СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок во 2 младшей группе по казахскому языку на тему "Үй құстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок во 2 младшей группе по казахскому языку на тему "Үй құстары"

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок во 2 младшей группе по казахскому языку на тему "Үй құстары"»

«Дружная семейка» 2-ші кіші тобы үшін ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні: 02.03.17

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: «Үй құстары».

Мақсаты: а) Балаларға үй құстары туралы түсінік беру;

ә) Жаңа сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

б) Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суретті сөздіктер, жұмсақ ойыншықтар: тауық, әтеш, балапан.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

-Сәлеметсіңдер ме! Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті өтсін!

1.Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

2. «Мен бастаймын, сен қошта!» сөздік ойыны. Өткен тақырыпты естеріне түсіру. Тақтадағы суреттерді көрсетіп,бейнеленгендердің аттарын атау.

-Бұл не?

-Мынау не?

-Сәлеметсіз бе!

-Рақмет!



Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.







Нан

Сүт

Май

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе бөлім.

  • Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетімізде үй құстарымен танысамыз.

  1. «Суреттер сөйлейді» дидактикалық ойыны. Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?



  1. «Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны. Балалар бір-бірден келіп қоржынның ішінен жұмсақ ойыншықтарды алып шығады.





Сергіту сәті:

Балалар! Кәне біздің қолымыз?

Жоқ! Біздің қолымыз!

Кәне біздің қолымыз?

Міне біздің қолымыз!

Кәне біздің басымыз?

Жоқ! Біздің басымыз!

Кәне, біздің басымыз?

Міне біздің басымыз!

Кәне біздің аяғымыз?

Жоқ! Біздің аяғымыз!

Кәне, біздің аяғымыз?

Міне біздің аяғымыз!





Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

  • Әтеш, тауық, балапан

Қоржынның ішінен алған жұмсақ ойыншықтың атауын атап, сипатын айтады. (балалардың түсінігі, ойлары). Мысалы: балапан: сары түсті, тұмсығы кішкентай, көздері дөңгелек.



Өлеңді мұғаліммен қосыла айтып, қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс:

  1. Мұғалім балаларға суреттерді көрсетіп, аттарын атайды. Тапсырманы қалай орындау керектігін кезекпен айтып, көрсетеді, түсіндіреді.





  • Жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар!



Әтеш, тауық, балапан

Балалар үй құстарының дене мүшелерін атап, дұрыс орналастырады;

Мысалы: Тауықтың басы, тауықтың аяғы

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әтеш, тауық, балапан сөздерінің қазақша аталуын естеріне сақтайды, дұрыс айта біледі.

Игереді: білімдерін қалыптастырады, берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді.

Меңгереді: үй құстары жайлы мағлұматтар ала отырып, дене мүшелерін орналастыруды меңгереді, қызығушылығын арттырады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!