т
жұмыс күші ...........Q.......Т1– А1
Бұл формулада ақша капиталы, өндірістік капитал және тауар капиталы нысандарының қызметтері көрінеді. Капитал кезегімен үш сатыдан өтеді:
1. Мұнда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс құрал-жабдықтар сатып алынады және еңбек ақы төлеу үшін ақша авансыланады.
1- саты
өндіріс құрал-жабдықтары
А – Т
жұмыс күші
2. Өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін өндірістік тұтыну процесі жүреді, ол тауардың құны мен тұтыну құны және оған қосымша өнім құнын қосқандағы тауарды жасаумен аяқталады.
2- саты
өндіріс құрал- жабдықтары
Т ...........Q.......Т1
ж ұмыс күші
3. Өнімді өткізу жүзеге асады, тауар ақшаға айналады.
3- саты
Т1– А1
Сонымен капиталдың ауыспалы айналымы – өндіріс және айналыс процесін қамтиды және бастапқы ақшалай нысаннан капиталдың келесі басқа қызметтік нысанына ауысуын білдіреді. Капиталдың айналым саны мынаған тең:
N=Ө/У;
Ө-жылғы жалпы өнім, уақыт айналымының бірлігі ретіндегі өлшем;
У-бір капиталдың уақыт айналымы;
N-айналымдар саны.
Пайда алу мақсаты кәсіпкерді өз капиталын ауыспалы айналымға жұмсауға итермелейді. Капитал қозғалысы үздіксіз жүруі үшін қажет:
1) капитал бір нысаннан екінші нысанға үнемі ауысып отыруы тиіс.
2) әрбір кезеңде қызмет етуші капитал бір мезгілде ақшалай, өндірістік, тауар нысанында болуы тиіс. Капиталдың құн нысандарының үнемі бір-біріне үздіксіз өзгеріп отыруы ауыспалы айналымның бірлігін сипаттайды.
Капитал айналымы – үнемі жаңарып, қайталанып отыратын процесс. Яғни кәсіпкердін жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі. Капитал әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс және айналыс уакытының ұзақтығына тәуелді.
Берілген әрбір уақыт сәтінде кәсіпорын капиталы белгілі бір үлесте барлық үш формада болады: ақшалай, өндірістік және тауарлы. Олардың екіншісі өндіріс саласының негізі болса, ал ақшалай және тауарлы нысандары айналыс саласында қызмет етеді.
Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан турады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың сол көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын капиталының айналым уақыты төмендегілерден құралады:
· өндіріс уақытынан (шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік запастарда болу уақыты, яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи процестердің әсер ету уақыты; еңбек процесіндегі үзілістер уақыты);
· айналыс уақытынан (өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт).
Айналым уақытын қысқартудың маңызды шараларына жатады.: ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруді жеделдету, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, жабдықтарды ауыстыру коэффициентін көтеру, жұмыс уақытын бос өткізуді қысқарту, экономикалық байланыстардың прогрессивті формаларын дамыту, көтерме сауда мен көлік жұмысын жетілдіру және т.б.
Кәсіпорынның өндіргіш капиталының айналымын талдау нәтижесінде оның бөлімдері әртүрлі жылдамдықпен айналатынын және дайындалатын тауарға өз құнын көшіруі бірдей болмайтынын көруге болады. Осыған байланысты кәсіпорын капиталы негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Мұндай бөлудің материалдық негізі еңбек құралдары мен еңбек заттарының арасындағы айырмашылық болып табылады.
Негізгі капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне қарай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитал өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес негізгі капитал болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар, құрылғылар, машиналар және көлік, т.б. жатады.
Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді.
Бірінші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған маши-налардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды.
Екінші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады.
Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация- негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.
Айналмалы капиталөндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бір бөлігі. Айналмалы капиталдың элементтеріне жатады: өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы төмендегіше:
1. Ақша→ 2.Өндірістік запастар→ 3.Аяқталмаған өндіріс→ 4.Дайын өнім → 5. Ақша
1-ші және 2-ші – айналымның ақшалай сатысы, яғни ақша айналыс сферасынан өндіріс сферасына өтеді;
2, 3, 4-ші – өндірістік саты, өндірістік запастар өздерінің натуралды нысандарын өзгертеді және дайын өнімге айналады;
4-ші және 5-ші – ақшалай саты, дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары айналыс сферасына қайта келеді.
Айналым қорларына келесі элементтер жатады: кәсіпорын қоймаларын-дағы сатуға дайын өнім; тиелген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар; есеп айырысу шотында тіркелінген кәсіпорынның бос ақша қаражаттары; бітпеген есеп айырысулардағы ақша қаражаттары.
Айналым қорларын тиімді пайдалану капиталдың айналым жылдамдығымен сипатталады. Ол бір жылдағы сатылған өнім көлемінің айналым қорларының жылдық орташа қалдығына қатынасына тең.
Өнеркәсіп айналым қорларының ірі сомасын иеленеді. Айналым қорларын пайдалануды жақсарту кәсіпорынның шығынды төмендету арқылы жүзеге асырылатын маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Өндірістік запастардың көлемі материалдық-техникалық құралдарды жетілдіру, тасымалдауды жеделдету және арзандату, қойма шаруашылығын механикаландыру мен автоматтандыру, оны ұйымдастыруды жақсарту және материалдар шығынын дәл есептеу, қалдықтарды қысқарту және қайта пайдалану есебінен төмендетілуі мүмкін.
Берілген өндіріс көлеміндегі аяқталмаған өндіріс өндірістік циклдың ұзақтығына байланысты болады. Ол өңдеудің топтық әдістерін енгізу, өндірістің дайындық есебінен операциялық уақытты азайту, автоматтық жабдықтар мен икемді өндірістік жүйелерді пайдалану нәтижесінде қысқартылуы мүмкін.
Қоймаларда дайын өнімдерді сақтау уақытын қысқарту екі факторлар тобына байланысты:
1. Кәсіпорын жұмысымен тікелей байланысты, яғни өнімнің сапасы мен номенклатурасын, оның ассортиментін, санын және шығарылу мерзімін дұрыс жоспарлау;
2. Кәсіпорындағы сатып алу-сатуды ұйымдастырумен байланысты, яғни өнімді өткізуді ұйымдастыру, есеп айырысу жүйесі, өнімді тұтынушыға жеткізу мерзімі.
Өнімнің жоғары сапасы, жоспарлық ассортиментті дәл сақтау, кәсіпорын жұмысының үзіліссіздігі өнімді өткізу уақытын айтарлықтай қысқартады.
Айналым қорларын жақсартудың басты бағыты өнімнің материалдық сыйымдылығын төмендету болып табылады.
Қор қайтымдылығы: өндірілген өнім көлемін негізгі өндірістік қорлардың көлеміне бөлгенге тең.
Қор сыйымдылығы: негізгі қорлардың көлемін өндірілген өнім көлеміне бөлгенге тең.
Қосымша әдебиеттер: 11 қос.
Бақылау сұрақтары:
1) Ұдайы өндіріс дегеніміз не? Түрлерін атап беріңіз?
2) Инвестициялардың нысандарын атау және сипаттамаларын беру?
3) Капиталдың қорлану үрдісі қандай?
4) Капиталдың орталықтануы бір ірі капиталға біріктірілуі қандай түрде болуы мүмкін?
5) Инвестициялардың түрлері мен сипаттамаларын беріңіз?
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Кәсіпорындардың тауар айналымын талдау және өнім өндіру.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Негізгі кәсіпорынның айналымы 3 фазадан тұрады:
Негізгі қорлардың тозуы: физикалық және моралдық тозу.
а) физикалық және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.
Физикалық тозу мына жағдайда болады:
Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері
Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны
жойылады.
Негізгі қордың бірдей элементтері физикалық тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу -үшін қорға жаңадан тарату немесе айыр бастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу -жолдық ремонттарды өтеу.
Физикалық тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (Иф)
Иф=Tф/Tн*100
Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.
Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру нормативі немесе оның алдын-алу, физикалық тозу проценті мына формуламен анықталады:
Иф=Тф/Тф+Тв*100
Мұндағы Тф- өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.
б) моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы
Моралдық тозу көлемін бағалау:
негізгі капиталдың толық және алғашқы құны= еңбек құралын оны пайдалану бағасы бойынша сатып алу.
Негізгі капиталдың қалдық құны - толық құны - амортизация
Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны -іс жүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны
Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағаса мен немесе процентпен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:
ИМ1=Пн-Пс/Пн*100
Мұндағы Пс және Пс - өндірістегі жаңа және моралды көнеру машиналарының сәйкестігі.
Физикалық және моралдық тозу есебінде қордығ қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.
Амортизация – негізгі капиталдардың тозу мөлшері бойынша еңбек құралдарын тастап дайын өнімге ауысудағы құн бөлігі. Тозу амортизацияға әкеліп тірейді. Осы тозудың орнын толықтыру үшін қаржыны жинақтайды және олар жинақ амортизация қоры деп аталады. Мұндай қор негізгі қорды толықтыру үшін қажет.
Еңбек құралдарының тұтыну құнын қалыпқа келтіру үшін амортизация нормалары белгіленген:
Нд=Ф-Л/Т*Ф*100
Мұндағы Ф-негізгі кәсіпорын құны
Л-жойылу құны, млн.руб;
Т-қолдану мерзімі
немесе
К=А/Ф
Бұл көрсеткіштен негізгі қорды бағалауға қажет.
Амортизация аударым шамасының коэфиценті мына формуламен анықталады:
Кна=Офн /А
Мұндағы Кна-жинақталу коэфициенті
Офн-негізгі қордың бастапқы құны
А-амортизация аударым шамасы
Амортизацияны есептеу әдістері. Материалдық активтер алған құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды қайта бағалау жылына 1 рет жүргізіледі. Амортизацияны есептеу мына әдістермен жүргізіледі:
Істен шығарудың түзу сызықты құны - ғимараттар құрылғылар сияқты
негізгі құралдар үшін қолданылады. Бұл әдісте тозу – объектілердің қызмет етуінің мерзімінің ұзақтығына байланысты деген байламға негізделген.
Амортизация мына жағдайларда есептелмейді:
Тоқтатылған негізгі қор бойынша
Техникалық қайта жарақтану периоды кезінде
Жерге
Ірі өнімділік малға
Музей экспонентінде
Кітапхана қорына.
Негізгі қордың көлемі, құрал деңгейі және оның өсу қарқыны кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауының көрсеткіші. Негізгі қордың құрамын оқығанда қор қайтарымын, қор сыйымдылығын, қор жарақтануына баса көңіл бөлінген. Себебі: өнімді өндіргенде негізгі қордың актив бөлігі міндетті түрде қатысуына байланысты. Негізгі қордың актив бөлігі ұлғайса Қор қайтарымы өседі. Бұл кәсіпорынның қуатты екендігін білдіреді. Сондықтан негізгі қордың актив бөлігінің құрамындағы құрал – жабдықтардың үлес салмағы жоғары екнін осы қорды тиімді қолдану қажеттілігін қолдану коэфициенті арқылы анықтайды. Өндірістің қуаттылығы артқан сайын негізгі қордың құрамы да жылдам өсуі керек. Себебі оған қуаттылықты қолдануға арналған күрделі қаржының үлесі бар.
Негізгі қорды еептеу және бағалау оның кәсіпорын экономикасы элементтерінің жалпы құрамындағы сандық үлесі жөнінде сөз етуге мүмкіндік береді.
Амортизация жоспарлы түрде негізгі қордың құнын толтыру болып табылады. Негізгі қорды бағалау үшін мынандай экономикалық көрсеткіштерді қолданылады: Қор қайтарымы, Қор сыйымдылығы, Қор жарақтылығы.
1) Қор қайтарымы бұл-негізгі қордың бір теңгесіне өндірілген өнімнің шамасы немесе негізгі өндірілетін қордың бір теңгесіне шаққандағы өнім мөлшері, ол мына формуламен өрнектеледі:
ҚҚ = Жө / Нқ
Өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны былай анықталады
Ф = Ф1+ Фввод * П1 / 12, Фвыб *П2 / 12
Мұндағы: Ф1 негізгі қордың бастапқы жылдық құны, руб
Фввод Фвыб жылдық ағым құнының енгізу және шығарылу сәйкестігі П1 П2 енгізілген ай санының толық істен шығу мезеті.
Қор қайтарымы негізгі қордың басты бәр қолдану көрсеткіші. Сонымен қатар ауылшаруашылық елінде нарық есебінің айналым периодын көтереді. Қор қайтарымы ғылыми техникалық прогресс шартын өсіріп, жабдықтармен алмастырады, яғни кәсіпорынға жұмсалатын еңбек шартын жақсарту бағытын игеру, табиғатты қорғау және тағы басқа көптеген шарттарын көбейту.
Қор қайтарымының өсу факторы 1. суретте көрсетілген.
2) Қор сыйымдылығы белгілі бір өнім өндіруге жұмсалған қордың шығынын көрсетеді. Қор сыйымдылығы өнім мөлшері Қор қайтарымына қарама қарсы. Егер Қор қайтарымы тенденцияны өсіруге тиісті болса, ал Қор сыйымдылығы керісінше төмендетеді.
Қор сыйымдылығы қор қайтарымына қарама-қарсы көрсеткіш:
ҚС= НҚ / ЖӨ
Қор жарақтылығы – бұл еңбектің қормен жарақтануы, яғни еңбектің
негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол қордың жылдық орташа құнын өндіріс қызметкерлерінің орташа санына бөлгендегі қатынаспен анықталады.
ҚЖ = НҚ / Жс
Мүндағы НҚ – негізгі қор, Жс жұмысшылар саны
Негізгі қордың тозу коэфициенті:
Кт = Қт/ Ка
Мұндағы Кт негізгі қор тозу құны, Қа негізгі қордың алған құны.
Негізгі қордың шығу коэфициенті:
Кшығ = Кшығ / Қалғ
Мүндағы Кшығ- белгілі уақыттағы қордан шығарылған құн, Қалғ осы периодтағы басындағы қор құны.
Негізгі қордың жаңару коэфициенті:
Кжаң = Кенг / Қа
Мүндағы Кенг- белгілі уақыттағы негізгі қорға енгізілген құн, Қа- ақырғы периодтағы негізгі қор құны.
Негізгі қордың өсу коэфициенті:
Көсу = Қенг – Қшығ/ Қалғ
Негізгі қордың пайдалану тиімділігін көтеру үшін:
Олардың жүктелу деңгейін;
Қорларды жаңарту;
Қазіргі заманғы техникалық дамыған жабдықтарды пайдалану;
Мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Өнім өндіру және тауар айналымын жоспарлау.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Өнім өндіруге кеткен шығындар - өндіріс шығындары. Олардың өсіп немесе кеміп кетуіне : қолданылатын материалдық немесе еңбек ресурстары, техника деңгейі, өндірістің ұйымдасуы және т.б. факторлар әсер етеді. Соған орай, өндіруші кезегінде шығындарды азайтудың жолдарын қарастырады. Сонымен өндіріс шығыны деген не?
Өндіріс шығындары және оларды өткізу (өнімнің өзіндік құны, жұмыс, қызмет көрсету) деп өнімді (жұмыс, қызмет көрсету),табиғи ресурсты, шикізатты, материалды,жанар-жағар майды,энергияны, негізгі қорды, еңбек ресурстарын өндіру, сонымен қатар басқаларын өндіру мен өткізуге кеткен шығындарын қолдану процесіндегі құндық бағалауды айтамыз.
Өндіріс шығындары және өнімді өткізу келесідей шығындармен байланысты:
· технология және өндірісті ұйымдастырумен байланысты өнімді өндірумен;
· табиғи шикізатты қолданумен,
· өндірісті дайындау және игерумен;
· өндірісті және технологияны жетілдірумен, сонымен бірге өнімнің сапасын арттырумен, оның тұрақтылығын жоғарылатумен, ұзақтылығымен және басқа да эксплуатациялық құрамдастарымен (капиталдық емес сипаттағы шығындар);
· ойлап табумен және рационализациялаумен, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын өткізумен, үлгілер және олардың нұсқаларын дайындаумен және сынаумен, авторлық марапаттауды төлеумен және т.б.;
· өндірістік процестерге қызмет көрсетумен:өндірісті шикізатпен, материалдармен, жанар-жағар маймен, энергиямен, құралдармен және т.б. еңбек құралдарымен,негізгі өндірістік қорларды жұмыс жағдайында сақтаумен, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындаумен;
· еңбек және техникалық қауіпсіздік жағдайларымен қамтамасыз етумен;
· өндірісті басқарумен: кәсіпорынның әкімшілік басқару аппаратының жұмысшыларын, фирмалардың және олардың құрылымдық бөлімшелерін сақтау, іс-сапарларды, басқарманы техникалық құралдармен қамтамасыз ету, консультативтік, ақпараттық және аудиторлық қызмет көрсетулерге төлемдерді өтеу, кәсіпорынның, фирмалардың және т.б.мекемелердің коммерциялық қызметіне байланысты әкімшілік шығындар;
· кадрларды дайындау және қайта даярлаумен;
· мемлекеттік халықты жұмыспен қорғау,мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамту қорына төлемдер;
· медициналық сақтандыруға міндетті төлемдер.
Әрине, кәсіпорын, фирма (табыс немесе шығыс) қызметінің нәтижесі оның қаржылық іс-әрекетіне сайып келеді, яғни өнімді өткізуіне (қызмет көрсету, жұмыс), негізгі қорлар мен басқада кәсіпорын мүлкіне, фирма және өкізілмеген операциялардан түскен табыстан олардың шығынын өтеу сомасына. Қорытындысында өнімді сатудан түскен пайда мен оларды өндіру мен сатуға кеткен шығындар арасындағы айырмашылық анықталады.
Калькуляциялау – шығын түрлерін тікелей сол шығын жеткізушілеріне жатқызу процесі, ал калькуляция – нақты бір өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу.
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, калькуляциялау және есепке алу үшін оларды басқаруда келесідей топтамалар қолданылады:
· өндіріс түрі бойынша – негізгі және көмекші;
· өнім түрі бойынша – жеке бұйымдар, жекелеген бұйымдар тобы, тапсырыс, шек, жұмыстар, қызметтер;
· шығындар түрі бойынша – есепке алу баптары (өнімнің өзіндік құнын және аналитикалық талдауды есептеу) және шығын элементтері (шығынның сметалық жобасын жасау және өндіріске кеткен шығындарды есептеу үшін);
· шығынның жұмсалуы орны бойынша – учаске, цех, өндіріс, шаруашылық бригада.
Калькуляция баптарының тізімін, олардың құрамын және өнім түрлері бойынша бөлістіру әдістері, жұмыс, қызмет көрсету салалық-әдістемелік жоспарлау сауалдары, өндірістік құрылымы мен сипатын ескере отырып өнімнің өзіндік құнын есептеу (жұмыс, қызмет көрсету) есепке алу және бойынша анықталады. Мысал ретінде машина құрастыру зауыттарында кеңірек қолданылатын шығындардың калькуляциялық баптарын қаралық:
1. Шикізат және материалдар (қалдықтарды шегеру арқылы).
2. Сатып алынатын бұйымдар, жартылай шикізаттар және біріккен кәсіпорындардың қызмет көрсетуі.
3. Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы.
4. Қосымша өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы.
5. Негізгі және қосымша өндірістік жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік сақтандыруға төлемі.
6. Өндірісті дайындауға және оны игеруге арналған шығындар.
7. Құралдарды сақтауға және эксплуатациялауға арналған шығындар
8. Цехтық шығындар.
9. Ортақ зауыттық шығындар.
10. Ақаулықтардан жоғалтулар.
11. Өндірістік емес шығындар.
Цехтың өзіндік құны + ортақ зауыттық шығындар және ақаулықтардан жоғалтулар - Өндірістік өзіндік құнды құрайды. Жоғарыдағы барлық 11 баптар -өнімнің толық өзіндік құнын көрсетеді.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы.
Өзіндік құнның экономикалық мағынасы – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Кәсіпорында дайын өнімнің өзіндік құны (Ө1) мына формула бойынша есептеледі:
Ө1 = ΣШіб
N
мұндағы Шіб - өнім өндірісіне жұмсалатын і-бөлінісінің шығындары;
N – шығарылған өнім көлемі.
Өндірістік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын есептеудің негізгі әдістерін қолданады:
· тікелей шоттық;
· нормативтік;
· есептік-аналитикалық;
· параметрлік.
Тікелей шоттың әдісі -өте қарапайым әрі нақты.Бұл әдісте өнім бірлігінің өзіндік құны ортақ шығындарды дайындалған өнімнің санына бөлу арқылы есептеледі.Бұл әдіс тек қана біртекті өнім өндіретін кәсіпорындарда өте шектеулі қолданылады, сонымен қатар ол жекелеген калькуляция баптарына шығындарын білдірмейді.
Өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік әдісі - жаппай өндірісте нақты өнім бірлігіне жұмсалатын фактілік шығындардың өзгерісі ескерілген кәсіпорындарда қолданылады. Ол норма және еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды нормативті қолдануға негізделген. Сонымен бірге норма және ресурстарды нормативті қолдану ғылыми әрі пргресивті негізделген болуы, әрі олардың көлемін жүйелі түрде қарастыру қажет.
Өте нақты және өнімнің өзіндік құнын есептеудің жетілген әдісі – ол есептік-аналитикалық. Онда алджымен кәсіпорынды жан-жақты, әрі мүмкін болатын өзгерістерді талдау жүзеге асырылады. Қандай факторлар және олар өнімнің өзіндік құнына қалай әсер ететіні ескеріледі. Жоспарланатын кезеңдегі ұйымдық жұмыс жағдайы мен техникалық-экономикалық жағдай норма және нормативке негізделеді.
Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды есептеуде - параметрлік әдіс қолданылады.Ол кәсіпорын шығындарының заңды түрдегі өзгерістердің өнім сапасының сипатына байланысымен анықталады. Солай, бұйымның өзіндік құнын оның 1 килограмм құнының, машина мен құралдардың 1 тонна салмағының құны негізінде анықталады. Сонымен бірге берілген өнім сипатына өте жақын келетін басқа да көрсеткіштер қолданылуыда мүмкін. Өнімнің сапасын жақсартуға бағытталған қосымша шығындарды да бұл әдіс бойынша анықтауға болады.
Осы таңда нарықтық экономикаға көшу кезінде көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькляциялық баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады. Олар:
· тікелей жіберудегі материалдық шығындар (технологиялық мақсаттағы шикізат, материал,жанар-жағар май және энергия).
· еңбекақы шығындары (тікелей жіберудегі).
· басқа да тікелей шығындар.
· өндірісті басқару мен қамтамасыз ету шығындары (қосымша).
Кәсіпорын алдында өндіріс шығындарын қайткенде жылдам әрі қалай нақты алуға болатыны туралы мәселе тұрады. Кейде кәсіпкерге ұсыныстар базасы негізінде шығындардың калькуляциясын құруына тура келеді. Сонымен қатар шығындар калькуляциясы –индикативтік сипаттағы ақпарат алу берілген нормадан, жоспардан, алдын-ала бекітілген стандарттардан ауытқуын көрсетуге, сол ауытқулар себебін анықтауға және сол сияқты ауытқулар қысқарту немесе жоюға қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
Калькуляция баптарынан басқа ұсынылатын сипаттамалар топтарының шығынын көрсететін өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын құраушылар экономикалық құрамы бойынша топтасқан элементтер төмендегідей болады:
· материалдық шығындар (қайтпалы қалдықтар құнын алып тастау);
· еңбек ақы шығындары;
· әлеуметтік қажеттіліктерге аударулар;
· негізгі қорлардың амортизациясы;
· басқа да шығындар.
«Материалдық шығындар» элементінде өнім өндіру үшін өндіріске және технологиялық мақсаттарға (ғимараттарды жылыту, транспорттық жұмыстар және т.б) жұмсалатын шикізат пен материалдар, қосалқы бұйымдар мен жартылай шикізаттар, энергия мен жанар-жағар майдың барлық түрлерінің сатып алынатын құны көрсетіледі. Материалдық ресурстарға жұмсалатын шығындардан өнім өндіру процесінде құралған, әрі шығарылатын өнімнің тұтынушылық сапасын толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан қайтпалы қалдықтар болып саналатын шикізаттар, материалдар, жылу таратушылар қалдығының құны алынып тасталады.
«Еңбек ақы шығындарының» құрамына: кәсіпорынның негізгі өндірістік персоналына еңбекақы шығындары, яғни өндірістік нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге премиялар, ынталандырушы және қалпына келтіруші төлемдер, сонымен қатар кәсіпорын (фирма) штатында жоқ, бірақ негізгі қызметпен айналысатын жұмысшыларға еңбекақы шығындары кіреді.
«Әлеуметтік қажеттіліктерге аударулар» элементінен: жұмысшылардың еңбекақысының шетінен мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың әлеуметтік сақтандыру, Зейнетақы қорына, халықты жұмыспен қамту мен медициналық сақтандыру бойынша Мемлекеттік қорға бекітілген нормалар бойынша міндетті төлемдері көрінеді.
«Негізгі қорлардың амортизациясының» құрамына негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар сомасы кіреді, яғни олардың баланстық құны мен бекітілген нормаларынан шығатын олардың активті бөлігінің жеделдетілген амортизациясын қоса.
Жоғарыда көрсетілген шығындар элементінің құрамына енбеген басқа да шығындар «басқа шығындар» элементінен көрініс табады. Бұлар: салықтар, жинақтар, арнаулы қорларға аударымдар, бекітілген ставкалар бойынша несие төлемдері, іс-сапарларға,байланыс қызметіне шығындар және т.б.
Сонымен, калькуляция баптары бойынша шығындардың топтастырылуы - бұл шығындардың барлық тауарлық өнімнің бірлігін өндіру мен өткізу шығындарын есептеу мен есепке алуы.
2. Қазіргі таңда экономикамыздың дамуы кәсіпорындардың жемісті қызмет етуіне байланысты екені белгілі, сондықтан да әр кәсіпорын тиімді қызмет етуі үшін белгілі көрсеткіштер қуатын кеңінен қолдана отырып, жұмысын дұрыс жоспарлау қажет. Осындай белгілі көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Тауарлық қорлардың экономикалық мәні, рөлі және классификациясы.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады
Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады.
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
− Тұрғын-үй,
− Коммуналдық шаруашылық,
− Денсаулық сақтау,
− Білім беру,
− Мәдениет,
− Спорт салаларына бөлінеді.
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады:
− Үйлер;
− Ғимараттар;
− Өткізбелік тетіктер;
− Күш машиналары;
− Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
− Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;
− Тасымалдау құралдары;
− Құрал-саймандар мен жабдықтар;
− Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
− Өнім және жұмыс малдары;
− Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
− Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді.
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады[9, 4б].
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
− Негізгі қордың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
− Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
− Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
− Өндірістің техникалық деңгейі,
− Мамандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте:
− Натуралды;
− Ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
− Негізгі қорлардың техникалық құрамын;
− Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
− Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
− Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
− Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
− Амортизациялық аударымдардың есебін;
− Дайын өнімді тасымалдау құнын;
− Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:
− Пайдалану түріне;
− Запасты (резервті) құру түріне;
− Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:
− Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер);
− Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;
− Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі – бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Тауарлық қорларды талдау және жоспарлау.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Қорлармен басқару саясаты оның қозғалысымен тиімді бақылаудың қамтамасыз етулері және олардың қызмет көрсетуі бойынша шығындарды минимизацияда, тауарлы-материалдық қорлардың құрылымының және жалпы көлемінің оптимизацияда жасалатын кәсіпорынның айналым активтермен басқарудың жалпы саясаттың бөлігін өзімен ұсынады.
Қорлармен басқару саясатын әзірлеу негізгілері келесілер болып табылатын ізбасарлы орындалған жұмыстардың қатарын қосады:
— қорларды қалыптастырудың мақсаттарын анықтау;
Загрузка...
ағымды активтердің негізгі топтардың мөлшерінің оптимизациясы;
— келе жатқан кезеніңдегі тауарлы-материалдық қорларын талдау;
— айналым активтердің құрамына қосатын тауарлы-материалдық қорлардың жалпы соманың оптимизациясы;
— кәсіпорында қорлардың қозғалуынан бақылаудың тиімді жүйелерді құру;
— инфляция шарттарында тауарлы-материалдық қорлар құндылығының қаржылық есебінде көрсетілуі;
Жоғары менеджменттің көзқарасынан, қорлармен басқару – бұл екі мақсаттары арасындағы тепе – теңдігі: қорлардың бағытталған жиынтық шығындардың қысқартылуы және өндірістік процестің максималды үміттіліктің қамтамасыз етілуі. Берілген бекіту қорлармен басқарудың жақсы дәрежесін атап көрсетуге рұқсат етеді: ұсынылған экономикасы қорлардың жоғарылау айналым құралдардың айналдыруы және қосымша қорлардың мазмұны бойынша шығындардан жоғары болған сайын мақсатқа сәйкес тұрақсыз экономикада бастапқы келісім шарттарының орындалмауы немесе қажетті материалдардың жоқтығымен байланысты шығындарға түзетуге қажет болады [2, 95б.].
Кележатқан кезенде тауарлық-материалдық қорларды талдаудың негізгі міндеті сәйкес қорлармен өндірістің қамтамаз ету деңгейінің айқындауы және олардың пайдалану тиімділігінің бағалауы болып табылады.
Талдаудың бірінші кезеніңде тауарлық-материалдық қорларының, оның динамиканың қарқыны, айналым активтердің көлемінде жеке салмағы жалпы соманың көрсеткіштері қарастырылады.
Талдаудың екінші кезеңінде негізгі топтардың және олардың түрлерінің кесіндіде қорлардың құрылымы зерттеледі, олардың мөлшерлердің маусымдық ауытқуы айқындалады.
Талдаудың үшінші кезеңінде қорлардың және жалпы олардың көлемі топтарының және әр түрлі түрлердің тиімді пайдалануы зерттеледі.
Талдаудың төртінші кезеңінде осы шығындардың жеке түрлерінің кесіндіде қорлардың қызмет көрсетуі бойынша ағымды шығындардың құрылымы және көлемі зерттеледі [17, 68б.].
Тауарлық-материалдық қорлар кәсіпорында әр түрлі мақсаттарымен құрылу мүмкін:
— ағымды өндірістік қызметін қамтамасыз ету (шикізаттың және материалдардың ағымды қорлары);
— ағымды өткізу қызметін қамтамасыз ету (дайын өнімнің ағымды қорлары);
— болашақ кезеңінде шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін маусымдық қорлардың жинақтауы (шикізаттың, материалдардың және дайын өнімнің маусымдық қорлары) және т.б.
Ағымды қорлардың негізгі топтар мөлшерінің оптимизациясы екі негізгі түрлеріне — өндірістік қорлар және дайын өнімнің қорлары тауарлы-материалдық қорларының барлық жиынтықтың алдымен бөлінуімен байланысты. Осы түрлердің әрбір кесіндіде ағымды сақтауының – (қорлардың үздіксіз жаңартылған бөлігі) қорлары атап көрсетіледі [16, 108б.].
Тауарлық-материалдық қорлардың ағымды қорлары көлемінің оптимизациясы үшін үлгілердің қатары пайдаланылады. Олардың арасында «Тапсырыстың экономикалық мөлшерінің үлгісі» ең тартуын алды. Ол өндірістік қорлардың және дайын өнімнің қорлар көлемінің оптимизациясы үшін пайдалануы мүмкін.
Тауарлық–материалдық қорлармен басқару жүйесінің негізгі екі моделі бар – тіркелген көлемі бар модель және тіркелген кезеңі бар модель.
Тіркелген кезеңмен қорлармен басқару жүйесінде қор уақыттың тек анықталған жағдайларға есептеледі. Қор өсімінің есептеуі және мерзімдік негізінде тапсырыстардың орналастыруы сатып алушылар көліктік шығындардың экономиясы үшін тапсырыстарды қиыстыруға мәжбүрлеген кезде немесе белгілі кезеңдігімен жабдықтар өз тұтынушыларды қаратады және өз өнімнің толық номенклатурасына оларда тапсырыстарды қабылданған кездегі жағдайларда қажет. Көптеген фирмалар уақыттың тіркелген кезеңмен қорларды басқару үлгісін таңдайды, өйткені қорлардың есебін және жоспарлауының міндетін жеңілдетеді.
Уақыттың тіркелген кезеңмен үлгілері түрлі циклдар үшін әр түрлі тапсырыстардың көлемін көрсетеді. Бұл тапсырыстың тіркелген көлемімен жүйесіне қарағанда резервтік қордың аса жоғары деңгейін талаптанады. Тапсырыстың тіркелген көлемімен жүйесі қолма-қол тапсырыстың үзіліссіз есептеуін ұсынады. Осындай жүйелерден айырмашылығында тіркелген кезеңмен жүйесінде қор уақыттың тек бақылау жағдайларда есептеледі. Осымен жоғары тұтынуы тапсырыс орындалғаннан кейін барлық қорды нөлге әкеледі және бұл жағдай келесі бақылау жағдайының келуіне дейін көрінбей қалуы мүмкін. Осындай жағдайда тапсырылған бұйымдардың келесі партияның келуіне дейін бұйымдардың қорсыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар резервтік қор тек бақылау кезеңінде ғана емес, бірақ тапсырысты орындау уақыт аралығында да бұйымдардың дефицитінен сақтау қажет.
Қарастырылған тапсырыстың тіркелген көлемімен және уақыттың тіркелген кезеңмен үлгілері екі жалпы мінездемесіне ие – бұйымдардың құны тапсырыстың түрлі көлемінде үзіліссіз қалады.
Олардың арасындағы негізгі айырмашылығы мынада болып табылады. Тіркелген көлемі бар модель материал қоры белгілі деңгейге дейін төмендегенде әкелу үшін келесі тапсырыс жасалады. Бұл жағдай материалды тұтыну жылдамдығына байланысты кенеттен пайда болуы мүмкін. Ал тіркелген кезеңі бар модельге келетін болсақ, онда алдын ала анықталған уақыт кезеңі арқылы кезекті тапсырысты орнату жүзеге асырылады.
Тіркелген көлемі бар модельді қолдану қордың қалдағына тұрақты түрде бақылау жүргізуді ұсынады. Сонымен, тіркелген көлемі бар модель үздіксіз жұмысістейтін жүйесі болып табылады, ол қордан материалдарды әр алған сайын немесе оларды қорға салған сайын сәйкесінше жазулар мен кезекті тапсырыс орны жеткізілгендігін тексеру өткізуді талап етеді. Тіркелген кезеңі бар модельде қордың қалдығын анықтау уақыттың бақылау кезеңінің бітуі бойынша ғана өткізіледі.
Қандай да жүйені таңдауға негізінен әсер ететін кейбір қосымша айырмашылықтар көрсетілген:
Тіркелген кезеңі бар модель үлкен қорға ие болады, өйткені материалдар қоры әкелудің тіркелген интервалы арқылы кезекті әкелудің кезеңіне дейін жетуге керек болатын. Тіркелген көлемі бар модельде әкелудің ешқандай да тіркелген интервалы қарастырылмайды, яғни кезекті әкелулер қажеттілік бойынша жүзеге асырылады және қосымша қорды белгілі бір уақытқа құру керек емес болады.
Тіркелген көлемі бар модель қымбат тұратын материалдар қорларын басқару үшін қолданылады, өйткені ол қордың ең кіші орташа мөлшерін қамтамасыз етеді.
Тіркелген көлемі бар модель критикалық деп аталатын жауапты (маңызды) материалдар үшін келеді, өйткені онда қорларға ең қатаң бақылау жүргізу қарастырылады, сондықтан да қордың аяқталу қауіпіне жылдамырақ реакция болады.
Қарастырылған тапсырыстың тіркелген көлемімен және уақыттың тіркелген кезеңмен үлгілері екі жалпы мінездемесіне ие – бұйымдардың құны тапсырыстың түрлі көлемінде үзіліссіз қалады [18, 73б.].
Қорлармен басқаруға тек бір кезеңнің аралығында қажеттіліктерді жабу үшін тапсырыстардың орналастыруымен байланысты жағдайлар қалыптасады. Осындай міндеттер, әдетте бір кезеңнің міндеттерімен аталатын немесе «газеттерді далалық тасушының міндеттері» шекті көрсеткіштерін талдау – классикалық экономикалық жақындауы негізінде шешуі мүмкін. Шекті көрсеткіштердің талдауымен сәйкес қордың оптимальды өсімі кезекті бұйымның қоймасына жабдықтаудан алынатын пайдалары осы бұйымның жоқтығынан мүмкін шығындардан жоғары болған нүктесіне сәйкес. Әрине нақты пайдалардың және шығындардың жиынтығы нақты міндетінен тәуелді.
Сақталған бұйымдар оптимальды шешуімен сатқан кезде, егер шекті көрсеткіштердің талдауымен қолданылғанда осы қорды сақтау шешімі болады. Шығындар сомасына жойылған құнын немесе сатылмаған өнімнен алынған басқа да пайдаларын қосуға болады [15, 112б.].
Кәсіпорынның қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі болып табылатын осындай бақылайтын жүйелердің негізгі міндетімен қорлардың толықтыруына тапсырыстардың орналастыруы және артық қалыптасқан олардың түрлерінің шаруашылық айналымына тартуы болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде қорлардың қозғалысы мен бақылауының жүйелері арасында «АВС жүйесі» ең кең қолдануын алды.
АВС талдауы ең маңызды жағдайларға – жалпы рентабельділік, икемді бағаларға және жабдықтаулардың дефицитіне немесе артықшылықтарына негізгі көңіл аударады. АВС тәсілі тауарлық-материалдық қорлармен бақылау деңгейімен байланысты потенциалды пайдалануына сәйкес А, В, С топтарынан біріне тауарлық-материалдық қорлардың класификацияланып талаптанады.
АВС тауарлық-материалдық қорлармен басқару әдісі — қордағы қымбат элементтермен басқаруға арзандарға қарағанда көбірек көңіл бөлінеді. Сонда бірінші орынға өндірісте аз орын алатын моральды ескіру мерзімі аз болатын қымбаттырақ матриалдар шығарылады.
Бұл ереже Парето қағидасының негізіне жатады. АВС-талдау рационализацияның бір түрі болып табылады, ол өнеркәсіп іскерлігінің барлық фунционалды қолданыла алады. АВС-талдау мүмкіндік береді:
— іскерліктің ең маңызды бағыттарын көрсету;
— іскерлік белсенділікті жоғарлатылған экономикалық маңыздылық сферасына бағыттау және бір мезгілде артық жұмыс түрлері мен функцияларын жою саланын басқа сфераларында шығындарды төмендету;
— ұйымдастыру және басқару шешімдерінің нәтижелігін жоғарлату;
АВС-әдісіне сәйкес шикізат пен материал қоры олардың меншікті бағасына байланысты бөлек түрлердің маңыздылық дәрежесі бойынша үш категорияға бөлінеді.
А классының материалдары – бұлар көп санды емес, бірақ өте маңызды матриалдар, оларға қорға салынған ақшалай қаражаттың көп бөлігі (шамамен 75%) келеді. Бұл ресурстар үшін тапсырыстың тиімді шамасын есептеу міндетті болады.
В классының матриалдары екінші дәрежеге жатады және А классының матриалдарына қарағанда аз назарды қажет етеді. В классты материалдарды сатып алуға шамамен 20% ақша қаражаты жұмсалады.
С классының материалдары қолданылатын материалдар номеклатурасында үлкен орынды алады, бірақ олар қымбат емес, оларға қорға салынған ақшалай қаражаттың 5% келеді. С категориясына көп мөлшерде сатып алынатын тауарлық-материалдық қорлардың қымбат емес түрлерінің кең асортименті енеді.
АВС-талдауын өткізу үшін керек:
1) әр материал аталуының бағасы анықтау (сатып алынатын матриалдар үшін жеткізуші бағасы қабылданады);
2) артықшылық төменду шамасы бойынша матриалдарды орналастыру;
3) саны мен артықшылығы бойынша мәліметтерді қосу жән оларды сызбаға салу;
4) жалпы артықшылықта материалдардың меншікті салмағына байланысты оларды топқа бөлу.
Тауарлық-материалдық қорлардың керек-жарағылары туралы маркировкамен сәйкес жазба қажеттілігінде ресімделеді.
Бақылаудың оны немесе басқа категорияның номенклатуралық позицияны қорымен иемденуіне әсерін тигізу мүмкін негізгі факторлардың арасында келесілерді көрсетеді:
— құндылық көрсетуінде номенклатуралық позицияны пайдаланудың жылдық көлемі;
— номенклатурлық позиция бірлігінің бағасы;
— номенклатуралық позицияның дефициті;
— номенклатуралық позицияның өндірісі үшін ресурстардың өткізуі;
— номенклатуралық позиция үшін циклдың ұзақтығы;
Номенклатуралық позицияның сақталу талаптары:
— ұрлықтың тәуекелділігі;
— сақтау мерзімі;
— уақыттың қажет жағдайында қоймада номенклатуралық позицияның жоқтығы әсерінен шығыстары;
— басқалары.
Әрбір сыныптарынан белгілі сыныптың әрбір номенклатуралық позицияның дәрежеге беруден кейін қорлардың бақылауының өз дәрежелері қолданылады.
А сыныптың номенклатуралық позициясы үшін келесі дәрежелер ұсынылады:
— болжамның және болжамдау тәсілінің сирек бағасы. Әрбір құрылған болжам кейбір қатеге апарады. Номенклатуралық позициясы дефициті және қымбатты болса, онда осы қателер қымбатты болады. Берілген дәреже номенклатуралық позицияларда қажеттілік болжамдардың құру тәсілдеріне дұрыс қатынасын білдіреді;
— қатты жіберулермен қорлардың сирек, циклдық есептеуі. Жүргізілген есептің мәліметтерінен ақпаратттық жүйеде белгіленген қорлар туралы мәліметтердің мәнді өзгеруі мүмкін емес. Белгіленген қатты жіберуін жоғарылайтын әрбір өзгеруі оның себептерін анықтау затына табу мүмкін. Осымен жылына бір рет немесе жарты жылына бір рет дәстүрлі толық инвентаризацияны өткізуге ойына ие белгілеу қажет;
— мәліметтер базасында мәліметтердің күн сайын жаңартуы. Яғни осындай номенклатуралық позициялар үшін қорлар туралы мәліметтердің үзіліссіз жаңартуымен жүйенің пайдалануы қажет;
— әдетте тапсырыстардың қатысты үлкен емес мөлшерінің нәтижелеріне ие сақтандыру қорлардың, партия мөлшерлерінің, сұраныстың қарастыруы. Номенклатуралық позицияларда реалды қажеттіліктердің айқындауы жоспарлаудың барлық параметрлердің тернуі қажет. Партияның үлкен емес көлемдеріне ұмтылуы қорларда бұйымдардың сақтауымен байланысты тікелей және жабылған шығыстардың төмендеу мүмкіндігімен оқуы мүмкін;
— цикл ұзақтығының жақсы қысқартуы және тергеуі. Циклдың ұзақтығы қысқа болса, онда айналым құралдар да қажеттілігі төмен болады. Қажеттіліктің негізгі үлесін А сыныптың (аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің, шикізаттың қорларында айналым құралдардың бөлігінде) номенклатуралық позицияның қорлары қалыптасады;
В сыныптың номенклатуралық позициялары үшін А сыныптың номенклатуралық позициясы үшін де өлшемдері қолданылады.
С сыныптың номенклатуралық позициясы үшін келесі дәрежелері келтірілген:
— негізгі дәреже: бұйымдар қатысуында болуы мүмкін. Айналым құралдарда қажеттіліктердің және сақталу шығыстардың мәнді өсуін өзімен тартылмайды, кәсіпорынның қарапайым қажеттіліктердің көлемін жоғарылататын қорлардың сақталуы, арзан номенклатуралық позицияның кемшілігінен өндіріс жоспарының немесе өткізу жоспарының орындау жоюын алуға қиын болады;
— үлкен сақтандыру қоры және партияның үлкен мөлшері. Үлкен партиялар өзімен С сыныптың номенклатуралық позиция қорлардың сақталуымен байланысты мәнді шығындарын тартады;
— өндірістік процесінде осы номенклатуралық позицияны пайдаланылатын персонал үшін енілген территорияларда сақталуы. Бұл өндіріске қорлардың жіберу процедурасын қарапайымдандырады және өзімен белгілі шығындарды тартылатын артық бюрократиялық қағаздың жұмысын жояды.
— Үлкен жіберулермен қорлардың сирек есептеуі
Инфляцияның экономика жағдайларда тауарлы-материалдық қорларға бағалардың номиналды деңгейінің өзгеруімен байланысты осы активтердің өткізілуі немесе өндірістік тұтыну жағдайына сәйкес түзетулерді талаптанады. Егер осындай бағалардың түзетуі өткізілмесе, осы активтер қорларының реалды құны төмендейді, ал капиталдың оларға инвестицияланған реалды көлемі де төмендетеді. Бұл қаржылық менеджмент процесінде активтердің осы түрінің қозғалысын және жағдайын бағаның объективтілігін бұзады
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы:Тауарлырдың түсімін жоспарлау
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рыноққа ұсынылған жаңа өнім.
Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:
Загрузка...
* пайданы өсіруге көмектеседі;
* қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері бар;
* өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;
* фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар;
* маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын 100 бөлігін азайтып, өткізу арналарын жыл бойы тұрақтандырады: тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін. Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі сатылардан тұрады:
1. Идея жинау сатысы жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Бұл ізденулер жүйелі түрде жасалынуы тиіс. Ал тек оқта-текте ізденіп жаңа тауарлар идеяларына зер салатын болса, онда фирма көптеген идеялар табуы да мүмкін, бірақ олардың көбісі фирма қызметінің саласынан алшақ жататыны айқын. Мұндайды болдырмау тек жоғарғы басшыларға жүктеледі.
Жоғары басшылар жаңа тауарларды әзірлеудің нақты стратегиясын жасауы тиіс. Бұл стратегияда қандай тауарларға және қандай нарықтарға негізгі көңіл бөлінуі тиіс екендігі айқындалып, фирма жаңа тауарлар арқылы неге қол жеткізе алуы тиістігі нақпа-нақ көрсетілуі қажет. Сонымен қатар бұл стратегияда мүлде жаңа тауарлар мен бұрыннан келе жатқан тауарлардың жетілдірілген түрлерін шығаруда күш-жігерді қайсысына көбірек жұмсау керектігі де анық айтылуы тиіс.
Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, өтім арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізінде идея жинаудың үш әдісі бар: «ой шабуылы», тауарларды талдау, сауалдама арқылы.
2. Өнімді бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Көптеген фирмаларда жаңа тауарлар жөніндегі идеяларды мамандар стандартты бланкіде жазып шығады, ал олар өз кезегінде жаңа тауарлар жөніндегі комиссияға ұсынылады. Мұндай өтініште жаңа тауардың сипаттамасы, мақсатты нарығы және оның бәсекелестері, сонымен қатар нарықтың шамамен алғандағы сыйымдылығы, жаңа тауарды әзірлеуге жұмсалатын уақыт және оның қаржысы, өндіріске енгендегі құны және пайда нормасы көрсетілуі тиіс.
Егерде идеяларды қалыптастыру (жинақтау) мақсаты оларды көп әзірлеу болса, іріктеу кезеңінің мақсаты оларды мейлінше қысқөарту болып табылады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. «Іріктеу тізімінің» бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері көрсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарлары салыстырылады.
3. Тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.
4. Экономикалық талдау сатысында сұраныс болжалданылады, шығындар мен пайда есептелінеді.
5. Өнімді шығару сатысы идеяны нақты іс-қимылға айналдыру деген ұғым.
6. Байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп көру.
7. Коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкес келеді.
Жаңа тауарды сатып алушылар тұтынушы ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:
• «жаңашыл тұтынушы» жаңа тауарды қызыға бірінші болып тұтынып, сапасын сынайтын тұтынушылар;
• «жақтаушылар» тауарды атақты және сән ретінде болуына себепшілер;
• «прогресшілер» өсу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз ететін тұтынушылар;
• «күмәнданушылар» жетілу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз етуге кешіккендер;
• «кертартпалар» жаңа тауарды оның дәстүрлі кезінде ғана қабылдайтын тұтынушылар.
Демек, шығарылған жаңа тауарлардың бәріне рынокта сұраныс бірдей болмайды. Жаңа тауардың сәтсіз жолы да болуы мүмкін, егерде ұтымды ерекшеліктері жеткіліксіз болса, дұрыс жоспарланбаған болса, немесе рынокқа шығу мерзімі дәл анықталмаса.
Тауарды тестілеу. Жаңа тауарлардың сапасы мен сұранысын анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Мысалы, бір жыл ішінде шетелде бірнеше жаңа тауарлар тестіленеді. Ал оның ішінде тестілеудің нәтижесінде шамамен 40% «сәтсіз» тауарлар болып шығады. Англия, Бельгия, Голландия және Германияда Еуропадағы ең жоғары беделге ие болған төрт тестілеу орталығы орналасқан. Олар неше түрлі тауарларды және қызметтерді тестілеу жұмысын атқарады. Ал дәрежесінің ең күштісі Берлиндегі «Test» журналын шығарушы (1964 жылы ФРГ парламенті құрған) тауарды тестілеу орталығы «Stiftung Warentest» («SW») болады.
Кейінгі жылдарда бұл орталықтарда негізінде тұрмыстық электроника бұйымдары және де басқа ұй тұрмысына қажет бұйымдар тестіленетін болған.
Ол тауарлар 5 баллдық шкаласымен бағаланады. Оның белгілері: өте жақсылары «++», жақсылары «+», орташалары «0», нашарлары «», өте нашарлары «—». Тауарлардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы негізгі белгілері болып саналады.
Кейінгі кезде Ресейде рыноққа ұсынылған шетелдік жаңа тауарларға тестілеу жүргізілетін болған. Тестілеудің қорытындысы тұтынушыларға арналған «Спрос», «Добрые советы» журналдарында жариялануда. Ал бұл журналдар Қазақстанда да таратылады. Біздің елімізде осылай тестілеу жүргізілуі тұтынушыларға тиімді және қолайлы болар еді. Бұл халыққа көрсетілген қамқорлық болуымен қатар кәсіпкерлерге де тиімді және өтімді тауарларды таңдап алуға көмектесер еді.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы:Айналым шығындарының мәні және классификациясы
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға денгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т.б. жатады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
- шығындардың бастапқы элементтерімен;
- пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні –әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
- материалдық шығындар;
- еңбекақыға жұмсалған шығындар;
- әлеуметтік сақтандыруға аударым;
- зейнетақы қорына аударым;
- жұмыспен қамтылу қорына аударым;
- амортизация;
- басқа да шығындар.
3 Шығындарды жүйелі түрде төмендету- кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
- ғылыми –техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми- техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру- бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету- шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізатпен материалдарды жұмсау отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндіктік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін аттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұйымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындардың нәтижелігінен жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
- өндірістің техникалық денгейін көтеру;
- өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
- басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту т.б.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы:Айналым шығындарын талдау және жоспарлау
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Пайданы алу – кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты. Бірақ, тиісті шығыстарды жүзеге асырусыз, әдетте, қажет етілетін кірістерді алу мүмкін емес.
Егер кәсіпорын пайда алатын болса, онда өнімді деп саналады.
Экономикалық есептерде қолданылатын өніміділік көрсеткіштері салыстырмалы пайдалылықпен сипатталады. Өнімнің өнімділігі мен кәсіпорынның өнімділігі көрсеткіштерін айырып көрсетеді. Өнімнің өнімділігін 3 нұсқада өлшейді: өткізілген өнімнің, тауар өнімінің және жеке бұйымның өнімділігі. Өткізілген өнімнің өнімділігі – бұл өнімді өткізуден оның толық өзіндік құнына пайданың қатынасы. Тауар өнімінің өнімділігі тауар өнімінің ақша бірлігіне шығыстардың көрсеткішімен немесе оның кері шамасымен сипатталады. (Т-Ө) Т100, онда Т – кәсіпорынның көтерме бағадағы тауар өнімі; Ө — тауар өнімінің толық өзіндік құны.
Тауар өнімінің өнімділігін есептеудің классикалық формуласы болып мына формула табылады (Т-Ө)/С100.
Бұйымның өнімділігі – бұл осы бұйымның өзіндік құнына бұйымның бірлігіне пайданың қатынасы. Бұйым бойынша пайда оның көтерме бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылыққа тең.
Кәсіпорынның өнімділігі (жалпы өнімділік) – негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражаттарының орташа құнына теңгермелік пайданың қатынасы ретінде айқындайды. Қордың материалдық және оларға теңестірілген шығындарына қатынасы кәсіпорынның табыстылығын көрсетеді.
Басқаша айтқанда, өнімділіктің жалпы деңгейі, яғни индикатор, барлық салынған капиталдың (активтердің) өсуіне әсер ететін, пайданы 100%-ға дейін есептелген және бөлінген активтерге тең болады.
Өнімділіктің жалпы деңгейі – бұл кәсіпорын өнімділігін талдаудағы негізгі индикатор. Жалпы өнімділіктің, оның деңгейінен шығатын фирманы дамытуды нақты анықтау талап етілсе, екі негізгі индикаторға: айналымның өтімділігі және капитал айналымдарының санын қосымша есептеп шығаруы қажет.
өтімділіктің айналымы көп болған сайын, кәсіпорынның жалпы түсімін салыстыру жөніндегі пайда сонша көп.
«Қазақтелеком» ААҚ-ның табыстылық коэффициенттері № 2.6. талдама кестеде келтірілген.
Өнімділік пен табыстылық көрсеткіштерінің жалпы экономикалық сипаттамасы бар, олар кәсіпорынның жұмысының және олар шығаратын өнімнің түпкі тиімділігін көрсетеді.
Өндірістік қорларға пайданың жалпы сомасының қатынасы өнімділік деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады.
Пайданың шамасын және өнімділіктің деңгейін айқындайтын көптеген факторлар бар. Бұл факторларды ішкі және сыртқы факторларға бөлуге болады. Сыртқы – бұл осы ұжымның күшеюінен тәуелді емес факторлар, мысалы, материалдарға, өнімге, тасымалдау тарифтеріне, амортизация нормаларына және т.б. арналған бағалардың өзгеруі. Мұндай іс-шаралар жалпы көлемде жүргізіледі және кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылайтын көрсеткіштеріне қатты әсер етеді. Өнімнің ассортиментіндегі құрылымдық өзгерістер өткізілген өнімнің шамасына, өндірістің өзіндік құны мен өнімділігіне әсер етеді.
Экономикалық талдаудың міндеті – сыртқы факторлардың әсер етуін анықтау, қызметкерлердің еңбек салуларын және өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін көрсететін негізгі ішкі факторлардың әрекет нәтижесінде алынған пайданың сомасын айқындау.
Өнімділікті (табыстылық) көрсеткіштері жалпы экономикалық болып табылады. Олар түпкі қаржылық нәтижені көрсетеді және пайда мен шығын туралы, іске асыру туралы, кіріс пен өнімділік туралы бухгалтерлік теңгерме мен есептілікте көрсетіледі.
Активтердің экономикалық өнімділігі, «Қазақтелеком» ААҚ-ның операциялық пайданы алу қабілеті базалық 1998 жылмен салыстырғанда 0,06 пункке ұлғайды. Ол әр түрлі бағыттағы факторлардың жиынтық әсер етуінің салдары болып табылады: 10% активтердің өсуі, 200% салықтарды төлеуге дейін пайданың ұлғаюы.
Өнімділікті техникалық-экономикалық факторлардың әсер етуінің нәтижесі ретінде, ал негізгі мақсаты негізгі техникалық-экономикалық факторлардан өндірістік-шаруашылық қызметінің түпкі қаржылық нәтижелерінің сандық тәуелділігін анықтайтын техникалық-экономикалық талдау объектісі ретінде қарауға болады.
Өнімділік өндірістік процестің нәтижесі болып табылады, ол айналым қаражаттарының тиімділігін арттырумен, өнімнің және жекелеген бұйымдардың өзіндік құнының төмендеуімен және өнімділігінің артуымен байланысты факторлардың әсерімен қалыптасады.
Кәсіпорынның жалпы өнімділігін бірқатар көрсеткіштердің – факторлардың функциясы ретінде қарау қажет: Негізгі өндірістік қорлардың құрылымы мен қор берушілігі, нормаланатын айналым қаражаттарының айналымдылығы, өткізілген өнімнің өнімділігі.
Жалпы өнімділікті талдау әдістемесі: 1) тиімділік факторлары бойынша; 2) өндірістік факторлардың пайдасы мен шамасына байланысты. Теңгермелі (жалпы) пайда — өндірістік-қаржылық қызметтің түпкі қаржылық нәтижесі. Кәсіпорында жалпы пайданың орнына жалпы шығын құралуы мүмкін және мұндай кәсіпорын зияндылардың санатына көшеді. Жалпы пайда (шығын) өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден; өткізілген пайда мен шығындардан тыс пайдадан (шығыннан) тұрады. Салынған капиталды өсіруге оның қабілеті кәсіпорынның өнімділігі деп түсініледі. Бірнеше ережелер өнімділікті талдаудың міндеті болып табылады: жыл басынан бастап өнімділік көрсеткішін, жоспарды орындау деңгейін бағалау, осы көрсеткіштерге әсер ететін және жоспардан олардың бас тарту факторларын айқындайды және бағалайды; шаруашылықты жүргізе алмаушылықтан, басшылықтағы қателіктермен және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіндегі басқа да кемістіктермен туындаған шығындар мен зияндардың себептерін анықтайды және зерттейді; кәсіпорынның пайдасының немесе табысының мүмкін болатын ұлғаюының резервтерін ашады және есептейді. Табыстылық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық нәтижелер мен және салыстырмалы нәтижелердің ең алдымен абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады. Бізді салыстырмалы көрсеткіштер көп қызықтырады, оларды екі кіші топқа жіктейді.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы:Жалпы табыстың экономикалық мәні.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Өндіріс шығындарын қарастырып, енді фирманың табысы және пайдасы деген категориялардың талдауына көшейік. Кез келген фирма қызметінің ең басты мақсаты – табыс – пайданы көбейту. Табыстарды факторлық үлестіру тұрғысынан алғанда, кәсіпкерлік қызметінің табысы пайда болып саналады. Экономикалық талдау тұрғысынан «пайда» мен «табыс» категориялары синонимдер емес. Фирма табысы (валдық табыс) – фирма өнімдерін өткізуден алынған түсім. Шығындар сияқты, табыстар валдық (жалпы жиынтық), табыс орташа және шекті табыстарға бөлінеді. Пайда – валдық (жалпы) табыс пен валдық (жалпы) шығындар арасындағы айырма, яғни фирманың таза табысы. Оны П деп белгілейік. Экономикалық және бухгалтерлік пайданы айыру қажет. Бухгалтерлік пайда өткізуден түскен табыс пен бухгалтерлік шығындар араларындағы айырма деп анықталады. Экономикалық пайда – валдық (жалпы) табыс пен экономикалық шығындар араларындағы айырма. Сонымен, экономикалық пайда бухгалтерлік пайдадан баламалы (көзге көрінбейтін) шығындар сомасына айырмашылығы бар. Мысалы, барлық саладағы фирмалар бірдей пайда алады дейік. Бұл фирмалардың нөлдік (нормалары кәдімгі) экономикалық пайдасы бар. Осындай пайданың арқасында фирма өндірісін өсіріп, инвестицияларды алып, шығындарын жабады, яғни дұрыс қызмет жасайды. Егер бағалардың күрт өсуіне байланысты пайданың деңгейі жоғарылап кетсе, фирма экономикалық пайда алуын көрсетеді. Валдық (жалпы) табыс TR = P·Q (total revenue) формуласы бойынша анықталады, яғни өткізілген өнім бірліктері бағасы мен санының көбейтіндісіне тең. Тауардың нарықтық бағасы сұраныс функциясы болғандықтан, фирма өніміне деген нарықтық сұраныстың қисық сызығы оның орташа табысының қисық сызығы болып келеді. Орташа табыс – өнім бірлігіне табыс: AR = TR/Q (average revenue). Шекті табыс – өнімнің қосымша бірлігін өткізуімен байланысты валдық (жалпы) табыстың өсуі:
MR = Δ TR/ ΔQ = Δ (PQ)/ ΔQ = P (marginal revenue).
Ендігі біздің мақсатымыз: фирма пайдасын көбейтудің жағдайларын анықтау. Бұл фирманың қызмет жағдайларына, қай нарықта қызмет істейтініне байланысты.
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
мемлекеттік бюджет табысының көзі;
кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1.Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рольатқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу,акциздер,
жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,арнайы қорлар, салымдар, пай(жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері,
валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы:Жалпы табысты жоспарлау.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштері мен талдау міндеттері.Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіші – бұл табыстар сомасы.
Табыстар мен шығындар туралы есеп бухгалтерлiк есептiң №3 стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс, негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы пайда, қаржыландырудан табыстар, үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымның пайда мен шығын үлесі, жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал), тоқтатылған қызметтің пайдасы (залал), салық салғанға дейінгі пайда (залал), азшылықтың үлесін алып тастағанға дейінгі кезең үшін қорытынды пайда (залал), азшылықтың үлесі , кезең үшін қорытынды пайда (залал), акция үшін пайда.
Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Табыс өз функцияларын тиімді орындауы үшін келесі негізгі шарттар қажет:
1. Өнімге баға еңбек өнімділігін үздіксіз жоғарылату мен өзіндік құнды төмендетуді ескере отырып, қоғамдық қажетті еңбек шығындарын анағұрлым дәлдікпен жақындатылып алынуы тиіс.
2. Өнімді калькуляциялау жүйесі мен өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы тиіс.
3. Табысты бөлу механизмі активті рөл атқарып және өндіріс дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор ретінде қызмет атқаруы тиіс.
4. Табыстың тиімді пайдаланылуы тек қалған барлық қаржылық тұтқалар жүйесінде мүмкін болады.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне:
− табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
− таза табыстың құралуының құрамдас элеметтерін зерттеу;
− табысқа әсер етуші факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
− табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын, тенденцияларын зерттеу;
− табысыт арттыру резервтерін анықтау;
− табыстың әртүрлі көрсеткіштерін зерттеу.
Абсолюттік көрсеткіштерді талдау.Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС), акциздер, т.б. салықтар мен міндетті төлемдерді шегергендегі, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құнын, сатудан жеңілдіктерді және бағаға жеңілдіктерді шегергеннен кейінгі сома.
Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері жөніндегі есептің берілген статьясы бойынша жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал) бейнеленеді. Ол тауарлы материалдық запастарды өткізуден, қызмет көрсетуден алынған, сонымен қатар негізгі қызметке байланысты сыйақы, пайыздар, дивиденттер, қаламақы мен ренталар түрінде бейнеленеді.
Өнімді өткізуден түскен табыс құрылымында анағұрлым үлкен үлес салмақты дайын өнім мен тауарларды өткізуден түскен табыс алады. Оның шамасы өнім өндірісі деңгейімен анықталады.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші ретінде жалпы пайда есептеледі. Ол өнімді өткізуден түскен қаржылық нәтиже болып табылады және өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы пайдаға әсер етуші маңызды фактор ретінде өндірістік өзіндік құн есептеледі, сондықтан оның төмендеуі жалпы табыс шамасына үлкен әсер етеді.
Өнімді өткізу көлемінің натуралдық мағынада артуы табыстың артуына әкеледі. Сұранысқа ие өнім өндірісі көлемінің артуы күрделі салымдар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Ал бұл табысты анағұрлым өнімді жабдықты сатып алуға, жаңа технологияларды игеруге, өндірісті ұлғайтуға бағыттауды талап етеді.
Бұл жол қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін инфляция, бағалар өсуі мен ұзақ мерзімдік несие алу мүмкіндігінің болмауынан қиындық тудырады.
Кәсіпорын табыстары ең алдымен бағалар өсуі есебінен жоғарғы қарқынмен өседі. Бағалар өсуі негативті фактор болып есептелмейді, егер де ол негізделген болса, яғни өнім сұранысының өсуімен, шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлерінің жақсаруымен байланысты болса.
Тауарлы өнімнің жалпы пайдаға аталған факторлар әсерін анықтау үшін келесі аналитикалық 5 кестені құрамыз.
Кесте 3 - Жалпы пайданы талдау
| Көрсеткіштер | Жоспар | Жоспар бойынша нақты өткізілген өнім | нақты |
1. | Өткізілген өнімнен табыс |
|
|
|
2. | Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны |
|
|
|
3. | Жалпы табыс |
|
|
|
Жалпы пайданың нақты шамасы жоспардан 1768 млн теңгеге артық (6183-4415). Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер еткен.
1. өткізілген өнімнің өзіндік құны;
2. өнім бірлігінің бағасы;
3. өткізілген өнім көлемі;
4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Нарықтық экономика шарттарындағы пайданың мағынасы және мәні.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
маржиналдық (шекті) талдауға;
балама тандау шығындарына;
экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
Cабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Кәсіпорынының пайда түрлерін классификациясы және олардың құрастыру көздері.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Пайда және оны белгілейтін факторлар - Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Ол фирманыңэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық төуелсіздігіне кепілдік береді. Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады Пайда теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған.
XX ғасырда экономикалық ғылымдағы пайда жөнінде мынадай негізгі теорияларды атауға болады:
· Өндіргіш капитал теориясы пайданы өндірістің қандайы болмасын. соның міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекетгерінің нәтижесі дейді;
· Ұстамдылық теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейінге калдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып табылады дейді.
· пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке сәйкес табыс;
· пайда монополияның болуының нәтижесі.
Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші — ол пайданың көзін кәсіпкердің іс-өрекетінің нәтижесі деп тану.
Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:
· бөліп тарату — орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымыы қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;
· ынталандыру — өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгізу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері бар:
|
|
· бухгалтерлік пайда — сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;
· экономикалық (таза) пайда — фирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң калғаны;
· баланстық пайда — өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын бөліп жөне пайдаланудың көзі болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша мол пайда деген түсініктер бар.
Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырмадан пайда болғанда, фирма жалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмасын барынша көп етуге тырысады. Есте болатын жағдай — өнімнің әр қосымша бірлігін ондіру жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (MR шекті ақша түсімінің колеміне) арттырады. Егер фирма өндіріс көлемін өсірсе жалпы пайда өседі, бірақ ол белгілі бір шекке жеткенше — шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша өседі. Шекті шығындар шекті ақшалай түсімнен арта бастаса пайда төмендейді. Сондыктан пайданың бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті шығындарға тең болуы керек:
MR=MC Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы барынша мол етіп жатқан фирмалардың іс-әрекеттерін салыстырып көрейік. Фирмалар қимылдарының айырмашылықтары сұраныс функциясының әр түрлі сипаттамасымен байланысты болғандық,тандабыстың функциясының сипаттамасының әр түрлі болуымен байланысты.
Сабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Үлестіру және пайданы қолдау.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Пайданы үлестіру объектісі фирманың баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салывқ және басқ да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, фирманың қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану фирманың құзыретіне жатады.
Пайданы үлестірудің принциптері:
— фирманың өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен фирманың арасында бөлінеді;
— мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құраы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
— салықтан кейінгі фирманың қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы мен өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
— фирманың қарауында қалатын пайда әуелі фирманың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.
Фирманың қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – фирманың мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда фирманың қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Фирмаларда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны фирма басшысы бекітеді.
Сабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Еңбек ресурстарының мәні.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Мемлекет өмірінде еңбек ресурстары үлкен маңызға ие. 90-жылдардың басында Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қазақстанда экономикалық құлдырау басталды. Оның үстіне халыққа алда не күтіп тұрғаны бұлыңғыр болатын. Осы екі себептен Қазақстаннаң үдере көшу басталды. Көпшілігі тарихи отандарына бет алды. Немістер Германияға кетті, орыстар Ресейге көшті және т.б. Соның салдарынан Қазақстан көптеген кәсіби мамандарынан айрылып қалды, себебі елден ең адымен өздері барған елде еңбек нарығында бәсекелесе алатын жоғары білікті мамандар кетіп қалды. Сонымен бір мезгілде Қазақстанда әр түрлі бағытта маман даярлайтын оқу орындарының саны өсті. Жас мамандар тәжірибенің есесін жастыққа тән жігермен, шығармашылық құлшыныспен қайтаруға тырысты. Көптеген адамдар еңбек жағдайының өзгеруіне ілесу мақсатында мамандықтарын өзгертті. Өкініштісі, 90- жылдардың басында ел экономикасы құлдырап, кәсіпорындар жабылып қалуы себепті көптеген жоғары білікті мамандар жұмыссыз қалды. Мұның өзі елдегі миграциялық тасқынды одан әрі күшейтып жіберді. Елімізде кәсіпкерлік өтпелі қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайына, макроэкономикалық дағдарыс және халықтың әл-ауқытының нашарлауы өрісінде қалыптасты. Кәсіпкерліктің бұдан тезірек қалыптасуы үшін объективті де, субъективті де себептер керек болады. Үкімет әлгіндей қиыншылықтарға қарамастан ел облыстарында орналасқан шағын кәсіпкерліктің аймақтық орталықтарың құру арқылы кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізді. Мұндай орталықтыр қолдауға ділгер кәсіпкерлерге шұғыл көмек қолын созды. Республикада басталған ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және реформалау ісі өндіріс көлемін едәуір қысқартып, кейбір жағдайда кәсіпорындардың жабылып қалуына әкеп соқтырды. Ал бұл жағдай өз кезегінде халықты еңбекпен қамту деңгейін төмендетіп, еңбек ресурстарың мемлекеттік экономика секторынан жеке бизнеске қарай ойсуына әкелді. Мұны статистика мәліметтері растайды.40%-дан аса шағын кәсіпорын 1992-1993 ж. қурылған. Экономика макроэкономикалық тұрғыдан тұрақтана бастаған 1994-1995 ж. 38% шамасындағы шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Соңғы жылдары орта таптың табысы үдемелі өсіп келеді, мұның өзі инвестиция салуға қолайлы жағдай туғызуда. Сондықтан және халықтың табысы қызмет көрсету сұранысынан үнемі артып келе жатқандықтан әсірісе қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік одан әрі дамып, жеке компаниялар саны көбейе беруі әбден мүмкін
Еңбек дегеніміз не? Еңбек дегеніміз адамдардың тауар шығарып, қызмет көрсетуге жумсалатын дене және ақыл-ой күш жігерін көрсететін өндірістегі факторлардың біреуі.
Еңбек – адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі [1].
Өндірістегі барлық факторлардың ішінде еңбек ең маңыздысы болып саналады, себебі адам қатыспаған жерде капитал да, табиғи ресурстар да өздігінен ештеңе бітіре алмайды. Нарықтық экономика жағдайында еңбек тауар болып саналады, және еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етеді. Кез келген елдегі халықтың басым көпшілігі еңбегін сатып, есесіне Еңбекақы алып табыс табатыны мәлім. Адамдар күнкөріс үшін табыс табу мақсатында бойындағы білімін, еп-дағдысын, зердесін, білігін пайдалана отырып, уақыты мен денсаулығын жұмсай отырып өз еңбегін ұсынады. Мұндай еңбекке әлгі білімді, епдағыны және білікті тауар шығарып, қызмет көрсету ісіне, түптеп келгенде пайда табуға пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер ділгерлік танытады [2].
Еңбек ресурстары бұл – еңбек етуге дене және интеллектуалдық қабілеті бар, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету түрлерін өндіре алатын еңбекке қабілетті тұрғындардың бөлігі, яғни еңбек ресурстары өзінің құрамына бір жағынан, экономикадағы еңбекпен қамтылған адамдар санын жатқызсақ, екінші жағынан еңбекке қабілеті бар бірақ жұмыспен қамтылмаған адамдар санын жатқызамыз. Сонымен, еңбек ресурстары нақты және потенциалды жұмысшылардан құралады [3].
Елдегі бүкіл ресурсын шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
экономикалық жағынан белсенді халық, бұл құрам жұмыс істейтіндерден және жұмыс іздеп жүргендерден тұрады.
2)экономикалық тұрғыдан бәсең халық, бұл құрам кәмелетке жеткен, бірақ қандай да бір себеппен жұмыс істемейтіндерден және жұмыс іздемейтіндерден тұрады [4].
Еңбек ресурстары дегеніміз еңбек жасына келген және жұмыс істейтін не белсене жұмыс іздеп жүргендер. Қолданыстағы заңңамаға сәйкес Қазақстанда еңбек етуге қабілетті жас мөлшелері ер адамдар үшін – 16-дан 63 жасқа дейін, әйел адамдар үшін 16-дан 58 жасқа дейін. 16 жасқа жеткен, бірақ жұмыс істемейтін жоғары сынып оқушылары мен студенттер жеке санат қурайды. Жұмыс істеп жүрген жасөспірімдер мен зейнеткерлер де еңбек ресурстарына кіреді.
Еңбек ресурстары басқа ресурс түрлерінен айрықша ерекшеленетін қоғамдық өндірістің маңызды элементі болып табылады. Бұл жағдай шартты түрде еңбек әлеуетін зерттеуде кешенді қадам жасауды талап етеді. Республиканың және оның облыстарының еңбек әлеуетін кешенді зерттеудің астарында көрсеткіштері мен оларды өлшеудің әдістемесі жүйесіндегі еңбек әлеуетінің қалыптасу үрдісінің ерекшелігін мақсатты және ауқымды түрде бейнелеу жатыр. Елдің еңбек әлеуетінің қалыптасуын қоғамдық практикада бұл үрдістің пайда болу формалары мен мәнін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін анықтауды талап ететін экономикалық үрдіс ретінде қарастырған абзал [5].
Біздің білетініміздей еңбек әлеуеті экономикалық белсенді тұрғындарға (қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылғандер және жұмыс іздеп жүргендер) және экономикалық белсенді емес тұрғындарға бөлінеді (жұмыс істемейтін және іздейтін еңбек ресурстарының бөлігі).
Еңбек ресурстарының ішіндегі маңызды роль атқаратын бөлігі – еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халықтың бөлігі. Еңбекке қабілетті халықтың бөлігі дегеніміз – психофизиологиялық қасиеттері бойынша еңбек етуге қабілетті барлық еңбек жасындағы адамдар тобы. Тәжірибе жүзінде жалпы және кәсіптік еңбекке қабілеттілік болады. Жалпы еңбекке қабілеттілік – ол арнаулы кәсіптік даярлықты қажет етпейтін, еңбекке қабілеттілігін анықтайтын адамның физикалық, психофизиологиялық және жас ерекшелігі. Кәсіптік еңбекке қабілеттілік – бұл адамның арнаулы білім алуы арқылы еңбекке қабілеті [6].
Еңбек ресурстарының саны еңбек жасындағы халық санының өсуіне, еңбекке қабілетті адамдардың ішіндегі еңбекпен қамтылмағандар үлесінің азаюына байланысты өсіп отырады. Қазіргі уақытта еңбек ресурстары санының өсу көзі – еңбек жасына қосылатын жастар, әскери адамдар және оралмандар.
Еңбек ресурстарының санын мөлшерлік түрде есептеу үшін абсолютті өсу, өсу қарқыны және өсу динамикасының қарқыны деген көрсеткіштер қолданылады. Абсолютті өсу қарастырылатын уақыттың басы мен соңында анықталады (ол әдетте 1 жыл немесе ұзақ уақыт аралығы). Өсу қарқыны жыл аяғындағы еңбек ресурстарының абсолютті санын жыл басындағы санына бөлу арқылы есептеледі [7].
Қоғамның демографиялық даму тенденциясындағы өзгерістер еңбек ресурстары санына әсер етеді. Демографиялық жағдайды есепке алмау елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын жасауда біршама кедергілерге әкеліп соғады. Еңбекке қабілетті халықтың демографиялық сипаттамасы (жас ерекшелігі, денсаулығы, еңбекпен қамту деңгейі) ұлттық табыс көлеміне әсер етеді. Халық санының және құрылымының жас ерекшелігіне және жынысына байланысты өзгеруі ұлттық табысты қолдануға, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының арақатынасына әсер етеді. Сондай-ақ жұмыс күшінің перспективалық аудандарда еңбекпен қамтылу мүмкіндігі және уақыты халықтың саны мен өсу қарқынына және олардың ел аумағында орналасуына байланысты [8].
Демографиялық қызметті басқару өте маңызды болып табылады. Елдегі демографиялық жағдайлардың ерекшелігін және халықтың өсу тенденцияларын есепке алу әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың маңызды шарты болып табылады. Халықтың жас ерекшелігін, санын, оның кәсіптік және біліми деңгейін, жанұя көлемін еңбек ресурстарының абсолютті өсу көрсеткіші арқылы есептейміз. Елдің демографиялық саясаты аумақтық даму ерекшелігіне байланысты халықтың ұзақ мерзімдегі даму перспективасына қол жеткізуге бағытталу керек. Демографиялық саясатта мынадай белгілі бір әдістер мен бағыттар анықталады: әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, тәрбиелік, психологиялық әдістер, тууды ынталандыру, жанұяны нығайту және ауру мен өлімді азайту [9].
Еңбекке қабілетті халықтың сапалық құрамының маңызды сипаттамасы – біліми деңгейі және кәсіптік шеберлігі. Адамның жеке даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады. Жұмыс күші санын ұлғайту процесінде халық шаруашылығының барлық салалары үшін білікті мамандарды даярлау жүйесі аса маңызды роль атқарады. Жұмыс күшін даярлау қазіргі кезеңдегі өндірістің техникалық деңгейінің өзгерісіне сай болу керек. Басқа өндіріс факторларына қарағанда еңбек факторының неғұрлым тез өсуі жұмысшылардың еңбек жағдайының өзгеруіне тез икемделуін туғызады, еңбек процесінің тиімді жүргізілуін ынталандырады.
Еңбек ресурстарының біліми деңгейі білім алу уақытының орташа санымен, студенттердің санымен, жоғары мамандықтағы жұмысшылардың үлесімен анықталады. Еңбек ресурстарының сапасына жұмысшылардың кәсіптік-біліктілік құрылымы да әсер етеді [10].
Жұмыспен қамту мәселесін шешумен байланысты ең маңызды демографиялық аспектілердің бірі еңбек әрекетінің ұзақтығы. Бұл көрсеткіш жұмыс күшін өндірудің көптеген жақтарына елеулі әсер етеді. Тұрғындардың әртүрлі ұрпақтарының біріккен еңбек уақыты еңбек әрекетінің ұзақтығына байланысты.
Еңбек ресурстарының құрылымы көпқырлы. Ол еңбек ресурстарын әр қырынан сипаттайтын әртүрлі компонеттерден құралады. Оның құрамаларын қарастырайық.
Еңбек ресурстарының білім деңгейі – олардың ең маңызды сапалық сипаттамасы болып табылады. Ол оқу жылының орташа санымен, оқушылардың және студенттердің санымен, жоғарғы білімі бар мамандардың үлестік салмағымен және де тағыда басқа қоғам көрсеткіштерімен анықталады [11].
Білім деңгейі сауаттылықтың пайыздық мөлшерлемесі, оқу жылының орташа саны, алынған білімге байланысты тұрғындардың топтарға бөлінуі сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Еңбек ресурстарының мөлшерінің сандық өзгеруі абсолюттік өсу, өсу қарқыны және еңбек ресурстарының өсу қарқыны сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Абсолюттік өсу қарастырылып отырған кезеңнін басымен аяғындағы еңбек ресурстарының саны арасындағы айырмашылықпен анықталады; әдетте бұл бір жыл немесе ұзақ уақыт болуы мүмкін.
Өсу қарқыны берілген кезең аяғындағы еңбек ресурстары санының абсолютті көлемінің осы кезеңнің басындағы көлеміне қатынасымен сипатталады. Егер де өсу қарқынын есептеуде бірнеше жыл алынатын болса, онда орташа өсу қарқыны орташа геометриялық сияқты келесі формуламен сипатталады:
, (1)
Мұнда,
Трс – орташа жылдық өсу қарқыны;
n-жыл саны;
Rn – кезең соңындағы саны;
Ro – кезеңнін басындағы саны.
Өсу қарқыны мына формуламен есептеледі:
, (2)
мұнда Тпс – орташа жылдық өсу қарқыны.
Еңбек ресурстарының дамуы. Бұрындары кадрлармен жүргізілетін жұмыс жұмыс күшін жинақтау және іріктеу сияқты іс-шаралармен ғана шектеліп қойды. Мұның мәнісі мынада еді, егер сіз өзіңізге керекті адамдарды таба алсаңыз, онда олар қажетті жұмысты орындай алады. Басқару ісі жақсылап қойылған қазіргі заманғы ұйымдардың пікірінше керекті адамдарды жинақтау істің тек қана басы ғана деген. Ұйым ресурстарының көп бөлігі материалдық объектілер болып табылғандықтан амортизация әсерінен олардың құны уақыт өткен сайын төмендей береді, ал адам ресурстарының құны жыл өткен сайын өсе береді. Осы негізде ұйымның игілігі үшін де, не болмаса өз ұйымына қызмет етушінің жеке игілігі үшін басшылық кадрлардың әлеуетін арттыру шараларын әрдайым жүргізіп тұруы керек. Кадрларды дамыту бойынша жасалған сәтті бағдарлама ұйымның алдында тұрған міндеттерді орындауға өте жоғары қабілеттері мен күшті мотивациясы бар жұмыс күшін құруға жағдай жасайды. Шын мәнісінде бұл өнімділіктің өсуіне әкеліп соғады, яғни ұйымның адам ресурстарының құндылығының өсуіне әкеледі.
Кәсіби бағдар және ұйымға бейімделу. Жұмысшының еңбегін мейлінше өнімді етудің алғашқы қадамы болып кәсіби бағдар және ұйымға әлеуметтік бейімделу болып табылады. Егер басшылық жаңа жұмыс орнында жұмысшының сәтті қызмет етуіне қызығушылық білдірсе, онда олар ұйым – бұл қоғамдық жүйе, ал әр жұмысшы – тұлға екенін есте ұстау керек. Әрдайым ұйымға жаңа адам келген кезде ол өзімен бірге бұрындары жинаған тәжірибесін, көрген білгендерін ала келеді. Егер басшы жаңадан келген қол астындағылардың бейімделуін ұйымдастыруға белсенді түрде күш салмаса, соңғылары өздерінің үміттерінің ақталмағаны деп түсінуі мүмкін.
Іс-әрекет нәтижесін бағалау. Жұмысшы ұжымға бейімделіп, өз ісін тиімді атқаруға қажетті дайындықты алғаннан кейін келесі қадам еңбек тиімділігінің деңгейін анықтау болып табылады. Мұнымен бақылау функциясының жалғасы ретінде көрсетуге болатын іс-әрекет нәтижесін бағалаудың мақсаты қорытындалады. Бақылау процесі стандартты бекіту мен белгіленген нормалардан ауытқуларды анықтау үшін нәтижелерді өлшеуді және қажет болған жағдайда түзетулерді қолдануды қарастырады. Аналогиялық үлгіде іс-әрекет нәтижесін бағалау басшылар әр қызметкердің қаншалықты міндеттерін тиімді атқарғаны туралы ақпаратты жинауын талап етеді. Осы мәліметтерді өз қарамағындағыларға хабарлай отырып, жетекші олардың өз жұмысын өте жақсы орындап отырғанын және оларға өз тәртіптерін түзеуге мүмкіндік беретіні туралы ақпараттандырады. Мұнымен қоса, іс-әрекет нәтижесін бағалау басшылыққа өте алдынға қатарлы жұмысшыларды анықтауға және олардың жетістіктерінің деңгейін жоғары қызметке ауыстыру арқылы шынайы түрде көтеруге мүмкіндік береді. Негізінен іс-әрекет нәтижесін бағалау үш мақсатқа қызмет жасайды: әкімшілік, ақпараттық және ынталандырушылық [12].
Әкімшілік қызмет: қызметін жоғарылату, қызметін төмендету, ауыстыру, еңбек келісім-шартын тоқтату. Қызметте жоғарылату, ауыстыру немесе еңбек келісім-шартын тоқтату туралы әкімшілік шешім қабылдау үшін әр бір ұйым өз персоналының еңбегін бағалай білу керек. Қызметтегі өрлеу ұйымға көп септігін тигізеді, соның ішінде өздерінің қабілеттерін көрсеткен қызметкерлермен вакансияларды толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмтешілерге көп көмегін тигізеді, олардың табысқа жетуге деген, өзіндік сыйластыққа деген талпыныстарын қанағаттандарады. Қызметтегі өрлеу – жұмыстың сәтті орындалуын қабылдаудың ең бір жақсы әдісі. Бірақ қызметте жоғарылату туралы шешім қабылдау барысында басшылық тек қана жаңа қызметте өз міндеттерін нәтижелі орындайтын қабілеті бар адамдарды ғана жоғарылату керек. Дегенмен, кей кездері бұрынғы жұмыстарын жақсы орындағандарды жоғарылатада да, олар жаңа қызметінде тиімді жұмыс жасаудың әлеуетін иеленбейді.
Қызметте ауыстыруды көбіне қандайда болсын жұмысшы басқа қызмет орнында нәтижелі жұмыс атқарар деген сеніммен жұмысшының тәжірибесін арттыру үшін қолданады. Ал кей жағдайда қызметте ауыстыру жұмысшы көңіл толарлық іс атқармай, бірақ оның көп жылғы еңбек өтімі мен өткен уақыттағы сіңірген еңбектері ескеріліп басшылық онымен еңбек келісім-шартын бір жола бұзуды жөн көрмейді. Осы жағдайда қызметте ауыстыру оны әрине бұрынғы қызметінен төмен қызметке тағайындайды.
Ал егер жұмысшыға оның атқарған еңбегінің нәтижесі туралы хабарланса және оны жақсартуға мүмкіндік беріліп, ол жұмысшы оны орындағысы келмесе немесе ұйымның стандартарымен жұмыс істегісі келмесе онда жұмысшымен еңбек келісім шарты ұйымның алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін тоқтатылуы керек. Әкімшілік жағдай қандай болса да, іс-әрекет нәтижесін бағалаудың тиімді әдісі болмаса ешқандай негізделген шешім қабылдауға болмайды.
Ақпараттық қызмет: іс-әрекет нәтижесін бағалау олардың жұмыс деңгейінің қатыстылығы туралы адамдарға ақпарат беру үшін қажет. Бұл жұмыс дұрыс жолда қойылған жағдайда жұмысшы тек өзінің дұрыс жұмыс атқарып жатқанын ғана біліп қоймайды, сонымен қатар, оның күшті немес әлсіз жағы екенін біледі және өзін қай бағытта жетілдіруге болатынын түсінеді.
Ынталандыру қыметі: еңбек іс-әрекетінің нәтижелігін бағалау адамдардың іс-әрекетін ынталандырудың ең маңызды құралы болып табылады. Әкімшілік мықты жұмысшыларды анықтап алып оларды өз деңгейінде мадақтап, жалақысын немесе қызметін жоғарылатуы мүмкін [13].
Қазақстан – еңбек әлеуетінің өсуінің ауқымды резервтерін иеленген ел, бұл өз кезегінде салыстырмалы түрде елдің жоғары демографиялық әлеуетімен анықталады. Елдің дамушы мемелекеттердің әлемдік қауымдастығына кіру үрдісі ҒТП-тің факторларын белсендендіреді. Олармен көрсетілетін ғылыми-техникалық көмек, шетелдік фирмалардың қатысуымен біріккен кәсіпорындар, ірі акционерлік қоғамдар ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар ашу алмасушы технологиялар енгізуге мүмкіндік туғызады. Бұлардың барлығы еңбек ресурстарының еңбек нарығындағы мобильділігін артыру үшін және жаңа технологияларға жедел бейімделуі үшін олардың сапасын арттыруды талап етеді [14].
Еңбек ресурстарын басқаруды жүйе ретінде және қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуын басқарудың құрамды бөлігі ретінде қарастыра оның өте күрделі және ауқымды жүйеге жататынын ұмытпаған абзал. Мұның негізгі көрсеткіштері бір мақсатқа біріккен өзара байланысты және өзара қызмет етуші жүйелер мен элементтер болып табылады. Күрделі түрде алатын болсақ еңбек ресурстарын басқару жүйесі келесі бөліктерден тұрады: бірінші - халық шаруашылығын білікті маман кадрлармен қанағаттандыру мақсатында еңбек ресурстарын қалыптастыру; екінші – еңбекке қабілетті тұрғындарды толықтай жұмыспен қамту мақсатында жұмыс күшін бөлу және қайта бөлу; үшінші – қажетті материалдық және рухани игіліктерді өндіруде жұмыс күшін тиімді жұмылдыру мақсатында еңбек ресурстарын пайдалану [15].
Бірінші жүйе – еңбек ресурстарын қалыптастыру дедік. Оның қалыпты қызмет етуінен жұмыс күшін өндірудің басқа фазалары да байланысты. Яғни білікті кадрлар қаншалықты сапалы және сандық негізде дайындалса, соншалықты еңбек ресурстарын пайдалану тиімді. Еңбек ресурстарын қалыптастыруды басқару демографиялық саясатты басқарудан бастау алады. Барлық елдің және аймақстардың еңбек әлеуетінің жағдайы көпшілік жағдайда демографиялық тенденциялармен сипатталады, оның сандық және сапалық көрсеткіштері еңбекке жарамды халық санының динамикасына, жыныстық және жас ерекшелік құрылымына, денсаулығына, білімділік деңгейіне байланысты.
Халық санының өсуі, жыныстық-жастық құрылымы және еңбек ресурстарының өсуі арасында қандайда болсын байланыс бары анық. Сондықтан да демографиялық саясатты тиімді басқару үшін әр аймақтың демографиялық дамуын зерттеген дұрыс. Соның ішінде халық денсаулығын жақсарту, жастарды жұмыспен қамту және өмір сүру деңгейіне қатысты іс шараларға баса назар аударылуы тиіс.
Екінші жүйенің тиімді қызмет етуі үшін әртүрлі біліктіліктегі еңбек ресурстарына қазіргі таңдағы экономиканың қажеттіліктерін нақтылы түрде жоспарлап және болжау керек. Қазақстандық ғылыми экономикалық ойлардың қазіргі таңдағы даму кезеңінде бұл бағытқа баса назар аударылып отыр, бұл әсіресе білім беру жүйесінің жаңа жұмыс әдістеріне ауысында байқалады. Алдағы таңда жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруіне байланысты кәсіби дайындық, біліктілікті арттыру және қайта даярлау мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады.
Және де үшінші жүйе қолда бар еңбек әлеуетін, сондай –ақ жеке жұмысшылармен олардың жиынтығын пайдаланудың тиімділігін бағалау және талдау, жоспарлау сияқты тиімді механизмдерін құруды қажет етеді.
Барлық ұйымдар үшін – ірі немесе шағын, коммерциялық және коммерциялық емес ұйым болсын, өндірістік немесе қызмет көрсету саласында болсын адамдарды басқару қашанда маңызды орынға ие. Адамдарсыз ұйымда болмайды, ұйым өзінің көздеген мақсаттарына жете алмайды және олар бір-бірімен тікелей байланысты. Сондықтан еңбек ресуртары басқару теориясы мен тәжірбиесінің ең негізгі аспектісі болып табылады. Ірі ұйымдарда еңбек ресурстарын басқарудың нақты жауапкершілігі әдетте кәсіби дайындықтан өткен кадрлар бөлімі жұмысшыларына жүктеледі. Ұйымның мақсатын жүзеге асыруда мамандар белсенділік таныту үшін оларға өзінің облысы саласында құзыреті мен білімімен қоса төменгі сатыдағы басшылардың қажеттіліктерінен хабардар болуы керек. Сонымен қоса егер төменгі саты басшылары еңбек ресурстарын басқару ерекшелігін, оның механизмін, мүмкіндіктері мен кемшіліктерін білмесе, онда олар маман-кадрлардың қызметтерін толықтай пайдалана алмайды. Сондықтан да барлық басшылар адамдарды басқарудың әдіс-тәсілдерін біліп қана қоймай түсіну керек.
Сабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Өнімділік және еңбектің тиімділігі.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Біздің өміріміздің материалдық негізін құрайтын өндірістер арқылы экономика дамып отырады. Кез келген экономиканың көзі — бұл қоғамда орналасқан ресурстар. Қазақстан — ТМД елдерінің ішіндегі ресурстарга бай елдердің бірі. Оның табиғи қорлары мен жағдайлары көп түрлілігімен, қорлардың көлемділігімен және жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Экономикалық ресурстар — бұл тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын барлық табиғи, адами және капиталдық ресурстар. «Өндірістік ресурстар» түсінігін экономикада «өндірістік факторлар» деп қарайды. Мұндағы «өндірістік ресурстар» түсінігіне қарағанда «өндірістік факторлар» түсінігі көнерген. Өндіріс өзара әсерлесетін факторларды ұсынады, олар белгілі бір сандық және сапалық сәйкестікте болуы тиіс. Егер де шаруашылықта бес трактор және бір тракторшы болса, қалған төрт трактор болашақ материалдық ресурс болып саналады. Өндіріс — бұл адамның тұтыну қажеттілігін қанағаттандыратын қызмет. Табиғаттың өзінен адам өзіне қажетті нәрсенің бәрін ала алмайды, сол себепті өндіріс -кешенді қажеттілік.
Қоғамдық өндіріс қорытындысының жалпылама көрсеткіші нәтижесі -жалпы ішкі өнім болып табылады (ЖІӨ). Жалпы ішкі өнім — бір жыл ішінде ел аумағында өндірілген тауарлар мен қызметтердің біртұтас құны. 1992 жылдан 1999 жылдар аралығында Қазақстан дағдарыс кезеңін бастан кешіруіне байланысты мемле-кеттің дамуы тұрақты болмады. 1992-1995 жылдары республикада өндіріс қарқыны төмендеді. Макроэкономиканың көрсеткіштеріндегі дағдарыс 1996-1997 ж.ж. орын алды, бұл кезде жалпы ішкі өнім көлемі азайып кетті. 1997 ж. Қазақстанда дөнді дақыл өсіруден рекордтық өнім алынды, өнеркәсіптік өндіріс көлемі, құрылыс, сауда өсті. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 1991 ж. 27%-ды көрсетті. Ал 2000 ж. жалпы ішкі өнімнің өсуі 1999 жыл-мен салыстырғанда 9,6%-ды құрады. Жалпы ішкі өнімнің артуы төмендегідей негізгі факторлардың қорытындысы болды: инфляцияның төмендеуі, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, шетелдік инвестиция тарту т.б.
Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өнеркәсіп саласында өскендігін байқаймыз. Қазақстан өнеркәсібінің құрылымындағы негізгі өзгерістер мұнай мен табиғи газда 1995 ж. -10,3% -ға, 2005 ж. -50,4% -ға өскендігі көрінеді. Мұнай шикізаттарын экспорттау 1995 ж. — 20,8% -ға өсті, 2005 ж. -62,5% -ға артқан. Өнеркәсіптен кейін жоғары өсім деңгейі қызмет көрсету саласында байқалады: 2005 жылы ЖІӨ-нің 41,9%-ы. Қызмет көрсету саласындағы соңғы жылдардағы өсу — қызмет көрсету нарығының дамығанын көрсетеді, яғни экономиканың тез өсетін саласына айналды.
Жалпы ішкі өнім көрсеткіші өмір сүру деңгейінен бөліне ме? Өмір сүру деңгейінің шынайы бейнесін көру үшін жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін білу керек. Жан басына шақңандағы ЖІӨ мөлшері сол елдің тұрғын санына байланысты. Егер өндіріс көлемі өссе тұрғындар саны да өседі, мұнымен біз сол елдің өмір сүру деңгейінің орташа деңгейін көре аламыз.
Өнімділік түсінігі
Өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін өндіріс көлемі өсу керек. Өнімділік — бұл ресурстарды қолданудағы тиімділік шаралары. ТМД елдері мен Қазақстанның шаруашылық тәжірибесінде өндірісті тиімді қолдану көмегімен әр түрлі көрсеткіштерді көрсетті. Осындай көрсеткіштің бірі — еңбектің өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елде өмір сүру деңгейі жақсы болады. Еңбек өнімділігі — белгілі бір уаңыт: бір сағат, күн, ай, жыл ішіндегі бір жұмысшының өндірген өнімінің саны. Сол себепті өндірілген тауар физикалың өлшем-мен (дана, тонна, метр), сондай-ақ (теңгемен) ақшалай өлшенеді. Мысалы: «Қуат» құрылыс компаниясында 2000 құрылысшы жұмыс істейді. Олар бір жылда 120 000 м2 тұрғын үйді тұрғызады. Мұнда еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда жылына 60 м2 құрайды. Бұл жай ғана арифметикалық жолмен анықталады: 120 000 : 2000 = 60.
Өнімділікті анықтайтын факторлар
Еңбек өнімділігі көптеген факторға, біріншіден, мамандардың біліктілік деңгейіне, еңбек тәртібінің бекітілуіне, адамдардың шығармашылығына, өндірістің автоматтандырылуы мен механикаландырылуына, технология мен жаңа техникаға байланысты. Жапонияда, АҚШ-та, Германияда бір жұмысшыға жылына 60 000$-дан келеді. Ал Қазақстан экономикасында 1998 жылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 115 мың теңгені құрады. Еңбек өнімділігі өсуінің бірінші шарты — еңбек ресурстарының сапасы: жұмысшылардың қызығушылығы, біліктілік, кәсібилік, төжірибе, білім. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін сапалы даярланған мамандар қажет. 2002 жылы қазан айында бұл мақсатқа орай Алматы қаласында Қазақстан — Британ Техникалық Уни-верситеті ашылды. Мұны ашу идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған болатын. Университет еліміздің өнеркәсібі үшін жоғары біліктілікті мамандар дайындау жөніндегі мәселені шешеді.
Екінші шарты — технологиялық процестердің прогрессивтілігі. Жоғары технологиялық өндіріс — мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі бірден бір көзі. Жоғары технологияны қолдану өндірістің техникалық деңгейін және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатады, қоғамның сұранысын қанағаттандырады. 1998 ж. маусымда «Алмас» ғылыми-зерттеу орталығында 8000 м тереңдіктегі геологиялық бұрғылау үшін қозғалмалы қондырғы құрылды. Импорттық жабдық қазақстандық жоба үшін екі есеге қымбат түсті. Өтпелі кезең Қазақстанның нарықтық экономикасына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Үшінші шарты — күрделі қаржы жұмсалымының артуы. Қазаңстанның дамып келе жатқан экономикасы үшін ірі көлемді инвестициялық ресурстарды тарту қажет болды. Оларды қолдану ұтымды әрі тиімді. Бұларға ҚР-ның инвестиция жөніндегі Мемлекеттік комитеті бақылау жасайды. Егер 1996 ж. республикадағы негізгі капитал инвестициясы 80,9 млрд. теңгені құраса, 2005 жылы 667,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптегі инвестиция түсімі көбі мұнай-газ кешеніне-2005 ж. 77,4% келген, ал басқа салаларда төмендегідей пайызды құрады: 1% — электроэнергетика; 0,5% — көмір өнеркәсібі; 1% — қара металлургия; 3% — түсті металлургия; 17,5% — өнеркәсіптің қалған салалары.
Сабақ №
Топ
Күні __________
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Тақырыбы: Еңбек ресурстарын талдау және жоспарлау.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық кезең:
Рефлексивті бағалау кезеңі
Үй тапсырмасы
Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—58 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.
Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие қажетті физикалық деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарын жеткілікті қамтамасыз етілуі олардың рационалды пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділіктерін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қамтамасыз етілуіне және олардың пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстардың көлемімен орындалатын өз уақытылығы, жабдық машина, механиканың пайдалану тиімділігі тәуелді. [1, 32б ]
Талдау міндеттері.
Кәсіпорынның және құрылымдық бөлімшенің еңбек ресурстарын, сондай-ақ олардың категориялары мен кәсіптер бойынша қамтамасыз етілуін зерттеу, бағалау
Кадрлар ағымдағы көрсеткіштерін анықтау мен зерттеу.
Еңбек ресурстарының резервтерін анықтау, олардың анағұрлым тиімді пайдалану.
Еңбек бойынша талдауды жүргізу үшін келесі қайнар көздерді пайдаланылады.
Еңбек бойынша есеп.
Табельдік есепке алумен кадрлар бөлімі деректері.
Еңбек ресурстармен кәсіпорынның қамтамасыз етілуі.
Жұмыскердің категориялары мен кәсіптері бойынша .
Нақты санын оның жоспарлық қажетімен салыстыру бойынша есептейді.
Еңбек ресурстарының біліктілігі сапалық құрамында талдау керек.
Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін онда мына көрсеткіштерді орындау керек.
жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату.
еңбек жағдайын жақсарту және жұмысшылардың денсаулығын жақсарту.
тұрмыстық-техникалық қажеттіліктерді қадағалау.
еңбек ұжымын әлеуметтік қамтамасыз ету.
Кәсіпорындағы жұмысшылар