СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нұрлыбек Гүлсәнім Нұрлыбекқызы Информатика 10 сынып

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайт керемет! Сертификаттарынын фонын озгертип турса Рахмет

Просмотр содержимого документа
«Нұрлыбек Гүлсәнім Нұрлыбекқызы Информатика 10 сынып»

Программалау – адамның ЭЕМ-мен  қарым – қатынас жасау құралдарының бірі.

Қолданушының графиктік интерфейсін құру 

Графиктік интерфейсті құруды бір қосымша негізінде түсіндірейік. Ол саймандар тақтасында орналасқан екі басқару элементтерінің көмегімен құрылады: «батырма» және «тексттік өріс». 

Графиктік интерфейсті құру үшін қажетті басқару элементтерін формаға орналастыру қажет. Ол үшін :

   Тышқанның курсор көрсеткішін саймандар тақтасында таңдалатын элемент пиктограммасына орналастыру керек (мысалы «батырма» - оң жақ бағандағы жоғарыдан үшінші компонент);

   Таңдалған пиктограмманы екі рет шерту нәтижесінде форма терезесінде  "батырма” элементі пайда болады;

   Тышқан көрсеткішін форма терезесіне апару. Көрсеткіш форма терезесіндегі батырма үстінде болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып форманың қажетті жеріне жылжытуға болады;

  Формаға тағы бір "батырма” қосу үшін, саймандар тақтасына барып, CommandButton  (Командалық батырма) пиктограммасын екі рет шерту керек. Формада тағы бір «батырма» пайда болады. Келесі батырманы орналастырмас бұрын, бірінші батырманы орма центрінен шетіне қарай жылжыту керек. Әйтпесе, екінші батырма мүлдем көрінбей қалады;

  Осылайша формаға "тексттік өріс” (TextBox) элементін орналастыруға болады.

Программаны жүктеу 

Программаны жүктеу үшін Run менюінен  Start командасын таңдауға немесе пернесін басуға болады. 

Программаның орындалуы кезінде программалау  ортасының кейбір элементтері экранда көрінбей қалады. Сонымен қатар форма түрі де өзгереді. Конструкциялау (проектілеу) барысында ол нуктелік тормен қапталған. Ал, орындалу кезінде форма кәдімгі Windows – терезесіне айналады. Онда сондай типті терезелерге тән атрибуттар орналасады. Бұған формадағы батырмаларды шертіп немесе тексттік курсорды TextBox  өрісіне орналастыру арқылы көз  жеткізуге болады. 

Құрылған программа Windows қосымшасы болғанымен, ол ешқандай қызмет атқармайды. Яғни графиктік интерфейс программаның функционалдылығын  қамтамасыз етпейді. Ол үшін оған программа коды қосылуы керек.

Программаға код  қосу 

Программалық код тек проектілеу режимінде ғана қосылуы мүмкін. Егер программа орындауға жіберіліп қойса, кодты қосу алдында оны тоқтату керек. Бұны Run менюінен End командасын таңдау арқылы немесе орындалудағы программа терезесін басқа тәсілмен(мвсалы, оның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «х» белгісін шерту) жабу арқылы жүзеге асыруға болады. 

Код – бұл Visual Basic программалау тілінде жазылған инструкциялар тізімі. Олар программаның қолданушының қандай да бір әрекетіне жауап беру сипатын анықтайды. Яғни код бұл программаның қандай да бір визуальді компонентінің жағдайына реакциясы болып табылады. Әрбір осындай жағдай белгілі ьір атауға ие. Және де жағдайлар тізімі формада орналасқан  элементтерге немесе фйорманың өзіне тәуелді. Мысалы, қолданушы тышқанмен Command1 батырмасын шерткенде Command1_Click жағдайы, ал форманың жүктелуі кезінде Form_load жағдайы пайда болады. 

Visual Basic – те программалау басқа программалау тілдеріне, мысалы С және С++ қарағанда күрделі  емес. Сонымен, программаға кодты кодты қосу үшін форма терезесінен код терезесіне ауысу қажет. Ол үшін проект (Project) терезесіндегі сол жақтан бірінші View Code пиктограммасын шерту жеткілікті. Одан кейінгі (View Object) пиктограмманы щерту керісінше код терезесінен  конструкциялау терезесіне көшуге мүмкіндік береді. 

Программаның код терезесінің негізгі бөліктерін қарастырайық. Тақырып жолағынан кейін тізімі бар екі өріс орналасқан. Біріншісінде формада орналасқан барлық компоненттердің аттары  және форма аты болады. Кез келгенін таңдағанннан кейін оң жақ тізімде мүмкін болатын жағдайлардың аттары бейнеленеді. Қандай да бір жағдайды сипаттау алдында тізімнен  оның атын таңдау керек. Осыдан кейін Visual Basic  жағдайды өңдеу процедурасын құрады. Мысалы, егер қарастырылып отырған мысалда Command1 батырмасы үшін Click жағдайын таңдасақ, онда программа коды терезесінің жұмысшы бөлігінде төмендегідей дайындық пайда болады:

Private Sub Commsnd1_Click()

End Sub

Бірінші жол процедура аты. Ал, соңғы жол End Sub оның соңын білдіреді. Бұл сатыда программистің жұмысы осы екі жолдың арасын.а программа кодын қосу болып табылады. Код Visual Basic-тің бір немесе бірнеше операторынан тұруы мүмкін. Бұл операторлар программаның орындалуы барысында Command1 атты батырмасының басылу жағдайы жүзеге асырылғанда орындалады. Мысалы, батырманы басқанда Text1 тексттік өрісінде «Бәріне сәлем!» жазуы пайда болуы үшін, қарастырылып отырған жағдайдың өңдеу кодына келесі түрдегі операторды жазу керек:

Text1.Text=«Бәріне сәлем!»  

Осылайша формадағы Command2   батырмасының  басылу жағдайының өңделу  кодын құруға болады. Мысалы,

Private Sub Command1_Click ( )

Text1.Text= «Сау болыңыз!»

End Sub

Бұл жағдайда программа жүктелгеннен кейін  Command2 батырмасын басқанда тексттік өрісте  «Сау болыңыз!» жазуы пайда болады.

Программаны дискіде сақтау 

Кез-келген ақпарат сияқты, Visual Basic тіліндегі қосымша дискіде сақталуын талап етеді. Әрбір проект үшін дербес  папка құрған дұрыс. Бұл жағдайда проектке кіретін файлдарға ерекше ат беру қажеттілігі жоқ. Сақтау барысында проектке кіретін форма аттары мен проекттің файл аты ғана сұралады. Оларды Visual Basic ортасы ұсынатын аттармен сақтауға болады: Form1, Form2, … және Project1.




Скачать

© 2016, 436 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!