СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы және денсаулық

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы және денсаулық»

10 сынып

Сабақтақырыбы: Отбасы және денсаулық

Сабақ мақсаты: а) «Отбасы» және «денсаулық» құндылығы туралы түсінік ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, денсаулықты шыңдауға, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, салауатты өмір салтына, , дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Типі: аралас сабақ

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, іздендіру, топтық жұмыс, ойын;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

а) сәлемдесу


Психологиялық ахуал 2минотырған орындарындаШаттық шеңберін құрып, қолдарындағы жүрекшелер арқылы бір-біріне жақсы тілектерін айтып жүрекшелерін сыйлайды.


б) 2 топқа бөліну суреттер таңдау арқылы топқа бөлу  











в) Топ басшысы тағайындау

г) Топ ережесі – тақтаға ілемін

Топ ережесін оқу(тақтаға ілемін)

1. Топ жұмысына белсене қатысу

2. Өз ойыңды ашық, қорғанбай айту.
3. Біреудің сөзін бөлмеу

4. Егер түсініксіз жағдай болса, сұрақтар қою
5. Жұмысыңды ұқыпты, тиянақты орындау

6. Достарыңа көмектесу

7. Уақытты қадағалау
8. Өзіңнің және достарыңның жұмысын бағалау

Оқушының бағалау парағы ____________________________________________


Сабақ кезеңдері

Үй тапс

Мәтінмен жұмыс (ауызша)

Мәтінмен жұмыс (жазбаша)

Есімше, көсемше табу

Суретпен жұмыс

Мақал-мәтел

тест

1.








2.








3.








4.








5








6








7








Үй тапсырмасын тексеру:5 мин

Ғылымды танытатынғалымдар: Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсарин туралы сұрау

Жаңа сабақ2 мин.

Мына видео не туралы? Біздің сабағымыздың тақырыбы осы видео сюжетке байланысты. Тақырыбымыз қандай?

2. Мәтінмен жұмыс 5-мин

1-тапсырма Мәтінді оқу, аудару, түсініксіз сөздермен жұмыс жасау.

Алдымен өз топтарында талдайды сосын 2 оқушы басқа топқа барып түсіндіреді, 1 оқушы мұғалімдерге мәтін не туралу екенін қысқаша 3-4 сөйлеммен айтып кетеді

Отбасы
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.
Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсеткен. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өскен.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылған. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлайтын, анасын құрметтейтін. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.

Денсаулық

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. 
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастырып отыруы керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

ренжітпес үшін– не обидеть

еңбекқор- трудолюбивый

күш – жігерді – сила воли

көңіл бөле қарау- уделять внимание

2-тапсырма Мәтінді тыңдағаннан кейін, 1-топ дені сау адамның, 2-топ бақытты отбасының моделін жасау керек – 3-мин, қорғауға -2 минут

3-тапсырма грамматикалық тапсырма есімше , көсемшені қайталау, 1-топ мәтіннен есімшелерді теріп жазады, 2-топ мәтіннен көсемшелерді теріп жазады

Ережесін қайталап, жұрнаөтарын атап кетеді,


4-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.(топтық, жеке жұмыс)3-мин

1 деңгей: Отбасы мүшелерін сурет бойынша атайды,

2 деңгей: отбасындағы мүшелеріне сәйкес сипаттамаларын келтіріп, дәптерге жазады. Ата, нағашы, жезде, іні

3 деңгей:суретке сүйеніп,өз отбасына сипаттама береді

















1 деңгейқай кезде қандай жаттығу жасауға бола

2 деңгей: шынығу үшін не істейсіз? Футбол деген не? мысалға келтіріп, дәптерге жазады.

3 деңгей:суретке сүйеніп, отбасылық демалыстарына, салауатты өмір салттарына сипаттама береді сипаттама береді












5-тапсырма..Шығармашылық жұмыс2-3 мин

а) Отбасы, денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу, мақалды орысшаға және ағылшын тіліне аудару аудару

1. Сіз, біз деген жылы сөз, Ағайынға жарасар

2. Денсаулық – зор байлық

3. Өз үйім – өлең төсегім

4. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ

5. Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

6. Жарлының байлығы – денінің саулығы

7. Бала бауыр етің

8. Денсаулық кепілі – тазалық

9. Қарындасың- қарлығашың

10. Жасырғанның жарасы асқынады


Тест тапсырмалары2-мин

1. Көсемшелі етістікті табыңыз.

а) Келіп еді. ә) Ойнау. б) Ойланды.

2. Күрделі етістікті табыңыз.

а) Ақ үй. ә) Барып кел. б) Алтыбақан.

3. Болымды етістікті табыңыз.

а) Күлмед ә ) Жуынбады. б) Алды.

4. Қонаққа барғандар риза болды. Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықта

а) баяндауыш ә)бастауыш б) үстеу

5. Көсемше екі түрлі мәнде ... түрлі қызмет атқырыды.

а) үш ә) бір б)екі



Жауабын интерақтивті тақтамен тексеру.

Егер сурет риза болса, жауаптары дұрыс.









1 2 3 4 5

а

ә

б























Рефлексия Кері байланыс: Бағдаршамның түсі арқылы тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді.


Жасыл «түсіндім»

Сары «жартылай түсіндім»

Қызыл «түсінбедім».

Үйге тапсырма: «Отбасы бақытының басты қағидалары» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушылар білімін бағалаймын










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!