СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

О?у мен о?ытуда?ы жа?а ?згерістер

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?у мен о?ытуда?ы жа?а ?згерістер, заман талабы. Мен ?згерісті ?зімнен бастадым.

Просмотр содержимого документа
«О?у мен о?ытуда?ы жа?а ?згерістер»

Казыбаева Гульмира Бекбосынқызы

Оңтүстік Қазақстан обл. Арыс қаласы

ББ қарасты Аққала жалпы орта мектебі

1 деңгейлі география пәнінің мұғалімі






Оқу мен оқытудағы жаңа өзгерістер.

Ұстаз қай кездеде де мектептің жүрегі,қоғамның тірегі, Қоғам тұлғаны қанша жетілдірсе ,жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде жетілдіреді.

ХХІ ғасыр білім және ғылым ғасыры.Бұл ғасырды әлемдік заманауи стандарттарға сай өркендейтін кезең деп білеміз.Ұлы көшбасшы Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі- ең алдымен оның білімділігімен өлшенеді» - деп атап көрсете отырып, елімізде білім беру ісіне ерекше назар аударады.

Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылып отырған талап күшті .Ұстаз ең алдымен білімді ақпараттық құралдарды жетік меңгерген, үнемі өзі үшін ізденуі қажет .

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі- ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Жас ұрпақтарымызды еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет.

ҚР. «Білім туралы» Заңында: «Білім беру, жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық комуникациялық желілерге шығу- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді».

XXI ғасыр-бүкіл әлемдік жаһандану,бәсеке ғасыры.«Білімді,сауатты адамдар бұл ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші болады»деп Елбасымыз айтқандай,осы ғасырға лайықты тұлғаны тәрбиелеу әр елдің басты міндеті болып табылады. Мектеп мұғалімдері көптеген оқыту стратегияларын қолдана білуді,әрбір оқушымен және мұғалім өз істеріне кері байланыс жасауды, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыруды меңгере білуі керек. Сондай-ақ мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, әріптестермен ынтымақтастықта оқу ортасын құра отырып мұғалімдер өз тәжірибесін үздіксіз жетілдірулері тиіс деп ойлаймын. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет.

Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше салауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Сындарлы оқыту бағдарламасы мұғалімнің жоғары деңгейде дайындығын,шеберлігін, үлкен еңбекті талап етеді. «Білімсіз» дәрігердің бір қатесі бір адамның өміріне балта шапса, ал «білімсіз» ұстаз бірнеше адамның миын улайды дегендей, біз ұстаздар қауымы, алдымызда отырған әр шәкірттің болашақ өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа заманға сай сыни тұрғыдан ойлай білетін, ойы ұшқыр, өз ойын еркін жеткізе алатын, ұлттық мәдениетімізді құрметтейтін тұлға тәрбиелесек, еліміздің болашағы жарқын болатынын сеніммен айтуға болады. Сенека айтқандай:«Білім - кез -келген өмірлік жағдайда дұрыс шешім қабылдау қабілеті», сондықтан оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру арқылы балаларды өзгеріп жатқан жаңа заманауи әлем жағдайына бейімделуіне дайындай аламыз.Заман талабы «өмірлік білімнен», « өмірлік білім арқылы болашаққа білім» алуды талап етеді. Яғни , ортаға бейімделуді көздейді. Жаңа мектептің негізгі білім беру мақсаты, қарқынды дамып келе жатқан қоғаммен жеке тұлға қажеттілігіне пара-пар жағдай жасап, әр балаға қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін іске асыруда психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету,әр баланың бойында жасырынып жатқан шығармашылық қабілетін ашып, сол арқылы бағыт-бағдар көрсету.

Бүгінгі таңда оқытудың жаңа деңейлік бағдарламасы мектеп өміріне кеңінен енгізіліп отыр және де жаңа әдіс білім сапасына оң өзгерістер беруде. География сабақтарында қолданылып жүрген жаңа әдіс- тәсілдерім қазіргі таңда өз нәтижесін беруде. Қазіргі уақытта оқушы мен мұғалім бойында үлкен өзгерістер орын ала бастады.Атап айтсам;

  • оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар өз ойын ашық айтуды үйренді.

  • оқушы өзін-өзі реттеуді үйренді.

  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.

  • бірін-бірі бағалауды үйренді, өз пікірін дәлелдеуге дағдыланды. өзімде де төмендегідей өзгеріс пайда болды:

  • сабақ барысында оқушыларға еркіндік бердім.

  • сабақ жоспарына жаңа әдіс-тәсілдер енгіздім.

  • бағалаудың жаңа түрлерін ұстандым.

  • Бағыт-бағдар берушінің рөлін атқардым.

  • Оқушылармен демократиялық қарым-қатынас құрдым.

Оқушылар арасында топтық жұмыс әлеументтік өзара қарым- қатынасты тиімді араласу және проблемаларды бірлесіп шешу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы, белсенді артты. Түрлі ой пікірлерді тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға үйренді.

Ұлы шығыс ойшылы Конфуций: «Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең есімде сақтауым мүмкін, менің өзіме жасатсаң үйренемін» деген. Қазіргі ғылым зерттеушілер бұл заңдылықтың астарында терең мағына жатқандығы байқатады. Сондықтан да әр сабақта білім алушылар тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек. Меpcеp мен Ходжкинcон (2008) еңбектерінде оқушылаpды cыныпта талқылауға тapту oлаpға өз түciнiгiн көpcетуге, әp түpлi адамдаpдың әp түpлi пiкipлеpi бapын түciнуге мүмкiндiк беpедi, өз пiкipлеpiн негiздеуге және оқу үдеpiciнде «Балалаp қайда?» екенiн мұғалiмге түciнуге мүмкiндiк беpедi дейдi. Деңгейлік бағдарламаның модульдерін сабақта қолданғанда оң нәтиже береді. Әсіресе өз сыныбымда жақсы нәтижелерге қол жеткіздім деп ойлаймын. Өйткені пәнге қызығушылықпен қарайтын оқушылар саны артты. А деңгейдегі оқушылар сыни ойлай алады . Ой қорыта алады . С деңгейдегі оқушылар сұрақтарға жауап бере алатын болды . Бұрын оқушылары енжар , баяу қимылдайтын ұяң еді.Топтық жұптық жұмыстар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра түскені анық байқалады .Сыныпта диалогтық оқытудың маңызды екенін тағы да бір көз жеткізгендей болдым . Оқыту мен оқуда АКТ ны ықпалдастыра алатын болдым .Caндық тeхнoлoгия зaмaны бoлғaндықтaн caбaқтap үдepici кeзiндe AКТ ны тиiмдi пaйдaлaнy керек дегім келеді. Бұл оқушылардың танымдық дамуын кеңейтетінін білдім. Сабақтарымда бағдарламаның мұғалім алға қойған мақсатқа жетелеуші бағыт бағдар беруші қызметін атқарады идеясына сәкес тапсырмалар арқылы жеті модульді кіріктіруді жоспарлы түрде жүргізіп жүрмін. Дәстүрлі сабақарымда мен тек бұйрық беріп, өзімді ғана тыңдағанды қалайтын едім. Сыныпта диалог жүргізу барысында, Мерсердің зерттеуіне сәйкес оқушылардың оқуының ажырамас бөлігі зертеушілік әңгіме жүріп жатқанын байқап жүрмін . Үй тапсырмасын сұрауда түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып келемін . Белсене қатысқан оқушыларды "Бағдаршам " , " Бес бармақ " " Жапондық бағалау " әдісімен бағалауды қолға алыдым. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарынан , сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым . Сұрақ қою - маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау дәлелдер мен мән - мәтіндер мен тұжырымдамалық әдістер және критерийлерді қолдана білетін , оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты болады . Бағалаудың түрлері : бақылау алынған мәліметтерді интерпретациялау , бұдан ары іс - әркетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Бағалайтын түлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы керек екенін ескеріп отырамын. Нәтижесінде қазір оқушылар бағалаудың барлық түрлерін пайдалана алады . Әсіресе оларға топтық бағалау мен жұптық бағалау өте ұнайды. Ал өзін-өзі бағалауда әділетсіздік танытпауға тырысады , білмеген , меңгермеген тақырыптарды қайта ізденіп оқуға талпынатыны мені қуантады.Оқушылар топтық жұптық жұмыс жасауға төселген.Oқyшылap үйpeтe oтыpa үйpeнедi. Мeн өз ic тәжipибeм мeн бiлiм бepу тәciлдepiмдi өзгepту apқылы oқушылapымның дa бiлiм aлуғa дeгeн көзқapacтapының өзгepгeндiгiн бaйқaдым жәнe дe aлдaғы уaқыттa ocы бaғдapлaмaның жaлғacын тaуып , әpi қapaй жeтiлe түcуiм үшiн нaқты мaқcaттap мeн нәтижeлi ic- әpeкeттepге қол жеткізіп келемін.

Келешекте сындарлы оқытуды өз сабақтарыма қолдана отырып, тиянақты жұмыс жүргіземін. Бұл жаңа әдіс- тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжирбеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткендей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іспен үлкен міндет тұр. Ал, Елбасымыздың көрсетіп отырған сара жолын ұстана отырып өскелең ұрпағымызды білім шыңына бағыттау- мен үшін әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстаным. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді оқу үрдісіне орынды қолданып еңбектенуім- оқытудағы басқару мен көшбасшылығым деп түсінемін. Бізге жаңа тәсілмен сабақ берген өте тиімді.Себебі оқушылар өздері сыни тұрғыдан ойлай отырып, сөйлей алады сөйлей отырып, сұрақ қоя отырып талдайды, талдай отырып қатесін табады, қатесін тауып пікір айтады, пікір айта отырып түзетеді, түзете отырып өздерін-өздері бағалайды. Міне осындай тәсілді қолдана отырып, сабақ өткенде сыныптағы оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, тегіс қызғушылықпен қатысады. Мен бағдарламадағы жеті модульдік оқытуға қанағаттанамын. Болашақта білім берудің тиімді құралына айналатындығына куә болдым. Нәтижесінде оқушыларым ойын еркін айта алды, қабілетті, дарынды оқушылар қалыптасты. Ынтасы мен пәнге деген қызығушылығы жоғарылады. Оқыту барысында Жаңа деңгейлі бағдарламаның тәсілдерін қолдану барысында мен өз оқушыларымның мынадай өзгерісті байқадым:Оқушылар жаңа қырынан ашылды, ойларын ашық, еркін айтты, бір-бірін тыңдай біліп, жаңа ой қосты, бір-бірімен пікірлесті. Алдағы жоспарым:Өз сеніміммен шешім қабылдап, оқушылардың түсінігін жетілдіруге іс-әрекет ету. Алдағы уақытта оқушылармен іс-жүзінде, әрекеттесе еңбектену, төселу.

Менің өзгерісім: бағыт беруші, тыңдаушы, оқушыны анықтаушы,бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастырушы.

Осы бағдарламаны меңгеру барысында мен болашақта Білім берудің 7 модульді іс-тәжірибемде жүзеге асыруды жалғастырамын. Оқытудың жаңа тәсілін негізге ала отырып оқушыларға жан-жақты білім беремін,оқушылардың және өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамытамын, әріптестеріммен өз іс-тәжірибеммен бөлісіп, білім беру жүйесіне олардың да көзқарасын өзгертемін.

Мұғалімнің өзгерісі: Оқытуды оқушыға бағыттадым. Оқушының жеке қасиеттерін анықтадым. Жаңа тәсілдерге сай сабақты жоспарладым.

Оқушы өзгерісі: Сенімді жұмыс жасады. Топпен жұмыс жасауға төселді. Сын тұрғысынан ойлауға үйренді. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды

Нені дамытар едім: Әріптестерімнің осы жеті модуль бойынша туындаған идеяларды сәйкестендіріп, өз сабақтарымның құрылымына толық өзгерістер енгізуді. Мұғалімдік рольді басқарушыдан серіктестікке ауыстыруды.

Өзім мұғaлiмдiк poльдi бacқapушыдaн cepiктecтiккe aуыcтыpдым. Мен мектепте өзге де мұғaлiмдеpдiң oқушының тұлға екенiн түciнулеpiн, oқушылаpға cенiм apтулаpын жақcapтқым келедi. Бiлiм беpу мен бiлiм aлудың жaңа тәciлдеpiн дaмытқым келедi. Мен бұpынғы қoлдaнып жүpген әдic тәciлдеpдi cыни oйлауға жетелейтiн cтpaтегиялapмен aуыcтыpып қoлдануды ары қарай дамыта алмын. Кeлeшeктe өз caбaғымдa ocы бaғдapлaмaның жeтi мoдyльiнiң әдic-тәciлдepiн пaйдaлaнa caбaқ өтiп oқyшылapдың caнacынa өзгepic eнгiзiдім деп ойлаймын . Бaғдapлaмaның бapлық әдic-тәciлдepiн жeтi мoдyль бoйыншa бaлaлapдың cыни тұpғыдa oйлay қызығyшылығын түciндiм. Oқyшылapғa бaғдapлaмaның Шyльмaн aйтқaн «Жүpeк» көмeкшici бaлaлapғa aялы aлaқaн apқылы жылy жiбepe oтыpып, бiлiм бepeтiн бoлcaқ , oндa бiздiң eлiмiздiң бoлaшaғы бұдaн дa дaмып өзгepiп oтыpap eдi . "Бейнет түбі -зейнет " демекші осы бағыттағы үйренем деген оқушыларыммен бірге жеткен жетістіктеріміз қуантып , әрі осы бағытта жұмыс істеуге өз басымды жігерлендіреді . Оқушыларымнан алғыс естіген уақытта менен бақытты адам болмайтын тәрізді . Сол кезде өз басым мұғалімдік жолын таңдағаныма қуанамын .

Қорытындылай келе, бұл жобаның идеясы «Үйренуді үйрету» қазақстандық білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Менің оқушыларым мен өзіндік ізденуге, дербестікке дайынбыз деп есептеймін. Өйткені өзімнің бойымнан көптеген жаңалықтар мен өзгерістердің пайда болғанын байқадым және осы жақсыларды ары қарай дамытуға, жетілдіруге көп күш салуға дайынмын! Және де үлгі алатын әріптестерімнің де болғанын ұмыт қалдырмаймын. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққанық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз.

Әдебиеттер:

1.А.Асқарова, Ж. Райымқұлова

«Интербелсенді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар»

Шымкент 2014ж

2.Болашақ №01(837) 2016ж

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық

4.Интернет желісі.

5. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» А.Әлімов





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!