СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша тест тапсырмалары 1305000 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 201, 203 ИС топтарына арналып құрастырылған. Тест 25 сұрақтан тұратын 2 нұсқада  құрастырылды. Жалпы сұрақтар саны 50. Сұрақтардың бес жауабы бар, олардың ішінде біреуі дұрыс. Бұл тест сұрақтарының негізгі мақсаты – өтілген тақырыптар бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру және бағалау.

Просмотр содержимого документа
««Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ»

АҚТӨБЕ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



«БЕКІТЕМІН»

Бас директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Б. Қостанова











«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйелер»







Оқытушы: Ж. Габбасова













«Ақпараттық жүйелер» ЦӘБ отырысында

қаралды және қабылданды

№____хаттама «___»___________2017ж.

ЦӘБ төрағасы ____________Р. Хайруллаев

Колледж әдіскері___________С. Ескалиева









Түсінік хат

«Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» пәні бойынша тест тапсырмалары 1305000 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 201, 203 ИС топтарына арналып құрастырылған.

Бұл тест сұрақтары операциялық жүйелердің негізгі түсініктерін оқып үйренуде, (MS-DOS, WINDOWS ОЖ құрамы, UNIX, LINUX ОЖ-дің негізгі түсінігі), операциялық жүйелерге арналған бағдарламалық қабықшалар (NORTON COMMANDER, FAR-менеджер, ТОТАL COMMANDER, WINDOWS COMMANDER және т.б.) түрлері туралы алған біліміне негізделген.

Соынмен бірге студенттер теориядан алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда қалыптастырады.

Тест 25 сұрақтан тұратын 2 нұсқада құрастырылды. Жалпы сұрақтар саны 50. Сұрақтардың бес жауабы бар, олардың ішінде біреуі дұрыс.

Бұл тест сұрақтарының негізгі мақсаты – өтілген тақырыптар бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру және бағалау.
































І-нұсқа

1) Дербес компьютердің негізгі бөліктеріне жатпайтын құрал:

А) Пернетақта В) Монитор С) Принтер Д) Жүйелік блок

2) Операциялық жүйе дегеніміз не?

А) Қолданушыға шектеу қоятын жүйе

В) Компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс жасауын ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындау арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші бағдарлама

С) Пайдаланушының компьютермен жұмыс кезіндегі бақылаушы бағдарлама

Д) Компьютерді вирустардан зақымдануынан сақтайтын программа

3) F1-F12 пернелер қатарын қалай атайды:

А) Функционалдық В) Қосымша С) Қолданбалы Д) Негізгі

4) Файл аты, өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мерзімі, файл атрибуты т.б. файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орын қалай аталады?

А) Операциялық жүйе В) Каталог С) Диск Д) Дұрыс жауап жоқ

5) Операциялық жүйелерге жатады:

А) MS-DOS, Norton Commander;

В) Windows 2000, MS Office;

С) MS-DOS, Windows 95, Unix/Linux;

Д) Unix/Linux, WordPad, MS-DOS;

6) Windows ортасында жұмыс істеген кезде бірнеше файлдарды белгілеу үшін қай пернені басу қажет?

А) Ins; В) Tab; C) Alt; Д) Ctrl;

7) MS-DOS операциялық жүйесінде дискі қалай белгіленеді?

А) Латынның бас әріптерімен; В) Санмен;

С) Латынның кіші әріптерімен; Д) Қолданушы оны белгілеуге өзі ерікті;

8) DOS cөзінің мағынасы:

А) Disc Operating System;

B) Document Option Screen;

C) Directory Operation Software;

Д) Disc Overload System;

9) Қайсысы файл кеңейтіліміне жатпайды?

А) *.txt; B) *.rar; C) *.google; Д)*.exe;

10) REN командасының қызметі:

А) файл атын өзгерту; В) файлды өшіру; С) файлды жаңарту;

Д) файлды бастапқы күйге келтіру;

11) Мәліметтерді жазу және оқуды лазерлік сәуле арқылы орындауға арналған диск қалай аталады?

А) Логикалық диск;

В) Оптикалық диск;

С) Қатты диск;

Д) Жұмсақ магнитті диск;

12) FORMAT командасындағы /q параметрі қандай қызмет атқарады?

А) Дискінің форматтауын тоқтатады;

В) Дискіні жылдам форматтайды;

С) Дискіні жаңартады;

Д) Дискіні бастапқы күйге келтіреді;

13) Дискіні тексеруге арналған программа қалай аталады?

А) Scan Disk;

B) Open Disk;

C) DOS;

Д) Disc Secure;

14) Windows 10 операциялық жүйесінің дыбыс арқылы әрекеттесетін көмекші қалай аталады?

А) Кортана;

В) Сири;

С) Бигсби;

Д) Кловер;

15) Экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне қалай аталады?

А) Каталог; В) Шартты белгі; С) Құжат; Д) Диск;

16) Windows операциялық жүйесінде терезелер неше түрлі болады?

А) 6; В) 7; С) 3; Д) 2;

17) Сыртқы құрылғылармен ақпарат алмасудың барлық түрін атқаратын файл қалай аталады?

А) FORMAT.SYS; B) IO.SYS; C) DOS.EXE; Д) .COM;

18) BIOS менюіне кіру үшін әдетте қандай пернелер басылады?

A) F2+Delete; B) F12; C) F5+Alt; Д) F11;

19) Linux операциялық жүйесінің негізін салушы

А) Билл Гейтс;

В) Линус Торвальдс;

С) Стив Джобс;

Д) Амансио Ортега;

20) Windows 10 операциялық жүйесіндегі негізгі браузер қалай аталады?

А) Internet Explorer;

B) Google Chrome;

C) Mozilla FireFox;

Д) Microsoft Edge;

21 )Windows 10 нұсқасы қай жылы шықты?

А) 2015 жылы;

В) 2016 жылы;

С) 2014 жылы:

Д) 2017 жылы;

22) Тукс (немесе Такс) қай операциялық жүйенің логотипінде орналасқан?

А) Linux; B) Windows; C) IOS ; Д) DOS;

23) Жарлық – дегеніміз не?

А) нақты бағдарламаны іске қосатын файл;

В) вирусқа тексеретін жады облысы;

С) қызметші командаларды сақтайтын жады облысы;

Д) бағдарламаға, құжатқа немесе кейбір объектіге тікелей қатынас жасауға арналған сілтеме;

24) DEL командасының қызметі:

А) Ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе олардың тобын өшіру;

В) Ағымдағы файлды көшіру;

С) Файлды экран бетіне шығару;

Д) Көрсетілген каталогтағы ақпаратты тасымалдау командасы;

25) Жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина қалай аталады?

А) Компакт диск; В) Локалды диск; С) Магниттік диск; Д) Оптикалық диск;

ІІ-нұсқа

1) Енгізу/шығарудың базалық жүйесі:

А) MS DOS; В) Аналық тақша; С) BIOS; Д) WINDOWS;

2) Файл қанша бөліктен тұрады:

А) 2; В) 5; С) 1; Д) 3;

3) Монитордың өлшем бірлігі:

А) М2 ; В) Сантиметр; С) Бит; Д) Дюйм;

4) F3 функционалды пернесі қандай қызмет атқарады?

А) Белсенді терезені жаңарту;

В) Файл немесе папканы шығару;

С) Анықтаманы шығару;

Д) Құжатты сақтау;

5) Файлдың аты қанша символдан тұрады?

А) 256 символға дейін; В) тек 5 символдан; С) 155 символдан; Д) 1-251 аралығы;

6) Chkdsk командасындағы /f параметрі қандай қызмет атқарады?

А) Дискінің форматтауды тоқтатады;

В) Дискіні жылдам форматтайды;

С) Дискідегі қателерді тексереді;

Д) Дискіні бастапқы күйге келтіреді;

7) Дискіні сығатын және тазартатын процедура?

А) Scan Disk;

B) Open Disk;

C) Дефрагментациялау;

Д) Disc Secure;

8) Компьютердегі барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі – ... .

А) Антивирус бағдарламасы;

В) Қолданушыға шектеу қоятын жүйе;

С) Командалық жол;

Д) Операциялық жүйе;

9) Windows 10 версиясының алдындағы версия?

А) Windows 7;

В) Windows 8.1;

С) Windows 8;

Д) Windows 9;

10) Windows операциялық жүйесін құрушысы кім?

А) Билл Гейтс;

В) Линус Торвальдс;

С) Стив Джобс;

Д) Джон Фон Нейман;

11) MS-DOS операциялық жүйесі қаншаға жіктеледі

А) 3; В) 5; С) 4; Д) 7;

12) Дискі анықтамасы?

A) Мәліметтерді сақтайтын аты бар дөңгелек мәлімет тасушы құрылғы;

B) Ақпаратты сақтау қайта шығару қасиеті бар дөңгелек мәлімет тасушы құрылғы;

C) Шифрленген ақпаратты тексеретін дөңгелек мәлімет тасушы құрылғы;

Д) Қолданушыға шектеу қоятын жүйе;

13) MS-DOS –та ClearScreen командасының қызметі:

А) Дискіні өшіру;

В) Диск параметрлерін қарау;

С) Экранды тазарту;

Д) Белгі қою;

14) Каталогты жасау қызметін атқаратын команда

А) RD; В) CD; С) MD; Д) DIR;

15) Каталогты ауыстыратын команда:

А) MD; В) RD; С) DIR; Д) CD;

16) Файл аты мен файл кеңейтілімі қандай белгімен ажыратылады?

A) * ; B) . ; C) " ; Д) / ;

17) Компакт-дискіге қандай мөлшерде ақпарат жазуға болады

А) 720 Кбайт;

В) 550 Мбайт;

С) 12 Тбайт;

Д) 640 Мбайт;

18) Дискіні дефрагментациялайтын программа?

А) Defrag;

В) Disc Secure;

С) Open Disk;

Д) Scan Disk;

19) Бағдарламалық қамту дегеніміз не?

А) Компьютердегі қосымша программалар жиынтығы;

В) Компьютерлік жүйенің ажырағысыз бөлігі;

С) Командалық жүйе;

Д) Нақты бағдарламаны іске қосатын файл;

20) Үшінші буындағы ЭЕМ –

A) жартылай өткізгіштер–транзисторлар;

B) электронды лампалар;

C) суперкомпьютер;

Д) интегралды схемалар;

21) Компьютер жадысы дегеніміз не?

А) Компьютер мен адам арасындағы қарым –қатынасты ұйымдастырады;

В) Компьютерде бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі;

C) Қолданбалы программалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Д) Қолданушыға шектеу қоятын жүйе;

22)Деректерді өңдеудің, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылғыларды қамтамасыз етеді:

А) Монитор;

В) Пернетақта;

С) Жүйелік блок;

Д) Процессор;

23) Оптикалық диск дегеніміз не?

А) Осы сәтте өзгерту жұмысын атқаратын диск;

В) Мәліметтерді жазу және оқуды лазерлік сәуле арқылы орындауға арналған диск;

С) Жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина;

Д) бағдарламаға, құжатқа немесе кейбір объектіге тікелей қатынас жасауға арналған сілтеме

24) Операциялық жүйелерге жатады:

А) MS-DOS, Windows 95, Unix ;

В) Windows 2000, MS Office;

С) MS-DOS, Norton Commander ;

Д) Windows-тың стандартты бағдарламалары;

25) Norton Commander менюі неше бөліктен тұрады:

А) Left (сол жақ), Files (файлдар), Commands (командалар), Options (опциялар), Rigt (оң жақ).

В) Left (сол жақ), Commands (командалар), Options (опциялар), Rigt (оң жақ).

С) Files (файлдар), Commands (командалар), Options (опциялар), Rigt (оң жақ).

Д) Commands (командалар), Options (опциялар), Rigt (оң жақ).







































Тест жауаптары

І нұсқа

ІІ нұсқа

1

С

1

С

2

В

2

А

3

А

3

Д

4

В

4

В

5

C

5

А

6

Д

6

С

7

А

7

С

8

А

8

Д

9

C

9

В

10

А

10

А

11

В

11

С

12

В

12

В

13

А

13

С

14

А

14

С

15

В

15

Д

16

С

16

В

17

В

17

Д

18

А

18

А

19

В

19

В

20

Д

20

Д

21

А

21

В

22

А

22

С

23

Д

23

В

24

А

24

А

25

С

25

А






















Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:2003

2. Дербес компьтерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы. Инчин А.С.-Алматы,2002

3. Windows операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97 зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Балапанов Е.Қ., Дәулетқұлов А.Б.

4. Windows Word. Зертханалық жұмыс. Оқу құралы – Алматы, Білім, 2000

5. Ерекешова М. Информатика. Оқу құралы – Ақтөбе, 2000




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!