СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын»

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Қадыр Мырза Әлі – жерлес ақын, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, қазақ ССР сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.

Просмотр содержимого документа
««Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын»»



Тақырыбы:  «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын»

Мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту.

б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жазушының өмірбаяны, мәтін, сұрақ-жауап, мәнерлеп өлеңдер оқу, қанатты сөздер мен  өлең талдау.

Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, және өлең жолдары жазылған қағаздар, презентация.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы:

1. Ой шақыру. (Мағына тану)

2. Ұмытар ма өз елім... (Өмірбаяны)

3. Жайығың тыныстайды жырларыңмен. (Шығармашылығы)

4. Қанатты сөздері. ( Дәптермен жұмыс)

5. Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы. (Ақын шығармашылығынан сыр шертер тарихи жәдігерлермен танысу) 6. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын. (Естеліктер)

Сабақты бекіту Ақынға құрмет

Жаңа сабақ.

  1. Ой шақыру. (Мағынаны тану)

Сабақ Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіне жазылған әнді үнтаспадан тыңдаудан басталады. Әні: Телғозиевтікі.
- Ән ұнады ма?
- Әннің өн бойындағы мазмұнын айқындап тұрған қандай сөз деп ойлайсыңдар? Қазақ халқының шежіресін айта отырып, ұлттық болмысты суреттеген кімнің өлеңі деп білесіңдер?
Сабақтың басында тыңдаған ән жерлес ақын Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған ән екені айтылады.. Өлеңнен Қадыр- ұлтын шексіз сүйген ақын, оның ұлтына, қазағына деген мақтаныш сезімін көруге болады

2. Ұмытар ма өз елім... (Өмірбаяны)

Ақ Жайық өңірі қашанда ақынға да, азаматқа да кенде болмаған. Әр ақыны мен азаматының өз биігі бар. Солардың ішінде Қадыр Мырза Әлі ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый-құрметіне бөленген қайраткер.

Қадыр Мырза Әлі – жерлес ақын, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, қазақ ССР сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.
Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5-қаңтарда Батыс қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ақын бала кезінен қазақша кітап оқуға әуесболады.Ақынның кітапқа деген қызығушылығы батырлар жырын оқудан басталады. Өйткені ақынның нағашы ағасы ауыл қарияларына батырлар жырын үнемі оқып береді екен. Әріп танымайтын Қадыр ақынның әдебиетке деген қызығушылығы, алдына үлкен мақсат қоюы осыдан басталған.

Қадыр Мырза Әліні білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі, Соған дәлел 2004 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан « Иірім» кітабынан, 16-бет, оқу.

Ақын өзін «Өмірбаян орнына» өлеңінде :

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.

Жүз демеймін-

Түсінеді жөнді ұққан

Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан,

Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау ,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін,- десе ақын өз айналасындағы ортасы мен жанұясын

Ағайын жоқ ертелі –кеш андыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым,

Достарым,

Олар да сол мен секілді жалғыздар

Бар айтпақшы, жарқылдаған жарым бар,

Үш балам бар, құдай берген дарын бар.

деп жырға қосады.

Олай болса, жары Салтанатпен қалай танысқан екен, тамашалайық (видео )


3. Жайығың тыныстайды жырларыңмен. (Шығармашылығы)


«Қазақ поэзиясында өткен ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса - бірі, біреу болса өзі -Қадыр Мырзалиев.Шынында Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

Тұңғыш туындысы  1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды.  Содан бергі уақыт ішінде  40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби — сын,  ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Данышпан» (1961), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Қорамсақ», » Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан» (1981), «Саз сиқыры» (1982), «Күндер-ай» (1984),   сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы  «Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің,  Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің,  Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Сол тәуелсіздігіміздің алғашқы әнұранынның авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері бар: Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең»,-деп баға береді академик Зейнолла Қабдолов.

Олай болса, өлеңдерін тыңдап көрейік.

Тұрғанмен, ана, алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды,
Көңілім менің сен жақта
Компастың тілі тәрізді –

Алпысыншы жылдардың аяғы мен жетпісінші жылдардағы ақын поэзиясының алға шыққан тақырыбы —  «Ана» тақырыбы. Қадыр да ана тақырыбына арнап көптеген өлеңдер жазып, өзінің бұл тақырыпта да ешкімнен кем емес екенін танытқан қаламгер.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.


Он баласы бар ана

Адам жаны өрілмеген таспадан.

Адам – адам.

Ұға ма оны тас надан.

Он баласы бар ананы бүгінде

Он есе сыйлау керек басқадан!


Қызыл шақа сәби үшін егесте

Көрместі де көрдіңіз-ау,

Көбі есте.

Бір он жылға қартайтқанмен,

Әрқайсысы

Он-он жылдан жасартты да емес пе?


Білмесек те дүниенің қысымын,

Шотқа қағып табысы мен түсімін,

Жайалықтан қашқан жандар бір кезде

Жүр қазір де ермек қылып мысығын!


Бесіктегі немерені «Күнім!» деп,

Отырсаңыз сіз теректің түбінде,

Қиынанан қашқан жандар сәбидің

Ит жетектеп қыдырады бүгінде!


Арасында ошақ пенен бесіктің

Айдай кездер өтіпті, рас, есіттім.

Саны қанша енді міне,

Сізді күтіп сағынатын есіктің.


Болашақты білмейді екен еш біліп,

Бар ғұмырын өткізем деп хош қылып.

Бөбек үшін қимағандар кештерін

Баспанаға сыймайды енді кешкілік!


Жортқанменен қалмайды ғой із құмда,

Жүрмеген соң ұлың онда, қыз мұнда.

Қалтасында жүз мың қалмақ біреудің,

Бір мұрагер жоқ бірақ сол жүз мыңға!


Бесік жыры ашады адам мінезін,

Бесік жыры – ең сүйікті әуезім.

Он балаға ана болған адамға

Он бірінші бала болам мен өзім! Ән: «Асыл әжем»



Туған елден бастапсың-ау жыр басын
Туған жырың сыр айтысар сырласың
Мен неліктен іркілемін жырламай
Асқар таудай алдында сіз тұрғасын

Біздің халқымыздың атамекенін ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Туған жер дегенде қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас. Олай болса ақынның туған жер тақырыбындағы поэзиясына кезек береміз.

Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен, 
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем. 
Керегі жоқ басқа атақ, 
Басқа абырой, 
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!


Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа,

Қабағыңды шытпа, жігіт, жасыма!

Біз шегінсек,

Біз жеңілсек,

Біздерді

Байқап тұрып,

Не істемекші жас ұлан?!

От ішінде,

Өрт ішінде күйгенде,

Басыңды име,

Тізе бүкпе,

Именбе!

Ер еңкейсе еңкейеді

Жалғыз-ақ

Туған жердің топырағын сүйгенде!


Қадыр Мырза Әлидің қазақ үшін орны ерекше. Таланты мен еңбекқорлығын ұштастыра отырып артына өлмес мұра қалдырған тамаша талант иесі Қадыр ақынның орны бүгінгі ұрпақ үшін ерекше екенін мақтанышпен айтамыз! Аяулы Атамекенін «Күннің өзі ұясына, қимай оны батады екен» деп сипаттаған  ақынның  жырлары ұрпақтың жадында мәңгілік сақталмақ.


«Атамекен» әнінің шығу тарихы туралы Ескендір Хасанғалиевтің естелігінен:

Сонау 70-жылдары Қазақ ССР-інің 50 жыл­дығы аталып өтетін болды. Соған орай, Алматыға  еліміздің түкпір-түкпірінен жұрт жиналатынын да естігенбіз.  Осы жайт маған да ой сал­ды. Елге-жерге деген сағыны­шың­ды паш ететін бір әдемі ән тудырып, соны осы жиында орындасам деп ар­мандадым. Жүрегімді жарып шыққан әннің әуені де төгіле жөнелетіндей. Енді бұл әнге тамаша сөз жазылса, қатып-ақ кететін тәрізді. Содан Қа­дыр ағама телефон  шалып, мән-жайды айтып едім, «Елге-жерге деген сағыныш дейсің бе?» – деп сөзімді қайталай пысықтап алған ол  одан әрі әңгімені созбады. Келіскен рай танытты. Уақытын белгілеу керек еді, көпке созып жібермесе жарады деп көңілім күпті болып мен  жүр­мін. Жоқ, ол берген уәдесінде  тұрды. Арада екі күн өткенде әннің сөзін қолыма тигізді.  Жаңа әнді, «Атамекенді» жұртшылық өте жақсы ықыласпен қарсы алды.

Көп ұзамай Швецияға жолымыз түскен. Сол кезде  осы «Атамекенді» орындаған едім.  Міне, ғажап, бір кез­де бала-шағасын ертіп, екі-үш қа­зақ отбасы сахнаға көтерілсін. Көз­дері бұлаудай. Елді сағындық,  мына ән сол сағынышты оятты, дейді әлгі қандастарымыз. Сонда мен бұл әннің өміршең болатынын сезген едім. Содан бері арада 40 жылдан астам уақыт өтті. Бұл күнде «Атамекен» ауыздан түспейтін әнге айналды.  Қадыр ағам соған қатты қуанатын.

Ендеше, осы әнді Мақсотов Орынбектің орындауында тыңдайық.


4. Қанатты сөздері. (Дәптермен жұмыс)

Өлеңдерінен қанатты сөздерді табу

"Халық айтса қалт айтпайды" деген халық мақалын, біраз жұрт "Қадыр айтса қалт айтпайды" дейтін болыпты. Төменде Қадыр Мырза-Әлінің әйелдер және махаббат туралы астарлы, түйін сөздеріне тоқталу. 

Әйелдің өз әліппесі бар, оны кез келген еркек оқи алмайды.

Тағамның асылы – қара нан, адамның асылы – кәрі анаң.

Алсаң да мейлі қай елден, бақыт та сор да әйелден.

Еркекке серілік, әйелге еркелік жарасады


5. Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы. (Ақын шығармашылығынан сыр шертер тарихи жәдігерлермен танысу) Сидагалиева Аякөз

Көрменің мақсаты

Музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сыншы, драматург, публицист, Жастар сыйлығының, Мемлекеттік Халықаралық және «Тарлан» сыйлығының иегері, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмір жолынан, ерекше дарынынан қазіргі ұрпаққа үлгі -өнеге, тағылым беру.

1. Музей қорындағы Қадыр Мырзалиев туралы жәдігерлерді жарыққа шығару.

2. Оның ішінде ақынның фотоларын, өз қолымен жазған өлеңдерін, сирек кездесетін қолжазбаларын көрермен қауымның назарына ұсыну.

Көрменің тартымдылығы:

1.Музей қорындағы Қадыр Мырзалиевке қатысты құнды жәдігерлер қойылады.

2.Қордағы бағалы мұра –деректер алғаш рет кең көлемде көрерменге таныстырылады.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейінің қорындағы Қадыр Мырзалиевқа қатысы бар жәдігерлерді қалың көпшілікке көрсету

Экспозициялық шешім:

Көрме музейдің 2- қабатында (фойеде) жабдықталады.

1 витрина Қ.Мырза Әлидің өмірбаяны,фотолары

2 витрина Фотолары,құжаттары

3 витрина Қолжазба еңбектері

4 витрина Алған құрмет қағаздары ,жыр жинақтары

5 витрина Соңғы кезде түскен фотолары

Көрмеге қойылатын экспонаттар сипаттамасы:

Жыр жинақтары 4

Қолжазбалары 6

Фотолары 15

Құжаттары 2

Алған марапаттары 2

Ашылу мерзімі: 2010 жыл 27 қаңтар

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы »

-көрмесінің тақырыптық - экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Кітаптары

Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағы. 
«Қылыш пен қанжар» Ітом, «Мәңгі майдан әулетім-дәулетім» ІІ том Алматы,1995ж
5.Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағы.1-11 томдар.Алматы «Қазығұрт»,2001ж


2

Қолжазбалары

1.Өмірбаяны
2. «Өлең және өмір» диплом жұмысы.Алматы,1958ж.
3. «Оянған өлкенің» көркемдік ерекшелігі (курс жұмысы)
4.Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев шығармашылығына берілген бағалар.
5.Талант табиғаты.6-7 қазан,1970ж.


3

Фотолары

1.Фото.Қадыр Мырзалиев жұмыс кезінде.
2.Фото.Қадыр Мырзалиев ұлы Қуанышпен
3.Фото.Қадыр Мырза Әлі ақын –жазушылар арасында.Алматы қаласы, 1963ж.
4.Ақын Қадыр «Орал өңірі» газеті редакциясының ұжымы арасында,1976ж.
5.Қадыр Мырзалиев,Сапарғали Бегалин, Сейтжан Омаров оқырмандармен бірге.
6.Фотолар .Қадыр Мырза Әлі -70 жаста. БҚО тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған кештен көрініс 5дана.Орал,2005ж.
7.Фото.Қадыр Мырзалиевтың демалыс кезі.60-жылдар.
8.Фото.Ақынның өлең оқып тұрған сәті.60-жылдар
9.Қ.Мырзалиев пен А.Бақтыгерееваның облыс әкімімен кездесуі.2005ж.
10Ақын Қадыр Мырза Әли,Жұбан Молдағалиев жұбайы Софиямен бірге М.Ыхсановтың қабылдауында.1980ж.


4

Құжаттары

1.Жымпиты орта мектебін бітіргендігі туралы куәлік. 1949ж.
2.Билет№242
Қазақстандағы Кеңес әдебиетінің күндеріне қатысушы.


5

Құрмет грамоталары

1.Алматы облысы,Талғар қалалық мәдениет бөлімінен
7июнь,1963ж.
2. «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Қ.Мырзалиевты Қазақстан ЛКСМ орталық комитетінен.Алматы,1963ж.




Барлығы :

29



6. Ел құрметіне бөленген Қадыр ақын. (Естеліктер)

Абатов Еркебұлан


«Астана ақшамы» газеті 2015ж. 20.02 Хамит Есаман


Салтанат Мырзалиеваны әңгімеге тарттық…

Салтанат апай, тағдыр жазып қазақтың Қадырдай абзал азаматымен жарты ғасырдан астам уақыт өмір сүрдіңіз. Сұхбатымызды сіздердің бозбалалық, бойжеткендік шақтарыңыздан бастасақ…

– 1957 жылы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепте оныншы сыныпта оқып жүргенде сол мектепке Қазақ Мемлекеттік университетінен өндірістік тәжірибеге өтуге студенттер келді. Олардың ішінде Қадыр ағаларың да бар еді. Ол кісінің мамандығы филолог екен, бізге әдебиеттен сабақ беретін болды. Университетті жаңа бітірген жап-жас жігіт класқа келіп  бізбен танысты. Әрбір оқушының фамилиясын атап, өздерімен танысып жатыр. Содан бір уақытта «Қадырова кім?» деп сұрады. Ол менің фамилиям болатын. «Мен» деп едім, ол кісі күлді де: «Бүгіннен бастап сен менің қызым боласың», – деді. Содан мәселе басталды. Онда интернатта жататынбыз, кілең жартылай немесе тұлдыр жетімдер едік. Жоқшылық заман, қиын кезең. Кешке асханадан тамақтанып болып жатақханаға барамыз. Сағат жеті жарым мен сегіздің ортасында күн сайын бозбала Қадыр келіп тұратын жатақханаға. Сонда біздегі қыздар «Аға, кімге келдіңіз?», – деп сұраса, ол кісі әлгі қыздарға әзілдеп: «Менің қызым қыдырып кеткен жоқ па, соны тексеріп келдім», – дейді екен. Ол наурыз айы болатын. Кейіннен барлығымыз мектепті бітіріп, университетке құжат тапсырдық. Алайда, мен оқуға түсе алмадым. Сөйтіп техникалық училищенің полиграфия факультетінде оқыдым. Соны бітіргесін алты жыл мамандығым бойынша жұмыс істедім. Дүниеге бала келгесін біраз демалып, қайтадан жұмысымды жалғастырдым. Үйленген алғашқы алты жылда әркімнің босағасында пәтерде жүрдік. 1961 жылы тұңғышымыз дүниеге келді, 1962 жылы бізге мемлекет бір бөлмелі үй берді. Ол үйде біраз жыл тұрдық. Екінші баламыз дүниеге келгесін екі бөлмелі үй алдық. Ол үйіміз сол кездегі Коммунист проспектісі (қазіргі Төле би даңғылы) мен Гоголь көшесіндегі жеті қабатты үйлердің алтыншы қабатында болатын. Ол үй әлі де бар. Сонда төрт жыл тұрдық. Кейіннен Жазушылар одағы Жамбыл мен Байзақов көшелерінің қиылысынан үлкен үйлер салды. Сол жерден одақ бізге төрт бөлмелі үй берді. Сол жерде жиырма үш жыл тұрдық. Сол үйде тұрып балаларды жеткіздік, институтта оқыттық, үйлендірдік, немерелі де болдық. Ол заманда үй алу деген өте қиын еді. Үй бөлу деген болатын. Төрт бөлмелі сол үйімізді бір бөлмелі және үш бөлмелі үйге бөлдік. Сөйтіп, үйленген балаға бір бөлмелі үйді бердік те, өзіміз үш бөлмелі үйде тұрдық. Сол жылдары ағаларың жұмыс істеп жүріп ақша жинай бастады. Одан тоқсаныншы жылдар келді. Еліміз енді ғана егемендігін алған өліара кезең еді ғой. Сонда біраз қиналдық. Кейіннен Қадекең жинаған ақшаға Алматының маңайындағы Каменка деген жерден екі қабатты жер үй алдық. Ол жер басында колхоздың жері болған екен, кейіннен қалаға қосылды. Сонда Қадекең сегіз жыл өмір сүрді, сол жерде дүниеден қайтты.

Қадыр ағамыз Қаскелеңде мұғалім болған жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа да әдебиеттен сабақ бергенін естігенмін. Сол туралы айтсаңыз…

– Мен оныншыда оқып жүргенде, Нұрсұлтан Назарбаев тоғызыншыда оқитын. Жеті кластық Шамалған мектебін бітіріп, Қаскелеңдегі Абай мектебіне келген. Қадекеңнің Елбасымызға мектепте сабақ бергені рас. Оны өзі де айтып отыратын.

Кеңес өкіметі кезінде ақын-жазушылардың беделі халық арасында өте жоғары болған. Сіз сол кездегі қазақ әдебиетінің хал-ахуалы туралы не айтасыз?

– Рас, қаламгерлердің беделі өте жоғары болды. Бірақ, бір қиыны – әрбір ақынның жазғанын Орталық Комитеттің тексеруінсіз баспа қабылдамайтын. Орталық Комитет те қаламгерлердің аузынан шыққан әрбір сөзді аңдып отыратын. Ақын-жазушыларға да оңай болған жоқ. Қадыр да цензураның қыспағынан көп қиналды. Бірақ, астарлап болса да айтатынын өлеңмен айтып жатты. Қадырға өз бетімен, оңай жолмен ештеңе келген емес. Өзі ылғи да «Мырзалиевтерге еңбексіз ештеңе келмейді. Тек еңбекпен келген пұл ғана бізге мал болады» деп отыратын.

Қадыр Мырзалиев – әдебиеттің барлық жанрында өнімді еңбек еткен тұлға. Дегенмен ол кісі әдебиетпен қатар математика саласына да өте жетік болған екен. Өзінің «Иірім» кітабынан сурет өнеріне бейім болғандығын, студент кезінде Мұхтар Әуезовтің лекциясы үстінде ұстазының суретін салып отырған бала шәкіртке Әуезовтің өзі ризашылық білдіргенін оқыған едім. Жалпы, ол кісінің халық біле бермейтін қандай қасиеттері бар еді?..

– Ол кісі суретті өте жақсы салатын, мектепте оқып жүргенде-ақ математикадан да өте жақсы болған. Үйімізде Мұхтар Әуезовті салған суреті болатын. Балаларға әкесінің ақындығы қонбағанымен, екі баламыз суретші болды. Бірақ, Кеңес өкіметінің құлауы оларға да әсер еткен болуы керек, кейіннен ол шаруамен шұғылданбай кетті. Қағаз, қалам болмады, әйтеуір.   Ортаншы баламыз Ленинград университетінің инженерлік бөлімін бітірген. Сол баламыз да өз мамандығымен жұмыс істейді. Екі суретші бала да бүгінде басқа салада жұмыс жасағанымен, үйге келгенде сурет салады. Үшінші баламыз әкесінің басын қарайтудағы идеясын өзі ұсынып, өзі жасады. Кітап-кітап етіп қоршадық. Зираттың басына тұрған беті ашылған кітаптардың суретін өзі салды. Соған ағаларыңның өзінің сөзін жаздық. Қадекеңнің қара тастағы суретін де кіші ұлымыз салды. Астына «Күннің өзі ұясына, қимай оны батады екен» деп жаздық. Ашық кітапқа «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп жаздық. Қара тасының астына өзінің қойылған қолы мен «Елім деп, жерім деп өтті-ау өмірің» деген сөздерін орналастырдық. «Жылайтыны туғанда, жамандар бар қинайтын, жылайтыны өлгенде, жақсылар бар қимайтын» деп екінші ашық кітапқа жаздық. Қадыр ақынның өзі өмірден өткенімен, елі құрметтеп жатыр. Өткенде ғана өзінің туған жері Оралда еске алу кеші болған. «Қадыр Мырза Әли атындағы қоғамдық қор» құрылды. Қорды құрған Донеділ Қажымов, Құндыз  Нупов деген азаматтар. Донеділ ұйымдастыру жағынан, ал Құндыз қаржы жағынан көмектеседі. Оларға көп рахмет.

Өмір бойы кітап оқудан, ізденуден жалықпаған ақынның кітапханасы едәуір бай. Тіпті, ондай кітапхана Алматыда жоқ дейді. Мұзафар ақынның «Қадыр – өзіне керекті кітапты дүниенің қай жерінен, қандай бағаға болсын тауып келеді» дейтіні сондықтан шығар. Ендігі жерде ақын кітапханасының тағдыры не болады?!.

– Ол кісінің кітапханасы расында да өте үлкен. Әзірге мен барда ол кісінің кітапханасы да бар. Шамамның жеткенінше сақтаймын. Дүниежүзілік ақыл-ой иелерінің туындылары мен өте сирек кітаптар да осы кітапханаға жинақталған. Оның есебін алып та үлгермеппіз. Студент күнінен бастап жинаған ғой. Ағаң тіріде оны күту болмаса, кітаптарында шаруам болған жоқ. Екі үлкен бөлме толған кітап, онда Қадекеңнің жеке архивтері мен қолжазбалары да бар. Қорды  құрған жігіттердің Қадырдың туған жерінде мұражай-үйін ашамыз деген жақсы идеялары бар. Егер ақын атындағы мұражай-үйі ашылып жатса, кітапхананы түгелімен сонда тапсырам. Тіпті, ол кісінің қолжазбалары, күнделікті тіршілікте тұтынған заттары, ең ақырғы күндерінде сөйлесіп жүретін ұялы телефоны да сонда тұратын болады.

Қадыр ағаның шығармашылығы туралы сөз болғанда, ол кісінің еңбекқорлығы да қатар айтылады. Мысалы, құмырсқа – еңбекқорлықтың символы. Менің естуімше, Қадыр аға өзінің жазу бөлмесіне құмырсқаның үлкейтілген суретін іліп қояды екен. Осы рас па?!.

– Ондай ештеңе болған жоқ. Мүмкін біреу әзілдеп айтқан болар. Бірақ, ол кісі жас күнінен бастап өте еңбекқор болатын. Ертеден кешке дейін қолынан қаламы мен қағазы түспейтін. Кейде аялдамада тұрғанда да алақандай қойын дәптеріне кішкене қаламымен бірдеңелерді жазып тұратын. Өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін. Сыйлас адамдардың тойы не туған күні болмаса, ешуақытта беталды қыдырған емеспіз. Ондайды аса ұнатпайтын. Ол кісі уақытты өте қатты құрметтеді. Жұмыстан келген бетте шәйін ішіп жатып қалатын да, таңғы сағат бесте тұрып алдымен қан қысымын өлшейтін. Содан  дәрісін ішетін де жазуға отыратын. Өмір бойы сөйтіп өтті. Бұл кісі жазу үшін өкіметтің де жұмысын істеген жоқ. Өле-өлгенше жазып өтті ғой, жарықтық.

Ол кісінің «Иірім» мен «Жазмыш» кітаптарынан соң «Мақсат пен мансап» атты кітап жазып жатқанын білетін едік. Сірә, оны аяқтаған болар. Ақынның жаза алмай кеткен, аяқтай алмаған шығармалары болды ма?

– Болды. Ол кісі көзінің тірісінде шығармаларының жиырма томдығын шығаруға дайындалды. Көзі тірісінде он сегіз томы жарық көрді. Он тоғызыншы томын дайындап қойдым деп жүретін. «Ханша мен ханзада» деген бір шығармасы аяқталмай қалды. Көркем шығарма түрінде жазамын дейтін. Егер басқа қаламгерлер оны жалғастырған күнде де, ол Қадыр Мырзалиевтің жазғанындай болып шықпайды. Тек қана ол кісінің беделін түсіру ғана болады. Ең жақсысы – ол кітап болып басылған күнде де, соңына шығарманың толық аяқталмағандығын білдіретін белгі қою керек. Ешкім де Қадырдай болмайды.

Ақынға құрмет (Бекіту)

М.Өтемі­с­ұлы атындағы университеттің екі студен­тіне Қадырдай ақын аталарының атындағы айына 20 мың теңге шәкіртақы тағайын­далған. Қор директоры Донеділ Қажымов алдағы уақытта мұндай шаралар тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес,  қазақтың қара өлеңі мен Қа­дыр­дай ақынының қадірін білетін барлық өңірлерде жалғасын табатынын айтты. Сондай-ақ, қаламыздың ең көрікті жерлерінің бірінде Қадыр Мырза Әлі атындағы ескерт­кіш, жалпы, ақын атындағы еңселі мә­де­ни орталық бой көтерілуде.

Бағалау.

Үйге тапсырма ҚАЗАҚ БАРДА СЕН БАРСЫҢ, ҚАДЫР АҒА! Эссе жазу





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!