СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдары

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу сауаттылығы бойынша мәтін сұрақтарын шешудің тиімді жолдары

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдары»

Төлеби ауданы Қайнар жалпы орта мектебі













Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы мәтін сұрақтарын шешудің тиімді жолдары





Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сытышев Ертуған















21.04.2017

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы мәтін сұрақтарын шешудің тиімді жолдары


Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін  қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.

Қазіргі заман  балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.

Оқу сауаттылығы:

  • Ақпаратты табу;

  • Мәтінді интерпретациялау;

  • Рефлексия және бағалаудан тұрады.

Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.  Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша  оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.

Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал  –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз.

«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге жұмыстану – бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей,                          оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау бағытында 11 сыныпта қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлескен түрде Lesson Study зерттеуін жүргіздік. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл

Алдымен зерттеу тобы құрылып, жоспар жасақталып, сыныпқа психолог көмегімен сауалнама өткізіліп, «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» зерттеу тақырыбы анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді,  жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып,  жауап бере алады,  мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді,  жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады,   мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

Зерттеудің екінші сатысы үш сабақ циклынан тұрды. Әр сабақты пән иелері бірге жоспарлап, талқылап, тиімді әдістерді анықтап, келесі сабақ жоспарын құруға ұсыныстар беріліп отырды.  Мысалы , алғашқы сабақ ағылшын тілі пәнінен  «Education: the purpose of school» тақырыбында болды.

Сабақтың келесідей мақсаты мен міндеттері белгіленді:

-         Мектептің  оқыту мақсатына тоқтала отырып, ойларын айта білуге жетелеу.

-         Мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

-         Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету.

-         Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру.

-         Мәтіннен негізгі идеяны таба білу.

-         Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру.

-         Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру.

Сабақтың пән бойынша мақсаты айқындалғаннан кейін  үш деңгейлі оқушыдан күтілетін нәтиже және оқушылар  белгіленді.

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап , жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді,  жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып,  жауап бере алады,  мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады

А деңгейі - мәтінді түсінеді,  жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады,   мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады

Lesson Study  жүргізудің негізгі мақсаты оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру болғандықтан, сабақта негізінен мәтінмен жұмыс жүргізілді. Оқу сауаттылығын интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыру жоспарланғандықтан, сабақ жоспарында  балалардың пән бойынша деңгейлері ескеріліп,  тапсырмалар дайындалып, әдістері таңдап алынды.

ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар, сәйкестендіру

СТОҮ: Кластер әдісі, Эссе, «Жуан-жіңішке сұрақтар»;

ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар.

Осы сабақта байқалғаны, аталған әдіс-тәсілдердің ішінде ой қозғау, оқушылардың ойына түрткі болу мақсатында «Кластер» әдісі, ал мәтінмен жұмыс, мәтіндегі негізгі ойды түсіну деңгейін анықтауда «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісі тиімді болды.

Ал сабақты қорытындылауда  топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы мәтіннен алған түсініктерін ортаға салып талқылау, ойларын қорыту үшін өте тиімді әдіс екені аңғарылды.

Қорытындылай келе,  келесі зерттеу сабағына фокус топ мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру туралы ұсыныс жасады.

Lesson Study зерттеу жұмысының 2-зерттеу сабағы қазақ әдебиеті пәнінен  Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзі» бойынша өткізілді.

Алдыңғы сабақ нәтижесінде берілген  ұсыныстарды ескере отырып, осы сабақтың мақсат-міндеттері белгіленді.

-         Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзінің» мазмұнын меңгерту, идеясын ашу;

-         Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау ;

-         Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату;

-         Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу ;

-         Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

-         Жұпта, топта жұмыстану  арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап , жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді,  жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып,  жауап бере алады,  мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді,  жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады,   мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, негізгі проблеманы шешуге  бағытталған келесідей әдіс-тәсілдер жоспарланып, тапсырмалар дайындалды:

СТОҮ: Кластер әдісі, «Қар үйіндісі», «Егер, онда, өйткені...»,  «Фишбоун»,  Эссе, «Синквейн», «Жуан-жіңішке сұрақтар»;

ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар

Бұл сабақтың барысында келесі интербелсенді оқыту әдістерінің тиімділігі анықталды. Мәтіннен алған түсінігін жинақтау, өзге оқушылардың пікірін тыңдау және есте сақтау дағдыларын жетілдіруде «Қар кесегі» әдісі өте тиімді болды. Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға  ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бір сөйлеммен бастады, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғады. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралды. Келесі бір стратегия - «Егер, онда, өйткені» әдісі. Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. Кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың  өмірде алатын орнын анықтады. Мысалы, В деңгейлі оқушы Диас «Егер Қайрат билесе, онда әділдік болмайтын еді, өйткені, күш-қайратты адамдар әділетсіз, жаман әрекеттерді іске асыруға пайдалануы мүмкін еді» деп жауап берді. Демек , оқушы мәтінде берілген ойды сұрыптап, қорыта алды. Жалпы осы әдісті қолдану барысында оқушылардың белсенділігі жоғары екені байқалды.

Сондай-ақ, мәтіннен алған түсінігін қорыту, өмірмен байланыстыру, дәлелдеуді қажет ететін «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда   оқушылар  берілген балық қаңқасына  қара сөзден проблеманы , оның туындау себептерін анықтады,  дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Мысалы, оқушылар «Ақыл басқарғысы келді, себебі ол өмірдегі барлық нәрсені білетін де, ойлап табатын да өзі, онсыз жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын, ғылым мен білімді де үйрене алмайтынын алға тартты» деп бір себебін атап көрсетуде мәтіндегі ойды түсінгендігін көрсете білді. Нәтижесінде , бұл әдісті оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда, түрлі мәтіндерге талдау жасауда қолданудың тиімді екеніне көз жеткіздік.

Сабақты қорытындылауда, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, мәтіннен алған ақпаратты қорыту мақсатында «Эссе» әдісі қолданылды. Эссе жазу барысында оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны анықтады, сол идеяны өз өмірімен байланыстып, ой қорытуға, салыстырмалы қорытынды жасауға тырысты, өзінің алдағы уақытта негізінен жүрегін тыңдау қажеттігін, адамды оның жүрегі алдамайтындығы туралы ой түйгенін айтты.

Осылайша, зерттеу сабақтарын өткізу барысында мәтінмен жұмыс жасауға, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға тиімді келесідей интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабақта түрлендіріп қолдану туралы ұсынымдар берілді:

-         Мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп,   күрделендіріп  беру;

-         Мәтінмен жұмыс барысында оқушыларға дайын сұрақтар беріп қоймай, сұрақтарды оқушылардың өздеріне құрауға мүмкіндік беру.

-          Мәтінді мұқият оқу дағдысын  бақылауға бағытталған тапсырмаларды жиірек дайындау;

-         Мәтінмен жұмыс барысында келесі интербелсенді әдістерді пайдаланған тиімді:

Мәтін мазмұнымен танысуда:

-         «Кластер»

-          «Категориялы топтастыру»

-         «Болжамды оқу»

-          «Инсерт»

-         «Тірек жазба»

Мәтінді талдау кезінде:

-         «Топтық жоба қорғау»

-         «Жуан-жіңішке сұрақтар»

-         «Ішке-сыртқа»

-         «ТИ»

-         «Аквариум»

Мәтінді қорытуда:

-         «Фишбоун»

-          «Егер, онда, өйткені»

-          «Эссе»

-          «Қар үйіндісі», т.б.

Қорыта келгенде, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда, мәтінмен сауатты жұмыс жасауға жетелейтін интербелсенді әдіс-тәсілдерді орынды, сауатты қолдана білу –әр педагогтың міндеті. Ендеше заман ағымынан қалмай, түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, оқытудың интербелсенді стратегияларын үздіксіз түрленідіріп қолдану арқылы ғана жақсы нәтижелерге, көздеген мақсаттарға қол жеткізуге болады.







Пайдаланылған әдебиеттер:

[1]  Пит Дадли, Lesson Study:  нұсқаулық

[2]  «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктіліктігін арттыру курсы бойынша типтік  оқу бағдарламасы




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!