СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка представляет собой план урока казахского языка по обновленной образовательной программе

Просмотр содержимого документа
«Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы»

Акимжанова Гаухар Сауалхановна

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Сынып: 8

Қатысқаны: 21 Қатыспағаны: -

Бөлім: 10

Наурыз және әлем халықтарының оны тойлау ерекшеліктері.

Б. Бопайұлы «Қазақы наурызнама» (үзінді)

Сабақтың тақырыбы

1-2-сабақтар. Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлығы прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдайды.

Көбі тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды.

Кейбірі тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.

Бағалау критерийлері

Наурыз мейрамы жайлы ақпарат береді, ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін талдайды, етістіктің бұйрық райын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге деген лексика мен терминология: наурызкөже, көңіл күй, үндестік, кешір, оян, ежелгі, тойла.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: дәстүрлі мейрам, түркі халықтары, мерекелік дастарқан, тілек айту.

Бастапқы білім

Оқушылар өтілген модуль туралы білгендерін айтады. Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы оқушылардың бастапқы білімін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы





















Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

  • Сен нағыз доссың!

  • Сен әдемі қызсың!

  • Сен өте ұқыпты баласың! (т.с.с.)

Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі.

Балалар үстелде жатқан әртүсті фигуралардан өздеріне ұнайтын түсті таңдап алады.


1-топ. Сары түстер.

2-топ. Көк түстер.



Қызығушылық ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Көрген суреттерін сипаттап берулерін сұрайды. Ой шақыру сұрақтарын қояды:

«Лездеме» стратегиясы. Екі топқа 7 сұрақтан қойылады.

І топ.

1. Көктем айлары ...

2. Көктемде тойланатын мерекелер ...

3. Наурыз мерекесі қашан тойланады?

4. Наурыз мейрамының басты тағамы ...

5. «Наурыз» сөзі қай тілден енген?

6. Наурызкөжені қандай тағамдардан жасайды?

7. Батаны кімдер береді?


ІІ топ.

1. Наурыз айында неше күн бар?

2. 8-наурыз қандай мереке?

3. «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?

4. Наурызкөжені неше түрлі тағамнан дайындайды?

5. «Жеті» санына байланысты қандай ұғымдарды білесің?

6. Наурыз мейрамында ойналатын ұлттық ойындар ...

7. Ұлыстың ұлы күні ....

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Наурызкөже, көңіл күй, үндестік, кешір, оян, ежелгі, тойла.

Дескриптор:

- жаңа сөздерді үйренеді;

- сөздік жұмысын жүргізеді;

- сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын сәйкестендіреді.

Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға етістіктің бұйрық райын меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.

1-тапсырма.

І топ «Венн диаграммасын» толтырады.

Наурыз мерекесі мен Жаңа жыл мейрамын сипаттайды, ортақ белгілерін жазады.



ІІ топ . «Семантикалық картаны» толтырып, диалог құрастырады.



Дескриптор:

  • картаны толтырады;

  • сөйлем құрастырады;

  • диалог құрастырады;

  • ойын жүйелі түрде жеткізеді;

  • өзара сөйлеседі.


«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.

Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.

Тренинг жазылған парақшалар, оқулық, суреттер, геометриялық фигуралар, ғаламтор ресурстары












Сабақтың ортасы

(22 минут)





















Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұны мен тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады.

І топ тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша «Қос жазба» күнделігін толтырады.

Үзінді

Түсініктеме






Дескриптор:

- мәтіннен қажет ақпаратты алады;

- мәтін бойынша өз ойын таратып айтады;

- негізгі идеяны анықтайды;

- өз ойын қорытады;

- мәтінді мазмұндайды, талдайды.

ІІ топ етістіктің бұйрық рай формасын пайдаланып, «Наурыз – жыл басы» тақырыбына диалог құрастырады.



Дескриптор:

- етістіктің бұйрық рай формасын ажыратады;

- тақырыпқа қатысты диалог құрастырады;

- сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді;

- орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады.

Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау парақтары негізінде қорытындылайды.

Кері байланыс


Көңілсіз,

қызықсыз болды



Көңілді,

қызықты болды



Сұрақтарым бар


Тақырыпты түсіндім



Сабақта берілген

тапсырмаларды

орындадым

Жаңа мағлұматтар білдім


Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?

Мәтінсоңы жұмыс.

3-тапсырма.

І топ. «Ортадағы орындық» стратегиясы негізінде оқушылар ортадағы орындыққа отырып, Наурызға арналған бата береді.



ІІ топ. «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде берілген сөздерді пайдаланып, Наурыз мерекесіне арналған құттықтау хат жазады.


Дескриптор:

  • грамматикалық тақырыпты меңгереді;

  • бұйрық райды қолданады;

  • тірек сөздерді орынды қолданады;

  • құттықтау хат мәтінін жаза алады.

Қалыптастыруы бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын түрлі түсті желімқағаздар арқылы бағалайды.

Кері байланыс. Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұпта туындаған жағдаятты тізбектейді.

Алдымен, біз «……» деп ойладық.

Кейін мынадай мәселе пайда болды: ……

Мәселені шешу үшін…….жасадық.

Бұдан біз……..көрдік.

Демек, бұл ……….. екенін білдірді.

Сонымен, біз……..деген қорытындыға келдік.

Ойсергек. «Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі бойынша ойсергек ұйымдастырады. Оқушылардың әрқайсысына бір-бір сөзден ойлауларын тапсырады, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді тақтаға жазғызады (жалпы саны 15-20 сөздей болу керек). Сөздерді тақтаға жазады, шағын топтар осы сөздерден тақырыпқа қатысты ауызша әңгіме құрастырады.


Оқулық, аудиотаспа, кесте, ғаламтор ресурстары






Сабақтың соңы


Қалыптастырушы бағалау.

«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағаланады.

Сабақтың соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілеп, түсіндіреді:

Аты: _______ Сабақ не туралы болды? ______

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?


- Мен ештеңе түсінбедім.

- Әлі де қайталауым керек.

- Қиын, бірақ қызықты тәсілдерді қолданып тапсырмаларды орындауға болады.

- Бәрін толық түсінгеніме сенімді емеспін.

- Бәрін түсінгеніме сенімдімін.

Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?


Мүлдем сенімсізбін

Сенімсізбін

Аздап сенімдімін

Сенімдімін

Өте сенімдімін


Рефлексия. Шығу парағын пайдаланып, сұрақтарға жауап беру (15-тапсырма).

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 4-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық,

А4 парағы, маркерлер


Қосымша ақпарат


Рефлексия. Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді?

Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды?

Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім? Не себепті?

Сабақ жүйелі жоспарланғандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істеді. Сабақ жоғары деңгейде өтті, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, жоспарланған жұмыстардың бәрі орындалады.


Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе табысты болды:

Қандай екі нәрсе сабақтың тиімділін арттырды:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған екі әрекетті атаңыз:


1. Топтық жұмыс. 2. Оқушылардың сабаққа белсенділігі.

1. Пайдаланған әдіс-тәсілдер. 2. Көрнекі құралдар.

1. Оқушылар уақытты ұтымды пайдалана алмады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!