СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нысанбай жырау "Кенесары-Наурызбай" жыры

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нысанбай жыраудың  Кенесары Қасымұлының көтерілісіне арнаған жыры

Просмотр содержимого документа
«Нысанбай жырау "Кенесары-Наурызбай" жыры»

24.01.18 ж.9-сынып,әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: ұлт-азаттық қозғалыс жыршысы Нысанбай жыраудың дастанымен таныстыра отырып, дастандағы және тарихтағы Кенесары бейнесін түрлі көзқараста с арқылылыстыра отырып, сабақ мақсатына жету.
Дамытушылық: ізденіс арқылы логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін шыңдау, шешен сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ғылыми еңбектер мен дерек көздерін зерделей отырып өз пікірлерін ортаға салуға үйрету.
Тәрбиелік: Дастандағы батырлар бейнесі арқылы ұлтжандылық сезімін дамыту.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Ой қозғау
Ұлт азаттық көтеріліс дегеніміз не? Тарихта қандай маңызы бар?
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың айдары:
Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау
(М.Әуезов)
Мұғалім сөзі:
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атаған. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», - деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.
Сұрақтар:
Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
Дастан неліктен «Кенесары - Наурызбай» деп аталды?
Дастанның негізігі идеясы қандай?
Басқа да қандай батырлар бейнесін көруге болады?

Бұқар жырау Ортақ қасиеттерНысанбай
Оқулықпен жұмыс (Дастаннан алынған үзіндіге талдау)
«Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.» 
МұхтарӘуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл. 
«Кенесарының қайғы – өкінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе – Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әлдеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады.»
М.Әуезов «Кенесары – Наурызбай» жорығы туралы кейінгі талай ақын талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес»деген еді.
Хан Кененің қалдырған іздері – шайқас болған жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай жырдың біреуі - Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» тарихи дастан ы. Бұл – тарихи таным тұрғысынан да, көркемдік тұрғыдан да құнды туынды. 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ой тастау.
Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы – Кенесарының өкінішті қазасы екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді. Хан Кененің қалдырған іздері - шайқас жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың «Кенесары - Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің, одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды. Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Тарихымызға да көзқарастар өзгерді. Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін, жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да, батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.
Дастанға арқау болған оқиғаның себебі неде?
Сұрақтар:
Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
Дастан неліктен «Кенесары - Наурызбай» деп аталды?
«Қазақтың соңғы ханы», «Жеңіліс тапқан көтеріліс» емес.
Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?

ІV. Қорытындылау
Кенесары - Абылайдың немересі. Әр кезде қазақ хандарының сенімді кеңесшісі, данагөй, ақылгөй жырауы қасында болған. Кенесарының атасы Абылайдың ақылшысы Бұқар жырау болса, Хан Кененің сенімді серігі, жақсы көрген ақыны Нысанбай жырау болды. Екі жырау да сол кездегі хандарымен бірге аумалы-төкпелі заманды басынан өткізді. Салыстырып көрелік. 1847 жылы Кенесары көтерілісі жеңіліске ұшырап, Кенесары қаза болғаннан кейін Нысанбай жырау туған жерінен қашып шығып, Орталық Азия елдерінде біршама уақыт жасырынып жүреді. Туған жеріне қай жылдары қайтып келгені туралы дерек жоқ. Қазіргі Аққошқар елді мекенінен екі шақырымдай солтүстік тұсында Шеңгелсай деген жер бар. Нысанбай жырау сол жерге жерленген. Кезінде қам кесектен там тәрізді салынған бейіті құлап, төмпешік болып қалады. Өткен ғасырда Аққошқар елді мекенінде өмір сүрген Тұңғатов Алдаберген ақсақал бала кезінде бейітті көріп өскен. Бейіт құлағаннан кейін сол ауылдың азаматтарына жыраудың басына белгі қоюды аманаттайды. Қазіргі кезде кесене де салынған.
Нысанбай жыраудың бұл күнде тараған ұрпағы жоқ. Оның Жабық, Жабағы деген екі ағасынан тараған ұрпақ қана бар. Нысанбай жыраудың шығармалары да толық зерттеліп бізге жетпеді. Өздерің қарастырған «Кенесары - Наурызбай» дастаны мен өзі жайлы айтқан толғауы ғана бар.
Нысанбай жыраудың халық арасына тараған жыры ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап баспа бетін көре бастады. Бұл жырға кезінде Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев тиісті бағаларын берді. Зерттеуші ғалымдар Х.Досмұхамедұлы, Ә.Қоңыратбаев, Е.Бекмаханов т.б. құнды пікірлер айтты. 
2014 жылғы 11 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихты ұлықтау жылы» деп атап, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді тапсырды. Бұл күнде қазақ елі тәуелсіздік туының астында бақытты ғұмыр кешуде. Ол тәуелсіздік бір күнде келген жоқ. Қазақ хандығы құрылғаннан бері қазақ жерінде жері үшін, елі үшін қаншама қан төгілді. Соның бір куәсі - Кенесары мен Наурызбай бастаған көтеріліс. Ендеше тәуелсіздігіміздің қадірін білейік! 
V.Бағалау
VІ. Үйге тапсырма.Дастанды оқу















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!