СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы топ технологиялық картасы қазан айына

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақша  тәрбиешілеріне қазан  айына  араналған  сабақ  жоспары

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы топ технологиялық картасы қазан айына»

02.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Менің отбасым, ата- аналар еңбегі

Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз

Мақсаты: Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреті бояулар қылқалам қағаз су сүлгі сурет дәптері.

Билингвальды компанент:Үйдін суретін саламыз-дом

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.

Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыпшақ келіпті. Күн суытып келеді. ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. бұл қуыршақтарға сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады.


Шеңберге тұрып, бір-біріне тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Сергіту сәті:

Мен құрылысшы боламын,

Зәулім үйлер саламын.

Өз қаламды көркейтіп.

Елден алғыс аламын.

«Аудармашылар» дидактикалық ойыны.Мақсаты: Көкөністер мен жемістердің атауларын екі тілде атау.

Көп қабаттты үй.

1. Бірнеше қатарға терезелер салынады.

2. Қабаттардың арасына қылқаламды оңға және солға жылжыта отырып салу керек.Үйдің түсі ашық жасыл,күлгін, көк болғаны дұрыс.Терезе, шатыр ,есіктердің шеттерін бояу керектігін айтады.

Дәптерлерін ұқыпты ұстау керектігін қадағалайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.





Нан-хлеб.Саңырауқұлақ-гриб.

Күнбағыс-подсолнух.

Күн-солнце.


Қылқаламды өте қатты баспай түзу сызықтар жүргізеді.



Бояған кезде сүйкей жағу әдісін қолданады.

Рефлекциялық түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау. Қуыпшақтардың алғысын айту. Мақтау, мадақтау.

Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.

Игереді:түзу сызықтарды түзу сызуды.

Меңгереді:бір қабатты үймен көп қабатты үйлердің суретін салуды.








03.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

  1. Тақырыбы: Отбасындағы сыйластық

  2. Мақсаты:

  3. а) Отбасы мұшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету;

  4. ә) Отбасында үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасауға баулу ;

  5. б) Инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

  6. Қолданылатын көрнекті құралдар: отбасы туралы суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

Педагогпен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар:

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көемін,

Еркелеймін,еремін.

Балалар өлеңже не туралы айтылған?

Шеңбер бойымен тұрып қайталайды.















Отбасы туралы


Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс):

Бүгін біз оқу қызметімізде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.

Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді?

Өлең оқу: Отбасы

Анаң - үнің, жүрегің,

Әкең өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең асыл ардағаң,

Атаң дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков)

Аға ақылы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

(Сырбай Мәуленов)

Сергіту сәті

Бас барамағым атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек әжем, ошақ анасы,

Ортан терек әкем, отау панасы,

Шылыдыр шүмек шешем, шаңырақ ажажры,

Титтей бөбек мен,бәрінің базары.

(Ермек Өтетілеуұлы)

Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау

Сыйлаймын

Ата менен ананың

Айтқан тілін аламын.

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинайымын,

Ешкімді де ұрмаймын.

Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын.


Іс-қимыл әрекетін жасайды.

























Өлеңді жаттайды.





Рефлекциялық түзетушілік

Жаттаған өлеңіміз не жайында?

Бүгін бі оқу қызметінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік.Оларды жақсы көруге,сыйлауға,құрметтеуге,көмектесуге үйрендік.Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.


Отбасы жайлы




Күтілетін нәтиже:

Қолданады: отбасы мүшелерін атай білуі тиіс.

Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу керектігін.

Қайталайды: өлеңді жаттап, мазмұнын түсінеді.







































03.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

Тақырыбы: Біздің қаладағы көше

Мақсаты: балалардың қала көшелері туралы білімдерін бекіту, құрылыс материалдарынан қала көшелерін құрастыра білуге үйрету және өзінің тұратын қаласы жайлы мағұлмат беру. Қала көшелерін құрастыруға қажетті заттарды дұрыс қолданауға және жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: құрастыру материалдары, үлгі суреттер, ұсақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: қала көшесі, адам жүретін жолдар тротуар, көлік жүретін жолдар.



Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін даламыз.

Қайырлы таң, достарым.


Балалар достарымен амандасады..

Ұйымдастырушылық ізденістік

Қала көшелері туралы үлгі суретті көрсетіп, талдау жаса- лады. Көшелердің ерекшелігіне, ағаштардың қалай орналасқанын.

Көліктер жүретін жолдарға, адамдар жүретін жолдарға балалардың назарын аударады. Қала көшелерін құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын таңдап алады.

Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді құрастырып, олардың арасына ағаштарды орналастырамыз.

Енді адамдар жүретін жолды - кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз.

Ортасынан ашық көлік жүретін жер қалдырып, жолдың екінші жақ бөлігіндегі адамдар жүретін жолды «тротуар» жасау үшін кірпіштерді көлденең қойып тіземіз.

Бұдан кейін қайтадан үйлерді, ағаштарды, шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық.

Ұсақ ойыншық машиналарды көлік жүретін бөліктерге, «адамдарды» адамдар жүретін жолдарға орналастырса қала көшесі дайын болатынын көрсете отырып түсіндіреді.

Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді.

Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі.


Сергіту сәті : (Саусақ жаттығуы)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін, бәрін қосқанда,

Болады екен он саусақ.

«Қайда мекендейді?» дидактикалық ойыны.

Шарты: Тәрбиеші балықтардың,

аңдардың,құстардың,адамдардың суреттерін іледі. Ал балалар олардың қайда мекендейтінін айтады.

Балалар суреттерді қарап, құрылыс матери- алдарын іріктейді.


Балалардың әрқайсысы өз алдарындағы таңдап алған құрылыс мате- риалдарымен қала көшелерін құрастыруга кіріседі, құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға, қала көшесінің үлгіге сәйкес келуіне қарай отырып құрастырады.



Балалар түсіне отырып жасайды.



Жол ережесін еске түсіреді.




Балалар қимыл қозғалыс арқылы жаттығуларын жасайды.


Ойынға белсене

қатысады.

Рефлекциялық түзетушілік

Қала көшесінің мазмұнына, балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдаланғанын ескере отырып, дайын болған құрылыстың сапасына қарай мадақтаулар жасалады.

Әр бала өздері жасаған құрылыстары жайында әңгімелеп береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қала көшесінің құрылысы жайында және оның ерекшелігін;

Игереді: құрылыс материалдарын құрастыру іс-әрекетіне сәйкес дұрыс пайдалануды;

Меңгереді: қала көшелерінің ерекшеліктеріне сай құрастыруды.
















































04.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

Тақырыбы: Менің отбасым (сурет бойынша әңгімелеу)

МАҚСАТЫ: Балалардың отбасы, жақын туыс адамдарын сүю, отбасылық қарым - қатынас құндылықтары туралы түсінігін кеңейту
Отбасының адам үшін маңызы, туған, өскен үйдің жылылығы туралы түсінік беру;
Отбасындағы жарастық, сыйластық, сүйіспеншілік сезімдері мен қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке, өз ара татулыққа тәрбиелеу.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІЛІКТЕР ЖӘНЕ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАР: плакаттар, жанұяларының суреттері, слайдтар, көркем сөздер,балалардың салған суреттерінен көрме, буклет

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме,  қонақтар!

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!     

Сендерді көріп қуанам!

Ендеше, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.

-          Қане, балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!

                   Жұмбақ:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім?

- Отбасы.

 - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында  бүгінгі оқу қызметімізде тақырыбын«Менің отбасым»деп атап отырмыз.

                   

    

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.










Балалар жұмбақ шешеді.


Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?

Келесі тапсырма «Кім не істейді?» деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды:

Анам тамақ пісіреді.

Әкем кітап оқиды.

Атам теледидар көреді.

Ағам сурет салады.

Інім текшемен ойнайды.

Әпкем сабақ оқиды.

Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.

 - Бұл фотосуретте кімнің отбасы?

- Бұл – менің отбасым.

- Мынау кім?

- Мынау – менің анам.

- Анаңның аты кім?

- Оның аты – Елена.

- Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің?

- Мен отбасыммен саябақта қыдырып жүрмін.

 - Қандай керемет!Рахмет! - деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді.

 


Балалар сурет бойынша отбасында  кімнің не істейтінін айтып береді.


Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. Екі бала шығып бір-бірімен сұхбаттасады (интервью алады).


Рефлекциялық түзетушілік

Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде кімдер туралы айттық?

-          Не үйрендік?

-          Сендерге оқу қызметіміз ұнады ма?


Балалар белсенді лексиканы хормен,

жеке-жеке қайталайды

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Отбасы мүшелері туралы біледі
Меңгеруі: Сұраққа толық жауап беруді, көргендерін баяндай білуді үйренеді.































05.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндер мен таныстыру. Пішіндердің мағынасын түсіндіріп оларды бір−бірінен ажырата білуге үйрету.

  • Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.

  • Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.

  • Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).


Балалар

шаттық шеңберін орындайды

Ұйымдастырушылық ізденістік

Бауырсақ сөзі:

Менің атым бауырсақ

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атадан, әжеден кеттім.

Тыңдамадым атамды

Тыңдамадым әжемді

Үйімді мен сағындым

Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?Бауырсақтың түсі қандай?Бауырсақтың пішіні қандай?Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.Балалар менің тұратын үйім жоқ.

Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.

Балалар мынау қандай пішіндер, сендер Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.

(Аю келеді музыка ойналады).

Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?

Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ.

Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды.

Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?

білесіңдер ме? Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.

Аю: Рахмет, балалар мен енді кетейін.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тұңығып алайық.




















Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.


− Сары.

−Дөңгелек

Балалар: Төртбұрыш ( оның төрт бұрышы бар).

Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).

Мынау шеңбер (ол домалақ болады)

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі

Рефлекциялық түзетушілік

Бәрекелді балалар. Өте өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?


Ең бірінші қоянға көмектестік.

Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.

Аю мен ойнадық


Күтілетін нәтиже:

Қолданады: геометриялық пішіндерді таниды

Түсінеді: түстерді ажыратады





































06.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

Тақырыбы: Отбасындағы сыйластық

Мақсаты: Отбасы мұшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету; Отбасында үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасауға баулу ; Инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: отбасы туралы суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар:

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көемін,

Еркелеймін,еремін.

Балалар өлеңже не туралы айтылған?

Шеңбер бойымен тұрып қайталайды.








Отбасы туралы



Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс):

Бүгін біз оқу қызметімізде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.

Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді?

Өлең оқу: Отбасы

Анаң  үнің, жүрегің,

Әкең өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең асыл ардағаң,

Атаң дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков)

Аға ақылы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

(Сырбай Мәуленов)

Сергіту сәті

Бас барамағым атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек әжем, ошақ анасы,

Ортан терек әкем, отау панасы,

Шылыдыр шүмек шешем, шаңырақ ажажры,

Титтей бөбек мен,бәрінің базары.

(Ермек Өтетілеуұлы)

Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау Сыйлаймын

Ата менен ананың

Айтқан тілін аламын.

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинайымын,

Ешкімді де ұрмаймын.

Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын.

1. Отбасы мүшелерін ата.

2. Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?

3. Өзіңнің отбасы мүшелерін ата.

4. Дастарқан басында кімдер отыр?

5. Дастарқанды әшекейлеп толықтыр.

Ата,әже,әке,шеше,

аға,қарындас,іні.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
























Іс-қимыл әрекетін жасайды.













Өлеңді жаттайды.




Тапсырманы орындайды

Рефлекциялық түзетушілік

Жаттаған өлеңіміз не жайында?

Бүгін біз сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік.Оларды жақсы көруге,сыйлауға,құрметтеуге,көмектесуге үйрендік.Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.

Отбасы жайлы



Күтілетін нәтиже:

Қолданады: отбасы мүшелерін атай білуі тиіс.

Түсінеді: үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу керектігін.

Қайталайды: өлеңді жаттап, мазмұнын түсінеді.















































06.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

Тақырыбы: Менің отбасым, ауылдағы адам еңбегі

Мақсаты:Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру.Ауылдағы адам еңбекпен ,қаладағы адам еңбегінің бір біріне қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін айыра білуге тәрбиелеу

Билинагвальдық компонет : адам-человек,еңбек –труд,ауылшаруашылық*сельское хозяйство.

Көрнекіліктер: карточкалар,суреттер.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,ойындар.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып.Балаларға карточкалар тарату

«Ортақ атауын тап!» ойыны

Балаларға әр бала карточкалардағы сурет бойынша жалпы атауын табады.

Шанышқы,пышақ,қасық,бұл ас үй құралдары.

-Жаңбыр,қар,бас-бұл(табиғат құбылыстары)

-Қол,аяқ,бас-бұл(дене мүшелер)

-Төсек.кресло,үстел,-бұл(үй жиһазы)

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар бүгіні оқу қызметімізді мақалмен бастайық

Мақал.:Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарының тілінбей.

-Мақалдың мағанасы қандай?

-Біздің әңгімеміз ауылдағы адам еңбегі туралы болмақ.

-Ауылда қандай еңбек түрлері бар?

-Ауылдағы адам еңбегімен қаладағы адам еңбегінің айырмашылығы мен ұқсастығы бар

Егістік даласыдағы жұмыс:Егішінің көктем жаз,күз,қыс мезгіліндегі еңбек әңгімелейді.

Қошы бейнеленген сурет бойынша шопанның еңбегін, келтіре пайдасы,маңызы түсіндірледі

осылайша мақтанышың еңбегі туралы

Сергіту сәті: Тышқан шығып інінен

Жем іздейді түнімен.

Қарны ашқаның қалай

Жеткізеді үнімен?

Балалар

тәрбиешінің

сұрақтарына

жауап

береді













сергіту сәтін іс қимылмен орындайды

Рефлекциялық түзетушілік

Жақсы жауап берген балаларды мадақтау

Қуанды



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:ауыл мен еңбегін арасындағы айырмашылықты айыра білді.

Игерді:Жыл мезгілдерін сәйкес еңбек түрлерін ажырата және ұқсастығын

Меңгереді:Сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін ,ойын айтуды.



















































06.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Менің отбасым. Ата –ана еңбегі

Тақырыбы: Азық-түлік тағамдары

Мақсаты:жалпайту,домалату тәсілдерімен тағамдарды мүсіндеуді үйрету,балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Билингвальді компонент:әже-бабушка,тағам-еда,ермексаз-пластилин.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»ойыны.

Қолдарына гүл ұстатып,оны отбасы мүшелерінен кімге,не үшін сыйлағысы келетінін айтуды ұсыну.

«Отбасы»дидактикалық ойыны.

Суретке қарап,жасы үлкенінен бастап реттеп қоюды ұсынады.


Шеңберге тұрып,қолындағы гүлді кімге,не үшін сыйлағысы келетінін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Тағамдарды мүсіндеу реттілігі:

-ермексазды жұмсарту,

-бөлшектерге бөлу,-

-ермексазды домалатуСергіту сәті:

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп –ойнап,

Бір әженің баласындай.

-домалақ пішінді жалпайту,

-пышақпен кесу арқылы түрлі пішіндер шығарту.




Тәрбиешіні мұқият тыңдап,мүсіндеу жолдарын түсініп алады.

Өлеңнің желісіне қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.

Домалақ пішінді жалпайтады.

Пышақпен кесіп пішіндер шығарады.

Рефлекциялық түзетушілік

Көрме ұйымдастыру.Өздерінің жасаған жұмыстарын үйге алып кетіп,әжелеріне сыйлауды ұсыну.

Көрмеге жұмыстарын қойып,салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:тағам түрлерін.

Нені игереді:жалпайту,домалату әдісімен тағамдарды мүсіндеуді.

Нені біледі:пышақпен кесу арқылы пішіндер жасауды.



09.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Менің көшем

Тақырыбы: Түзу жолда жүремін мен тұра

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.Қылқаламды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру,саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар,мысық.

Қажетті құрал-жабдықтар:қылқалам,сурет дәптері,мысық, қоңыр түсті бояу,сүрткіштер.

Алдын ала орындалатын жұмыс:жерге,құмға суреттер салу,жүруге байланысты әртүрлі ойындар.

Сөздік жұмыс:бояу,іздер.



Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Бүгін бізге қонаққа мысық өте әдемі болып келіпті.Коңіл боліп қараңдаршы.Қолындағы бояуды көрсетеді.Мысық:Мен сендерге арнап үнтаспаға қоятын әуен ала келдім.Оған қоса әдемі бояу алып келдім.Бүгін бояумен сурет салуды үйренейік.

Үнтаспадан әдемі әуен қойылады.Балалар топта жүріс түрлерін салып жүреді,аяқтаған соң,мысық өзі жүргісі келетіндігін айтады. Алдым боялған сулы қағаздың үстіне жүреді де,содан соң таза қағазды басып жүріп,ізін көрсетеді.Балаларға кім болса да жүрген кезде із қалдыратының көрсетіп, түсіндіреді.Қолына дөңгелек,үлкен сопақша мөртаңбаны алып,оны сулы жолға басып,әр іздері бұйымның өзінің сұлбасын тура қайталап отыратынын байқатады,іздердің арақашықтығын сақтау керектігіне балалардың назарларын аударады.

Сөздік жұмысын өткізеді.

Балалар мысықпен қуана

сәлемдеседі.Қолындағы бояудың түстерін қарап,

байқайды.Бояуға қарап

түстерін қайталап,танып,ажырату ойынын ойнайды.




Үнтаспадан естілген әуенге сәйкес жүріс түрін салады.

Кіші із болса кіші із,үлкен із болса үлкен

із,сопақ болса із сопақ болатындығын түсінеді.


Қағаздың бетінен ізді бақылап көреді.

«Бояу»»із»деген сөздерді қайталап,жаңғырық

әдісімен айтады.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Сергіту сәтін жасауды ұсынады.


Балаларға түзу жолға із салу жолын түсіндіреді.Ізді қоңыр түсті гуашьты пайдаланып,қылқалам

ның ұшын баса отырып,

дөңгелектеп салады.

Сурет салғанда сүрткішті,қылқаламды дұрыс пайдалану ережесіне тоқталады.

Балалар күзгі алма бағының ішінде жүріп,терең тыныс алып,демдерін шығарады.


Түзу жолдар салынған қағазға арақашықтығын сақтай отырып,қылқаламды гуашьқа батырып алып,бірдей мөлшерде іздер салып шығады.Іздерді бір біріне ұқсатуға көңіл бөледі.

Рефлекциялық түзетушілік

Мысық барлық балалар

дың суретін көріп,әдемі салынғандарын,біркелкі

ізге ұқсатқандарын айтып,мадақтайды.Оларға бүгін бояуды да сыйға беріп,көп сурет салып жаттығуға шақырады.

Қоштасып,өз достарына баратындығын айтады.

Балалар өз суреттеріне

Қарап,мысықтың айтқанына келісетін келіспейтіндері туралы ойларын айтады.Мысық

Қа рақмет айтып,сурет салуға жалықпайтында

рын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бояудың түрлері,іздердің әртүрлілігі жайында.

Игерді:арақаштықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.

Меңгереді: қылқаламның ұшын баса отырып бояуды дұрыс пайдалануды.





















































10.10.2017ж

Білім облысы: Әлеумет

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Апта тақырыбы: Менің көшем

Тақырыбы: Ауаның қасиеттері

Мақсаты: Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру; тәжірибе арқылы ауаны,біздің айналамыздағы қоршап тұрғанына көздерін жеткізу. Ойлау белсенділіктерін, байқағыштықтарын арттыру. Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, тәжірибе жасау,
Сөздік жұмыс: поролон. түтікшелер.
Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, су құйылған ыдыс пен түтікшелер, поролон, ауа толтырылған шар.


Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар, бүгін тобымызға таңертең пошташы сәлемдеме алып келіпті. Сәлемдемені біздің досымыз -Самал жер жіберіпті. Не бар екенін көрейік.
«Шардың ішінде не жасырынғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?»

шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.
-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты. Өйткені оның жібін шешкенде ,дыбыс естілгендей болды.


Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды. Олар өз пікірлерін айтады

шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.
-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты. Өйткені оның жібін шешкенде ,дыбыс естілгендей болды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ауа тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін ? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жасап көрейік.
-Біз мұрнымызбен не істейміз?
-Біз немен демаламыз?
Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне бәріміз тексеріп көрейікші.
Енді түтікті суы бар стаканға салып үрлейік . Стақан ішіндегі суда не пайда болды?

Алдарындағы желпеуіш қағазды өзімізге қарай желпітіп көрейікші. Не байқадық?
-Шарды үріп ыдыстағы суға салып көрейікші? Шар неге суға батпайды?
үрілген шарды ыдыстағы суға салады. Шардың іші-Мына паралонның кішкене бөлігін суға салып көрейік не байқадық?
паралон суға батпағанын байқадық. Себебі ол тығыз емес , оның бойында ауа бар . нде ауа болғандықтан суға батпайды.

Сергіту сәті
Самал жел бізді желдетші
Күн нұры бізді жарқырат
Таза ауа бізге дем берші
Мөлдір су бізді салқындат
Келесі тәжірибеміз май шаммен жасап көреміз.
Балалар ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, қаламыздағы ірі зауыттан шыққан түтінмен ,көліктен бөлінген түтін ауаға тарап содан ауа ластанады. Жеке жұмыс жүргізу

мұрынмен тыныс алып, тәжірибе жасайды.
түтікше арқылы стақандағы суға ауа үрлейді. Көпіршіктердің пайда болғанын байқайды.
Желпеуіш қағазды желпіп, желдің ауаны байқайды.
Завоттардан шыққан түтін, көліктерден шыққан түтіні т.б.

Рефлекциялық түзетушілік

Балаларға сұрақ қойып оқу қызметін қорытындылау.
-Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Ауа ластанбау үшін не істеу керек?

сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ауаның қасиетерін

Нені игереді: тәжірибені жасайды

Нені біледі: Ауаның қасиетін қалай ластанатынын







































11.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Менің көшем

Тақырыбы: Мен тұратын қала ауыл

Мақсаты: Өз мекенжайы мен тұрғылқты аулының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуе үйрету. Өз мекеніне, қаласына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: өзінің тұратын ауылы, ондағы мәдени орындары туралы бейнетаспа.

Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі – түсті қарындаштар.

Алдын ала жұмыс: шаттық шеңберде айтатын өлеңді жаттау. Қала ауыл өмірі туралы әңгіме жүргізу. Қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа бару.

Әдіс тәсілдері: көрнекілік, ойын.

Билингвистикалық сыңары: ауыл-село.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар топқа марш екіпдегі әнмен жүріп кіреді.

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейінші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман –есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.

Балалар қимыл-қозғалыспен өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, бүгін мен сендерге туып өскен жеріміз, ауылымыз жайлы айтамын.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, Қазақстан Республикасының көптеген қалалары мен ауылдары бар. Сол ауылда сендер сияқты бақытты балалар тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен мен сендермен өздерің тұратын ауылымыз туралы әңгімелескім келіп тұр.

- Ал, балалар сендер қай ауылда тұрасыңдар ?

- Дұрыс айтасыңдар.

Біз Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында тұрамыз.

- Ал, балалар, енді мына бейне роликке назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейне роликте сендер нені көрдіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, көрдіңдер ме біздің ауылымыз көптеген үйлер мен әдемі ғимараттар мен көркейді.

Бұның бәрін бізге кімдер соғып береді?

- Балалар сендер саяхат жасағыларың келеме?

- Олай болса біз сол әдемі жерлерге саяхат жасайық балалар.

Сиқырлы таяқшамен саяхат жасайды.

Балалар сиқырлы таяқша істемей тұр ғой.

Сиқырлы таяқша жұмыс істеу үшін сиқырлы сөзді айтуымыз керек екен балалар. Көзімізді жұмамыз, ал енді сиқырлы сөз айтамыз

До ре ми ұшамыз,

Біз жерге қонамыз.

Ал енді көзімізді ашайық қайда келдік балалар?

Балалар саяхат жасаймын деп шаршаған боларсыңдар. Қане көзімізді жұмып балабақшаға қайтайық.

Балабақшаға қайтып келеді.

Балалар шаршаған боларсыңдар қане бойымызды бір сергітіп алайық .

Қара жорға әні мен бой сергіту.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы билейді екенсіңдер.

Тапсырма:

Балаларға ауылымыздың табиғатының суретін салдыру.

Жарайсындар балар, сендер өте жақсы салдыңдар.

Ойын: «Біздің ауыл қандай?»

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

- Сарыкемер ауылы.

Сарыкемер ауылын.

Музейді

- Құрлысшылыр.

- Иә

- Музейге

Рефлекциялық түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын көріп мақтайды, мадақтайды. Ауылым әнімен қорытындылау

Педагог оқу қызметін қорытындылайды.

Ауылым әні.

Біздің ауыл тап- таза бұлағыда

Ән салады майысып құрағыда

Жаз жайлауға барамын демалыста

Асау тайдың ойнаймын құлағында

Қ-сы

Біздің ауыл алма бақ,

Өрік жүзім жетеді.

Сағынарым қайда да,

Алатаудың етегі.

Балалар өздері салған суретке қызыға қарайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының немесе ауылының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білу.

Игереді: ауылының атын, ондағы сәулетті мәдени орындарды біледі;

Меңгереді: кез –келген істің адам еңбегі арқылы келеіндігі, ауылдың көркеюіне өздерінің үлесі бар екенін




























11.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Менің көшем

Тақырыбы: 5 ке дейін санау

Мақсаты: 5 саны мен цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы және құрамын анықтау. 5цифрын жаза білуге үйрету, тура және кері санай білуге үйрету.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, қонақтар,
Сабағымызды бастаймыз,
Жамандықты тастаймыз.

Балалар амандасады.

Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.

Ұйымдастырушы

ізденуші

5 саны және цифрымен таныстыру.
Тура және кері санау.
5 санына тақпақ жаттау.
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.

Дәптермен жұмыс.
5 цифрын жазу.

Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
1-тапсырма:
Қолғаптардың сыңарын тап.

2-тапсырма:
Құмырсқаның таңқурайға, жұлдызқұрттың шиеге жетуіне көмектес.

3-тапсырма:
Бос орынға тиісті пішінді сал.
Тиісті пішіндерді салды.
4-тапсырма:
Көршісін тап..

5 санмен танысты.


Тура және кері санап үйренді.


5 цифрын жазды.



Тиісті пішіндерді салды.
Көмектесті.


Сандардың көршісін тапты.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Бүгін қандай санмен таныстық?

Ұнады.

- 5 саны

Күтетін нәтиже:


Білу: 5 саны және цифрымен танысып білді.
Игеру: Ертегіні мазмұндай отырып, әр түрлі тапсырмаларды орындауды игерді.
Меңгеру: Тура және кері санауды меңгерді


13.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Менің көшем

Тақырыбы: Көшедегі үйлер

Мақсаты: Балаларды пішіндермен (үшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру;

Білімділік: геотметриялық пішіндерден үй құрастыруды үйрету;

Дамытушылық: тілдерін дамыту;саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру;

Тәрбиелік: балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы:құрылысшы

Көрнеліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар,ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер, жалауша.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шеңбрге тұрғызады. Топтағы бір баланың атын атап, жылы шыраймен шақырады да, қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рақметін айтады. Ол келесі баланы шақырып, оған жалаушаны береді. Осылайша шеңберде тұрған барлық баланың аты аталады.

Ғажайып сәт

Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді екен,қараңдаршы.

Педагог қолыңа ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді.Қуыршақ:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

Менің атым – Азамат. Мен құрылысшымын.

Маған үй салуға көмектесіңдерші.

Сөздік жұмысы: құрылысшы


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.






















Ұйымдастырушы

ізденуші

Педагог: - Үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.

Педагог балаларға түрлі пішіндерді таратады.

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерді ажырат».

  • мынау – үлкен төртбұрыш.

  • Мынау – кішкентай төртбұрыш.

  • Мынау – үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?

  • Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?

  • Үшбрұштың түсі қандай?

  • Енді үй саламыз.

Педагог магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қоямыз.

Ал енді жұмысқа кіресейік.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

- Қызыл.

- Көк.

-Қызыл.















Балалар үйді құрастырып шығады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.





Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: түстер мен пішіндерді ажырата біледі;

Түсінеді: үйдің терезесі, есігі, төбесі,қабырғалары болатынын;

Қолданады: үйді геотметриялық пішіндерден құрауды қолданады



























16.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Бағдаршам

Мақсаты: Балаларды бағдаршам белгілері және жолда жүру ережелерімен таныстыру. Көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту. Көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Слайд, бағдаршамның макетін киген бала, ойыншық машиналар, мотоцикл, вилосипед, жол белгілері, жерде жаяу жүргіншілер жолы.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер!

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Ал, енді балалар екі топқа бөлініп, отыра қалайық. 1-топ бағдаршам,

2-топ көліктер.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, қай топ бірінші табады екен:

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам)


Балалар шаттық шеңберін жасайды.






Балалар жұмбақтың шешуіне «бағдаршам» деп жауап береді.



Балалардың жауабы тыңдалады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз бүгін осы бағдаршаммен танысатын боламыз. Бағдаршам дегеніміз не? Оның қызметі қандай?

Есік қағылады. (Үстіне бағдаршамның макетін киген бала келеді.)

-Бұл кім болды екен?

-Міне балалар «бағдаршамның» өзі де келіп қалыпты. Қане, біз бағдаршам жайлы өзінен сұрап білейікші.

Бағдаршам:

Менің үш көзім бар:

Бір көзім кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді.

Бір көзім абайла дейді,

Қарап ал маңайға дейді-Балалар бағдаршамның неше көзі бар екен, қане санайықшы?

-Түстері қандай екен?

-Көздерінің пішіні қандай?

-Балалар, машиналар көп жүретін жерлерге бағдаршам орнатылады. Олардың жыпылықтап жанып тұратын үш көзі болады: қызыл, сары және жасыл. Егер қызыл жарығы жанса – машиналар тоқтап тұрады, егер сары жарығы жанса – дайындала бастайды, ал егер жасылы жанса – машиналар жүріп кетеді. Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен. Көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер де көшеде жүру тәртібін сақтау керек.

Сергіту сәті

«Бағдаршам» ойыны:

Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.

Жол белгілерімен таныстыру.

Балалар жолда бағдаршаммен қатар жол белгілеріде тұрады. Олардың түрлері көп. Бірақ, біз бүгін солардың негізгі түрлерімен ғана танысайық.

Мына менің қолымдағы белгі қандай геометриялық фигураға ұқсайды.

Дұрыс айтасыңдар, балалар, жолда дәл осындай қып-қызыл шеңбер тұрса, онда ол «қозғалысқа тыйым салынады» дегенді білдіреді.

-Ал, мынау қандай фигураға ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар, жолда осындай қызыл үшбұрыш тұрса «ескерту белгісін» білдіреді.

-Мынау ненің суреті?

Дұрыс, бұл «велосипед жолы» дегенді білдіреді.

-Мынау ненің суреті?

Дұрыс, егер мұндай сурет көрсеңдер «жаяу жүргіншілер жолы» дегенді білдіреді.

-үш көзі бар.

-қызыл, сары, жасыл.

-шеңбер.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар сергіту сәтін жасайды.


-Шеңберге.


-Үшбұрышқа.





-Велосипедтің.





-Адамның.








Рефлексивті

коррекциялаушы

Сендерге белгілер түсінікті ме балалар?

Бағдаршамның үш белгісі ше?

Онда біз бір ойын ойнайық. «Жолда жүру ережесін сақта»


Төрт бала төрт белгіні ұстап тұрады, ол қандай белгі екенін айтады

Күтілген нәтиже

Білуі тиіс: Балаларды бағдаршамның белгілерімен таныстыру.

Көрсете білуі: Жол белгілерін көрсету.

Түсінігі: Балалардың көлік туралы білімдерін кеңейту.































17.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Көлік

Мақсаты:
• Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
• Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру.
• Жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Машиналардың суреттері. Жол жүру ережелерінің суреттері. Ауыл мен қала көшелерінің макеті мен суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, қайталату.

Сөздік жұмыс: баған, аспалы,сым жол.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шеңберге жинап «Бақыт гүлі» арқылы ыстық лебіздерін айтқызу.
-Ал балалар осы сендер мектепке таңертең немен келесіңдер?
- Иа барлықтарың көлікпен келеді екенсіңдер, ал сол машинаны неге сендер айдап келмейсіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар біз ауылда тұрсақта жол жүру ережесін қатаң сақтауымыз керек.

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,


-





  • Жеңіл көлікпен.

  • Біз әлі кішкентаймыз, жүргізу куәлігі жоқ, ұстап алса айып-пұл салады деген.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Ілезде жеткізеді жерге қашық. (автомобиль)
- «Кім жылдам» ойынын ойнайық ол үшін топ 3-ке бөліну керек, сосон жол жүру белгісін дұрыс құрастырып және мәнін түсіндіреміз.
-Дұрыс ал енді балапандар біз сендермен саяхатқа барамыз. Ол үшін алдымен саяхатқа шығатын көлікті таңдап алуымыз керек.
-Сендерге қандай көлік түрлері ұнайды?
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер? /суреттермен жұмыс/т б
Осы сұрақтарға жауап алынған соң орындарымызға жайғасып отырамыз да….
Тыныштық сәті: Баяу әуен үнімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеміз. Аялдамадан бәріміз үлкен туристік автобусқа мінеміз. Теміржол вокзалына жеткен соң, пойызға мініп портқа қарай жол тартамыз. Содан үлкен кемеге мініп, әуежайға көл арқылы жүзіп барамыз.Әуежайдан Қазақстан Ан-24 ұшағына мініп көк аспанды бір айналып,мектеп ауласына ұшып келеміз. Көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айтып бөлісеміз.

Балалар

сұрақтарға

жауап береді

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар бүгінгі оқу қызметімізде жол ережесі жайында білдік.

ия





Нені біледі: жол белгілері туралы мәліметтерді кеңірек білуі қажет

Болу керек: қауіпсіздік ережелері туралы түсініктері.

Істей білу керек: қойылған сұрақтарға дұрыс әрі толықтай жауап бере білуі





































17.10.2017ж

Білім облысы: Әлеумет

Білім бөлімі: Экология негіздері

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Жолда жүру ережесі

Мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру,жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру,жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, мақал – мәтелдер, өлең жолдары, ойын.

Сөздік жұмыс: жол белгілері, бағдаршам.

Билингвальды компонент: жол белгілері – дорожные знаки, бағдаршам - светофор.

Көрнекіліктер: Жол белгілері,бағдаршам,ойыншық машина,велосипед.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

  • Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше,біз бүгін «Жол белгілер еліне» саяхатқа барамыз,ол жерден көп нәрсені көзбен көріп, жақсы әсер аламыз деп ойлаймын.Балалар жол сапар барысында көп жол қиылыстары кездеседі, жол ережесін мұқият сақтауымыз керек.

  • Балалар, сұрақтарға жауап берейікші:

  • Велосипедті қай жерде тебу керек?

  • Балалар алаңында тебу керек.

  • Допты қай жерде ойнау керек?

  • Спорт алаңында ойнау керек.

Бағдаршамның неше көзі бар?

  • Бағдаршамның үш көзі бар. Түстерін атайды.

  • Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз?

  • Жасыл түсі біздің досымыз,ол бізге әрқашан көмектеседі.

  • Көше тәртібін бағдаршамнан басқа кім басқарады?

Демеуші инспектор басқарады

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар алдымызда екі жол айрығы жатыр, бірі-жіңішке, екіншісі-жалпақ жол.

-Қалай ойлайсыңдар қандай жол жаяу жүргінші?

-Жіңішке жол жаяу жүргінші.

Тәрбиеші: Міне, біз бірінші жол қиылысына жеттік.Жолдан өту үшін ненің көмегіне жүгінеміз?

Тәрбиеші: Абайлаңдар балалар алдымызда көліктер жолы бар

  • Оңға солға қарайық, жол белгісін табайық

Билингвальды компонент: жол белгілері – дорожные знаки, бағдаршам – светофор.

Бағдаршам, жол белгілері сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреміз

Тату тәтті достармыз,

Отырмаймыз босқа біз.

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз ән шырқап.

Қол шапалақтап оң жақтағы досыңа

Сол жақтағы досыңа қолыңды бер тосылма

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім!


  • Бағдаршам көмегі қажет.

Балалар тыңдайды, жауап береді.

Балалар тыңдайды.

Балалар жауап береді.



Балалар тыңдайды.

Балалар тыңдайды.

Балалар жауап береді.

Балалар тыңдайды.

Балалар қайталайды.


Балалар тыңдап, қайталады.



Балалар қимылмен орындайды.


Балалар берілген тапсырманы орындауға әрекет жасайды.


Рефлекциялық түзетушілік

  • Балалар, жол белгілері дегеніміз не?

  • Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге тыйым салынады?

  • Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады?


Балалардың білімдерін мақтап мадақтау



Балалар жауап береді.


Күтілетін нәтиже:



Білу керек:

Нені біледі: жол белгілері туралы мәліметтерді кеңірек білуі қажет

Болу керек: қауіпсіздік ережелері туралы түсініктері.

Істей білу керек: қойылған сұрақтарға дұрыс әрі толықтай жауап бере білуі























18.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Мақсаты:Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.Үйдегі, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту.Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар:Слайд, суреттер, құрал – саймандар.

Сөздік жұмыс:қауіпсіздік

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар, бүгін ерекше күн! Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қанеки орнымыздан тұрып амандасайық.

- Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр.

- Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама?

-Неге жүгіруге болмайды?

-Үстел үстіне, терезе алдына шығуға болама?

Неге шығуға болмайды?

-Есікпен ойнауға болама?

-Не үшін болмайды?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.

-Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік»

Балалар амандасады.

- Жоқ, топ ішінде жүгіруге болмайды, себебі, құлап жарақаттануымыз мүмкін.

-Жоқ, үстел үстіне, терезе алдына шығуға болмайды. Құлап бір жерімізді ауыртып алуымыз мүмкін...

Ұйымдастырушылық ізденістік

«Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді.

-Ал енді өзімізді қалай қорғап, сақтау керек екенімізді слайд арқылы түсінетін боламыз.

Ойын:«Жақсы – жаман»

Шарты:заттардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.

«Мен үйдемін» көрініс

- Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»- деп тапсырады.

Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде.

-Балалар, бұл қандай ереже деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін?-Кішкентай қыз сіренкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді.

-Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан сөзі түседі.

- Бұл қандай сөз болуы мүмкін?

-Кішкентай қыз анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің көйлегін үтіктемекші болдып, үтікті тоққа қосайын деп жатқанда, тағы да анасының айтқаны есіне түседі.-Анасы не айтуы мүмкін?Анасы үйіне келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай қыз үйіне бөтен адамның келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын айтады.Анасы оны мақтап, «Жарайсың, қызым»дейді.

Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»

Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажыратып қою.

Балалар слайдқа назар аударады.

- Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Балға жаман қолыңды ұрып алсаң.

-Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң денеңді жарақаттайсың.

-Қайшы жақсы, керек заттарыңды қиясың.Қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін.

-Сіренке жақсы, онымен от жағып, тамақ пісіреміз, жылынамыз.Сіренке жаман- өрт шыгуы мүмкін

Үш бала көріністі сомдайды, қалған балалар сұрақтарға жауап береді.

-Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін!

-Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылады.

-Үйде жалғыз қалғанда есікті ешкімге ашпа!

-Үтікке жақындама, киім кұйіп, жануы мүмкін.

-Өрт шығуы мүмкін.

Балалар қызығушылық танытып ойын ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытындылау.Сұрақ – жауап

Мадақтау


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.

Түсінеді:Үшкір заттармен, отпен ойнамау керектігін.

Қолданады: қауіпсіздік ережелерін











19.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Әр түрлі заттар

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып
салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан -жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күнімізде әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.
Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.

Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, жұмбақ шешу, таңғаларлық сәт, қорыту.

Ұйымдастырушылық ізденістік

ал бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.

Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал

Балалардың

жауаптары

Рефлекциялық түзетушілік

Оқу қызметін аяқтап. Балаларды мадақтау!

Балалар қуанып қалады



Күтілетін нәтиже: Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып салыстыра білу.
Жасай алуы: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.









































20.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Бағдаршам

Мақсаты: Балаларды бағдаршам белгілері және жолда жүру ережелерімен таныстыру. Көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту. Көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Слайд, бағдаршамның макетін киген бала, ойыншық машиналар, мотоцикл, вилосипед, жол белгілері, жерде жаяу жүргіншілер жолы.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қызыл шамым жанарда,

Тоқтай қал аманда.

Сары түсім – ескерту,

Дайын бол табанда.

Жасыл көзім жарасты

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпай,

Жолыңмен қарасты

Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, машиналар көп жүретін жерлерге бағдаршам орнатылады. Олардың жыпылықтап жанып тұратын үш көзі болады: қызыл, сары және жасыл. Егер қызыл жарығы жанса – машиналар тоқтап тұрады, егер сары жарығы жанса – дайындала бастайды, ал егер жасылы жанса – машиналар жүріп кетеді. Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен. Көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер де көшеде жүру тәртібін сақтау керек.

Сергіту сәті

«Бағдаршам» ойыны:

Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.

Жол белгілерімен таныстыру.

Балалар жолда бағдаршаммен қатар жол белгілеріде тұрады. Олардың түрлері көп. Бірақ, біз бүгін солардың негізгі түрлерімен ғана танысайық.

Мына менің қолымдағы белгі қандай геометриялық фигураға ұқсайды.

Дұрыс айтасыңдар, балалар, жолда дәл осындай қып-қызыл шеңбер тұрса, онда ол «қозғалысқа тыйым салынады» дегенді білдіреді.

-Ал, мынау қандай фигураға ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар, жолда осындай қызыл үшбұрыш тұрса «ескерту белгісін» білдіреді.

-Мынау ненің суреті?

Дұрыс, бұл «велосипед жолы» дегенді білдіреді.

-Мынау ненің суреті?

Дұрыс, егер мұндай сурет көрсеңдер «жаяу жүргіншілер жолы» дегенді білдіреді.


-үш көзі бар.

-қызыл, сары, жасыл.

-шеңбер.





Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Балалар сергіту сәтін жасайды.


-Шеңберге.



-Үшбұрышқа.





-Велосипедтің.





-Адамның.


Рефлекциялық түзетушілік

Сендерге белгілер түсінікті ме балалар?

Бағдаршамның үш белгісі ше?Онда біз бір ойын ойнайық. «Жолда жүру ережесін сақта»

Төрт бала төрт белгіні ұстап тұрады, ол қандай белгі екенін айтады.

Айым – тыйым салу белгісі,

Қызылмен боялған шеңбермін,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын,

Мен тұрған жерлерде,

Қақың жоқ жүруге.


Күтілген нәтиже

Білуі тиіс: Балаларды бағдаршамның белгілерімен таныстыру.

Көрсете білуі: Жол белгілерін көрсету.

Түсінігі: Балалардың көлік туралы білімдерін кеңейту.







20.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Мақсаты:Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.Үйдегі, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту.Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар:Слайд, суреттер, құрал – саймандар.

Сөздік жұмыс:қауіпсіздік

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар, бүгін ерекше күн! Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қанеки орнымыздан тұрып амандасайық.

- Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр.

- Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама?

-Неге жүгіруге болмайды?

-Үстел үстіне, терезе алдына шығуға болама?

Неге шығуға болмайды?

-Есікпен ойнауға болама?

-Не үшін болмайды?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.

-Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік»

Балалар амандасады.

- Жоқ, топ ішінде жүгіруге болмайды, себебі, құлап жарақаттануымыз мүмкін.

-Жоқ, үстел үстіне, терезе алдына шығуға болмайды. Құлап бір жерімізді ауыртып алуымыз мүмкін...

Ұйымдастырушылық ізденістік

«Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді.

-Ал енді өзімізді қалай қорғап, сақтау керек екенімізді слайд арқылы түсінетін боламыз.

Ойын:«Жақсы – жаман»

Шарты:заттардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.

«Мен үйдемін» көрініс

- Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»- деп тапсырады.

Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде.

-Балалар, бұл қандай ереже деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін?

-Кішкентай қыз сіренкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді.

-Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан сөзі түседі.

- Бұл қандай сөз болуы мүмкін?

-Кішкентай қыз анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің көйлегін үтіктемекші болдып, үтікті тоққа қосайын деп жатқанда, тағы да анасының айтқаны есіне түседі.-Анасы не айтуы мүмкін?Анасы үйіне келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай қыз үйіне бөтен адамның келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын айтады.Анасы оны мақтап, «Жарайсың, қызым»дейді.

Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»

Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажыратып қою.

Балалар слайдқа назар аударады.

- Балға жақсы.Онымен шеге қағады. Балға жаман қолыңды ұрып алсаң.

-Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң денеңді жарақаттайсың.

-Қайшы жақсы, керек заттарыңды қиясың.Қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң қолыңды, көзіңді жарақаттауың мүмкін.

-Сіренке жақсы, онымен от жағып, тамақ пісіреміз, жылынамыз.Сіренке жаман- өрт шыгуы мүмкін

Үш бала көріністі сомдайды, қалған балалар сұрақтарға жауап береді.

-Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін!

-Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылады.

-Үйде жалғыз қалғанда есікті ешкімге ашпа!

-Үтікке жақындама, киім кұйіп, жануы мүмкін.

-Өрт шығуы мүмкін.

Балалар қызығушылық танытып ойын ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытындылау.Сұрақ – жауап

Мадақтау


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.

Түсінеді:Үшкір заттармен, отпен ойнамау керектігін.

Қолданады: қауіпсіздік ережелерін









21.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

Тақырыбы: Аялдама орындығы

Мақсаты: Балаларға жиһаз сөзінің мағынасын айтып түсіндіру. Өр жиһаздың қызыметі мен маңызын айтыу жөне олардың түрлерін ажырата білуге үйрету ой – өрісін сана- сезімін , сөздік қорын жиһаз сөзін дұрыс айтуын дамыту. Әдемілікк , Бір-біріне қамқор болуға , сыпайылыққа төрбиелеу.
Міндеті: Балаларға жиһаздың адам үшін маңызы мен қызметін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Шкаф , диван , төсек , үстел , орындық:
Билингвалдық компаненттер: Шкаф –шкаф, Диван- диван, Төсек- кровать.Орындық- стуля, Үстел- стол:
Психологиялық дайындық.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін ерекше күн.
- Балалар, мен сендерді
балабақшада көргенде қуанамын
мен бәріңді жақсы көремін.Ал
сендер бір – бірлеріңді көргенде
қуанасыңдар ма?


Ұйымдастырушылық ізденістік

Олай болса шаттық шеңберіне
тұрып, жылы сөздер айтып,
қуанышымызды бір –
бірлерімізге жеткізейік.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің қай айы?
-Балалар күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Дұрыс айтасыңдар!

-Балалар , назарымызды мына тақтадағы суреттерге қарайықшы.
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар.

-балалар бұл заттар әрқайсымыздың үйімізде бар ма?
-Дұрыс айтасыңдар , бұл заттар барлық үйде болады.
-Мысалы: Шкаф-киім жинау үшін керек
Диван, төсек- жату үшін керек.
Үстел,орындық – тамақ ,шәй ішу үшін керек.
-Балалар көрдіңдер ме әр заттың өзіне тән қызметі болады екен.
-Балалар бұл зхаттарды жалпы айтқанда жиһаз дейміз.
-Ал орысша баламасын мебель деп атаймыз.
-Қанекей бәріміз бірге қайталайықшы.
(Осы кезде есікті ашып мұңайған қуыршақ келеді)
-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді ,қанекей бәріміз бірге амандасайықшы!
Қуыршақ сен неге мұңайып тұрсың? Қуыршақ сен мұңайма біз саған көмектесеміз.
-Балалар қуыршаққа көмектесеміз бе?
-Қуыршақ сен қоян мен қонжықтың үйіне қонаққа барып кел жарай ма?
-Балалар қуыршаққа өдемі бөлме жасап беру үшін жиһазды қайдан аламыз.
-Балалар сендердің ата-аналарың жиһазды қайдан сатып өкеледі?
-Олай болса бәріміз дүкенге барамыз ба?
-Олай болса балалар жүріңдер.
-Балалар мынау дүкен, біз осы жерден жиһаздар сатып аламыз.
-Сәламетсіз бе,сатушы апай.
Балалар қуыршаққа арнап бөлме жасамақшы, соған әдемі жиһаз сатып алуға келді.
-Сатушы апай сізге көп рахымет.Сау болыңыз, саудаңыз жүрсін.
-Балалар қуыршақтың бөлмесіне жиһаздарды орналастырайықшы.
-Балалар бөлмелерің өте әдемі болды.
-Енді қуыршақты бәріміз бірге шақырайықшы.
-Иә, балалар саған арнап жиһаз өкеліп әдемі бөлме жасап қойды.
-Балалар қуыршаққа бөлмесін көрсетеміз бе?
-Қуыршақ саған бөлме ұнады ма?
-Қуыршақ енді балалардың дамыту орталығындағы еңбегін көресіз бе?
-Ал, енді балаларекі топқа бөлініп дүкеннен сатып алған жиһаздың ішінен орындық пен үстелді құрастырайықшы.
I-шырпымен орындықты құрастырамыз. Бірақ шырпыны аузымызға салуға болмайды балалар.
II-Текшелердің көмегімен үстелді құрастырамыз.
-Балалар ,сендер орындық пен үстелді өте әджемі жасап шықтыңдар.
-Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, олай болса денемізді шынықтырайықшы.
Сергіту сәті
Оңға қарай бір қадам ,
Солға қарай бір қадам.
Отырамыз , тұрамыз,
Жәй жүгіріп аламыз.

Күз
Қараша
Суық
Балалардың жауабы: үстел,орындық, төсек.
Бар
Жиһаз-мебель
Сәлдеметсің бе қуыршақ?
Иә, көмектесеміз.

Базардан, дүкеннен

Барамыз
Балалар жиһаздарды өздері таңдап сатып алады
Балалар сатып әкелген жиһаздарынан әдемі бөлме жасайды.
Балалар қуыршақты хормен шақырады.
Көрсетеміз.
Балалар дамыту орталығында шырпымен және текшелермен жұмыс жасайды.
Балалар жаттығыу жасайды.
Сау болыңыз.

Мебель
Шкафь

Үстел, орындық, төсек, диван, шкафь

Сәлеметсіңдер ме , балалар.

Менің мұңайып тұрған себебім менің достарым қоян мен қонжықтың үйлерінде жиһаздары бар.
Ал мен оларды қонаққа шақырайын десем үйімде жиһазым жоқ.
Мен сол үшін мұайып тұрмын.

Көп рахмет балалар!

Мақұл барсам барып келейін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар . Менің дүкеніме қош келдіңдер!
Сендер қандай заттар сатып алуға келдіңдер?

Балалар сау болыңдар .


Рефлекциялық түзетушілік

Иә, балалар қолдарыңнан көптеген нәрсе келедіекен.

Қуыршақта жаттығыу жасайды

Балалар мен сендерге сыйлығымды тапсырайыншы.

Балалар мен сендермен қоштасамын сау болыңдар

Тәрбиешімен қоштасады


Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады:Балалар үстел ,орындықты айтып берді.
Түсінеді:Үстел ,орындық , шкаф ,диван ,төсектерді жиһаз деп атайды:
Қолданады: Балалар шырпыдан орындықты құрастыра алды:









23.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Алтын күз

Тақырыбы: Дәмді алмалар

Тақырыбы: Дәмді алмалар (заттық сурет салу)

Мақсаты: Жыл мезгілі, күз туралы түсінік беру. Күз туралы білімдерін бекіту. Баланың ой өрісін дамыту. Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту.Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға тәрбиелеу. 

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті


Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен, 
Ақпейілді тілекпен. 
Амандасып алайық, 
Бір жадырап қалайық! 

Сұрақ-жауап айдары 
-Бір жылда неше мезгіл бар? Оларды атаңдар. 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Күз мезгілінің неше айы бар? Оларды атап беріңдер. 
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? 
Күз мезгілі туралы әңгімелеу. 

Үш тілде тілінде музыкамен амандасады. Балалар шаттық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталайды. 
Ағылшын тілінде амандасады. 


Балалар сұрақтарға жауапбереді. 


Әңгімелеу. 
- Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды. 
-Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді, жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды. 
Ойын: «Күз мезгілінің ерекшеліктері»  -Жемістер мен көкөністер қай мезгілде піседі деп жатырмыз? 
-Жемістер мен көкөністерді атайық.
Ойын: «Жеміс пен көкөністі ажырат»

Балалар жемістер мен көкөністердің муляждарын өз себеттеріне салады. 
Жұмбақ жасыру: 
Әрі қызыл, әрі тәтті, 
Жеген жанды таңырқатты.
Алма туралы түсінік беру. 
жерімізде өсетін алмаларымыздың суретін салып көрейік. 
Мақал-мәтел: 
*Еңбек етсең ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей. 
Алма суретін салу. 
Жұмыстың орындалу тәсілі: 
-Тәрбиеші плакаттағы үлгіні көрсетеді; 
- ауада алманың суретін салады; 
-алманы қағаздың ортасына салынуына балалардың назарын аударады; 
-салынған суретті үлгімен қатар қойып салыстырады; 

-балалардың алдарына қызыл бояу таратылып береді; 
-онан соң әр баланың жеке-жеке салуын қадағалайды; 
-әрбір баланың қылқаламмен, бояумен жұмыс істеуін бақылап, көмек береді. 
Сергіту сәті. 
Бейнеролик көру арқылы өткізіледі. Табиғи алма туралы біледі. 

Балалар сурет арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін тауып әңгімелеп береді Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік т.б. 
Көкөністер: қырыққабат, пияз, картоп, сәбіз т.б. 
- Алма

  • Алма ағашы туралы түсінік алады. 

    Алмамен жақынырақ танысады. 


  • Алмадан жасалатын тағамдармен танысады. 



Балалар күз туралы білгендерін ортаға салады. 


Күзмезгіліне сай суреттерді қарындашпен сызып апарады. 

Жемістер мен көкөністерді ажыратып, оларды себеттерге жинайды

Мақал-мәтелді жаттап алады. 

Жасанды алма мен табиғи алманы салыстырып және йод ерітіндісі арқылы айырмашылығын ажыратады. 

Мақал-мәтелді жаттап алады. 

Жұмысты орындалу реті бойынша жұмыстарын жасайды. 

Сергіту сәтін орындайды. 


Сергіту сәтін орындайды. 



Жұмысты орындалу реті бойынша жұмыстарын жасайды.


Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы пысықтау. 
-Балалар бүгінгі оқу қызметінде қай тақырыпта әңгімеледік? 
-Күз мезгілінің неше айы бар екен? 
-Күз мезгілінің басқа мезгілге қарағандағы ерекшеліктері қандай болады екен? 
-Бүгінгі оқу қызметінде қай жеміспен жақынырақ таныстық? 
-Алманың түсі қандай екен? 
-Адамға жасанды алма ма әлде табиғи алма пайдалы ма? 
-Алманың құрамында қандай дәрумендер кездеседі? 

Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі оқу қызметінде алманың суретін жақсы салдыңдар. 
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. 



Балалар оқу қызметін қорытып, сұрақтарға жауап береді. 

Оқу қызметі туралы түсінгендерін айтып береді. 





Балалар қуанады. 


Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін түінеді; 
Нені меңгереді: Алма туралы түсінікті, алманың адамға тигізер пайдасын, алманың құрамын, жасанды алма мен табиғи алманың айырмашылығын меңгереді; 
Нені жасай алады: Субояқпен алманың суретін салып, ұқыпты етіп бояй алады











24.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Алтын күз

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтар».

Мақсаты: Білімділік: балалардың геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша) қию әдістерін меңгеру дәрежесін арттыру, кеңістікте орналастыра білуге үйрету

Дамытушылық: баланың ой-қиялын дамыту

Тәрбиелеу: қол, саусақ қимылдарын, табиғат әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, үлестірмелі материалдар, муляждар

Сөздік жұмыс: қозықұйрық, аң саңырауқұлақ, жерқұлақ, қалпақшалы саңырауқұлақ.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Әдеп сақтап әлемде, 
Әрбір адал адамға 
Жасайық бір жақсылық, 
Ынтымаққа қосыл да. 
Ар-мақсатың нақ болсын, 
Ақылыңнан тосылма. 

Балалар қарақат қуыршағын құшақтап амандасады

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
- Күзде қандай өзгерістер болады? 

-Менің себетімде саңырауқұлақ-тар бар. Бірақ бұл саңырауқұлақтар маған аздық етіп тұр. Сондықтан мен себетіме саңырауқұлақтар толтыруға бара жатырмын. 
- Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдарма? 
- Балалармен саңырауқұлақ туралы білу үшін тақтаға қараңдаршы. 
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады? 
-Сөздік жұмыс: Алаңқай. 
-Балалар себетіме саңырауқұлақ-тарды толтырдым, ал менің Ақтөс атты итімнің көңіл-күйі жоқ. Оның көңілін көтеру үшін үлкен және кіші саңырауқұлақтар жасап берейік. 
Сергіту сәті: 
Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті міне керегі: 
Екеуін қайың астынан, 
Біреуін терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке. 
- Күз мезгілі. 
- Күн суытады, жеміс-жидектер піседі. 
Балалар Қарақаттың айтқанын мұқият тыңдайды. 


- Ия, барамыз. 

- Екі бөліктен тұрады. 

- Алаңқай. 

Балалар келіседі. 

Балалар сергіту сәтін балалармен бірге қайталайды. 

- Орманнан не жинадық? 
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады? 
- Кімге көмектестік? - Қарақат қуыршағымен орманға бардық. 

- Саңырауқұлақтар жинадық. 
- Екі бөліктен тұрады. 
- Ақтөске көмектестік. 


Рефлекциялық түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарын мадақтау


Күтілетін нәтиже:

жасайды: түрлі пішіндерден саңырауқұлақ құрастырып;

түсінеді: саңырауқұлақтардың улы түрі де болатынын;

қолданады: кеңістікте заттарды дұрыс орналастыруды

















































25.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Алтын күз

Тақырыбы: Бау- бақшада бақтарда

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту, ойлау қабілетінің ерекшелігін арттыру.

Билингвальді компонент: Бау- бақша- сад, көкөністер- овощи, жемістер- фрукты.

Сөздік жұмысы: бау- бақша, бақ.

Технологиялық қамтамасыз ету: Жемістер мен көкөністер муляждары, мнемотехника, ТРИЗ әдістеріне арналған суреттер

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін жақсысын

Досымызға сыйлайық.

Балаларға күз пейзажын көрсету.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгіліекенін қалай білдік?

Балалар күз мезгілінде бау- бақшадағы жемістер мен көкөністер піседі. Оларды жинайтын мезгіл күз.

-Ал балалар күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністерді атайықшы.

Суретке қызығушылықпен Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Тәрбиешінің қайталатуымен шаттық шеңберін айтады.



қарайды.

-Күз мезгілі.

-Жапырақтар сарғаяды, күн суытады.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Мнемотехникалық кесте:

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол бақшаға барады.

-Жарайсыңдар балалар!

Енді барлығымыз ойын ойнайық.


Дидактикалық ойын:

Жемістер мен көкөністерді ажырату.

Ойын мақсаты: Балалар жемістерді көкөністердент ажыратуға баулу.

Шарты: Бір себеттегі көкөніс пен жемістерді ажыратып, екі себетке салулары керек.

Монтессори технологиясы:

Сергіту сәті

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар.

Төмен басты иемін.

Балалар өздері білетін көкөністер мен жемістерді айтады.

Балалар тақтадағы түрлі- түсті суреттерге қызыға қарайды. Тәрбиешілермен бірге тақпақты қайталайды.





Балалар ойынға қызығушылық танытады. Бір себетке көкөністерді, Бір себетке жемістерді салады.







Балалар қимыл қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.








Рефлекциялық түзетушілік

Оқу қызметін қортындылап, балаларды мадақтау.

Балаларға алма тарату.




ТРИЗ кестесі ілінген тақтаға қызығушылық таныта қарайды.




Нені білу керек: Жемістердің көкөністерден айырмашылықтарын жылдам айта білу керек.

Нені игереді: Көкөністер мен жемістерді ажыратуды игереді.

Нені білді: Тез ойланып, тез жауап беруді білді























26.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Алтын күз

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

Мақсаты:

-геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы ұғымдарын тереңдету

-олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратып, салыстыру.

-ақыл-ой белсенділігін дамыту

-қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды таба білу қабілеттерін арттыру.

Блингивтік компонент: шаршы-квадратүшбұрыш-триугольникдөңгелек-круг

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), кілемшенің суреті;

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тілек шеңбері: «Бейбітшілік гүлдері»

Балаларды шеңберге жиып гүлдер таратып беру.

-балалар бұл сиқырлы гүлдер, ол біздің барлық тілектерімізді орындайды. Сондықтан бір-бірімізге жылы лебіздер, тілектер айтып құмыраға салайық. Құмырадағы гүлдер біздің топқа жылу сыйлап, қуанышқа бөлейді.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар есікті біреу қағатын сияқты. Естідіңдер ме? Бұл кім екен балалар?

-Сендер оны танисыңдар ма?

-Қайдан көрдіңдер?

Балалар, ол бізге жай келмепті, көмек сұрай келіпті. Ұшатын кілемшесін тышқандар кеміріп тесіп тастапты.Енді Алладин сиқырлы кілемшесін жамап берулеріңді сұрап тұр. Қалай қарайсыңдар, біз оған көмектесейік пе?

Алдымен біз бірінші геометриялық пішіндермен танысып алайық. Геометриялық пішіндерді сипаттау, салыстыру.

-Балалар, бұл қандай пішін?

-Түсі қандай?

-Оның бұрыштары бар ма?

-Үшбұрышты орысша қалай атаймыз?

-Бұл қандай пішін?

-Түсі қандай?

- Шаршының орысшасы қалай?

-Бұл қай пішін?

-Түсі қандай екен?

-Оның бұрыштары бар ма?

-Орысша калай атаймыз?

Өте жақсы балалар! Енді біз Алладинге көмектесе аламыз. Ол үшін алдымен кілемшедегі тесіктерді санайықшы. Енді берілген пішіндерді формасына қарай сәйкес тесіктерге орналастырамыз.

-сен қандай пішін алдың?

-Оны қайда орналастырасың?

-Не себепті ол жерге жапсырдың?

-Біз не істедік?

-Кілемше жамалды ма?

Алладиннің ертегілер әлеміне қайтатын уақыты болды. Ол сендердің арқаларыңда өзінің кілемшесімен қайтатын болды. Сендер көп-көп рахмет айтты.

Сергіту сәті:

Бұғының үйі үлкен

Ол әйнектен қарады

Қоян келеді жүгіріп

Есікті тарс-тарс қағады

Тарс-тарс есік аш

Орманда бір аңшы бар

Қоян, қоян келе гой

Қолыңды маған бере гой

Д/О: «Жемістер мен көкөністер қандай пішінге ұқсайды?»

-Балалар, бізге кім қонаққа келді?

-Біз оған қалай көмектестік?

-Қандай геометриялық пішіндермен таныстық?

-Балалар осы бөлмеде геометриялық пішіндерге ұқсайтын заттар бар ма?

-Қандай ойын ойнадық?

-Сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар! Ендеше бір-бірімізге қол соғайық.

Балалар тілектерін айтып, гүлдерді құмыраға салады.

Алладин

 Иә, көмектесейік

 

Үшбұрыш

Көк

Бар

Триугольник

Шаршы

Сары

Квадрат

Дөңгелек

Қызыл

Жоқ

Круг

 

 

 

Балалар тесіктерді санайды. Сәйкес пішіндерді таңдап, кілемшені жамайды.

 

 

 




 

Қолдарын жайып алдыға созады

Терезенің формасын жасап қарау

Қоян секілді секіру

Мылтық ұстаған аңшыны келтіреді.

Қоянның құлағын келтіру

Алақанды бір-біріне соғу

 

Үстел, доп, терезе, шкаф

 

 



Рефлекциялық түзетушілік

Сұрақ – жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау

Балалар сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже

Түсінеді: геометриялық пішіндерді

Біледі: ақыл-ой белсенділіктері дамиды

Меңгереді: геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табады

27.10.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Алтын күз

Тақырыбы: Шақырамыз күзді, шын ниетпен ізгі

Мақсаты:Түлкінің тіршілік ортасы туралы түсінік беру. Түлкінің жабайы жануар екенін мысалдар келтіру арқылы түсңндіріп, балалардың есте сақтау қабылеттерін дамыту. Жанды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түлкі түлкінің балаларының суреті, сары, қызыл түсті қағаздар, қызыл және сары себеттер.

Сөздік жұмыс: мыршай, ін.

Билингвальді компонент: қызғылт сары-оранжевый, ұзын-длинный.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

-Қайырлы таң, балалар!

Бүгін сендерге қонаққа бір орман тұрғыны келді.

Өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу.

Ол не? (Түлкі)

(Түлкінің суретін көрсетеді)


Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жұмбақтың жауабын шешеді.

Жұмбақтың жауабы:

-түлкі

Суреттерді қызыға тамашалайды.


Балаларға әңгімеге қатысып, сұрақтарға жауап береді.




Ұйымдастырушылық ізденістік

Түлкінің суретін көрсетумен басталады.

-түлкінің түсі қандай?(қызғылт сары)

-Құйрығы қандай?(ұзын, үлпілдек)

Түлкілер орман мен далалы жерде тіршілік етеді. Ол өте сақ жануар. Түлкінің баласы мыршай деп аталады.Түлкінің іні (нора) болады.Түлкі ұсақ кеміргіштер, яғни тышған сияқты ұсақ жануарлармен қоректенеді. Түлкіні ертегілерде қу деп сипаттайды.

Сергіту жаттығуы.

Күзгі орманда жел соғады:гу-гу-гу.

Ағаштар тербеледі:ш-ш-ш.

Жапырақтар түседі:п-п-п.

Білингвальді компонент:қызғылт сары-оранжевый,ұзын-длинный.

«Күзгі жапырақтар» ойыны. Шарты:

Еденде шашылып жатқан қызыл, сары жапырақтарды себеттерге жинау керек.

Жеке жұмыс жүргізеді.екі баланы алдыға шығарып, «Сөйлемді аяқта» ойны арқылы түлкі туралы алған білімдерін пысықтайды.

-Түлкінің түсі...

-Түлкі орманда...


 Суреттерді қызыға тамашалайды.



Балаларға әңгімеге қатысып, сұрақтарға жауап береді.





 -Гу-гу-гу.

-Ш-ш-ш.

-П-п-п.





Қайталайды.



Ойынды ойнайды.







-Қызғылт сары.

-Тіршілік етеді.

Рефлексиялық-

түзетушілік







Рефлекциялық түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

Түлкі жайында не білдік?

Түлкінің баласы қалай аталады?

Түлкі немен қоректенеді?


Балалар,сұрақтарға

жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: оқу қызметі барысында түлкінің тіршілік ортасы туралы тапсырманы.

Түсінеді: түлкі тіршілігі туралы және күзгі табиғат туралы берілген білімді. Қолданады: сұрақтарға толық жауап беру және тапсырманы орындай білу сияқты коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.























28.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Алтын күз

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу. 
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу. 
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат, себет. 
Сөздік жұмыс: Алаңқай 


Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Топқа қолында себеті бар қуыршақ Қарақат кіріп келеді. 
Әдеп сақтап әлемде, 
Әрбір адал адамға 
Жасайық бір жақсылық, 
Ынтымаққа қосыл да. 
Ар-мақсатың нақ болсын, 
Ақылыңнан тосылма. 
Балалар қарақат қуыршағын құшақтап амандасады. 

Ұйымдастырушылық 
ізденістік Қарақат: 
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
- Күзде қандай өзгерістер болады? 


Ұйымдастырушылық ізденістік

-Менің себетімде саңырауқұлақ-тар бар. Бірақ бұл саңырауқұлақтар маған аздық етіп тұр. Сондықтан мен себетіме саңырауқұлақтар толтыруға бара жатырмын. 
- Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдарма? 
- Балалармен саңырауқұлақ туралы білу үшін тақтаға қараңдаршы. 
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады? 
-Сөздік жұмыс: Алаңқай. 
-Балалар себетіме саңырауқұлақ-тарды толтырдым, ал менің Ақтөс атты итімнің көңіл-күйі жоқ. Оның көңілін көтеру үшін үлкен және кіші саңырауқұлақтар жасап берейік. 
Сергіту сәті: 
Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті міне керегі: 
Екеуін қайың астынан, 
Біреуін терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке. 
- Күз мезгілі. 
- Күн суытады, жеміс-жидектер піседі. 
Балалар Қарақаттың айтқанын мұқият тыңдайды. 


- Ия, барамыз. 

- Екі бөліктен тұрады. 

- Алаңқай. 

Балалар келіседі. 

Балалар сергіту сәтін балалармен бірге қайталайды. 

Рефлекциялық түзетушілік

Орманнан не жинадық? 
- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады? 
- Кімге көмектестік? - Қарақат қуыршағымен орманға бардық. 


Саңырауқұлақтар жинадық. 
- Екі бөліктен тұрады. 
- Ақтөске көмектестік. 


Күтілетін нәтиже: 
Жасайды: Саңырауқұлақты дайын үлгілерден құрастырып жапсыра білді. 
Түсінеді: Саңырауқұлақ күзде өсетінін, жауыннан кейін өсетінін, орманда өсетінін 
түсінеді. 
Қолданады: Желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жасыра білу.











































30.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Бағдаршам

Мақсаты: Мақсаты: Балаларға «Бағдаршам» көшедегі жол белгілерімен таныстыру. Балаларға тақпақ жаттату, сөздік қорларын молайту.
Қолданылатын көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, үйрету, қайталату, бекіту.
Жаңа сөздер: «Бағдаршам-светофор»

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Күн мен сені сүйемін,
Саған басымды иемін.
Қуант мені, қуант
Жайнат бәрін жарқырат.


Шеңберге тұрып, балалар бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, құшақтасып, амандасады

Ұйымдастырушы

ізденуші

 Балаларға бағдаршамның сурет көрсету. Әңгімлейді.
Бағдаршам 
Қызыл көзін ашқанда,
Ашса кезек үш көзін, 
Сынық сүйем баспа алға!
Айтты деп ұқ үш сөзін 
Сары көзін ашқанда,
«Тоқта! 
Қарап қалма аспанға!
Сақтан! 
Жасыл көзін ашқанда,
Жол ашық!» Өтебергін, жасқанба!
Жүрме жолға таласып. (Ә.Табылдиев)
Сергіту сәті 
Ойын: «Автомабиль мен торғайлар»

Балалар енді бағдаршамның суретін салайықшы


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға толық жауап береді. 
Сергіту сәтің қызығушылықпен орындайды.


Балалар сурет салады

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалармен жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап әдісімен әңгімелесу. Балалардың жауаптарын мақтау, мадақтау.Қате жауаптарын түзей отырып түсіндіру. Оқу қызметін қорытындылау. Тәрбиешінің әр баламен сұрақ-жауап әдісімен жаңа тақырыпты қорытындылай отырып бекітуі.

 


Күтілетін нәтиже: 
Білу керек: «Бағдаршам» жол ережелерін білу керек.
Болу керек: Жана тақырып бойынша мағлұмат болу керек. 
Істей білу керек: Алған білімдерін дербес әрекетте қолдана білу керек.



31.10.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы:

Тақырыбы: Көлік

Мақсаты:Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Педагог балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.

- Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Тыныштық сәті:. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?


 Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді

Ұйымдастырушы

ізденуші

М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

- Троллейбусқа мініп көрдің бе?

- Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?

- Сым жолымен қалай жүреді?

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»

Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тік-ұшақ)

Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)

Сұрақ-жауап




Тыныштық сәтін өткізеді.







Дәптермен жұмыс







Көліктердің суреттерін көрсету.









Д/ойындар ойналады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Қандай көлік түрлерін білесің?

- Алыс жол жүріп көрдің бе?

-Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.

Тапсырма беру.


Балалардың жауаптары



Білуі тиіс:Көлік түрлерін

Түсінігі:Жолда абай болу,көлік түрлерін ажырата білу.

Көрсете білуі:Жолда жүру ережелерін білу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!