СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытудағы оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Бүгінгі күнде жаңа ұрпақ өсіріп, дамытатын, жетілдіретін, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзінің пәнін жетік меңгерген,  педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

Жаңа педагогтардың алдында тұрған мақсат - баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, өзін-өзі тануына көмек көрсететін, білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән беретін, оқушылардың мектепте алған білімдерін олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп, мамандық таңдауға, дүниеге тік қарай алатын, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға қалыптастыру.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, конспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қыса әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.Сонымен қатар, қолданылатын  белсенді оқыту стратегиялары да  аз емес. Атап айтсақ, «Эссе», «Бес жолды өлең», «INSERT», «Венн диаграммасы», «Болжау», «Топтастыру», «РАФТ», «Ақылдың алты қалпағы», «Кубизм» т.б.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытудағы оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері»

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытудағы оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері

Г.К.Ахметова,
№11 ЖОББМ,Семей қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Бүгінгі күнде жаңа ұрпақ өсіріп, дамытатын, жетілдіретін, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзінің пәнін жетік меңгерген,  педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

Жаңа педагогтардың алдында тұрған мақсат - баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, өзін-өзі тануына көмек көрсететін, білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән беретін, оқушылардың мектепте алған білімдерін олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп, мамандық таңдауға, дүниеге тік қарай алатын, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға қалыптастыру.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, конспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қыса әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.Сонымен қатар, қолданылатын белсенді оқыту стратегиялары да аз емес. Атап айтсақ, «Эссе», «Бес жолды өлең», «INSERT», «Венн диаграммасы», «Болжау», «Топтастыру», «РАФТ», «Ақылдың алты қалпағы», «Кубизм» т.б.

Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!