СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет. 2-3 ұпайлық тастау әдістері

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баскетбол ойынының техникасын жетілдіруге арналған. Команда құрамында біріккен өзара қарым-қатынас қалыптастыру арқылы, жаттығу жасау дағдыларын дамыту. 

Просмотр содержимого документа
«Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет. 2-3 ұпайлық тастау әдістері»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


5-бөлім: Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары

Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ

Күні: 14-15.03.22ж

Мұғалім: Култумбаев Есен

Сынып: 5 «ғ»

Сабақ: 73-74

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет.

2-3 ұпайлық тастау әдістері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.3.1 қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

5.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:



Оқушылардың барлығы орындай алады:

Команда құрамында біріккен өзара қарым-қатынас арқылы, жаттығу жасау дағдыларын жетілдіру кезінде сақтандыру шараларын ұстанады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жаттығу жасау дағдыларын жетілдіру кезіндегі жаттығу жасау реттілігін түсіне біледі.

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Шығармашылық қабілеттерін іске асыра отырып оны іске асырудың балама жолдарын ұсына алады,


Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.


Сабақ жоспары

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Дайындық бөлімі:

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу.

  • Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару.

  • Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

  • Бағалау критерийлерін анықтау.

  • Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

«Шаттық щеңбері»

Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілек айту.

Саптық жаттығулар:

-«оңға», «солға», «айнал».

Жүру жаттығулары:

- қол алда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру,

- қол желкеде, жартылай отырып жүру,

- қол белде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

- қол алда, аяқты алға сермей жүгіру,

- қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру,

- қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру,

- артпен сол йықтан алға қарап жүгіру,

Жалпы дамыту жаттығулары:

Тыныс жолдарын қалпына келтіру,


Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.




Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды.

ҚБ: қошемет сөздер

Жарайсың

Жақсы

Керемет


Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік,





Презентация:

https://ppt-online.org/737120


қауіпсіздік ережелері:

https://www.referat911.ru/Fizkultura-i-sport/basketbol-ojynny-aupszdk-erezheler/561673-3334138-place1.html

Сабақтың ортасы

30 мин




Белсенді оқыту әдісі

«Миға шабуыл»

1. баскетбол ойынында 2-3 ұпайлық лақтыру қандай арақашықтықта орындалады?

2. баскетбол добын секіре себетке лақтыру кезінде қандай қимылдар жасалады?

3. ойынның қозғалыс қимылдарының ағзаға қандай әсері бар?

Баскетбол ойынында допты орнында, қозғалыста жоғарыдан екі, иықтан бір қолмен, екі қолмен кеуде тұсынан, әр түрлі арақашықтықтан орында, қозғалыста, секіре себетке лақтыру әрекеттері туралы түсінік беру:


Арнайы дамыту жаттығуларын орындау:

1.Оқушылар екі топқа бөлініп, бір біріне қарап қатарға сапқа тұрады. Бірінші қатардағы оқушылар әр түрлі әдіспен допты алып береді, екінші қатардағы оқушылар қайталайды.

1. допты екі қолмен кеуде тұсынан.

2. екі қолмен бастан асыра алып беру.

3. екі қолмен төменнен алып беру.

4. бір қолмен иық тұсынан алып беру

5. екі қолмен еденнен шоршытып беру.

Қозғалмалы ойын:

«Допты алып жүріп, серіктесіне қағып алдырмау»

Орындалуы:

Екі оқушы бір бағытта, щеңбердің ортасында тұрған үшінші оқушыны айнала қарсыласынан қашықтау қолымен допты алып жүре, бос қолымен бір бірінің қолына доп тигізуге тырысады, өзі жүргізіп келе жатқан доптан айрылмау керек. Қол тигізбеу, доптан айрылып қалмау үшін қарсыласының қолын қағып жіберуге болады. Доптан айрылмаған, серіктесінің иығына қол тигізген оқушы ұпай алады. Доптан айырылған, серіктесінің иығына қол тигізбеген оқушыға ұпай берілмейді, және ұпай серіктесіне беріледі, өзі үшінші щеңбердегі оқушының орнына тұрады.

Жаттығуларды орындау нәтижесіне қарай, оқушылар бір-бірлерін бағалайды.


Оқушылар түзетуші комментарийлер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.




Арнайы дамыту жаттығулары кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтайды.



















Қозғалмалы ойын ережелерін толық меңгеруге тырысады. Қимыл-қозғалыстарын орындау арқылы, өзінің білімдерін жетілдіреді.

Дескриптор:

- команда құрамында және арнайы дамыту жаттығулары кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі;

- жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды;














ҚБ: бір бірін бағалау

«Шапалақ» әдісімен бағалау









Бүгінгі сабақта өтілген команда құрамында біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау бойынша түсінгендерін бағалайды,

Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер.


Дереккөздер:


https://stud.kz/referat/show/27388


















Баскетбол ойыны ережелері:

https://youtube.com/watch?v=qu4W4djhOlU&feature=share



ойын техникасы:


https://youtu.be/GrNceAsTInk


Сабақтың соңы

5 мин



Сабақты қорытындылау

Кері байланыс,

«Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу.

«Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу.

«Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетіндерін жазу.

«БББ» кері байланыс парағы


білем

білдім

білгім келеді

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Рефлексия:

- нені білемін, нені үйрендім

- не түсініксіз болды

- немен міндетті түрде жұмыс жасау керек

Үйге тапсырма.

Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды.

Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалау


Үлкен бос кеңістік, секундомер.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!